Менеджмент туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:56, реферат

Краткое описание

Экономикалық нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типте басқару кадрларын дайындау және жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажетілігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда,кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты кадрларды дайындау менеджменттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс.

Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, заманауи техникамен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру.

Оглавление

1-Тақырып. Менеджмент мәні мен қағидалары



1. Менеджмент туралы түсінік

2. Менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің Қазақстандағы даму тарихы

3. Менеджерлердің іс-қызметтерінің бағыттары

4. Менеджерлерге қойылатын талаптар

Файлы: 1 файл

MENEDJMENT to chto nuzhno.docx

— 120.77 Кб (Скачать)

 

1.   адам өмірге келгеннен  бастап иеленетін этикалық нормалар  кешені (жақсылық пен жамандық, яғни  тұратын орнына, жұмысына байланысты  емес өзіндік этикалық кодекс);

 

2.кәсіби саладан тыс берілетін  талаптар: жұмыс жасайтын орындағы  этикалық кодекс, ішкі тәртіп  ережелері, жоғары деңгейдегі  менеджерлердің ауызша талаптары.  Қазіргі кезеңде көпшілік кәсіби  қауымдастықтар өз этикалық кодекстерін  жасаған. Мысалға, дипломатиялық,  әскери, соттық, медициналық этика,  аудиторлардың, бухгалтерлердің  этикасы болады.

 

Кәсіби салаға этикалық стандарттармен нормаларды енгізу - еңбектің кәсіби аясында  тапсырмаларды шешуге және тиімділікті  көтеруге бағытталу керек. Кәсіби этика– этикалық нормалардың, стандарттардың, талаптардың мазмұны белгілі  аядағы іс -әрекеттің мазмұнына сай  келу қажет. Менеджмент, кадрлық саясат іс-әрекет саласында анықтаушы орынды менеджер мен оның жеке тұлға ретінде  тұтастығы алады. Қазіргі жағдайда, экономикада миллион адам қызмет етуде, ал басқа адамдардың өмірі  экономикаға тәуелді. Экономикалық жетістіктер кадрлардың сапасы мен  басқару шеберлігіне байланысты.  Соңғы жылдары менеджментті зерттейтіндердің қызығушылық құрылымы өзгерді: егерде классикалық және оған ұқсас мектептер  техникалық жағынан – принциптерді, қызметтерді, құрылымдарды және т.б., адамгершілік қарым-қатынас мектебі мен басқалары  адамгершілік факторды зерттесе, ал қазіргі  менеджментте қоғамдық роль, қоғамдық орын деген мәселелер белсенді қарастырылуда. Осыған орай, жалпы менеджменттегі анықталатын кадр саясатындағы этикалық аспектілердің маңыздылығы аса  зор.

 

Бұл тұжырымдаманы пайдаланудағы  негізгі ой мынада: кәсіби этиканы  тек экономикалық жағынан бағалауда  ұйымның менеджерлер корпусының тұрақтылығын күшейту үшін материалдық  сыйақы басымдылығы жеткіліксіз. Себебі тек жалақы үшін қызмет ететін менеджерлер, басқа орында жоғары жалақы алу үшін кетуге дайын болады. Сондықтан, экономикалық аспект - дамудың басым бағыты деп  санайтын ұйым кадр ағымы тұрақтылығын жоюы мүмкін. Менеджерлер құрамы ағымдылығына байланысты мақсаттарды, стратегияны, миссияны қайта қарастыруға, ішкі фирмалық мәдениетті орнатуға көп уақыт кетеді. Егер де менеджердің іс- әрекетін бағалау  жүйесінің негізінде алдымен  моральдық, содан соң экономикалық фактор ескерілсе, қызметкердің басқа  ұйымға кетіп қалу мүмкіндігі төмендейді.

 

 

 

Кәсіптік этика мысалы ретінде, АҚШ мен ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің ережелерін қарастырайық. АҚШ федералды  қызметкерлерінің этикалық мінез- құлығының 14 принципі төмендегідей:

 

1.                Мемлекеттік қызмет – бұл қызметкерден  жеке пайдадан гөрі, Конституция,  заң және құлықтылық принциптеріне  адал болуды талап ететін қоғамдық  сенімділік;

 

2.                Қызметтік міндеттемелерді адал  орындауға кедергі болатын қаржылық  пайданы көздемеу;

 

3.                Қызметкер жарияланбаған үкіметтік  ақпаратты қолданып, қаржылық мәміле  жасамау, басқа біреудің жеке  пайдасына жәрдемдесу үшін, ақпаратты  қолданбау;

 

4.                Қызмет бабымен қандай-да болмасын  жасалатын іс-әрекеттер үшін жеке  және заңды тұлғалардан ешқандай  сыйлық, құнды зат сұрауға, қабылдауға  болмайды;

 

5.                Қызметкер өз міндеттерін орындау  үшін барлық күшін салу керек;

 

6.                Үкіметті орындауға мәжбүр ететін  міндеттемені, уәделерді өкілетті  емес қызметкер мақсатпен саналы  түрде бермеуі керек;

 

7.                Қызметкер жеке пайдасы үшін, мемлекеттік лауазымды пайдаланбау  керек;

 

8.                Қызметкер қандай-да болмасын  ұйым немесе адамның қызығушылықтарына  алаламай қызмет жасау керек;

 

9.                Қызметкер федералды мүлікті  қорғап, оны тек қана рұқсат  берілген қызмет түрлеріне пайдалану  керек;

 

10.           Қызметкердің  қосымша жұмыс немесе іс әрекет  жасауға құқығы жоқ;

 

11.           Қызметкер  зиян, өтірік, теріс пайдалану, жемқорлық  жөнінде сәйкесті органдарға  хабарлау керек;

 

12.           Қызметкер  азаматтық міндеттемелерін, соның  ішінде заңмен бекітілген қаржылық  міндеттемелерді (федералды, штаттық  немесе жергілікті салықтар) орындау  қажет;

 

13.           Қызметкер  нәсіл, дін, ұлт, жас немесе  адамның түрінің жетіспеушіліктеріне  қарамастан, барлық американдықтарға  тең мүмкіндіктерді қамтитын  заңдарды, ережелерді орындауға  міндетті;

 

14.           Қызметкер  заң немесе этикалық нормаларды  бұзу туралы ой тудыратын іс -әрекеттерден қашқақтау керек.

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызмет этикасы туралы ережелері (ар-намыс  кодексі)

 

Мемлекеттік қызметкерлер өз қызметінде төмендегілерді орындауға тиісті:

 

1. ҚР Президентінің саясатын  жақтауға және оны дәйекті  жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен  мемлекеттік биліктің беделін  нығайтуға, мемлекет мүдделерін  қорғауға; Қазақстанның беделін  түсіретін іс-әрекеттер жасауға  жол бермеу;

 

2. Конституцияны бұлжытпай сақтауға  және Қазақстан Республикасының  заңдарына, Қазақстан Республикасы  Призидентінің актілеріне және  Қазақстан Республикасының өзге  де нормативті-құқықтық актілеріне  сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын  басшылыққа алу;

 

3.   Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін  сақтаумен қорғауды қамтамасыз  етуге, адамның және адамзаттың  құқықтары бостандықтарын бұзуға  бастайтын іс-әрекеттерге  жол  бермеу;

 

4.      Қазақстан халқының  бірлігі мен елдегі ұлтаралық  татулықты нығайтуға жәрдемдесу;

 

5.     Мемлекеттік және  еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, өзінің қызметтік мүдделеріне  адал, әділ де сапалы атқару, ол  үшін өзінің жұмыс уақытын  тиімді пайдалану;

 

6.     Жоғары кәсіби жұмыс  үшін барлық күш-жігерін жұмсау, қойылған міндеттерді шешудің  оңтайлы және үнемді әдістерін  қолдану, сеніп тапсырылған мемлекеттік  мүліктерге ұқыппен қарап, оны  ұтымды әрі тиімді пайдалану;

 

7.     Сыбайлас жемқорлық  көріністеріне қарсы тұру;

 

8.     Мемлекеттік қызмет  мүдделеріне залал келтіретін  іс-әрекетті болдырмау, мемлекеттік  қызметкердің жеке мүдделерін  қозғайтын мәселелер жөнінде  шешімдер қабылдауға қатысы бар  адамдардың қызметіне араласпау;

 

9.     Кәсіпкерлік қызметке  араласуға және жекелеген шаруашылық  субьектілерінің мүдделерін сүйемдеуге  жол бермеу;

 

10.Қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік  және өзге де жеке мақсаттарға  пайдалануға жол бермеу;

 

11.Қызметті жоғары немесе төмен  тұрған не өзімен қызметтес  немесе жұмыс бойынша өзге  де тәуелді адамдармен ақшалай  немесе өзге де мүліктік сипаттағы  құмар ойындарға қатыспау;

 

12.Мемлекеттік функцияларды орындаумен  байланысты жеке және  заңды  тұлғалардан сыйлықтар қабылдау  немесе қызметін пайдалану фактілеріне  жол бермеу;

 

13.Заңмен белгіленген жағдайлардан  басқа, қазақстандық немесе шетелдік  туристік, емдеу-сауықтыру және өзге  де сапарларға шақырулардан бас  тарту,

 

14.Өзінің іске көзқарасымен және  жеке мінез-құлқымен ұжымда  орнықты  және жағымды моральдық-психологиялық  жағдай туғызуға ықпал ету;

 

15.Мемлекеттік органдардың тиімді  жұмыс жасауына және мемлекеттік  қызметшілердің қызметтік міндеттерін  тиісінше орындауына бөгет болатын  іс-әрекеттерге қарсы тұру;

 

16.Кадрларды жерлестік және жеке  өзіне берілгендік  белгілері  бойынша іріктеу орналастыру  жағдайларына жол бермеу;

 

17.Басқа мемлекеттік қызметшілер  тарапынан қызмет этикасы нормаларын  бұзу фактілеріне жол бермеу  және жолын кесу;

 

18.Өзінің қызметтік міндеттерін  атқару кезеңінде киім киюдің  іскерлік стилін ұсыну.

 

Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке  тартылуы мүмкін.

 

19-Тақырып. Басқарудың қазіргі  кездегі технологиялары 

 

1.Бизнестің инжинирингі және  реинжинирингі. Бизнес-процес ұғымы.  Реинжинирингтің негізгі кезеңдері

 

2.Сапаны басқару жүйесін еңгізу  арқылы ұйымның бәсеке қабілеттілігін  көтеру

 

1. Шарушылық жүргізудің жаңа  шарттары нарық жағдайына тез  жауап қайтару, оптималдылығы  көбірек шешімдерді қабылдауға  мүмкіндік беретін фирманы жаңа  басқару жүйесіне көшуді талап  етті. П. Друкер, Т. Питерс, Р. Уотермен, П. Милгром, Д. Робертс, М.  Хаммер, Дж. Чампи және тағы бір  қатар американдық, жапондық, неміс  экономистері бизнесті басқаруда  революция қажеттілігін негіздеген.

 

Реинжиниринг – сыртқы немесе ішкі фирмалық клиенттердің қажеттіліктерін  қаңағаттандырумен аяқталатын бөлек  операцияларды басқарудан (жоспарлау, бақылау, есеп жүргізу) қызмет аралық бизнес процестерін басқаруға көшу. Оның мақсаты – тұтынушылар сұранымында  күтілетін өзгерістерге икемді және жедел бейімделу, тиімді компьютеризация  негізінде стратегияны, технологияны, өндірісті ұйымдастыру және басқаруды  сәйкесті өзгерту.1990 жылдардың соңында  реинжинирингті дамыған елдердің 2/3 бөлігі пайдаланды. Сонымен қатар  тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы  реинжиниринг белгілі. Бірінші жағдайда фирманың дамуы, бизнес көлемін ұлғайтумен байланысты өзгерістер жасалады. Екіншіде, зиянды бөлімшелерді жою, мүліктің бөлігін  сату, міндетті емес шығындарды қысқарту, қаржыларды қайта ұйымдастыру және т.б. негізінде фирма банкротқа  ұшыраудың алдын алу көзделеді. Жаңа басқару және өндірісті ұйымдастыруды  қажет еткен объективті себептері:

 

a.                 жаңа өнімдер қүрделігінің өсуі. Өнімдер саны, күрделілігі тез  өсті, және бір адам немесе  адам тобы өнімнің барлық техникалық  детальдарын білмеуге әкелді.

 

b.                Күрделі басқару тапсырмаларын  шешу үшін, барлық басқару деңгейлерінде  қызметкерлер санын әріқарай  көбейтудің қажет болмауы.

 

c.                 Компьютерлік жүйелер және ақпараттық  технологияларға инвестицияларды  салудан жеткіліксіз қайтарым

 

М. Хаммер бойынша қайта өңдеуді  ойлайтын және жоспарлайтын ұйымдардың 3 категориясы белгілі:

 

- үлкен уайымдағылар. Клиенттер,  сату көлемін жоғалтатындар, нашар  қаржы көрсеткіштері барлар.

 

- ағымдық істер-қалыпта, бірақ  басшылар болашақта үлкен өзгерістерді  алдын ала көріп отырғандар

 

- өз саласында жетекші, бірақ  одан әрі бәсекелестікті қиындатқысы  келетіндер.

 

М. Хаммер баяндамасында келесі ұрандарды  белгіледі:

 

- жұмыстарды автоматизация арқылы  емес қарапайымдық немесе жою  арқылы қайта өңдеңдер;

 

- компьютерлерді тек ғана автоматтандыру  үшін емес, қолда бар бизнес-процестерін  қайта құру үшін пайдаланындар.

 

Бизнес- процестер - тапсырыс берушіге болашақта пайдалы шығу (өнім, қызмет) құру немесе алу үшін кәсіпорын ресурстарын  пайдаланатын өзара байланысты іс-әрекеттердің логикалық сериялары.

 

БПР (бизнес процес реинжинирингі) –да  әлемдегі жаңа жағдай талап ететін жаңа мақсаттар мен әдістер алдыңғы  қатарда:

 

-қызметтерді орындауға уақыт  шығындарын күрт төмендету;

 

-қызметтерді орындауға қызметкерлер  және басқа да шығындарды күрт  төмендету;

 

-бизнестің жаһандануы: әлемнің  әрбір жерінде клиентпен және  серіктестермен жұмыс жасау;

 

-клиентпен 24 сағат 365 күнде жұмыс  жасау;

 

-персоналдың мобильділігіне сүйену;

 

-клиенттің болашақ қажеттілігіне  жұмыс жасау;

 

-жаңа технологияларды тез жылжыту;

 

-ақпараттық қоғамға бет алу.

 

Шетелдік фирма тәжірибесін  қорытындылау реинжинирингтің келесі бағыттарын белгілейді:

 

1.     өндіріс мақсаттардан  маркетинг мақсаттарына көшу. Төлеу  қабілеті бар клиенттер сұранымының  көлемі, құрылымы негізінде  стратегия  өңдеуді қажет етеді;

 

2.     клиенттер сұранымын,  ұйым қажеттіліктерін қаңағаттандыру  үшін, бизнес-операцияларды талдау, олардың қажеттілігін талдау (функционалдық-құндық  талдау) және шығындарды нормативтік  жоспарлау;

 

3.     фирма соңғы өнімін  шығаруға қажетті немесе ішкі  фирмалық тұтыну үшін жартылай  фабрикаттар, қызметтерді шығаруға  қажетті бизнес- операциялар жиынтығы  бизнес-процестерге бірігеді.  Олар  ішкі фирмалық басқарудың негізгі  объектісі болып, өнімділік белгі  бойынша маманданған бизнес-бірліктеріне  тапсырылады. Сонымен қатар оларға  жедел менеджмент және уақытылы  өнімді жеткізу өкілеттілігі  беріледі;

 

4.     компьютеризация негізінде  фирманың информациялық жүйесін  қайта құру;

 

5.     фирмалардың қаржылық  құрылымы өзгереді. Олардың құрамында  қаржылық жауапкершілік орталықтары  (пайда және шығындар) бөлініп  құрылады;

 

6.     тиімді орталықтандыруға  келетін басқару қызметтерін  орындайтын, фирмалардың капиталын  біріктіретін шаруашылық ассоциациялардың  рөлінің өсуі;

 

Информация о работе Менеджмент туралы түсінік