Менеджмент туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 00:17, реферат

Краткое описание

Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды.

Оглавление

Менеджмент
Менеджмент туралы туралы түсінік
Баскару түрлері
Ұйымды басқару

Файлы: 1 файл

Менеджмент 2 реферат.docx

— 23.28 Кб (Скачать)

Гуманитарно-экономический колледж «Евразия»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                Орындаған:Өтебаев Б.Т группа ИС 11

Тексерген:Джумабекова А.С

 

 

 

Уральск 2013

 

 

 

 

 

Жоспар

  1. Менеджмент
  2. Менеджмент туралы туралы түсінік
  3. Баскару түрлері
  4. Ұйымды басқару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менеджмент.

Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.  “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. 

Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстандаменеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менеджмент туралы түсінік.

Бұған дейін біз бизнесті тек “өзінің қара басына пайда  табушылар», ал маркетингті — «жеке  өзіне ғана пайда табу мақсатында өндірісті басқару мен тауар  өткізу жүйесі» деп есептеп келдік. 
Бұрын «менеджмент» және «менеджер» ұғымдары қанаушылық немесе қанаушы тап өкілі ретінде қолданылды. Ал қазір бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып, адамдардың әлеуметтік биік дәрежесін, олардың арнайы қызмет түріне жататындығын бейнелейді. 
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді 
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды. 
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: 
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі; 
2. билік және басқару өнері; 
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; 
4. басқару органы, бөлігі.

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шүғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының  өзінде де менеджмент ұғымы түрліше  түсіндіріледі. 
Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. У. Гейлордың пікірінше менеджмент ережелер мен принциптерге негізделген іргелі дәл шынайы ғылым деп есептелсе, Ф. Друкердің түсіндіруінше — жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан кері, практикаға жуықтау. Ол менеджмент үғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік, кәсіпкерлікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

 

 

 

 

 

 

Басқару түрлері.

Басқару—бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі, ал, лидерлік болса, керісінше бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету процесі.

Басқару түрi- жоғары мемле¬кеттік органдарды, олардың қүрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті үйымдастыру. Тарихта екі басқару түрі белгілі: монар¬хия және республика.

Монархияның екі түрі бар: абсолютті және конституциялық. Бірінші түрінде мемлекет басы биліктің барлық түрін өз қолына шоғырландырады. Екінші түрінде монарх билігі мем¬лекетКонституциясымен шектелген. Кейбір жағдайларда ол заңшығарушы билікке қүзыры жетпей, монарх тек өкілдік қызмет атқарады. Бүл парламенттік монархия. Басқа жағдайлар¬дамонарх атқарушы биліктің тізгінін өзі үстап, парламентке айрықша ықпал етеді: ол өз алдында жауапты үкіметті тағайындайды, парламенттің шешімдерін кері қайтару қүқына ие,парламенттің жоғарғы палатасының мүшелерін тағайындауы мүмкін әрі парла¬мента таратуға қүқылы. Бүл түрінде, көріп отырғанымыздай, монарх пен пар¬ламент мемлекет билігін бөліседі. Конституциялық монархияның бүл түрін дуапистік деп атау да қалыптасқан. Республика басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан айырмашылығы мемлекет басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республиканың үш негізгі түрлері белгілі: парламенттік, президенттік және жартылай президенттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымды басқару.

Басқару  жүйесі  аса  күрделі,  әрі  жауаптылықты  қажет  етеді.  Сондықтанда  бұл  мәселені  талдауда  ең  алдымен  оның  зерттеу  тәсілдеріне  ерекше  мән  беріледі.  Отандық және  шетел баспаларында  көптеген  ғалымдардың пікірі  бойынша негізінен басқару жүйесінде үш  тәсіл қолданылады:  процестік,  жүйелі  және  ситуациялық тәсілдер.

 Процестік  тәсіл:  Бұл  концепция  басқару   жүйесіндегі  елеулі  өзгеріс,  жаңалық,  бүгінде  іс  жүзінде   кең  қолданып  жүр.  Мұнда   басқару  процесс  ретінде   қаралады.  Басқару  үшін  үздіксіз  өзара  байланысты  болатын   санқилы  әрекет  қажет  болады.  Бұл  іс-әрекеттің  әрқайсысы   ұйым  табысы  үшін  аса  қажет.  Мұның  бәрі  басқару  функциясы   деп  аталады.

Бұл  концепцияның  алғашқы  негізін  қалаған  Анри  Файоль  бес  функцияны  айрықша  бөледі.  Оның  айтуынша  басқару  дегеніміз  – жоспарлау,  ұйымдастыру,  билік  жүргізу,  координациялау  және  бақылау  жасау.  Ал,  қазіргі  заманғы  баспада  жарияланған  туындыларды  қорытып  жинақтасақ,  басқарудың   мына  функцияларын  атауға  болады:  жоспарлау,  ұйымдастыру,  үкім  жүргізу,  мотивация(дәлелдеу),  басшылық  жасау,  координациялау,  бақылау,  коммуникация,  зерттеу,  бағалау,  шешім  қабылдау,  кадр  іріктеу,  өкілдік,  келіссөз  жүргізу  не  келісім  жасау.

Әр  автор  өзінше  басқару  функциясының  тізімін  жасайды.  Аталған  функциялардың  ішіндегі  барлық  ұйымға  ортақ  болатыны  мыналар:  жоспарлау,  ұйымдастыру,  мотивация,  бақылау.

Осы  функцияларға  қысқаша  сипаттама  бере  кетелік:

Жоспарлау.  Жоспарлау  функциялық -  ұйымның  алдына  қандай  міндет- мақсат  қоюға  болатыны  жайлы  шешім  белгілейді  және   ұйым  мүшелері  не  істеуге  тиіс,  қандай мақсатқа  жетуі  тиіс  екені  жобаланады.


Информация о работе Менеджмент туралы түсінік