Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, реферат
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері ................................................................................................................5
1.2. Монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптары .....................9
1.3. Бәсекелестікті адвокаттандыру.....................................................................13
2. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
2.1. Отын-энергетикалық кешені.........................................................................15
2.2. Көлік және байланыс .....................................................................................17
2.3. Қаржы секторы ..............................................................................................20
2.4. Өзге де салалар және нарықтар ....................................................................22
2.5. Кеден одағы жағдайында монополияға қарсы ден қою ерекшеліктері.....30
3. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру ............32
Қорытынды..........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................39
заң жобасын тауар өндірушілерге қатысты тауар өндірушілерінің сауда желілеріне қол жеткізуін шектеу бойынша іс-әрекеттерін болдырмау мақсатында тауар өндірушілердің сауда желілеріне қол жеткізуін шектеуге әкімшілік жауапкершілікті белгілеу арқылы сауда кәсіпорындарының сауда желілеріне қол жеткізуін шектеу фактілерін алып тастауды қамтамасыз ететін нормалармен толықтыру (әзірлеуші аталған ұсыныстарды Заң жобасын келісу процесінде алып тастады, алайда кейіннен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қолдады);
заң жобасын тауарларды жәрмеңкеде және тауар биржаларында өткізуді қоспағанда, көтерме және бөлшек сауданы бөлу және тауарды көтерме сауда субъектілеріне, басқа көтерме сауда субъектісіне қайта сатуға және бөлшек сауда субъектілеріне ұқсас тыйым салуды заңнамалық деңгейде белгілеу арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы делдалдарды алып тастауға бағытталған нормалармен толықтыру.
Алайда Агенттік ұсынған Заң жобасында делдалдарды алып тастау тетігі жоқ, себебі ұсынылған тыйым салу Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қолдаған жоқ.
Агенттік газ өткізу нарығындағы және басқа нарықтардағы делдалдарды алып тастауды қамтамасыз ететін заңнамалық түрде тыйым салу тетігі нарықтан делдалдарды алып тастау үшін, әсіресе Мемлекет басшысының тауардың қымбаттау проблемасы бойынша 2009 жылғы 13 қарашадағы тапсырмасының аясында неғұрлым тиімді құрал деп есептейді, онда атап айтқанда «…толқыған алыпсатарлар мәселесін шешу керек…» деп атап өтілген.
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша
Аталған шара тұтынушылардың (депозиторлардың) банктерге сенімін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ нарықтағы алдын ала келісілген ставка бойынша салым сыйақыларын алу жағдайына қарамастан, олардың құқығын күшейтеді және клиенттің келісімінсіз бір жақты тәртіппен банктердің азайту жағына өзгеруінің алдын алады.
3. «Мұнай өнімінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заң жобасы бойынша
Агенттік аталған Заң жобасын әзірлеуге қатысты, нәтижесінде мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы делдалдарды алып тастауды, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу нарығындағы бағаларға мемлекеттік реттеуді енгізу және МӨЗ инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ететін нормаларды бекіту бөлігінде ұсыныстар берді.
Бүгінде Агенттіктің ұсыныстары ескеріле отырып пысықталған Заң жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметінде қарауда жатыр.
4. «Кейбір заңнамалық актілерге азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша
Аталған Заң жобасын қарау шеңберінде Агенттік «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында уәкілетті органның агроөнеркәсіп кешені саласында сатып алу бағасын белгілеу жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына беру туралы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсынысын қолдады.
5. «Қазақстан Республикасындағы лотерея және лотерея қызметі туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша
Аталған Заң жобасын қарау шеңберінде Агенттік тұжырымдамалық сипатта ұсыныстар берді, оның ішінде лотерея ұйымдастырушылардың қаржы қаражатын жұмсауының ашықтығын қамтамасыз ететін тетікті көздеу ұсынылды.
Заң жобасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды, нәтижесінде дербес заңды әзірлеудің орынсыздығы, ал лотерея қызметін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде регламенттеу туралы шешім қабылданды.
6. «Ғылым туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша
Аталған жобаларды қарау кезінде Агенттік оның ішінде ғылымды қаржыландыруға бағытталатын бюджет қаражатының тиімділігін және мақсатты пайдалану схемасын заңнамалық деңгейде регламенттеу бөлігінде ұсыныстар берді.
Сонымен бірге, әзірлеуші мұны Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде пысықтауға міндетті болғандықтан, заң жобаларына Агенттік ұсыныстары алып тасталды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша Агенттік мынадай жұмыстарды жүргізді.
Бүгінгі күні мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті мемлекеттік реттеу және бақылаудың негізін анықтайтын құқықтық база Бәсекелестік туралы Заң жобасында айқындалған, онда «мемлекеттік монополия» деген ұғымға алғаш рет анықтама берілді, сондай-ақ мемлекеттік монополияны енгізі мәселелерінде бірыңғай тәсіл белгіленді.
Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.
Агенттік тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын бекіту бөлігінде олардың талаптарға сәйкес келу мәніне заңнамалық актілерге талдау жүргізді.
Аталған талдау нәтижесінде мемлекеттік монополия туралы нормалар бар, алайда мұндай монополияны енгізу тәртібі жоқ Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілері анықталды («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, және пайдалану туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Ветеринария туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы», «Күзет қызметі туралы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ,«Патенттік заң», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының жинағы).
Кейбір заңдарда қызмет түрін мемлекеттік монополияға тікелей жатқызу жоқ, алайда сол бір қызметті мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектінің айрықша жүзеге асыру құқығы іс жүзінде бекітіп берілген (Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Экологиялық кодексі, Орман кодексі, «Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Инвестордың құқығын қорғау туралы конвенция», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жылжымайтын мүлік құқығын және олармен мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі
Заңнамалық акт нормаларын Бәсекелестік туралы Заңның 32-бабына сәйкес келтіру мақсатында Агенттік «Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуге бастамашылық етті.
Экономика салаларында шаруашылық жүргізуші субъект ретінде мемлекеттің қатысуы айрықша сипатта болуы және жеке сектордың кәсіпкерлік белсенділігін шектемеуі тиіс екенін ескере келе, Агенттік заң жобасын әзірлеу шеңберінде мынадай міндеттерді шешу орынды деп есептейді:
1) мемлекеттік монополия деп аталмайтын барлық айрықша құқықтарға талдау жүргізу және осы тауар нарығында бәсекелестікті дамыту мүмкіндігі болған жағдайда, оны заңнамалық деңгейде бекіту.
2) мемлекеттік монополия заңнамалық деңгейде жазылған, алайда факт бойынша Бәсекелестік туралы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген мемлекеттік монополия субъектісін құру критерийлеріне сәйкес келмесе мұндай мемлекеттік монополияны алып тастау немесе оны мемлекеттік функцияларға жатқызу.
3) мемлекеттік монополия бар және оны сақтау қажет болған жағдайда, мемлекеттік монополия субъектілерінің өздерінің монополиялық жағдайын теріс пайдалануға жол бермеу мақсатында, мемлекеттік монополия субъектісінің құқығы мен міндеттемелерін, сондай-ақ мемлекеттік монополия субъектісінің аталған нарықта жұмыс істейтін басқа нарық субъектілерімен өзара қарым-қатынас тәртібін бекітіп беру;
4) жоғары тарифтерді белгілеу және тұтынушылардың заңды құқығына қысым жасау фактілеріне жол бермеу мақсатында баға түзу мәселелерін заңнамалық деңгейде реттеу, ал мемлекеттік монополия субъектілерінің өздерінің монополиялық жағдайын теріс пайдалануының алдын алу және жою мәселелерін Агенттік Бәсекелестік туралы Заңда айқындалған өкілеттіктері шеңберінде іске асырады;
5) мемлекеттік монополияны енгізу мәселелерін Кеден одағына мүше елдердің ұлттық заңнамаларына мейлінше жақындату жолымен және тауарларды бәсекелес нарықта өткізу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың жай-күйіне теріс ықпал етуі мүмкін қызмет салаларында ғана жүзеге асыру.
Қазіргі уақытта аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобы қалыптастырылды, 6 отырыс өткізілді.
Қорытынды
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату.
Информация о работе Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы