Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, реферат

Краткое описание

Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері ................................................................................................................5
1.2. Монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптары .....................9
1.3. Бәсекелестікті адвокаттандыру.....................................................................13
2. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
2.1. Отын-энергетикалық кешені.........................................................................15
2.2. Көлік және байланыс .....................................................................................17
2.3. Қаржы секторы ..............................................................................................20
2.4. Өзге де салалар және нарықтар ....................................................................22
2.5. Кеден одағы жағдайында монополияға қарсы ден қою ерекшеліктері.....30
3. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру ............32
Қорытынды..........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................39

Файлы: 1 файл

басекелестик.doc

— 293.00 Кб (Скачать)


 

             

 

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері

1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері ................................................................................................................5

1.2. Монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптары .....................9

1.3. Бәсекелестікті адвокаттандыру.....................................................................13

 

2. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау

2.1. Отын-энергетикалық кешені.........................................................................15

2.2. Көлік және байланыс .....................................................................................17

2.3. Қаржы секторы ..............................................................................................20

2.4. Өзге де салалар және нарықтар ....................................................................22

2.5. Кеден одағы жағдайында монополияға қарсы ден қою ерекшеліктері.....30

 

3. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру ............32

 

Қорытынды..........................................................................................................37

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.

Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл жағдайды диалектиканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық күресі деуге болады.

Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.

Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.

Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады. Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:

-   өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру;

-   тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау жасақтау;

-   шаруашылық субъектілерді құрғанда, қайта құрғанда және жойғанда монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау;

-   шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау;

-   монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау;

-   еркін, реттелген. Алдын ала белгіленген бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту;

-   шет ел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау;

-   экспорт-импорт операцияларына лицензия беру;

-         еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту.

Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасыдағы бәсекелестік жағдайына зерттеу жүргізу болып табылады.

Жұмыстың міндеттері:

әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттерін ашу;

монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптарын қарау;

экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау.

Зерттеудің  әдістемелік, теориялық және ақпараттық негіздері. Зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттары, мемлекеттік үкімет органдарының заңнамалық және нормативтік актілері және басқа да анықтамалық және инструктивтік материалдар құрады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері

 

              1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері

 

              Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында тауарлар мен қызметтерге экономикалық белсенділіктің төмендеуінен және сұраныстың азаюынан нарықта бәсекелестік күрес күшейді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) нарық субъектілерінің монополияға қарсы заңнаманы сақтауын бақылауды күшейтті.

              Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасының Үкіметі Басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде 2009 жылы Агенттіктің негізгі қызметі бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге тиімді қарсы іс-қимылдар арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталды. Әсіресе бұл үстем жағдайды теріс пайдаланудың және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдердің жолын кесу және жол бермеуге қатысты [1, 56 б].

              Қарсы іс-қимыл көрсетілген болмысының инфляциялық үдерістерді ұстап тұруға және одан әрі экономикалық дамуын қамтамасыз етуге айрықша мәні болды. Осыған байланысты, Агенттік әлеуметтік мәні бар нарықтарға (дәрілер нарығы, азық-түлік және жеміс-көкөніс нарығы және басқалар), сондай-ақ ел экономикасы үшін инфрақұрылымдық маңызы бар нарықтарға (мұнай өнімдері, электр энергиясы нарықтары, көлік нарығы және басқалар) ерекше назар аударды.

Салық комиетімен бірлесе отырып жеміс-көкөніс өнімдерінің (Астана және Алматы қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары) 20 ірі импортшыларына тексеру жүргізді, нәтижелері цитрус және жеміс-жидектердің жекелеген түрлерін өткізу нарығында импорт үстемдігінің, бюджетке міндетті ақы төлеуден кету мақсатында жеміс-көкөніс өнімдерін өткізу сызбасының көлеңкелі белгілерінің бар екендігіне куәландырады. Импортталатын жеміс-көкөніс өнімдерінің кеден құнын айқындау әдістемесін жетілдіру қажеттілігі анықталды.

Агенттік ірі сауда желілерінің азық түлік тауарларын өндірушілер мен өнім берушілерге қатысты кемсітушілік жағдайларды белгілеу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу жөніндегі жұмыстарды жалғасытуда.

Өткен жылы мұнай өнімдерін, цемент, жеміс-көкөніс өнімдерін, қантты өткізу, вокзал шаруашылығы қызметтерін көрсету және әлеуметтік салалар объектілерін және халықты көмірмен қамтамасыз ету нарықтарындағы жағдайларды реттеу жөнінде бір қатар мәжілістер өткізілді.

Талдау жүргізілген тауар нарықтарындаға бәсекелестікті одан әрі дамыту мақсатында Агенттік Үкіметке және құзыретті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде, сондай-ақ қорғау сипатында шаралар қабылдау, тауарлардың жекелеген топтарына бағаның негізсіз өсуін ұстап тұру тетігі, кедергілерді жою туралы және т.б. шамамен 40 жуық ұсыныстар жіберілді. Бұл ретте, бағаны ұстап тұру тетігін қолдану талаптарының бірі осы тауарларды биржада өткізу есебінен айқын нарықтықтық қатынастарды құру болып табылады.

Тұтастай алғанда, 2009 жылы Агенттік жүргізген дағдарысқа қарсы іс-шаралардың тиімділігі кейінгі заңнамалық және институционалдық жұмыстардың арқасында мүмкін болды.

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап «Бәсекелестік туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілді. Бәсекелестік туралы заңның негізгі жаңалықтары кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін ынталандыруға, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметке теріс араласуын шектеуге, монополистік қызметті шектеу нысандары мен әдістерін жетілдіруге және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеуге бағытталған.

Қабылданған заңдардың мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету және негізгі міндеттері монополистік қызметтің алдын алу, жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу, экономка салаларын монополиясыздандыру, еркін бәсекені қамтамасыз ету тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады[2, 57 б].

2009 жылдың ішінде Заңды әкімшілендіру көбінесе бұл дағдарысқа қарсы заң екендігін көрсетті. Қолайлы бәсекелестік жағдай жасаудың маңыздылығы әсіресе дағдарыс жағдайында шынайы болды. Практика Заңның өркениетті бәсекелестік қарым-қатынасты қалыптастыруға әсер еткендігін дәлелдеді, оларды дамыту нәтижесінде тұтынушылар бағаның төмендегенін «сезінді», сөрелерде тауарлар ассортиментінің жеткілікті екендігін көрді. Бұдан басқа, Заңның нормалары кәсіпкерлердің ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін меңгеруіне бағытталған, бұл өндірілетін тауарлар сапасының өсуіне ықпал етеді, мұнымен одан әрі өсу және жаңа нарықтарды жаулап алу үшін мүмкіндіктер іздеуде әлемдік деңгейге шығуға болады.

Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын болдырмау мақсатында                  2009 жылы Агенттік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметтін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша, оның ішінде «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы лотереялар және лотерея қызметі туралы» және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына ұсыныстар дайындады.

Сондай-ақ, Заңның нормаларын іске асыру мақсатында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын бекіту мәніне заңнамалық актілерге түгендеу жүргізді. Аталған талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының 19 заңнамалық актісінде Бәсекелестік туралы заңның ережелеріне сәйкес келмейтін нормалар анықталды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

«Бәсекелестік туралы» Заңды іске асыруды әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында Агенттік әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді жалғастыруда.

Сезімтал тауарлар, сақтандыру қызметі, «Қазпочта»АҚ-ның қаржылық қызметі, дәрілік заттар, энергетикалық сараптамалар жүргізу, мұнайды өндіру және өткізу, метал қорытпасын өндіру және өткізу, цементті көтерме саудада өткізу, почта байланысы қызметі (тапсырыс хаттарды шағын пакеттерді жіберу) нарықтарындағы жағдайларға талдаулар (мониторинг) жүргізу жөніндегі әдістемелер бекітілді.

Бәсекелестік туралы заң шеңберінде қабылданатын шешімдердің алқалылығы Агенттіктің басқармасы арқылы қамтамасыз етіледі. 2009 жылы     11 отырыс өткізілді, онда Агенттіктің практикалық қызметінің негізгі бағыттары бойынша шешімдер қабылданды. Агенттіктің жанында бірнеше консултативтік-кеңесуші органдар – Әдістемелік кеңес, Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және Мұнай өнімдері нарықтарындағы проблемелық мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестер құрылды және табысты жұмыс істеп жатыр.

Жүргізіліп отырған әкімшілік реформа шеңберінде жекелеген өкілеттіктерді өңірлік деңгейлерге бере отырып Агенттіктің функциялары мен санын оңтайландыру жұмыстары жүргізілді.

Информация о работе Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы