Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, реферат
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері ................................................................................................................5
1.2. Монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптары .....................9
1.3. Бәсекелестікті адвокаттандыру.....................................................................13
2. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
2.1. Отын-энергетикалық кешені.........................................................................15
2.2. Көлік және байланыс .....................................................................................17
2.3. Қаржы секторы ..............................................................................................20
2.4. Өзге де салалар және нарықтар ....................................................................22
2.5. Кеден одағы жағдайында монополияға қарсы ден қою ерекшеліктері.....30
3. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру ............32
Қорытынды..........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................39
«Шымкентцемент» АҚ, «Оңтүстік» ӘКК» ҰК-ның Көксарай контрреттеуішін, «Асар» шағын ауданын (Шымкент қаласында «Нұрлы көш» бағдармасының пилоттық жобасы) салу үшін цементке босату бағалары туралы өтініштері қаралды. Агенттік құрылыс объектісінің бірінің стратегиялық маңызды, екіншісін іске асыру өңірдің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізілетінін ескере келе, аталған объектілерді тұтынушылардың жекелеген тобына жатқыза отырып, цементті басқа бағамен өткізу туралы шешім қабылданды.
Цементті көтерме саудада өткізу нарығын талдау барысында 2009 жылы цемент өндіру көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға өскені анықталды. Осы кезең үшін импорт және экспорт тиісінше 35,8% және 90,3%-ға төмендеді. Цементті негізгі импорттаушылар: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай. Цемент экспортының негізгі бағыты - Тәжікстан.
Жыл сайын цементті ішкі өткізу нарығы импортының үлесі төмендейтінін атап өту қажет. Ішкі нарықта Қазақстан Республикасына цемент өткізудің жалпы көлемінің цемент импорты 2007 жылы 43%, 2008 жылы - 31%, 2009 жылы - 25,7%-ды құрады.
Қазіргі кезде, отандық цемент өндірушілердің өндірістік қуаты жылына 9 140 мың тоннаны құрайды.
ПЦ400 Д20 маркалы цементке (50 кг ыдыста) орташа бөлшек сауда бағасының серпіні республика және өңірлер бойынша 2009 жылы қыс кезеңінде цементке тұрақты бағалар байқалатынын көрсетті. Цементке бөлшек сауда бағасының өсуі мамыр-шілде айларында болады, содан кейін баға біртіндеп төмендейді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша:
1) «Централ Азия Цемент» АҚ Тізілімге Солтүстік Қазақстан облысының географиялық шекараларында 35%-дан үстем үлесімен енгізілді;
2) «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ-ның үстемдік географиялық шекаралары кеңейтілді:
- Ақмола және Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша «Централ Азия Цемент» АҚ-мен бірлесіп нарықтағы жиынтық үлесі 50%-дан астамды құрайды;
- Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша «Семей цемент зауыты» ЖШС-мен бірлесіп нарықтағы жиынтық үлесі 50%-дан астамды құрайды;
- Қызылорда облысы бойынша «Шымкентцемент» АҚ-мен бірлесіп нарықтағы жиынтық үлесі 50%-дан астамды құрайды;
- Атырау, Маңғыстау және Қостанай облыстары бойынша үстем үлесі 35%-дан астамды құрайды;
Цемент нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында 2010 жылғы 15 наурызда Агенттікте кеңес өтті, нәтижесінде қатысушылар мынаны шешті:
- Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі республика өңірлерінің цементке 2010 жылға қажеттілігін берсін, Меморандум шеңберінде сатып алынған цементті құрылыс салушылардың мақсатты пайдалануын бақылауды және Меморандумды қайта жасауды қамтамасыз етсін;
- Қазақстан Құрылыс салушылары қоғамдастығы және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Меморандум шеңберінде цемент жеткізу төлемақысын алдын ала төлеу үшін қаржының уақтылы бөліну мәселесін шешсін, цемент өндірушілерді цемент тасымалдау үшін хоппер-вагондармен қамтамасыз ету шараларын қабылдасын;
- Цемент өндірушілер құрылыс маусымының басталуына байланысты цементтің жасанды тапшылығын жасау және бағаның негізсіз өсу фактілеріне, басқа да теріс факторларға жол бермесін.
Агенттік бастамасы бойынша цементтің түпкілікті бағасына айтарлықтай әсер ететін цемент нарығындағы өнімсіз делдал құрылымдарды алып тастау, сондай-ақ ашық нарықты құру және тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында цемент биржа арқылы өткізілетін тауарлар тізбесіне енгізілді.
Қант өндіру, көтерме және бөлшек саудада өткізу нарығына талдау қант өндірісінде қант бағасының өсуіне себеп болған жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетті.
Баға өсуінің негізгі себептері мыналар болып табылады.
Бірінші, - отандық қант өндірушілердің импортталатын шикі қантқа тәуелділігі. Қант зауыттары тұтынатын шикізаттың 95 %-ға жуығы импорттан алынады.
Екінші, - әлемдік нарықтағы импорт шикізаттың құнының өсуі.
Үшінші, - осы жылдың ақпан айында жүргізілген теңгенің
Төртінші, - бәсекеге қабілетсіздік және отандық шикі қанттың тиісті санының болмауы. Республикада өндірілген қанттың жалпы көлемінің 5%-ы ғана отандық шикізаттан алынады. Бұдан басқа, зауыт деректері бойынша, импорттық шикізаттың 1 тоннасынан 99% қант өндіріледі. Сонымен бірге отандық шикізаттан - 14 % қант өндіріледі. Бұл жиынтығында
Бесінші, - 2008 жылғы ақпан айынан бастап қантты өз өнімін өндіру үшін пайдаланатын жекелеген кәсіпорындар (кондитер фабрикалары, шырын өндірушілер және т.б.) үшін қант импортына квотаның болуы. Нәтижесінде республикаға қант импорты 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда
Алтыншы, - қант өндіру және өткізу нарығының олигополиялануы. Қазақстанда қант өндіруші 8 зауыт бар, оның 6-ы екі дербес тұлғалар тобына кіреді:
1) «Қант» АҚ тұлғалар тобы - «Қант» АҚ, «Көксу Шекер» АҚ, «Алматы қанты» АҚ, «Алматинский сахар» АҚ. Қант өндіру бойынша үлесі 2008 жылы республика бойынша 62%-ды құрады.
2) «Азия сахар» АҚ тұлғалар тобы - ТОО «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Алакөл қант зауыты» ЖШС. Қант өндіру бойынша үлесі - 38%.
Жетінші, - өндіруші және соңғы сатып алушы арасында делдал құрылымдардың болуы. Осының нәтижесінде өндірушіден тұтынушыға дейінгі қант құны 40%-ға дейін өседі. Бұл ретте, отандық зауыттардың рентабельділігі ең төмен болып табылады.
Қантты көтерме саудада өткізу нарығын талдау нәтижелері бойынша (2009 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша) елде қант өндіру және өткізуді мынадай қант зауыттары жүргізетіні анықталды: «Көксу-Шекер» АҚ, «Қант» АҚ, «Алматинский сахар» АҚ, «Алматы Қанты» АҚ (бұдан әрі - «Қант» АҚ тұлғалар тобы), сондай-ақ «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Алакөл қант зауыты» ЖШС (бұдан әрі - «Азия сахар» АҚ тұлғалар тобы).
Сонымен бірге қайталама қант жеткізу нарығында негізгі өнім беруші «Gas Development» ЖШС («Қант» АҚ-ның еншілес компаниясы) болып табылады.
Агенттік «Центральноазиатская Сахарная Корпорация» ЖШС-ның (бұдан әрі - ЖШС) өтінішхаты бойынша мынадай қант зауыттарының: «Қант» АҚ, «Алматинский Сахар» АҚ, «Алматы Қанты» АҚ, «Азия Сахар» АҚ, «Көксу-Шекер» АҚ-ның мүлкін (негізгі өндірістік құрал-жабдықтарын) және мүліктік құқығын, негізгі өндірістік құрал-жабдықтарын және материалдық емес активтерін меншігіне алуды қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім берді
Қант бағасының негізсіз өсуіне және ықтимал қант тапшылығына жол бермеу мақсатында Агенттік басқармасының шешімімен «Центральноазиатская Сахарная Корпорация» ЖШС, «Қант» АҚ, «Алматинский Сахар» АҚ, «Алматы Канты» АҚ, «Азия Сахар» АҚ, «Көксу-Шекер» АҚ тұлғалар тобы ретінде Тізілімге 35%-дан астам үстем үлесімен Қазақстан Республикасының географиялық шекараларында «қантты көтерме саудада өткізу» деген қызмет түрі бойынша енгізілді, ол «Центральноазиатская Сахарная Корпорация» ЖШС-ның өтінішхаты бойынша азаматтық-құқықтық мәміле заң тұрғысынан ресімделгеннен кейін күшіне енеді.
Бұдан басқа, жүйелі шаралар қабылдау және нарықтағы ахуалды тұрақтандыру үшін Агенттік Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар жіберді:
1. Ауыл шаруашылығы министрлігіне:
- Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен бірлесіп, мемлекет үшін қант импортына тыйым салуды ұзартудың тиімділігінің экономикалық орындылығын (монополияландыру) немесе қант әкелуге еркін режим белгілеуді (бәсекелестік) есептеуді.
- Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлейтін Өндірістік қуаттарды 2020 жылға дейін орналастыру картасының шеңберінде елдің өзі өндірген қант қызылшасымен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін болжау мақсатында, қант саласын дамытудың болжамын әзірлеу ұсынылды.
Ас тұзын өндіру және көтерме саудада өткізу нарығын талдау барысында 2009 жылы «Аралтұз» АҚ қызметтерін бірден-бір сатып алушы «А+Соль» ЖШС болып табылғаны анықталды.
Осыған байланысты, аталған компания («А+Соль» ЖШС) Тізілімге «ас тұзын (йодталған) көтерме саудада өткізу» деген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының географиялық шекараларындағы 35%-дан астам үстем үлесімен енгізілген болатын.
Өсімдік майын өндіру және көтерме саудада өткізу нарығын талдау аталған нарықтың бәсекелестігі жеткілікті дамыған, нарықтың төмен шоғырланған түріне жататынын көрсетті. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері анықталған жоқ.
Жеміс-көкөніс өнімдерін көтерме саудада өткізу нарығын талдау нәтижелері бойынша жеміс-көкөніс өнімдерінің негізгі түрлеріне (картоп, қияр, қызанақ, пияз, қырыққабат) қажеттілік отандық өндіріс (Алманы қоспағанда) есебінен жабылатынын анықтады. Осыған байланысты, импорт өнімінің осындай түрлерінің көлемі аталған нарықтағы баға жағдайына әсер ете алмайды. Цитрус және жекелеген жидек түрлері бойынша монополия және импорт өктемдігі орын алған. Негізгі көлемдерді аталған импорттаушылар шарт жасаспастан, жеке тұлғаларға өткізеді. Мұндай тұлғаларға шарт жасалатын заңды тұлғаларға қарағанда, екі есе арзан бағамен өткізіледі.
Баға жағдайына делдалдардың үлкен саны, супермаркеттердің өктемдігі, әлсіз логистика және инфрақұрылым әсер етеді.
Көптеген делдалдардың болу фактісі атап өтілуде. Жедел шаралар ретінде Агенттік салық органдарымен бірлесіп монополияға қарсы және салық заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу іс-шараларын жүргізеді.
Агенттік жүйелі шаралар ретінде мынадай ұсыныстарды жіберді:
АШМ-ға жергілікті атқарушы органдармен, ЭДСМ-мен бірлесіп, республикалық және өңірлік теңгерімдерді (өндіру, тұтыну, импорт, экспорт) жеміс-көкөніс өнімдері түрлерінің бөлінісінде және ай (тоқсан) бойынша әзірлеуді және жүргізуді ұсынды.
Мұндай теңгерімнің болмауы азық-түлік тауарларына, олардың тасқынына қажеттіліктің және импортқа тәуелділіктің болуының нақты көрінісін айқындауға мүмкіндік бермейді.
- ӘКК және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жеміс-көкөніс нарығының (жеміс сақтау қоймаларын, жылыжай салу, логистика) инфрақұрылымының болуы мен қажеттілігін анықтауды, сондай-ақ жылыжай шаруашылығы, жеміс сақтау қоймалары желілерін салуды аяқтауды жеделдетуді ұсынды;
- азық-түлік және жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілермен тікелей жұмыс істейтін осы заманға сай қоймалар мен көтерме-бөлшек сауда супермаркеттерінің құрылысы бойынша жоспар әзірлеуді ұсынды.
2. Экономикалық даму және сауда министрлігіне:
- Заң деңгейінде делдалдарды алып тастау. Агенттіктің мұндай ұсыныстары қолдау тапты және «Сауда қызметін реттеу туралы Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасында көрініс тапты. Сонымен қатар, оны келісу сатысында әзірлеуші аталған норманы заң жобасынан алып тастады. Алайда, мұндай тыйым салу электр энергетикасы нарығында делдалдар қызметіне тыйым салуға ұқсас болуы тиіс деп есептейміз.
- отандық өнім берушілердің ритейл сөрелеріне кемсітусіз қол жеткізуін көздейтін баптарды енгізу және жергілікті атқарушы органдарға бақылау функциясын беру жөніндегі ұсыныстар.
Сондай-ақ Агенттік азық-түлік тауарларының импортына талдау жүргізді.
Зерттеу бірінші кезекте азық-түлік, оның ішінде тұтынуда импорты 35%-дан асатын шикізат және материалдар нарығында жүргізіледі. Республикаға ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты 2002 - 2008 жылдар аралығында 6 есе (2002 жылы - 508,1 млн. АҚШ долл., 2008 жылы - 3 019 млн. АҚШ долл.) өскенін атап өту керек.
Қазіргі уақытта орын алған азық-түлік тауарлары импортын монополияландыру нарық субъектілерінің белгілі өндірушілердің тауар белгісімен жекелеген тауарларды әкетуге және пайдалануға айрықша құқықты сатып алуынан көрінеді. Айрықша құқық иеленушілер белгілейтін тауарға үстеме баға 100%-ға дейін жетеді.
Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларында азық-түлік тауарларын бөлшек саудада өткізу нарығына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша азық-түлік тауарларын бөлшек саудада өткізу нарығындағы доминанттар анықталып, Тізілімге енгізілді. Жекелеген ірі супермаркеттер тарапынан жосықсыз бәсекелестік фактілері айқындалды, бұл өнім жеткізу шарттарына жекелеген супермаркеттерге бәсекелестерге қарағанда неғұрлым артық шарттар мен өнім жеткізу бағаларын беруден көрінеді.
Тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және делдал қызметтерді алып тастау үшін Агенттік Индустрия және сауда министрлігіне өнімсіз делдалдарды алып тастауды көздейтін «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жіберді.
Республиканың азық-түлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қажетті дайындық жұмыстарын (бақылауға жататын азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлеу, азық-түлік тауарларын негізгі импорттаушылардың, ритейлердің, азық-түлік тауарларын көтерме саудада өткізушілердің, азық-түлік тауарларын бөлшек саудада өткізушілердің және т.б.) тізімін жасау) жүргізу бойынша жедел шараларды қабылдады.
Информация о работе Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы