Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, реферат

Краткое описание

Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері ................................................................................................................5
1.2. Монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптары .....................9
1.3. Бәсекелестікті адвокаттандыру.....................................................................13
2. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
2.1. Отын-энергетикалық кешені.........................................................................15
2.2. Көлік және байланыс .....................................................................................17
2.3. Қаржы секторы ..............................................................................................20
2.4. Өзге де салалар және нарықтар ....................................................................22
2.5. Кеден одағы жағдайында монополияға қарсы ден қою ерекшеліктері.....30
3. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру ............32
Қорытынды..........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................39

Файлы: 1 файл

басекелестик.doc

— 293.00 Кб (Скачать)

жеке тасымалдаушылар темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдау қызметтерін ұсынуда және тасымалдауды жүзеге асыру үшін қажетті (вагондарға қол жеткізу, сапаржайлар қызметтері, билеттер сату, жөндеу және т.б.) қызметтерді алуда көрсетілген компаниялармен тең мүмкіндіктері жоқ.

Темір жол көлігімен жолаушылар тасымалы нарығына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша жаңа компаниялардың нарыққа кіруі үшін  және аталған нарықта бәсекелестікті дамытуға кедергі жасайтын кедергілер туралыұсыныстарды, сондай-ақ темір жол көлігімен жолаушылар тасымалы нарығын монополиясыздандыру жөнінде ұсыныстар мен іс-шараларды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жіберді (2009 жылғы 29 мамырдағы № 03-3/1079-и хаты).

2009 жылы Агенттікке темір жол вокзалының меншік иелерінен де, жолаушылар тасымалдаушылардан да темір жол вокзалдары қызметтерін көрсету нарығындағы олардың өзара қарым-қатынастары мәселелерін шешуге жәрдемдесу жөнінде көптеген өтініштер келіп түсті.

Оның себебі, Агенттіктің пікірі бойынша темір жол көліктері кәсіпорындары мен возкалдың меншік иесінің өзара іс-әрекеттері мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаның болмауы болып табылады, бұл сондай-ақ нарық субъектілерін бәсекелестікке қарсы іс-әрекетке әкеледі.

Осыған байланысты Агенттік вокзал қызметтерін реттеу және темір жол көлігі кәсіпорындары мен возкалдардың меншік иесінің өзара іс-әрекеті тәртібін заңнамалық түрде бекіту бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы ККМ-ге 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 03-3/2500 хат жіберді.

Қазіргі уақытта темір жол саласын реформалаудың жаңа кезеңінен өтіп жатыр, оның барысында ішкі және сыртқы нарықтарда тасымалдау қызметінде бәсекелестікті одан әрі дамыту болжанып отыр.Соңғысы әсіресе тауар шекараларын кеңейту және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде бәсекелестікті күшейтуді ескере отырып өзекті болып отыр.

Кеден одағына кіретін елдердің Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруда тікелей темір жолға қатысты тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді кедергісіз өткізу нарықтарын ашуды болжап отыр.

Бірыңғай кеден одағы елдеріндегі темір жол салалары реформалау сатысында тұр. Бұл ретте, салалардың қолданыстағы және мақсатты моделдерінде қағидатты айырмашылықтар бар. Айырмашылықтар темір жол көлігінің нарықтық саласын заң түрінде айқындау бөлігін қамтиды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның темір жолының жай-күйі  тозығы жеткен активтермен, технология ескірген, қызметтерінің бәсекеге қабілетсіздігі сипаттамасымен сипатталады, бұл ұлттық тасымалдаушы «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның шетел компанияларымен бәселес болуына мүмкіндік бермейді.

Сондықтан, Қазақстанның сыртқы нарығында бәсекелес болу үшін темір жолдың инфрақұрылымының тиісті деңгейін ұсынуы тиіс. Қазақстанның темір жол көлігі қазіргі заманның талаптарына сай бейімделуі, тең құқықты бәсекеге қабілетті қатысушы ретінде тасымалдың ғаламдық нарығына шектеліп кіруі тиіс.

Осыған байланысты халықаралық бәсекелестікті күшейтуді ескере отырып Қазақстан Республикасының темір жол саласы үшін мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау қажет. Сол уақытта мемлекеттік қолдаудың мұндай шаралары осы саланы монополияландыруға бағытталмауы тиіс.

Осы мәселелерді, оның ішінде нарықтың осы сегментінде бәсекелестікті дамытуды 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының темір жол көлігін дамытудың жаңа бағдарламасы шеңберінде шешу ұсынылады.

Әуежайлар қызметі  нарығы дамымаған, бәсекелестік жоқ.

Агенттік жүргізген реттелмеген әуежайлар қызметі бойынша талдау нәтижелері бойынша қазіргі уақытта әуежайлар шамамен 100-ге жуық қосымша қызметтер көрсетеді.

Бұл ретте тиісті нормативтік құқықтық актімен не уәкілетті орган бекіткен әуежай қызметінің нақты тізбесі жоқ. Осыған байланысты, бір қызметті бірнеше қызмет түрлеріне бөлшектеу байқалады.

Мұндай нормативтік құжаттың болмауы көп жағдайда Қазақстан Республикасының әуе тасымалдаушылары мен әуе жайлар арасында өзара қарым-қатынастағы қайшылықтар мен даулардың туындауына әкеледі.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қызмет атауларын толықтыру бөлігінде Тізілімге өзгертулер енгізілді, сол бойынша «тасымалдау үдерісін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежай үй-жайларын жалға беру» қызмет түрі бойынша әуе жайлардың жағдайы үстем болып танылды.

Ішкі әуе тасымалдары нарығындағы үстем жағдай «Эйр Астана» АҚ-да да бар.

Халықаралық бағыттардағы бәсекелестік деңгейін зерделеуде кейбір үкіметаралық келісімдердің бәсекелестік талаптары мен тұтынушылардың мүдделеріне жауап бермейтін ескірген нормалардан тұратындығын көрсетті.

Бәсекелестік бағыттардың болмауы авиакомпаниялардың жоғары бағаны ұстап тұруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шетел авиакомпанияларымен бәсекелестік жағдайда халықаралық әуе рейстерінде компаниялар тарифтерді төмендетуге, жеңілдіктер жүйесін енгізуге мәжбүр болады.

Қазіргі кезде, телекоммуникация нарығы, атап айтқанда жергілікті, қалаларалық, сондай-ақ халықаралық тіркелген байланыс, Интернет желісіне кіру, сондай-ақ тікелей желілерді жалға беру қызметтері жоғары шоғырланған болып табылады.

Жоғарыда аталған нарықтарда оптикалық-талшықты магистральды желілері бар «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ үстемдік етуде.

Агенттік жүргізген талдау нәтижелері Қазақстанда ұялы байланыс нарығы шоғырлану деңгейі жоғары олигополияландырылған болып табылатынын көрсетті, онда төрт оператор жұмыс істейді - «Кар-Тел» ЖШС, «GSM Қазақстан ААҚ «Қазақтелеком» ЖШС, «Алтел» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, оның ішінде үшеуі бүгінде өзара аффилиирленген болып табылады («Қазақтелеком» АҚ «GSM Қазақстан ААҚ «Қазақтелеком» ЖШС-ның қатысу үлесінің 49%-на «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ның - 51%-на, «Алтел» АҚ-ның 100%-на иелік етеді).

«Қазақтелеком» АҚ-ны монополиясыздандыру мақсатында Агенттік «Tele2 Sverige AB» компаниясындағы «Мобайл-Телеком Сервис»ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 51%-ын сату бойынша мәмілеге келісті.

Агенттіктің пікірі бойынша, аталған компанияға жаңа инвестордың кіруі оның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, осы нарықта бәсекелестікті дамытуға жәрдемдеседі.

 

2.3. Қаржы секторы

 

Қаржы қызметтері нарығында кредит беруден негізсіз бас тартуы, аффилиирленген тұлғалар үшін кредит берудің ыңғайлы шарттарын ұсыну түрінен көрінген банк тарапынан жосықсыз бәсекелестік байқалады.

Аталған фактілер ұлттық холдингтер арқылы кредит беру кезінде де айқындалды.

Банктердің қаржы, сондай-ақ өндірістік компаниялармен аффилиирленуі «домино әсерімен» байланысты банк тәуекелі дефолты кезінде сақталады. Банктердің аффилиирлеген компанияларға да, басқа қарыз алушыларға да ұқсас талаптар қоюын заңнамалық деңгейде міндеттеу қажет.

Өткен жылы кредит ұйымдары жұмыстарының қалыптасқан шарттары мемлекет бөлген кредит ресурстарына кәсіпкерлердің тең қол жеткізу проблемасын өзекті етті.

2009 жылы жекелеген банктердің кредитке қабілеттілігі ең алдымен мемлекеттік қолдау есебінен қамтамасыз етілді, бұл олардың мұндай қолдауға ие болмаған басқа банктерге қарағанда бәсекелестік артықшылық алуын білдіреді.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржы ресурстарын берудегі банктердің саясаты қарыз алушыларды кредиттеу кезінде кемсітусіз қол жеткізуді қолдануға негізделеді.

Қаржы қызметтері секторында, сондай-ақ экономиканың басқа да секторында нарық билігін теріс пайдаланудың бизнес үшін белгілі теріс салдары болады [6, 65 б].

Қаржы қызметтері нарығының жекелеген сегменттері монополияландырылған болып қалуда (кредиттік бюро және қор нарығының инфрақұрылымдық ұйымдарының нарығы). Осындай ұйымдардың монополиялық тарифтерінің нәтижесінде халықтың инвестициялық белсенділігін және оның қаржылық сауаттылығын арттыру міндеттері артта қалуда.

Кредиттік бюро нарығында қалыптасқан монополиялық тарифтер тұтынушылар үшін қаржы қызметтерінің құнына жанама әсер етеді.

Тендерлік кепілдік беру кезінде екінші деңгейдегі банк шарттары мен тарифтеріне қатысты «Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-дан келіп түскен өтінішке сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің бірдей шарттарды белгілеу және (немесе) ұстап тұру бойынша келісілген іс-әрекеттерінің мәніне талдау жүргізілді.

Жүргізілген талдау нәтижелері банк кепілдігін беру кезінде бірдей шарттарды белгілеу және (немесе) ұстап тұру бойынша екінші деңгейдегі банктердің келісілген іс-әрекеттері фактілерінің жоқ екендігін көрсетті.

Қаржы қызметтері саласында бөлшек сауда нарығының қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары нарығына талдау жүргізілді, нәтижесінде валюта сатып алу/сату қызметтерін көрсететін субъектілердің саны анықталды, банктік және банктік емес сектордың үлесі айқындалды. Бұдан басқа, Агенттік валюта операцияларының бөлшек сауда нарығында тіркелген маржаны белгілеу бойынша тиісті ұсыныстар енгізді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне (бұдан әрі - АШТӨ) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен кредит беру кезіндегі «Даму» КДҚ» АҚ-ның және еншілес ұйымы «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның (бұдан әрі - Холдинг) қызметі талданды.

Талдау нәтижелері бойынша кредит алуды қиындататын кедергілер анықталды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымдары арқылы кредиттеудің құны екінші деңгейдегі банктер кредитінің құнымен бірдей. Бұл банк кепілдемесін ресімдеуге қосымша қаржы шығындарына, кепіл үшін тәуелсіз бағалау жүргізумен өтімділігі жоғары мүліктің міндетті түрде болуымен байланысты.

Нәтижесінде отандық тауар өндірушілер шетелдік бәсекелестермен салыстырғанда соғұрлым бәсекеге аз қабілетті болады.

Ағымдағы жылы аталған институттардың қызметін талдау екінші деңгейдегі банктер көрсететін қызметтердің бірін-бірі алмастыруы және олардың нарықта болу тиімділігі мәніне жүргізіледі.

Қаржы қызметтері нарығындағы микрокредиттік ұйымдардың қызметі кепілсіз кредиттеу нарығы сегменті бойынша банктік кредиттеуге балама ретінде дамуы тиіс.

Агенттік 2009 жылы «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген тиісті түзетулерді қолдады.

«Қазпочта» АҚ көрсететін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау аяқталды.

Жүргізілген талдау нәтижесінде «Қазпочта» АҚ-ның халыққа қаржы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі екінші деңгейдегі банктер көрсететін қызметтердің бірін-бірі алмастыруы мәніне зерделенді, «Қазпочта» АҚ-ның және екінші деңгейдегі банктердің аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақта және Қазақстан Республикасының географиялық шекаралары шегінде ауылдық елді мекенде көрсетілген қаржы қызметтерінің көлемі бойынша нарықтық үлестері белгіленді.

Ауылдарды почта байланысы бөлімшелерімен (ПББ) және банктік қызмет көрсету орталықтарымен (БҚО, РКО) қамту айқындалды. «Қазпочта» АҚ-ның және екінші деңгейдегі банктердің филиал желілерінің құрылымы зерделенді, нәтижесінде 2010 жылдың басында республика ауылдарында «Қазпочта» АҚ почта бөлімшелерінің 69 %-ы және банк бөлімшелерінің 15 %-ы жұмыс істегені анықталды.

Бұдан басқа, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер, аудандар (қалаларды қоспағанда) бөлінісінде 10 ірі екінші деңгейдегі банктің белсенді өңірлік желісі құрылды, нарыққа кіру кедергілері белгіленді және «Қазпочта» АҚ-ның ауылда қаржы қызметтерін көрсету бөлігінде жекелеген проблемалары анықталды.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Қазпочта» АҚ-ның және «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның «кассалық» және «аударым» операциялары бойынша аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтарда орналасқан кенттерде және Қазақстан Республикасының географиялық шекаралары шектерінде ауылдық елді мекендердегі үстемдік белгілері айқындалды.

БҚА басқармасы шешімінің негізінде Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) «Қазақстанның Халық банкі» АҚ «кассалық операциялар» деген қызмет түрі бойынша 50%-дан астам үстем үлесімен және «аударым операциялары» деген қызмет түрі бойынша 35%-дан астам үстем үлесімен, аудандық маңызы бар қалалардағы, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтарда орналасқан кенттер және Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендердегі үстем үлесі анықталды.

Сондай-ақ Агенттіктің бұйрығымен «Қазпочта» АҚ аудандық маңызы бар қалалардағы, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтарда орналасқан кенттер және Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендердегі 50%-дан астам жиынтық үстем үлесімен Тізілімге енгізілді.

 

2.4. Өзге де салалар және нарықтар

 

Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған 6 цемент зауытының 5-еуі Тізілімде тұр, олар Оңтүстік Қазақстан облысында («Шымкентцемент» АҚ және «Састөбе цемент» ЖШС), Шығыс Қазақстан облысында («Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС және «Семей цемент зауыты» ЖШС) және Жамбыл облысында («Монолит» АҚ) орналасқан.

Цемент бағасын реттеу мақсатында Агенттік республикада 2009 жылғы мамыр және маусым айларында цемент өніміне баға түзу мәселесін талқылау бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры, Қазақстанның Құрылыс салушылары қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізді.

Бұдан басқа, кеңеске қатысушылар арасында Меморандум жасалды, онда цемент өндірушілер шығаратын өнімнің бағасын бір деңгейде тіркеуге (аталған құн өнімнің өзіндік құнына жақындатылды), сондай-ақ Жол картасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін өнімнің қажетті көлемін өндіруге міндетті болды.

Информация о работе Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы