Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, реферат
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері ................................................................................................................5
1.2. Монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптары .....................9
1.3. Бәсекелестікті адвокаттандыру.....................................................................13
2. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
2.1. Отын-энергетикалық кешені.........................................................................15
2.2. Көлік және байланыс .....................................................................................17
2.3. Қаржы секторы ..............................................................................................20
2.4. Өзге де салалар және нарықтар ....................................................................22
2.5. Кеден одағы жағдайында монополияға қарсы ден қою ерекшеліктері.....30
3. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру ............32
Қорытынды..........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................39
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің тапсырмасына сәйкес жеміс-көкөніс және азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті, онда заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беру әдіснамасын жетілдіруге, жеміс-көкөніс және ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша республикалық және өңірлік теңгерімдерді, азық-түлік және жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілермен тікелей жұмыс істейтін қазіргі заманға сай көтерме-бөлшек сауда супермаркеттер құрылысының жоспарын, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда желілеріне кемсітусіз қол жеткізуі туралы меморандумды әзірлеуге, азық-түлік тауарларын шетелдік өндірушілер мен отандық сауда желілері арасында тікелей шарт жасауды пысықтауға бағытталған жүйелі шаралар әзірленді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде азық-түлік және жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлеріне бағаның төмендеуі байқалды.
Бүгінгі күні жүргізіліп жатқан дәрілік заттар нарығына талдау ақшалай көріністе нарықтың 90% импортқа тәуелділігін анықтады, бұл аталған нарықтың жоғары шоғырланғанын көрсетеді. Қазақстанға дәрілік заттарды негізгі импорттаушы елдер Германия, Швейцария, Австрия, Болгария, Венгрия, Ресей болып табылады.
Нарық субъектілерінің жекелеген тауарларды белгілі өндірушілердің сауда белгілерімен әкетуге және пайдалануға айрықша құқықтарды сатып алуын қамтитын дәрілік заттар импортын монополияландыру проблемасын атап өту қажет. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өнім берушіден тиісті құқығы жоқ нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағына әкелген тауарлары контрафактілі деп танылады. Аталған мән-жай жаңа субъектілердің импорт нарығына кіруіне кедергі бола тұра, ішкі нарықты монополияландыруға және бағаның өсуіне ықпал етеді, себебі айрықша құқық иеленушілер белгілейтін тауарларға үстеме бағалар санының мөлшері жоғары шамаға жетеді.
Дәрілік заттар экспортының ең үлкен үлесі Қырғызстанда (53%), Тәжікстанда (14 11%), Өзбекстанда (11%).
Уәкілетті органның ақпараты бойынша дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге 1000-нан астам, бөлшек саудада өткізуге - 6 000-нан астам нарық субъектісінің лицензиясы бар, бұл нарықтың дамығанын куәландырады.
Сонымен бірге, жүргізілген нарық талдауы белгілі бір дәрілік заттар өнім берушілерінің, о.і. импорттаушылардың үстем жағдайының болуын көрсетті. Бұдан басқа, дәрілік заттар нарық субъектілерінің қызметінде тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың ассортименті, сатушылар мен сатып алушылар тобы бойынша бөлу, сондай-ақ баға белгілеу және ұстап тұру немесе тауарларды сатып алудың басқа шарттары бөлігінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері байқалады.
Импорт және отандық өнімге сатып алу және бөлшек сауда бағаларын салыстырмалы талдау 2009 жылы (2008 жылмен салыстырғанда) бағаның ең үлкен өсуі импорт дәрілік заттарға тиесілі екенін көрсетті. Бағаның өсу себептері шетелдік өндіруші компаниялардың бағаны арттыруы, сондай-ақ 2009 жылы валютаның құнсыздануы болып табылады.
Дәрілік заттар нарығын Агенттік сезімтал нарық деп айқындады. Бұл ретте, тұрғындар арасында жүрек-қан тамырлары препараттарға жоғары сұраныс қаңтар-ақпан, гипертензивтікке қарсы дәрілерге - қаңтар-ақпан, ми қан айналамын жақсартатын дәрілерге наурыз-мамыр және қазан-желтоқсан айлары сәйкес келетіні белгілі болды. Халық арасында тұмауға және вирусқа қарсы дәрілерге ең үлкен сұраныс қаңтар-наурыз және қыркүйек-желтоқсан, антибиотиктерге - қараша-қаңтар, аллергияға қарсы аппараттарға - маусым - тамыз айларында байқалады.
Сонымен қатар, дәрілік заттар елдің 16 өңірінің 12-сінен, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы тиісінше өнімінің ең үлкен шоғырлануымен (64,5% және 23,4%) ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің деректері бойынша Республикада дәрілік заттарды ірі өндірушілер мына 5 компания болып табылады: «Химфарм», «Глобал Фарм» БК» ЖШС, «Нобел АФФ» АҚ, «Ромат» ФК» ЖШС және «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС.
Қазіргі уақытта мемлекет ТМККБК, Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» компаниясы арқылы жұмыс істей отырып, медикаменттер жеткізуде маңызды роль атқарады.
ҮИИДМБ-ға сәйкес бірыңғай дистрибьютормен 7 жыл мерзімге бірыңғай шарт жасау арқылы ТМККБК шеңберінде дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуға ұзақ мерзімді тапсырыстар бөлінуі тиіс.
Сонымен қатар, мұндай ұзақ мерзімді шарттарды жасасу жекелеген нарық субъектілеріне кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді шарттарын беруге алып келуі және бәсекелестіктің дамуына теріс әсер етуі мүмкін.
Айтылғанның негізінде Агенттік ҮИИДМБ-ға сәйкес ұзақ мерзімді тапсырыстар мемлекет тарапынан отандық өндірушілер салған инвестицияларды кепілді қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында, өндірісті жаңарту және өнімділікті арттыруға инвестицияларды жүзеге асыру міндетті шартымен берілетінін, сондай-ақ Мемлекет басшысының ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттардың үлесін 2014 жылдың соңына қарай заттай көріністе 50 %-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау қажеттілігін ескере келе, мынадай шарттарды орындаған жағдайда ұзақ мерзімді шарттар жасаумен келісу мүмкін деп есептейді:
- ұзақ мерзімді тапсырыстарды бөлуге жаңа инвестициялық жобаларды тоқсан сайын қарауды ескере отырып, тиісті тауарды өндіру мүмкіндігі болған кезде барлық отандық өнім берушілер жіберілуі тиіс;
- отандық өнім берушілермен ұзақ мерзімді шарт жасасу нәтижелері жалпыға бірдей қол жетімді болуы және «СК Фармация» ЖШС-ның ресми сайтында орналастырылуы тиіс;
- барлық отандық өнім берушілер тиісті жылға ТМККБК шеңберінде алдағы дәрілік заттардың ұзақ мерзімді тапсырысын бөлу туралы уақтылы хабардар етілуі тиіс.
Аталған талаптарды Агенттік ТМККБК шеңберінде дәрілік заттарды өндіруге ұзақ мерзімді тапсырысты орналастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтты.
Талап етуші тұрғындар және нақты сатып алынатын дәрілік заттар арасындағы деректерді салыстырып талдау екі өлшемнің сәйкес келмейтінін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ресми деректері бойынша 2009 жылы аурулардың ең үлкен саны тыныс органдардың ауруы диагнозымен (40,78%) тіркелген, екінші орында - жүктіліктің асқынуы, туу және туудан кейінгі кезеңдегі аурулар (6,89%), үшінші орында - ас қорыту органдарының аурулары (5,98%). Алайда республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттардың ең үлкен көлемі ісік ауруларына химиялық препараттарды сатып алуға (33%), гемофилия ауруына шалдыққан ересектердің қан ұю факторларын қамтамасыз етуге (27,5%) сәйкес келді. Бұл ретте, туберкулезді емдеу үшін (аурудың жоғары деңгейіне қарамастан) дәрілік заттарды сатып алу жалпы сатып алу көлемінің барлығы 15%-ын құрады. Мұндай көрініс 2008 жылы да байқалған болатын.
Дәрілік заттарға елдің қажеттілігін қанағаттандыру саласында жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігі мақсатында уәкілетті орган дәрілік заттарды сатыр алуды жоспарлау кезінде халықтың науқастану үрдісін, сондай-ақ оның болжамын ескеруі қажет деп есептейміз.
2.5. Кеден одағы жағдайында монополияға қарсы ден қою ерекшеліктері
Мемлекет басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың ведомствоаралық кеңесінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 346 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберінде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің 25 келісімін әзірлеу басталды.
Аталған шешімді, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекет басшыларының 2009 жылғы 19 желтоқсандағы шешімін іске асыру мақсатында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 20 келісімді әзірлеуді көздейтін БР, ҚР және РФ БЭК қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті.
Аталған Жоспарға сәйкес Бәсекелестіктің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін әзірлеу және қол қоюға тиіс келісімдердің бірінші пакетіне жатады.
Келісімді әзірлеу шеңберінде Агенттік жұмыс тобын құрды, ол Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімді жұмыс істеуі және монополияға қарсы саясатты жүргізу нормаларын, ережелері мен тетіктерін үйлестіру мақсатында жоғарыда көрсетілген Келісім бойынша мынадай ұсыныстарды жіберді:
1) Кеден одағы комиссиясының құрылымында монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу, экономикалық шоғырлануды бақылау және Кеден одағы мемлекеттерінің монополиялық инфрақұрылымына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі эксаумақтық өкілеттіктер берілген бәсекелестік саясат саласында жеке органды құру.
Аталған Кеден одағы үш елінің инфляциялық процестерінің ішкі нарықтарға өзара әсерін зерделеп, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы үйлестіру жұмыстарын жүргізе алар еді. Мұндай жұмыстар отандық тауар өндірушілер үшін бәсекелестік шекараларын кеңейтуді ескере келгенде маңызды болып табылады.
2) бірыңғай экономикалық кеңістіктің бәсекелестік туралы бірыңғай модельдік заңын әзірлеу және ұлттық заңнаманы бәсекелестік туралы модельдік заңмен сәйкес келтіру мерзімін қолданысқа енгізу.
Аталған ұсыныстарды қабылдау экономикалық тұрақтылықты, бірыңғай бәсекелес саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тұтастай алғанда Келісім қатысушылардың тауарлардың, қызметтердің және капиталдың еркін айналымын, экономикалық қызметтің еркіндігін және кедендік аумақтарды біріктіретін тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай бәсекелестік саясат әзірлеуге мүмкіндік береді.
Аталған Келісімнің шеңберінде бірлесіп және уақтылы монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерінің жолын кесуге, жоюға мүмкіндік беретін қатысушы елдердің монополияға қарсы ден қою бағыттары көзделетін болады.
3. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру
Бәсекелестік туралы Заңның норманын қолдану практикасы Заңның жекелеген ережелері нақтылануы, түзетілуі және бөлінуі тиіс екенін көрсетті.
Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту шеңберінде мәмілелерді келісу үшін активтер құнынын шекті мәнін ұлғайта отырып, экономикалық шоғырлануға бақылау бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады. Аталған өзгеріс монополияға қарсы орган қарайтын бәсекелес ортаның жай-күйіне әсер етпейтін мәмілелер санын қысқартуға және үстем жағдайдың туындауы немесе күшеюі арқылы бәсекелестікті шектеуге алып келуі мүмкін мәмілелерді қарау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Практика нарық субъектілері жол беретін жекелеген бұзушылықтар оларды жасау нәтижесінде бәсекелестікті шектеу, тұтынушылардың құқығын бұзушылық орын алса да, жосықсыз бәсекелестіктен көрінетін бұзушылықтың белгілеріне жатпайтынын көрсетті.
Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері болып табылмайтын нарық субъектілерінің біліктілік талаптарына және техникалық ерекшеліктерге заңнамаға сәйкес келмейтін және бәсекелестікті шектейтін шарттарды енгізуі Заңда көрсетілмеген, тиісінше олар бойынша монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану мүмкін емес, алайда аталған бұзушылықтар соңғы кезде жиі кездесуде.
Осыған байланысты, жосықсыз бәсекелестіктің белгілерін кеңейту ұсынылады.
«Нарық субъектісі» деген ұғым нақтылауды талап етеді, себебі Заңның қолданыстағы редакциясы коммерциялық емес ұйымдарды нарық субъектілеріне жатқызуға және оларға қатысты монополияға қарсы ден қою шараларын қолдануға мүмкіндік бермейді, бұл ретте осы коммерциялық емес ұйымдардың бәсекелестікті шектеу фактілері бар.
Нарық субъектілерінің мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік көмек алуына келісім беру кезінде аралық шекті мәнді айқындау қажет.
Артық әкімшілендіруді алып тастау мақсатында тергеу жүргізу кезінде монополияға қарсы органның іс жүргізу іс-қимылдарын құқықтық реттеу тетігі жетілдіруді талап етеді.
Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру шеңберінде Заңның жекелеген ережелерін Кеден одағына қатысушы елдердің заңнамасымен үйлестіру қажет.
Сондай-ақ Агенттік өзге де мемлекеттік органдар әзірлеген заң жобаларын әзірлеуге және қарауға қатысты.
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасы бойынша
Қазіргі уақытта аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қаралуда.
Агенттік өкілдері аталған заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында қатысты, жұмыс шеңберінде мынаны ұсынды:
Информация о работе Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы