Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, реферат

Краткое описание

Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері ................................................................................................................5
1.2. Монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптары .....................9
1.3. Бәсекелестікті адвокаттандыру.....................................................................13
2. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
2.1. Отын-энергетикалық кешені.........................................................................15
2.2. Көлік және байланыс .....................................................................................17
2.3. Қаржы секторы ..............................................................................................20
2.4. Өзге де салалар және нарықтар ....................................................................22
2.5. Кеден одағы жағдайында монополияға қарсы ден қою ерекшеліктері.....30
3. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру ............32
Қорытынды..........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................39

Файлы: 1 файл

басекелестик.doc

— 293.00 Кб (Скачать)

1) күшіне енгізілмеген электр энергиясына тарифтер қолданғаны үшін монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде электр энергиясын өткізуден алынған табыстың 10 %-ы мөлшерінде, 74 626 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Қазіргі уақытта әкімшілік іс сот органдарында қаралуды.

2) есепті жыл ішінде тұрмыстық тұтынушылардың электр энергиясын алғашқы атаулы ажыратқаны (қосқаны) үшін ақы төлеу бойынша талап қойғаны және алғаны үшін. Аталған тергеу нәтижесі бойынша «Шығысэнергострейд» ЖШС 3 415 мың теңге мөлшерінде айыппұл төледі.

Агенттік тұтынушылардың құқықтарына қысым жасаудан көрінген үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға қатысты тергеу жүргізді. Серіктестік ПИК, ЖШС, ӨК-мен тұтынылған энергия ресурстары үшін ақы төлеу тәртібі туралы бірқатар келісімдер жасаған, онда тікелей пәтер тұрғындарына жалпы үй мұқтаждарына (ЖҮМ) шығындалатын электр энергиясы үшін ақы төлеу шотын ұсыну құқығы көрсетілген.

Тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды, онда Серіктестікке ПИК, ЖШС, ӨК және басқалармен ЖҮМ-ға шығындалатын тұтынылған энергия ресурстары үшін ақы төлеуге келісімі туралы кондоминум объектісі иесінің хаттамалық шешімінің болуы мәніне салыстыру жүргізу, сондай-ақ Серіктестікке тікелей тұтынушылардан ЖҮМ электр энергиясы үшін ақы төлеуді алу құқығы берілген хаттамалық шешімдері бар тұтынушыларды (жеке тұлғаларды) қоспағанда, ақы төлеу шотынан тұтынушыларға (жеке тұлғаларға) ЖҮМ электр энергиясы, сондай-ақ растайтын құжаттары (есеп құралдарының көрсеткіші, тұтынушының қолымен расталған, орындалу жұмыстарының актісі) жоқ барлық өзге де қызметтер үшін ақы төлету туралы жолды алып тастауға нұсқама берілді.

Серіктестіктің 2009 жылғы 16 қарашадағы ақпаратына сәйкес көрсетілген нұсқаманы орындау мақсатында бұрын Серіктестік ЖҮМ ақы төлеу тәртібі туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасқан, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын барлық ПИК және өзге де тұлғаларға аталған келісімдерді бұзу туралы хабарлама жіберілген.

Сондай-ақ Серіктестік ЖҮМ-ға шығындалатын тұтынылған энергия ресурстары үшін ақы төлеу туралы кондоминиум объектілері (пәтерлер) иелерінің хаттамалық шшешімдерінің болуы мәніне қызмет көрсететін ұйымдармен салыстырулар жүргізді. Салыстырулар нәтижесінде ЖҮМ-ға ақы төлеу туралы хататамалары жоқ немесе хаттамалары тиісті түрде ресімделмеген қызмет көрсететін ұйымдар анықталды.

2009 жылы Агенттік заңсыз түрде ведомстволық актілер шығару,             сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелері жөнінде жекелеген мемлекеттік органдарға қатысты тергеулер жүргізді.

Агенттік Аэрофото түсіру, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тіркеу, есепке алу және оларды жүргізуге рұқсат беру ережесінде көзделген аэрофото түсіру, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу өтініміне қоса берілетін құжаттар тізімін өз бетімен кеңейту, сондай-ақ көрсетілген Ережеде көзделмеген құжаттардың болмауына байланысты «Қазгеокосмос» АҚ аталған рұқсатты беруден негізсіз бас тарту фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне (бұдан әрі – ЖРБА) қатысты тергеу жүргізді.

Бәсекелестік туралы заңға сәйкес Агенттік басқармасы бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығару туралы шешім қабылдады. Нұсқама толық көлемде орындалды.

Агенттік монополияға қарсы ден қоюдың осыған ұқсас шаралары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне қатысты қабылданды, олар ведомстолық бағынысты «ҚазИнСт» РМК-ға қатысты ұйымдар стандарттарын әзірлеу және сараптау жөніндегі қызметтер нарығында бәсекелестерге жеңілдіктер мен басқа да басымдықтар берген. Нұсқама толық көлемде орындалды.

Көрсетілген проблемаларды Агенттік Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі жанындағы Әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі жұмыс тобының қатысуы арқылы шешетін болады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша монополияға қарсы орган 179 сот талқылауларына қатысты, оның: 95-і – азаматтық істер бойынша,                                84-і – әкімшілік істер бойынша.

66 сот талқылауы бойынша шешімдер шығарылды, оның                                     62-сі монополияға қарсы органның пайдасына шешілді.

Нарық субъектілерінің өз үстем (монополиялық) жағдайының мүмкін болатын теріс пайдалануының және бәсекелестікті шектеудің алдын алу мақсатында Агенттік есепті кезеңде экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы 308 өтінішхатты қарады, оның 103 (немесе 33 %-ы) келісілді.

 

1.3. Бәсекелестікті адвокаттандыру

 

Бәсекелестікті адвокаттандыру бизнестің, мемлекеттік органдардың және қоғамның тұтастай алғанда өмір сапасын арттыру үшін бәсекелестік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы мен пайдасын түсінуді қамтамасыз етеді, бұл бәсекелестік ортаны жақсартуға және бәсекелестік заңнама нормаларын сақтауға жәрдемдеседі. Кері байланысты қамтамасыз ете отырып адвокаттандыру бәсекелестік заңнама нормаларын соңғы тұтынушыға бағдарлау және оған неғұрлым сапалы тауарларды және неғұрлым қол жетімді бағалар бойынша қызметтерді таңдау мүмкіндігін береді [4, 51б].

Бәсекелестікті адвокаттандыру бойынша Агенттік қызметінің негізі бағыттары: монополияға қарсы орган қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету; тұтастай алғанда бизнес қоғамдастығымен және қоғаммен кері байланысты қамтамасыз ету; мемлекеттік өнеркәсіптік және экономикалық саясатты әзірлеуге қатысу; барлық билік, мемлекеттік экономикалық және өнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін жауапты органдарының алдына бәсекелестікті дамыту және экономиканы монополиясыздандыру үшін жағдайлар жасау жөнінде міндеттер қою болып табылады.

 

 

2. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау

2.1. Отын-энергетикалық кешені

 

              Республикадағы мұнай өнімдері нарығы ішкі нарықтың 70 %-дан астамын бақылайтын және әрқайсысының үлесі бензин және дизель отыны бойынша маңызды болып табылатын бірнеше компаниялармен («ПетроҚазақстан», «ҚазМұнайгаз», «Гелиос») монополияландырылған.

Мұнай өнімдерінің көтерме сауда айналымы аффилиирленген компаниялар арасында жүзеге асырылады. Мұнай өнімдері әрбір қадам сайын қымбаттай отырып, зауыттардан автожанармай құю станцияларына (АЖҚС) дейін өткізудің барлық тізбегінен өтеді.

Агенттік тұрақтандыру шарасын қолану шеңберінде ЖЖМ-ды өткізу нарығындағы бәсекелестік деңгейіне талдау жүргізді, онда бірқатар проблемалар:

1)     бәсекелестіктің дамымағандығы;

2)     мұнай өнімдерін өткізу нарығының жоғары аффилиирленуі;

3)                мұнай өндіруші зауыттардың инфрақұрылымына қол жеткізуді шектеу;

4)                 аталған нарықта жағдайды толық көлемде реттеуге мүмкіндік бермейтін Қазақстанның мұнай бойынша және жоғары октанды бензин, авиакеросин бойынша импортқа тәуелділігі;

5)                 бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің бар екендігі анықталды. ЖЖМ-ды өткізумен айналысатын бірқатар нарық субъектілеріне қатысты материалдар бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер белгілері бойынша қаржы полициясына берілді.

Жүргізілген талдаулар мұнай өнімдерін тұтыну кезінде өндіру құрылысы мен мұнай өнімдеріне сұраныс арасында белгілі бір теңсіздік бар екендігін көрсетті, бұл өндіріс тапшылығының өсуімен сипатталады.

Жоғары октанды бензин мен авиакеросин тапшылығына байланысты жүйелі проблемелер шешімін таппай отыр. Соңғы жылдары жоғары октанды бензинді тұтынудың өсуі байқалады: ішкі нарықта өндірілген жоғары октанды бензиннің жалпы көлемінің 40 %-ы импортты құрайды, бұл қазақстандық кәсіпкерлерді мұнай өнімдерінің тапшы көлемін импорттауға мәжбүрлейді.

Бұдан басқа, елдің үш негізгі мұнай өңдеу зауыттары импортталатын мұнайды өңдейді. Павлодар мұнай химия зауыты кеңес жылдары батыс сібір (РФ) мұнайын өңдеу үшін салынған болатын және тек ресей мұнайымен жұмыс істейді [5, 104 б].

Сонымен бірге, Қазақстанда мұнай өндірудің аса жоғары көлеміне (жыл сайын шамамен 65 млн. тоннаға жуық) қарамастан Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроҚазақстан ойл Продактс» ЖШС) мұнай өңдеудің жалпы көлемінен отандық мұнаймен салыстырғанда аса жоғары баға бойынша импортталатын ресейден шығарылатын мұнайдың шамамен 30 %, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты шамамен 9 % өңдейді, бұл елдегі мұнай өнімдері соңғы құнының өсуіне әкеледі.

Бүгінгі күні көмір өндіру және өткізу нарығы жоғары шоғырландырылған болып табылады. Тізілімге республиканың ірі көмір өндіруші     кәсіпорындары – «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Майкубен Вест» ЖШС, «Борлы» көмір департаменті, «Қазақмыс корпорациясы» АҚ, «Еуроазия Энергетикалық Корпорациясы» АҚ, «Қаражыра ЛТД» ЖШС енгізілді.

Агенттік аталған доминанттардың көмір нарығындағы қызметін тұрақты негізде қадағалап отырады.

Бұдан басқа, жылыту маусымы алдында Агенттік көмірге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ жасанды тапшылық жасауға жол бермеу мақсатында жыл сайын республика өңірлеріндегі көмір бағасына мониторинг жүргізеді.

Сондай-ақ, Агенттік бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер фактілеріне жол бермеу мақсатында көмір өндіруші ұйымдардың қызметін қадағалап отырады.

Бұдан басқа, Агенттік көмір өткізу нарығындағы проблемалы мәселелерді реттеу, оның ішінде делдалдарды алып тастау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне көмірді Биржалық тауарлар тізбесіне енгізу туралы ұсыныс берді.

Көмірдің бөлшек сауда нарығында соңғы бағаны қалыптастыруға көлік шығыстары және делдалдардың бірнеше деңгейлерінің қосылуы әсер етеді.

Бұл ретте өнім бермейтін делдалдардың қызметі заңмен шектелмеген. Бұдан басқа, қазіргі уақытта Қазақстанда жылыту мерзімінде айрықша көрінетін, осы нарықтағы бірқатар проблемалы мәселелерді реттеуге мүмкіндік бермейтін көмір саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заң жоқ.

Егер, көмір бағасының өсуі мультипликаттық түрде электр энергиясы, жылу энергиясы және басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар (қызметтер, жұмыстар) бағасына әсер ететінін ескерсек көмір нарығындағы мәселелерді заңды түрде реттеу қажеттілігі  анық.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен бірқатар көмір өндіруші кәсіпорындардың Агенттіктің көмір өткізу жөнінде оларды Тізілімге енгізу туралы бұйрығын заңсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тартқандығын атап өту керек.

Қазақстанның электр энергетикасының бөлшек сауда нарығын дамыған елдер нарығымен салыстырғанда, басқа елдерде бір жерде бірнеше электрмен жабдықтаушы ұйымдардың бәсекелес екендігін және тұрмыстық тұтынушылардың электр энергиясы өнім берушілерін еркін таңдауға мүмкіндігі бар екендігін, сол уақытта Қазақстанның көптеген өңірлерінде бөлшек саудада электрмен жабдықтаумен барлық облыста тек жалғыз кәсіпорын айналысатындығын не нарық бірнеше ауданға бөлінгендігін көрсетті.

Бұдан басқа, қуат беруші станциялардың, энергия беруші ұйымдардың энергиямен жабдықтаушы органдармен аффилиирленуі бәсекелестікті дамытуға және инфрақұрылымға тең қол жеткізуге кедергі жасайды. Нәтижесінде тәуелсіз компаниялар нарықтан кетеді.

Өз кезегінде, бұрын жүргізілген талдаулар осы нарықтағы алып-сатумен айналысатын өнім бермейтін делдалдар құрылымының көп санын анықтады. Делдал теңгерімінде ешқандай өндіріс активтерінің болмауына қарамастан, көп жағдайда соңғы тұтынушы үшін электр энергиясының қымбаттауына әкелді.

 

 

              2.2. Көлік және байланыс

 

              Қазақстан Республикасының темір жол саласы бұрынғысынша монополияландырылған болып қала береді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар топтарының монополиялық жағдайы теміржол тасымалдары нарығында, оның ішінде темір жол тасымалдары нарығымен араласқан әлеуетті бәсекелес нарықта сақталып отыр. Мұндай монополияландыру нәтижесінде жыл сайын көмекші (қызмет көрсететін) қызметтер саласында бәсекелестікті шектейді.

              Агенттік 2009 жылы темір жол саласы аясында «теміржол көлігінде қолданылатын тығындау-пломбалау құрылғысын жеткізу және бөлшек саудада өткізу» қызметтері нарығындағы бәсекелестік деңгейіне талдау жүргізді.

              Темір жол көлігінде қолданылатын тығындау-пломбалау құрылғысын жеткізу және бөлшек саудада өткізу нарығын талдау қорытындысы                    бойынша «Универсал» ЖШС, «Нөкер корпорациясы» ЖШС және «Бірлік» сауда үйі» ЖШС Тізілімге енгізілді.

Бұдан басқа, осы талдау нәтижелері бойынша аталған нарық субъектілері арасында келісілген іс-әрекеттер белгіленді.

Жолаушылар тасымалы нарығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) және оның аффилиирленген компаниялары үстемдікке ие. Қоғам кәсіпорындарды жолаушылар тасымалдарының негізгі және қамтамасыз ету (сервистік) қызметтерін толығымен бақылап отырады.

Жеке тасымалдаушылар қызметтерінің практикасы темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдары нарығында жеке бизнеске қол жеткізу талаптарының бірқатар кемшіліктерін анықтады.

Информация о работе Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы