Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 15:53, реферат
Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңі басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны “тейлоризм” деген ағыммен байланысты екені айтылады.
Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер “нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әлі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын” зерттеу нысаны етті.
Кіріспе.............................................................................................................2
1-Тарау. Менеджмент ғылымын қалыптастыру және дамыту..................
1.1.Қазақстанда менеджмент теориясы мен тәжірибесінің даму тарихы.
1.2.Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері...................................
1.3.Әлемнің дамыған елдерінде менеджмент ғылымының ерекшеліктері.
2.Тарау. Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдастыру...................
2.1. Тауарларды өндіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастыру.............
2.2. Кәсіпорынның қызметкерлерін басқару..................................................
2.3. Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру....................................
Ќорытынды..........................................................................................................
Пайдаланѓан єдебиеттер.....................................................................................
а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек:
ә) өзін үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет;
б) “мемлекеттік
қызметкер қалай тұрып
в) адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек.
г) лауазымға істі кәсіби түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.
Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан экономикасында қазіргі менеджментті қолдану жөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау болып табылады. Менеджментті қоғамдық мәнділігі біздің ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады. Мемлекетте дүние жүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент саласы бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде білім мен кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің экономикалық стратегиясының құрамды элементтері болып табылады.
Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор К.ғ. Ахметовтың “Менеджмент негіздері” (1993ж) кітабы болып есептелінеді. Біздің пікірімізше, ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Біздің отандастарымыздың арасынан “Менеджмент негіздері” (1994ж), “Қазақстан экономикасын басқару негіздері” (2001ж) жұмыстарының авторы К.Б. Бердалиевті де атауға болады. Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін мазмұндады.
Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет қарағандылық ғалым Каренов Р.С зерттеді. Одан басқа “Өндірістік менеджмент” (1996ж), “Инновациялық менеджмент” (1997ж) атты еңбектерінде нарықтық экономикасы жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды. Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өндірістік менеджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә. Әбдірешевтің “Кәсіпорынның өндірістік менеджменті” (2001ж) кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конъюнктура жағдайында қаржы менеджмерінің ролі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджментінің мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс табуда.
Осылайша қазақстандық
менеджменттің теориялық
Менеджменттің ғылым ретіндегі құрылымы.
1.2.Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға “менеджер”, “менеджмент” ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда “басқа біреу арқылы өз мақсатына жету” болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
“Менеджмент” ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “Манус”, яғни “қол, күш” деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
а) адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
ә) билік және басқару өнері;
б) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
в) басқару органы, әкімшілік бөлігі
“Менеджмент негіздері” курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегі анықтама берілген.
“Менеджмент –бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі”
Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады. [5,5-бет.]
Беларусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент-бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.
Ф.М.Русинов пен М.Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі түсіндіреді.
Э.А. Уткин “Курс
менеджмент” еңбегінде
А.А. Радугиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасын қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент –бұл әрі өнер, әрі ғылым.
Менеджмент –бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д.Д. жетекшілік еткен ғалымдар тобы “Основы менеджмента” деген кітапта береді.
Менеджмент
саласындағы маман Веснин В.Р. басқару
және менеджмент деген түсініктерді
ажыратпайды. Менеджмент (мекеме, коммерциялық
немесе коммерциялық емес фирмалар мен
олардың жекелеген
Біздің ойымызша,
бір анықтама екінші бір анықтаманы
дамытады, өйткені олардың бәрінен
тән ортақ нәрсе - менеджмент –бұл
өндірісті басқару
Басқарудың жалпы және нақты қызметтері
Біз, менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.
Тіпті, білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардің бірі Ф.Тейлордың пірінше, менеджмент-ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеледі.
П. Друкердің түсіндіруінше, жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұығымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар бастығы іскерлік әлемге “Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының авторы ретінде аламыз”. Олар былай деп жазды: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерде топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметті алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді және айқындалады.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады: [9,16-бет]
1. Үкімет. Менеджмент
ұғымы үкімет қызметіне
2. Мемлекеттік
менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді
ұйымдастыру және сондағы
3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4. Құрама одақтық
(ассоциациялық) немесе
5. Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
6. Мемлекеттік
меншіктегі менеджмент. Бизнес –
менеджментті арнайы түрі. Жеке
меншік іскерлік кәсіпорын
Петерсон мен Плоумен былай атап көрсетеді: Менеджменттегі мұндай өзгешіліктерін көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрсада, бұлардың барлығы адамның мінез құлқы туралы “негізге алынатын түсініктерге” сүйенеді.
Осы аталғандар
менеджментті жеке адамдар арасындағы
психологиялық қарым-қатынасқа
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізі) қолдану.
Көрнекті америка экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: “Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы”.
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұнының өзгеруімен байланысы фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастырумен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Вольфганг Хайер өзінің “Еуропада бизнес қалай жасалады” кітабында былай деп жазды: “Менеджмент – бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы”. Егер Батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы-бұл басшылық.
Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.
Жеке кәсіпорынның,
өзінің құқықтық нышандарына қарамастан,
басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару
түрлеріне іскер кәсіпорын
“Менеджмент” ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылданған кез келген әрекет, кез келген шешім-бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттегі басты нәрсе –кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою (“алдына мақсат қойған менеджмент”) Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығы менеджерлердің түбегейлі өзгешілігі де осында. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны- қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.