Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспеге тоқталар болсақ жергілікті өзін-өзі басқару - бұл "мемлекеттің ішіндегі мемлекет" емес. Бірақ, сонымен бірге жергілікті өзін -өзі басқаруды азаматтық қоғамның қайсі бір институтына жатқызуға болатынын не болмайтының уақыт көрсете жатар, әрине жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған тұрғын халықтың еріктілік ұйымының жәй нысаны емес. Бұл әрине, халық биліктік іске асыратын нысан. Қауымдастық билік пен мемлекеттік билік — бұл тек халықтық биліктің нысаңдары ғана.

Оглавление

Кіріспе
І Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны
1.2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың принциптері
IІ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзін басқарудың даму ерекшеліктері
2.1. Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың даму ерекшеліктері
2.2. Қазақстанда жергілікті өзін- өзі басқарудың экономикалық және қаржылық жүйесінің даму бағыттары
ІІІ Қ.Р-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бағыттары
3.1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық құрылымы мен экономикасын құру бағыттарын жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 281.00 Кб (Скачать)

Комиссия мүшелерін жергілікті тұрғындар арасынан кеңес пен жетекшілер іріктейді. Комиссия белгілінген кезеңдегі (мысалы, жыл) барлық қызметтерге тапсырыстарды, тауарларды, жеңілдектер мен әлеуметтік көмекті анықтап сараптайды және кеңес отырысында eceп береді. Жергілікті қауым жиналысында жергілікті бюджеттің шығыс бөлігіне қатысты жұмыс жоспарын нақтылайды. Халықтан түсекен ұсыныстар мен шағымдарды жинау, өңдеу және комиссияға жеткізу оперативті жұмысын жамағат жүргізеді.

Нақтыланған жылдың жұмыс жоспарын орындау басқару басшылығындағы ҮШМК жүргізеді. ҮШМК-і белгілінгсн жұмысты орындау үшін жоғарыда келтірілген өндірістік функция аясында, өзінің өндірістік бөлімшелерін артелдер түрінде құрады. Жалпы жағдайды құрылған өндірістік артелдер келесі түрде болады; жайластыру (А-1); энергетик (А-2); құрылыс (А-3); мұнай қоймасы (А-4); наубайхана (А-5); ет өніндер цехы (А-6); кооперативтік сауда (А-7) және т.б.

Жалпы жеткізілген  қызмет пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатудағы барлық бухгалтерлік және сауда операцияларын орындайтын, тапсырысшылар (сатып алушылар) мен ҮШМК арасын байланыстырушы звено «коопсауда» бөлімшесі б.т.

ЖӨӨБ жүйесінің  дамуындағы ҮШМК құрамында несиелік серіктестік ұйымдасуы мүмкін. Тауар-ақша қатынасы негізінде ұсынылған артелдер мен үй шаруашылығының дамуына заемдар беріледі (11-сурет).

ЖӨӨБ   өндірістік   құрылымының    1-ші   варианты   ЖӨӨБ органдарының алғашқы этапының құрылуында ұйымдасады. Сосын жергілікті қауымның қалыптасу әдісімен ҮШМК-нің жақсы қаржылық жағдайының алдыңғы кезеңінде үй шаруашылығының, жергілікті өндірістің дамуы мен ҮШМК құрылымыңдағы коммуналдық қызметтердің кеңейуі үшін жергілікті қауым субъектілеріне заңдарды ұсыну мақсатымен ақша-құралдарын шоғырландыру мақсатында — несиелік серіктестікті есепке алуға болады. Онда ЖӨӨБ өндірістік құрылымының 2-ші жылжытылған вариантын алуға болады (12-сурет).

Бұл ЖӨӨБ моделі шаруашылық функцияны орындау және оның дамуы үшін қосымша заемдық  құралдары қажет болады. Ал шағын бизнес субъектілерінің несиелерді алудағы қиындық тудырған себептер жалпыға белгілі; ipi банктер шағын заем алушылармен жұмыс істеуге дайын емес; несиенің қайтарылуына үлкен тәуекелдік; несиенің қамбаттылығы және қысқа мерзімділігі; кепілдікке құнды заттардың талап етілуі; құжаттау қиындығы және т.б.

Сонымен қатар  ЖӨӨБ құрылымында жекс қаржылық институтының болуына барлық алғы шарттарды иемденеді. 1-ден жергілікті қауым мүшелері бір терриоторияда үнемі және тығыз тұрады; 2-ден барлық субъектілердің несиелік мүмкіндіктері мен қаржылық жағдайының мөлдірлігі, олардың аздаған заем көлемі кепілдіктің ерекше түрі - қарыз кепілдігінің мүмкіндігін арттырады; және соңғысы жергілікті қауым жауапкершілігіндегі жергілікті маңызды мәселелерді шешудегі өзіндік қызметтеріне конституциялық нормаға қатысты несиелік мекеме құрылымының құқықтық негізін құрады.

Несиелік серіктестер  ұйымы терриоториялық ерекшеліктерге (ауыл, поселка, микроаудан және т.б.) байланысты жүргізіледі. Несиелік серіктестер мүшелері, үй шаруашылығы; алғашқы қажеттіліктегі тауарлар мен қызметтерді өндіретін артелдер; коммуналдық және басқа да қызметтер; жеке тұлғалар; басқа да субъектілер болуы мүмкін.

Несиелік  кооператив  —  белгілінген  терриоторияда  тұратын немесе қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалардың өзара көмск негізінде     бір-біріне   берілген  заемдары  және   бірлескен  жинақ қорлары үшін ерікті түрде бірігуі.

Коопетатив  мүшелерінің жинақтарын жұмылдыру  мақсатында, кооператив мүшелеріне несиелерді жеткізу үшін осы ақша құралдарын қолдану және заемдық капиталды тарту ең алдымен кооператив мүшелерінің жиналысының шешімімен әлеуметтік қажеттіліктерге қолданылатын құралдарды қамтымай есептеуді қамтамасыз ету үшін өндірістік мақсатта құрылады.

Несиелік кооперативтердің көзі ауыл шаруашыльны және заем алушы шағын бизнестерге мемлекеттік несиені толық бөліп тарату механизмі ретінде қолдануы мүмкін.

Ал кепілдік пен кепілдемеге келер болсақ, онда бұл жерде кооператив мүшелерінің жауапкершілігі ынтымақтастық принципінде қызмет атқарады, қаншалықты мекеме қызметі тұтынушы ретінде көрінгенмен ол кооператив мүшелеріне қызмет көрсете алмайды.

Негізгі несиелік қызмет пай жарналары арқылы жинақталатын пай капиталы б.т. Бұл несиелік кооператив табыс табу мақсатын көздемейтін коомерциялық емес ұйым. Пай иелерінің басты мақсаты ол жергілікті қауым субъектілерінің экономикасын көтеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келе Қазақстанның қазіргі сатыдағы дамуы реформа үрдістерінің ара салмағын орталықтан жергілікті деңгейлерге түсіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да мойындайды. Оған тағы бір дәлел, 2003 жылдың 3 сәуірінде өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Және де бұл мәселе бойынша үкімет арнайы құжат әзірлеген — "Мемлекеттік басқару - деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп өз пікірін білдірді: "Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр". Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды. Бірақ бұны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға соғуда.

Бірақ қазіргі кезде  мемлекеттік құрылымда Бұл жүйенің  қызметтері қоғамның және мемлекеттің- дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін байқатып отыр. Әсіресе, Бұл қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін атап көрсетуге болады.

Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі  талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.

Мұның басты себептері қолданыстағы заңдылықтардың, соның ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.

Қазақстанның қазіргі  сатыдағы дамуы реформа үрдістерінің арасалмағын орталықтан жергілікті деңгейлерге түсіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да мойындайды. Оған тағы бір дәлел, 2003 жылдың 3 сәуірінде өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Және де Бұл мәселе бойынша үкімет арнайы қүжат әзірлеген — "Мемлекеттік басқару - деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру түжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп.өз пікірін білдірді: "Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр". Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды. Сондықтан да еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өзекті мәселелердің қатарында. Бірақ бүны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға соғуда.

Биліктің жергілікті органдарын  реформалаңдыруды

орталықсыздандыру үрдісін  бастау жолында келесі проблемаларды  шешу қажет:

- жергілікті жөне аймақтық  нәтижелі.басқарудың жоқтығы;

- жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге қабілеті жететін азаматтық 
қоғамның ойдағыдай дамымауы.

Соның нәтижесінде екі  мақсат пайда болып отыр:

- кәсіби және нәтижелі  аумақтық басқаруды құру және  мемлекеттік 
функцияларды шоғырланудан алшақтату үрдісі;

- азаматтық қоғамды құру үрдісінің басталуы.

Қазіргі таңда стратегиялық басқару жергілікті басқару органдарының қызметінің негізі болып табылады. Стратегиялық басқару дегеніміз - ол ұйым дамуының стратегиясын анықтайды және стратегиялық жоспарын әзірлеудің комегімен басқару шешімдерін дайындау және жергілікті жүзеге асырылудың теориясы мен практикасы. Жергілікті деңгейдегі стратегиялық басқарудың басты субъектісі мен объектісі әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы болып табылады. Ол жерпліктг қауымыдастық дамытудың стратегиялық мақсаттарын әзірлеумен және жергілікті аумақтарымен байланысты мерзімдері қорлары және орындаушылары көрсетілген басқару циклі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы, "Жеті жарғы", - 2001ж.
  2. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңы., "Заң", №3, 2001ж. .
  3. Нүкенов А.: "Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері". "Саясат" №7., 2003ж.
  4. Танкиева А.: "Жергілікті басқаруда экономикалық механизмдерді қолдану жолдары". "Саясат" №4
  5. «Қ.Р. конститутциясының құқық неіздері»  Алматы-2003ж

 

 

 

 

 




Информация о работе Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары