Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспеге тоқталар болсақ жергілікті өзін-өзі басқару - бұл "мемлекеттің ішіндегі мемлекет" емес. Бірақ, сонымен бірге жергілікті өзін -өзі басқаруды азаматтық қоғамның қайсі бір институтына жатқызуға болатынын не болмайтының уақыт көрсете жатар, әрине жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған тұрғын халықтың еріктілік ұйымының жәй нысаны емес. Бұл әрине, халық биліктік іске асыратын нысан. Қауымдастық билік пен мемлекеттік билік — бұл тек халықтық биліктің нысаңдары ғана.

Оглавление

Кіріспе
І Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны
1.2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың принциптері
IІ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзін басқарудың даму ерекшеліктері
2.1. Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың даму ерекшеліктері
2.2. Қазақстанда жергілікті өзін- өзі басқарудың экономикалық және қаржылық жүйесінің даму бағыттары
ІІІ Қ.Р-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бағыттары
3.1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық құрылымы мен экономикасын құру бағыттарын жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 281.00 Кб (Скачать)

Осыдан, ЖӨӨБ органдары заңға сәйкес коммуналдық менпіік объектілерін уақытша немесе мерзімсіз жеке және занды тұлғалардың қарамағына беруге, жалға беруге, оларды белгіленген тәртіпте босатуға және мүлікпен келісімдер жасау құқы бар.

Қабылданған заң  тәртіптерімен мемлекет муниципалды округ халқының тікелей меншік иесі болуының құқықтық жағдайында белгілейді.

Жергілікті  қауымның ұйымдасуын құруда ЖӨӨБ органдарының оперативті басқару және шаруашылықты жүргізу құқығындағы қызметтерінде мыналарды жүзеге асырады:

- тауардың (қызметтің)  бағасы мен тарифтерін реттеуді;

- олардың жарлығын  бекіту;

- ұйымның басшысын  тағайындау;

- жергілікті  тапсырыстарды араластыру;

-терриоторияның  әлеуметтік-экономикалық даму кешенінде муниципалды округ терриоториясында орналасқан ұйымдардың қатысуын үйлестіру;

-қабылданған  заң шеңберінде сыртқы экономикалық  қызметті жүзеге асыру.

 

ІІІ        Қ.Р-да  жергілікті өзін-өзі басқару  жүйесін   жетілдіру бағыттары

3.1.    Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық құрылымы мен экономикасын құру бағыттарын жетілдіру жолдары

 

ЖӨӨБ-дағы жоғарғы  билік органы болып ауыл халқы табылады, олардың негізгі қызметі ЖӨӨБ органдарын сайлау арқылы кадр мәселесін шешеді.

Халықпен Кеңес  сайланады (жалпы саны 11 адамға дейін). Бұл ЖӨӨБ-дағы бақылаушы және тексеруші орган. Кеңсс мүшелері арасынан ЖӨӨБ органының атқарушы басшысы — Жетекші сайланады. Ол кеңеске есепті болады, егер басқа бір жағдай орын алғанда ол жергілікті қауымдастықтың алдына оны өзін (қайта тағайындау) немесе басқа кеңес мүшелерінің арасынан қайта сайлау мәселесін қояды. Мұнда үй шаруашылық мүшелерінің нақты түрде басшысын ескеретін тізім нақтыланады (мұнда үй шаруашылығы жергілікті қауымдастық ретінде алынып отыр).

Ал кеңес пен жетекшіні сайлауға барлық 18 жасқа толған азаматтар қатыса алады, ал үй басшысы — терриоториядағы ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында мекемелер мен кооперативтерді басқарады.

Сонымен ЖӨӨБ органдарының сайланбалы болып табылатындар:

1) ауыл (поселка) халқы; 

2) жергілікті  қауымдастық;

3) жергілікті  қауым кеңесі;

4) жетекші.

Кәмелетке толған барлық халықтық сайлауға қатысу арқылы "жергілікті экономиканы" реттеу үшін, ЖӨӨБ органдарын ұзақ мерзімге құру және жергілікті қауымдастықты құру арқылы шаруашылық басшысы есебінен органдардың шаруашылығын жүргізу әдісімен мемлекет қадамын байланыстыратын өте қолайлы мүмкіндік болып табылады.

Ары қарай кеңес бақылауымен жетекші заңға сәйкес жергілікті (коммуналды) шаруашылықты халыққа коммуналдық және басқа да қажетті қызметтерді жеткізуде өндіріс қаржы қызметін енгізу үшін құрады.

Осы шаруашылықты ұйымдастырушы ретінде үй шаруашылығы (аулалық) шығады. Жергілікті шаруашылықта үй шаруашылық меншіктерінің кооперативі (ҮШМК) формасында құрылып, занды тұлға болып табылады. Қазіргі таңда мекеменің осындай шаруашылықты құқықтық базасы болып, қолданыстағы келесі зандар атқарады: «ҚР-дағы тұрғын қатынастары туралы», «ҚР-дағы ауылдық түтынушы коопетациясы туралы», "ҚР-дағы тұтынушы кооперативтері туралы", «ҚР-ның Конституциясы».

ҮШМК құрылуы  мен қызметінің басты принциптері. болып еркіндік, тұтынушы мінезде, пай теңсіздігі, басқарудағы демократиялық және басқалар табылады. Әр үй шаруашылығы өздерінің «пайымен» кооперативті құрушы болады. Халық кеңесті толық сайлау арқылы жергілікті қауымның басқаруына үкіметтен берілген коммуналдық меншік объектісін (клубтар, жылыту орындары және басқа да ғимараттар мен құрылыстар, техника және т.б.) пай мүлкі ретінде салу арқылы тізімді құрушы болып қатысады.

Аулалық шаруашылықтағы кооператив меншіктері заңды тұлға 
болып, өзінің жеке есеп шотын иемденеді. ҮШМК-нің шаруашылықты басқару органының басқарушысы болып, көбінесе «жергілікті қауымның» кеңес мүшелері арасынан сайланатын жамағат табылады. ЖӨӨ.Б билігінің шаруашылықты ақарушы 
жоғарғы органы жергілікті қауым жиналыстарында қойылады. Оларға 
кеңестің ұсынуымен - кеңес мүшелері арасынан басқару басшысы бекітіледі. Көбінесе жетекші ҮШМК-ін басқару басшысы ретінде бір мезетте сайланады. Ауыл (поселка) кеңесімен «жергілікті экономиканы» оперативті басқару үшін кәсіби дайындалған мамандарды жалдайды; а) жерекші көмекшісін; б) берілген терриоторияда тұратын халықтың арасынан бухгалтер-кассирші. Осы сияқты ЖӨӨБ ұйымдық құрылымы келесі түрде болады (10-сурет).

 

 Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басқару құрылымы

 

 

Суретте көрсетілгендей ауыл (поселка) халқы бір мезгілде басқару органын құрады (сайлайды) және тауар мен қызметтерді тұтынушы ретінде экономикалық биліктің көзі б.т. Бұдан басқа мұндай басқару схемасындағы мемлекет қадамын ескерсек, нақты ЖӨӨБ-дың жалпы принциптерін қамтитын жалпы халықпен сайланған коммерциялық өндіріс сектордағы кеңес пен жетекші; ЖӨӨБ-дың сайланбалы органы - ҮШМК басқаруға кеңестің қатысуы және жетекші міндетінің басқару басшысы міндетімен араласу мүмкіндігінің шектеулілігі ескеріледі. Бастысы жергілікті халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін ҮШМК-нің тұтынысты-коммерциялық құрылымы түрінде жергілікті кіріс көзі табылады. Ендігі кезекте ҮШМК-нің үй шаруашылығын кұрудағы эономикаға «жұмыс істеу» механизмін іздестіру қажет.

Мұнда басқару  демократиялық норма тәртібінде жинақталады. Ең алдымен барлық басты басқару органдарының сайланбалылығы, жетекші мен жамағаттың - кеңеске, ал кеңестің - жергңлікті қауым мүшелеріне есептілігі. Бұдан басқа демократизация жергілікті шауашылықтың жағдаина байланысты жетекші мен кеңес мүшелері есебінен басқаруды жүргізу кеңес құқығына береді.

ЖӨӨБ-дың ұсынылған  моделінің негізгі айрықша ерекшелігі ол әлеуметтік-экономикаға бағытталуы б.т. Басқарудың дәл осы схемасы оған; 1-ден, халықтың сұрауымен өз қызметін құру; 2-ден, әр үй шаруашылығының экономикасын үнемі жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жүйе таза әкімшілік жолға түспеуін және нақты экономикалық мазмұндағы жергілікті органдардың күнделікті қызметін үнемі толықтырып отыруға әрекеттендіреді.

Басқа маңызды  ерекшелігі басқаруға қатысу нармасымен берілген қауымдастықтың терриоториясында үнемі тұратын халыққа ғана қызмет ету б.т. Мұнымен бірге мүшенің жергілікті басқару органдары қызметіне қатысуға және тек өзінің кооперативтік ұйымдасу жағынан мүшелердің мүддесін қорғауға қол жеткізеді. Алдағы бөлімде экономикалық мүдделерді қорғау механизмі жан-жақты қаралады.

Келесі нормада, ЖӨӨБ-дың өнделген экономикалық моделінің  бюрократиядан арылу жолдары  қаралады, Бюрократиялық басқару  типінің экономикалық мәні еңбек, басқару және меншік категорияларының өзара байланысы б.т. Егер осы категориялар бұзылған болса, яғни біреуі иемденіп, басқасы еңбек етіп және бір үшіншісі басқаратын болса, онда біз таза бюракратиялық басқару ісін көреміз. Және керісінше, егер меншікті иемденіп, еңбек етіп және басқаратын сол адамдардың өздері болса — онда Бұл шаруашылықты ӨӨБ-ға жатқызуға болады. Бұған мысал ретінде, жеке шағым кәсіпорындар, орта шаруа шаруашылығы және басқалар табылады. Бірақ ipi басқару субъектілерінің ӨӨБ принципін толық ұстау оңай емес, бірақ оған ұмтылуға да болады. Дәл осы ЖӨӨБ принципі ҚР-ның конституциялық нормасы б.т. Мұндағы негізгі идия сол халы к мүдделеріндегі жергілікті басқару органдарының сайлануы арқылы жүзеге асады. Сондықтан ЖӨӨБ-дың экономикалық моделінде осы нормалар қамтылған немесе мұнда меншікті (коммуналды, жеке және ҮШМК активтері) халықтың өзі иеленеді (3-кесте).

 

Жергілікті  қауымды басқаруындағы өзін-өзі  басқару шаруашылығының

принципі

 

Меншікті иемденетін

Еңбек ету

Басқару

Жергілікті қауым Үй шаруашылылығы

Территория халқы

Басқару органындағы  ҮШМК-де

Территориядағы  халық

 

Территориядағы  халық

Өзін-өзі басқару  шаруашылығы


 

ҮШМК-де және ЖӨӨБ органдарында еңбек ету құқығы тек осы терриоторияда тұрғылықты тұратын тұлғаларға және жергілікті қауымдастық кодексінде қамтылады. Берілген жергілікті қауымдастықтағы адамдардың басқаруға қатысу құқығы «ҚР-ның ЖӨӨБ туралы» заң жобасында қамтылады. Осылайша мсншік, еңбек және басқару категоияларының «жақындасуын» қамтамасыз етеді. Ол факторларды біріктіретін жергілікті халық б.т.

Жергілікті  қауымдастықтағы мүдделер жүйесі.

Жергілікті  қауымдастықтың негізгі мүдделері  жергілікті халықтың барлық жастарын және карегорияларын толық қамтамасыз ету б.т. Бірақ қоғамның әрбір мүшесі мен оның басқа да субъектілерінің мүдделері бір-бірінен басқа болуы мүмкін. Халықтың бірінші тобы — еңбекке қабілетті халық - олардың  қызығушылықтары жұмыс істеуді қажетсінеді. Үй шаруашылығы - бірінші қажеттіліктегі коммуналдық және басқа да тауарлар мен қызмет (нан, түз және басқа да өнімдер) түрлерін қолайлы тарифтер мен бағаларда алуы. Күн көрісі төмен жанұялар, мүгедектер мен басқа да топтағылардың әлеуметтік көмек пен коммуналдық жеңілдіктерді алады. Мектепке дейінгі жастағылардың бала-бақшаларға баруы қажет. Кеңес пен жамағат коммуналдық меншікті тиімді қолдануға және ішкі шаруашылық жолдарына, саябақтарға, балалар алыңы мен басқаларды құруға қажетті құралдарды алуға ұмтылады. ҮШМК мүддесі жергілікті қауымдастық бюджетінің жеткілікті болуы үшін көп кіріс алуға және коммуналдық қызметінің сенімді тарифі мен бірінші қажетті тауарларды төмен бағаға ұстау арқылы үй шаруашылық экономикасын нығайтуды көздейді.

Жергілікті  қауымдағы мүдделер жүйесі

Субъектілер

Мүдделер

Жергілікті  қауым

Еңбекке қабілетті  халық

Үй шаруашылығы

 

Аз қамтылған  жанұялар

Мектепке дейінгі  балалар

 

Кеңес, жамағат

 

 

Үй шаруашылығының меншікті кооперативті

Халықты өмірлік  қамту

Жұмыспен қамту

Бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасы мен қызмет тарифтерінің қолайлығы

Әлеуметтік  көмек пен тарифтерге жеңілдік

Бала-бақшалар мен үш жасқа дейінгі балаларға  көмек және оларды қамту

Коммуналдық меншікті басқарудан түскен түсім мен ішкі шаруашылықтағы жол, алаң, бақша, т.б. ұстаудан алынған құралдар

Алынған табыстар, үй шаруашылығы экономикасының нығайуы


 

ЖӨӨБ органдары осы мүдделерді тиімді үйлестіру механизмі арқылы

қамтамасыз  етеді. Осымен қоса жергілікті қауымның әрбір мүшелерінің жеке мүдделерін материалды және моралды ынталандыру  жүйесі арқылы есепке алу қажет.

Басқару жүйесінде  жетекшінің кооперативті басқаруы мен оның қызметіндегі жетістігі немесе сәтсіздігі жөніндегі үсыныс пен шағымдар есебіндегі пікірлер кеңестің халықпен кері байланыста болуын қарастырады.

ЖӨӨБ органдарының қызметкерлері осы органда кәсіби негізде үнемі жалақы ала отырып қызмет атқаратын сайланбалы лауазымды тұлға мен азаматтар болып бөлінеді. Соңғысын мемлекеттік қызметкерге теңеуге болады. Сайланған тұлға жергілікті қауым мүддесінде өз қызметі үшін үнімі еңбек ақы алмайды немесс коммуналдық қызмет жүйесі арқылы компенсация алады. Мысалы: моделдегі кейбір бағыттағы қызметтермен (денсаулық сақтау, білім және басқалары) айналысатын кеңес комиссиясының мүшелері б.т. ҮШМК-нің өндірістік құрылымының қызметкерлеріне қолданыстағы еңбек заңы мен нарық зандарына сәйкес төленеді.

ЖӨӨБ құрылымның құрылуы және өндірістік функциянын көрінуі.

Жоғарыда айтылғандар  ЖӨӨБ-дың жалпы функциялары олардың  ішінді халықка коммуналдық қызмет пен бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен қызметтерді жеткізуді ұйымдастырады. Өндірістік функцияны анықтау мақсатында, оны міндетті түрде нақтылап көрсету қажет және ары қарай ЖӨӨБ-дъщ өндірістік құрылымын құруда басқару теориясының принциптеріне сәйкес болуы тиіс.

Әрбір нақты  жағдайда (ауыл, поселка, микроаудан және басқалар) коммуналдық және басқа да күнделікті жергілікті халықтың сұранысындағы тауар мен қызметтерді анықтауды қажетсінеді, осы арқылы ЖӨӨБ органдарының өндірістік функциясын анықтайды. Жалпы жағдайда олар мыналар болуы мүмкін: әр үй шаруашылығы үшін қысқы жылыту отындарын (көмір, ағаш, газ және т.б.) дайындау (сатып алу); энерго жүйелерімен қамтамасыз ету - әрбір үй мен ғимаратқа электр энергиясын жеткізу мақсатымен құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізу; қоғамдық орындарды таза ұстау; мемлекеттік органдар мен депутаттардың байланысын қамтамасыз ету; қоғамдық пікір мен шағымдардың жұмыстарын анықтау және т.б.

Осы функцияларды орындауда ең алдымен:

а) халық тапсырыстарын  жинау және өндеу;

б) осы тапсырыстарды орындау және тауар мен қызметтерді жеткізу.

Бұл үшін ЖӨӨБ органдары  құрылымында кеңес мүшелері арасынан бір басшылықты арнаиы комиссияны қарау қажет. Бұл комиссия тазалық жәнс жайластыру бойынша (К-1): энергетика (К-2); құрылыс (К-3); сауда (К-4); жергілікті өндіріс (К-5); денсаулық сақтау және спорт (К-6); білім (К-7); шағымдар мен қоғамдық тәртіп (К-8); мемлекеттік органдар мен депутатгардың байланысы мен дамуы (К-9) және т.б.

Информация о работе Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары