Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспеге тоқталар болсақ жергілікті өзін-өзі басқару - бұл "мемлекеттің ішіндегі мемлекет" емес. Бірақ, сонымен бірге жергілікті өзін -өзі басқаруды азаматтық қоғамның қайсі бір институтына жатқызуға болатынын не болмайтының уақыт көрсете жатар, әрине жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған тұрғын халықтың еріктілік ұйымының жәй нысаны емес. Бұл әрине, халық биліктік іске асыратын нысан. Қауымдастық билік пен мемлекеттік билік — бұл тек халықтық биліктің нысаңдары ғана.

Оглавление

Кіріспе
І Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны
1.2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың принциптері
IІ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзін басқарудың даму ерекшеліктері
2.1. Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың даму ерекшеліктері
2.2. Қазақстанда жергілікті өзін- өзі басқарудың экономикалық және қаржылық жүйесінің даму бағыттары
ІІІ Қ.Р-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бағыттары
3.1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық құрылымы мен экономикасын құру бағыттарын жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 281.00 Кб (Скачать)

қаржылық  жүйесінің даму бағыттары.

Көптеген мемлекеттердегі  мемлекеттік және муниципалдыі құрылымды  тәжірибесі ЖӨӨБ органдарының экономикалық негізінің нақты көздерінің қалыптасқанын  көрсетеді. Қазақстандағы осы кезден қалыптасу үстінде және ол зандарда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты таразыланып бекітілуін қажет етеді.

ЖӨӨБ-дың экономикалық негізі мына түрде қалыптасады.

а) ЖӨӨБ-ратын  қауымның меншігі;

б) Мемлекеттік  меншіктің ЖӨӨБ органдары басқаруына берілген мүлігі;

в) қолданыстағы заңға сәйкес жергілікті қауымның қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі бар басқада меншік түрлері;

г) жергілікті қаржылар.

ӨӨБ-дың экономикалық негізін тану тек берілгсн негіздег құрылымдық компоненттерін білу ғана емес, сондай-ақ заңды аспектілерін де білу өте маңызды. Қолданыстағы заң негізінде бірқатар түсініктер қолданылады: меншік, мүлік, мүліктік кұқық.

Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған..

Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларга оперативті басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер кджет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени сскерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.

Коммуналдық меншіктің арнаулы өндіріс құрал-жабдығы, маңызды объектісі жер б.т. Жерге коммуналдық меншік коммуналдық құрылымдарды жоспарлы орналастыруға мүмкіндік береді. Жер ресурсын меншіктің әртүрлі нышанында иемдену оны басқа субъектілермен иемденуді шектейді, ал ол жер өзінің иемдену және өндіру шарты деп есептейтін қоғамдық игіліктерді иемденуге кедергі жасайды. Нәтижесінде коммуналдық құрылымдардың қажеттіліктері толық қанағаттандырылмайды. Шектеулі ресурс ретіндегі жердің құндылығы және қоғамдық аралас игіліктерді өндірудегі ролі қазіргі таңда, әсіресе жерге жеке меншік енгізілуі жағдайында артып отырғанын ескеру қажет. Сондықтан коммуналдық меншіктің барлық объектілері мен субъектілері орналасатын коммуналдық жерлерді негізгі және барынша болашағы бар меншік объектісі деп қарауға болады.

Өндіріс құрал-жабдықтары мен коммуналдық меншік объектісіне  шаруашылық жүргізудің жалпы шарты, оның нәтижесіне жатады. Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық секторға барынша сәйкес қызмет көрсету саласы коммуналдық меншіктің маңызды құрамдас бөлігі б.т.

Қазақстандағы 5175 мемлекеттік меншік объектілерінің 90,4% коммуналдық меншікке тиесілі, ал ол объектілердің 85-90% қызмет көсетуді ендіру ролін атқарады.

Қызмет көрсету  саласы материалдық және материалдық  емес салаларын қамтитын болғандықтан, олардың қызметі материалдық және таза қызмет көрсету болып бөлінеді. Материалдық қызмет көрсетудің нәтижесі тұтыну құны, оны тұтынушыға жеткізу коммуналдық меншік объектісінің экономикалық өткізілуін сипаттайды. Саяси-экономикалық тұрғыдан материалдық игіліктерді иемдену    қатынасы    өндірістің    нәтижесін    иемдену    бойынш қатынастардың құрамдас бөлігі б.т.

Коммуналдық кызметке барынша тән жергілікті басқару, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тағы да сол сияқты салала таза қызмет көрсету өрісіне жатады. Әрине бұл салалардың игілігі за нышанында көрінбейді, бірақ олар сондай игіліктерді өндіруд қолданылатын материалдық құрал-жабдықтардан мықты тәуелі болады. Таза қызмет көрсетуді өндіру қоғамның жеке тұтынуының құрамдас бөлігі болғандақтан, оларды өндіретін құрал-жабдықта қоғам үшін ерекше сипаттағы тұтыну заты б.т. Таза қызмет көрсетуді өндірудің тағы бір ерекшелігі — бұл салада еңбек құн жасалмайді және қажетті материалдық шығындардың құнын еңбектің нәтижесін аудармайды. Бұл жерде тұтыну құны тиімді іс-әрекет ретінде тір еңбектің өзі түрінде көрінеді (айталық, оқытушының лекциясы дәрігердің консултациясы т.с.с.). Нарықтық экономика жағдайында, материалдық емес өндірістің игіліктері акдіалай бағаланатын және ондай бағаланудың ерекшелігін ескеру маңызды. "Егер нарыкта материалдық өнімдердің тұтыну құны және құны болатын болса, өз қызмет түріндегі тұтыну заттарының құны және айырбас құны болады".

Коммуналдық меншіктің  қызмет көрсету объектілерін теориялық  тұрғыдан негіздеу мынандай қорытынды  жасауды қаже етеді.

1-ден, бұл  объектілер коммуналдық құрылым  субъектілерінің-мүддесін өткізетін  салалар екендігін басшылыққа  алу қажет.

2-ден, әлеуметтік-қоғамдық  маңызы зор материалдық және  материалдық емес қызмет көрсету  салалары нарықтық қатынаста  ортасында әрекет ететінін тұрақты назарда ұстаған жөн. Дәлірек айтсақ қызмет көрсету ақшалай бағаланатын болғандықтан, олардың тарифтері халықтың төлем қабілеті бар сұранымына сәйкес болуын қадағалап реттеп отыру орынды.

3-ден, ең бастысы  мұндай объектілердің экономнкалық және құқықтық статустарын барынша нақты айқындау қажет, онсыз олар өздерінің әлеуметтік-қағамдық ролін тиімді атқара алмайды.

Көп жағдайда қоғамдық игіліктерді ендіретін мекемелердің 
тиімді жұмыс жасауы коммерцеиялық емес ұстанымдар негізінде құрылады. Сондықтан «ондай игіліктерді өндірудің барынша сәйкес механизмі, сол мекемелердің жұмысын міндетті салық салу және азаматтардың сайлау құқы арқылы қоғамдық таңдау механизмін пайдалану негізіндегі бюджеттік қаржыландыру б.т». Бюджеттік қаржыландыру жақсы жолға қойылған аудит және бюджет қаржы процесін бақылау, аккредитация, сертификация, аттестация, басқа да 
мемлекеттік бақылау жүйесін қажет етеді. 

Коммуналдық меншік объектілері болып табылатын  көптеген әлеуметтік-мәдени салалар "квазиқдғамдық", басқаша айтқанда аралас қоғамдық қызметтер көрсетеді.

Сондықтан оларды ұдайы өндіру механизмі мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардың болуын қажет ететін аралас экономика ұстанымына негізделіп құралады. Бір жағынан мұндай мекемелерде пайда табу олардың іс-әрекеттерінің басты түрткісі бола алмайды, ал екінші жағынан дербес игілік қасиеті бар функциялары таза коммерциялық негізде орындалуы мүмкін. Басқаша айтқанда, азаматтар үшін ақылы және тегінде қызмет көрсетуді,оларды бюджеттік, нарықтық және рақымшалық негізде коп арналы қаржыландыруды көздейді. Жалпы аралас қоғамдык, игіліктерді өндіруде белгілі бір заңцылық бар: игілік жергілікті қауымдастыққа неғұрлым маңызды болса, солғұрлым ол пайдалы, себебі ондай игілікке мұқтаждық бар және адамдар оны төлеуге дайын. Пайда алу мүмкіндігі, берілген игілікті өндірудің экономикалық немесе экономикалық емес сипатын көрсетеді. Игіліктің жоғарғы пайдалылығы, егер әлеуметтік институттар мен заң тарапынан бөгет болмаса, объектінің нарықтық айналысқа өтуіне кепілдік береді.

Коммуналдық меншік субъектілерінің ұдайы өндіріс  процесіне қатысу ұстанымы және өздерін  меншік иесі ретінде өткізу шамасына қарай құрылған құрылымы болады. Коммуналдық меншіктің негізгі субъектісі — жергілікті билік органдарына меншік иесі функциясына өкілеттік беретін нақты коммуналдық тұрғындары. Жергілікті деңгейдегі ауқымды қажеттіліктердің негізінде қалыптасатын тұрғандардың терриоториялық мүдделері жергілікті қауымдастық тұрғындарын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болады, ынталандырады. Көп жағдайда жергілікті қауымдастықтың мүдделер пәрменді, олар жергілікті адамдардың тұрмыс, әдет, дәстүрлерімен байланысты болады. Сондықтан жергілікті басқару органдары тұрғындардың нақты мүдделерінің жаршысы ретінде жергілікт өндірісті тұтынуға бағдарлауға, онда болатын өзгерістерге барынша сезімтал болуға мәжбүр етеді. Шын мәнінде аумақтық жергілікт мүдделер коммуналдық меншік қатынастарының көрінісі б.т. Коммуналдық меншік субектілерінің күрделі құрылымы өндірк құрал-жабдықтарын және шарттарын, әлеуметтік сала объектілерін пайдалануы бойынша жергілікті билік органдары мен билік басыщц тұрған мемлекеттік органдардың арасында, меншік субъектілері меі-шаруашылық жүргізу субъектілерінің, жұмыс істейтіндердің салалық топтары мен кәсіпорынның ішкі ұжымдары арасындағы экономикалық қатынастарды анықтайды.

Коммуналдық меншік субъектісіне байланысты экономикалық қатынастар жүйесін біржақты құқықтық пайымдау жергілікт аумақтың құрылым мәселелерін шешуде қолбайлау болуы, тіпті жергілікті басқару органдары тарапынан коммуналдық меншік обектілерін иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты биліь жолсыздықтарына жол беруі мүмкін.

Соған      сәйкес      Қазақстандағы      «субъектілік-объектілікі қатынастар сұлбалы түрде былай көрінеді (6-сурет),

Шын мәнінде  коммуналдық меншік субъектілерінің  құрылымына мемлекеттік биліктің коммуналдық  органдары, жергілікті билік және басқару органдары, коммуналдық құрылым аумағына орналасқан мемлекеттік, аралас, мемлексттік емес нышандардағы шаруашылық жүргізу субъектілері, негізгі субъекі болып табылатын жергілікті қауымдастық халқы кіреді. Коммуналдык меншік субъектілерінің күрделі құрылымын осылайнша анықтау олардың арасында орын алатын экономикалық қатынастардың ұдайы өндірісінің әртүрлі кезеңдеріпдегі тиімді өткізілуін жүзеге асыруға мүмкіндік берер еді.

Ұдайы өндіріс  процесін бөлу кезеңінде коммуналдық  меншікте тұрған игіліктерді бөлу және ұдайы өндіру шартының ұстанымдарын айқындау қажет. Коммуналдық меншік игіліктерінің ерекшеліктеріне қарай олардың елеулі бөлігі жергілікті қауымдастық мүддесіне сәйкес қажеттілік бойынша бөлінеді. Бірақ субъектілердің тұрған жеріне және элеуметтік-кәсіби статустарының ерекшеліктеріне қарай коммуналдық меншік игіліктерін Екіншіден, жергілікті коммуналдық институттар айырбас кезеңінде игіліктерді сатып алады, кейін оларды өздерінің ұстанымдарына орай бөлінеді.                                                                                                                                           

6 –  сурет. Комуналдық меншік субъектісі және объектісі.

    

                        Субьект                                                         Обьект                                                                                              


 

 

 

Осыған байланысты қайшылықтар орын алуы мүмкін. Айталық  бөлу принципі бойынша жергілікті басқару органдары мен тұрғындардың арасындағы келіспеушілік немесе тұрғындардың жеңілдік алу құқы бар және коммуналдық құрылымның қалған топтарының мүдделеріне сәйкес болмауы сияқты құбылыстар Мұндай қайшылықтарды шешу қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуды, тұрғындар тарапынан коммуналдық құрылымның билгі органдарының үстінен бақылауды күшейтуді талап етеді.

Ұдайы өндіріс  процесінің "субъектілік-субъектілік" қатынастарға; байланысты проблемалар айырбас кезеңінде орын табады. Айталық айырбас кезеңінде коммуналдық деңгейдегі «қоғамдық игіліктер» тауар нышанында болмайды, олар тұтынушыға тауар-ақша қатынасының араласуынсыз жетеді. Әрине, бұдан ондай игіліктер тегін таратылады деген пікір тумауы керек. Оларды төлеу белгілі бір терриоториялық қауымдастық тұрғындарынан алынатын салыктар, басқада ақшалай міндеттемелер арқылы жүзеге асырылады. Себсбі қандай да бір болмасын игілікті өндіру құндық сипатта болады және жергілікті шаруашылықта қолданылатын өндіріс кұрал-жабдықтары мен жұмыс күшінің тауарлы нышанында көрінеді. Нәтижесінде айырбас саласында қоғамдық игіліктерді иемдену қатынасы тауарлы, кұндық нышанда болмайды. Мұндай сәйкессіздікті жергілікті әлеуметтік институттардың ролімен түсіндіруге болады, себебі олар бұл процестерді өткізуге. делдал бола отырып, тұтынылуға тиісті ұстаныммен сипатталатын қоғамдық игіліктерді өздерінің мүддесіне икемдейді.

Ұдайы өндіріс  процесінің түпкі нәтижесі тұтыну. Ол өндірістік және жеке тұтыну болып бөлінетіндігі белгілі. Коммуналдық құрылымы деңгейіндегі қоғамдық игіліктерді тұтыну өндістің жеке факторларын дамытатынын ескерсек, оның өзі жамама түрдегі өндірістік тұтынуға айналады. Жергілікті қажеттіліктерді қанағаттандыратын игіліктерді өндіруде қолданылатын өндіріс құрал жабдықтарын тұтынуда, оның көлемі мен сипатын берілген аумақтық құрылымның өндіріс процесін ұйымдастырушы жергілікті атқарушы және өкілетті органдар анықтайды. Бұл жерде ескеретін бір жайт ол тұтынуды қамтамасыз ететін шаруашылық субъекттері коммунадық меншіктен тыс басқа меншік нысандарында да болуы ықтимал. Жергілікті басқару органдары ондай субъектілердің шығынын әртүрлі алымдар мен салықтарға жеңілтік беру, жер салығын азайту сияқты шаралар арқылы етеуге мүмкіндігі бар. Бұл арада ондай субъектілердің кызметкерлерінің терриоториялық құрылымның басқа тұрғындармен бірге коммуналдық меншіктің түпкі объектісі болып табылатын түпкі игіліктерді тұтынатынында есептен шығармау керек. Тұтыну бойынша субъектілік-объектілік қатынастарды есепке алу нарықтық экономика жағдайында табиғи туындайтын мемлекеттік, ұжымдық, жеке мүдделердің қайшылығын коммуналдық құрылым деңгейінде бесендетуге және үйлестіруге қолайлы ортаны қалыптастыруға мүмкіндік берер еді.

Жалпы, коммуналдық  меншікті қоғамның ұдайы өндіріс  процесі кезеңдеріндегі экономикалық қатынастар түрғысынан талдау оны экономикалық категория ретінде мойындауға, оның саяси-экономикалық табиғатын ашута негіз болды.  

Сонымен ЖӨӨБ органдары  муниципалды меншікті бас қараалады, Бұл коммуналдық меншік құрамына кіретін мүлікке қатысты меншік құқығын білдіреді.

Информация о работе Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары