Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:59, реферат
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
КІРІСПЕ..........................................................................................................
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................
1.1 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........
1.2 Халықаралық сауданың саясаты,түрлері
2. Халықаралық сауда субьектілері............................................................. 2.1Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................
2.2 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................
Сурет 1. Сауда жағдайындағы баланс
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы мен орын басудың шекті деңгейінің қисығының әр елдегі конфигурациясы әр түрлі болғандықтан, 1 -і және 2-і тауардың А және А1 нүктелерінде салыстырмалы бағалардың да өзгешеленетіні айқын. 1-і елдегі 1-і тауардың А нүктесінен өтетін түзу сызық арқылы тепе-тең салыстырмалы бағасы көрсетіліп, 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды.
Ра= Р1/Р2=1/4
Осы 1-і тауардың 2-і елдегі салыстырмалы бағасы А1 нүктесі арқылы көрсетіліп, 2-і тауардың 4 данасын құрайды.
Р= Р1/Р2=4
Ра<Ра1 болғандықтан 1-і ел 1-і тауар бойынша, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы артықшылыққа ие болады. (+) (1-і және 2-і елдің) өндірістік максималды көлемі (V) А және А1 нүктесінде жетіп, 1-і және 2-і тауардың көлемі Q1 және Q2 болып көрсетеледі.
Р1х Q1+ Р2х Q2= V
Сауда жағдайындағы баланс
Сауда басталысымен 1-і ел 1-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады. Сондықтан өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесі сызық бағыты бойынша жылжиды. 2-і ел 2-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 1-і тауар өндірісін қысқартады. Оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы А1 нүктесінен сызықпен жоғары жылжиды. (2.7. сурет). Бұл процесс екі елде салыстырмалы бағалар теңелмегенше жүріп отырады. Жаңа салыстырмалы баға Ра=1/4 пен Ра1 =4 арасында болып, 1-і елдің В нүктесі мен 2-і елдің В1 нүктесі арқылы өтіп, Рв=Рв1=1-ге тең болады. Осымен салыстырмалы артықшылық теориясы бітеді. Стандартты модель орнын басу шығындарының өсуін есепке ала отырып өзгертілген интерпретацияны ғана ұсынады.
Одан ары қарай сұранысты талдау элементі енгізіледі. Тепе-теңдік экономикада тауардың тұтыну көлемі оның өндірісіне тең болуы керек, графикте олар қиылысуы кажет екені белгілі. Егер Д1 мен Д2 -1-і мен 2-і тауардың тұтынуы болса, онда
Р1хД1+Р2Д2=Р1Q1х Р2х Q2= V
1-і ел 1-і тауардың 60 данасын артық өндіріп, оны 2-і елге экспорттап (ВС векторы), 2-і елде 2-і тауардың 60 данасын сатып алады (СЕ векторы). 2-і ел 2-і тауардың 60 данасын артық шығарып 1 елге экспорттайды (В1 С1 векторы) да, 1-і елден 1-і тауардың 60 данасын сатып алады. (С1Е1 векторы). Осының нәтижесінде ұсынысты сипаттайтын орын басу шекті деңгейінің қисығы 1 елде II1 деңгейге ауысып, 1 елдің 1 және 2 тауарлардың 20 -даналарынан, көп тұтынатын Е1 нүктесіндегі салыстырмалы тепе-тең бағасының түзуімен жанасады. Сөйтіп ІІ1-і қисық І-і қисығынан жоғары тұрғандықтан 1-і елдің 2-і тауарды тұтынудағы мүмкіндіктері өсе түсті. Осындай жағдай 2-і елде болады да II1 қисығы I1 қисығынан жоғары болып, екі тауарды тұтыну мүмкіндіктері өсе түседі. Сауда нәтижесінде, салыстырмалы артықшылық моделіне қарағанда, елдердің толық мамандануы жүзеге аспайды. Бұл орнын басу шығындарының өсе түсуінің нәтижесі. 1 -і ел 2-і тауардың бір мөлшерін өндіре береді, ал 2-і ел 1-і тауардың белгілі бір мөлшерін өндіреді. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға, әр елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға мамандануына дейін қалыптасады. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға орнағаннан кейін, одан әрі қарай әр елдің мамандануының экономикалық тиімділігі жоғалады, өйткені орнын басу шығындарының өсе түсуі шет елден сатып алғаннан гөрі қымбатқа түсетін болады. 2.7. суретте тепе-теңдік баға РВРВ'=1 мағынасында елдердің толық мамандануға жеткенге дейін қалыптасты, өндіріс нүктесі толық мамандану бағытына қарай жылжығанымен, оған жетпей, ол 1-і елдің көлденең осі мен 2-і елдін тік осіне сәйкес келеді.
Саудадан алынатын ұтыс
Саудадан қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен маманданудан алынған ұтыстан тұрады.
Айырбастан алынған ұтыс - елдің басқа елдермен сауда қатынастарына түскенінен алынған артықшылық.
Мысалымызды ары қарай қарастырайық. 1-і ел 2-і елмен саудаға түскеннен кейін де 1-і тауарға маманданғысы келмейді немесе қандай да бір себептермен жүзеге асыра алмайды деп болжамдайық. Ол 1-і тауарды өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесінде анықталған көлемдерде өндіре береді (2.8 сурет). Бірақ әлемдік салыстырмалы баға елдің ішкі салыстырмалы бағасындай 1/4 емес, 1-і ге тең болады. Сөйтіп, маманданусыз-ақ оның біршама бағалық қоры болады. Сондықтан, ол әлемдік баға бойынша 1-і тауардың 20 данасын сатып, 2-і тауардың 20 данасын маманданусыз-ақ сатып ала алады; тұтыну өсе түсіп, орын басу шекті деңгейінің В қисығы жоғары ауысып, Т тұтыну нүктесі А нүктесінен жоғары болады. Ешқандай мамандану жоқ болғандықтан, тұтыну нүктесінің А-дан Т-ға ауысуы 1-і елдің 2 елмен сауда қатынастарына немесе айырбасқа түскенінен алынған ұтыс екенін көреміз.
Маманданудан алынған ұтыс - елдің сауда жағдайында ие болған салыстырмалы артықшылығы - бар тауар өндірісіне күш-жігерін жұмылдырып, алған артыкшылығы.
Жоғарыда көрсетілген
Осының нәтижесінде тұтыну орын басу шығындарының шектігі III деңгейіндегі Е нүктесінде болады. Тұтынудың В-дан Е нүктесіне қозғалысы елдің маманданудан алынған ұтысын көрсетеді.
Сурет 2. Саудадан алынған ұтыс және
Егер сауда кіші және үлкен елдер арасында дамыса, онда салыстырмалы артықшылық теориясына сәйкес орын басу шығындарының тұрақтылығы кезінде тек кіші ел салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданады. Бірақ кіші ел осы тауарға толық маманданса да, үлкен елдің қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан үлкен ел өзі иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданумен қатар, салыстырмалы артықшылығы кіші елдегі тауардың белгілі бір мөлшерін өндіре береді.
Орын басу шығындарының өсуі жағдайында, кіші елде де толық маманданбау пайда болады. Оны 2.8. суреттегі 1-і елге қатысты мысалмен көрсетуге болады. 1-і ел - өте кіші, ал 2-і ел - өте үлкен ел деп болжайық. Бәрінен бұрын бұл кіші елдегі баға өзгерісі үлкен елдің баға өзгерісіне әсер етпейді. Сондықтан әлемдік салыстырмалы бағасы сол Р1 деңгейде калады. Кіші ел 1 -і тауарға мамандана бастайды, өйткені оның ішкі салыстырмалы бағасы Р-1/4 әлемдік бағадан төмен болып, оның өндірісіне А нүктесінен В нүктесіне жылжиды. В нүктесінде толық мамандану әлі жоқ, ал ішкі салыстырмалы баға әлемдік бағамен теңеседі. 1-і тауардың 60 данасын экспортқа шығарып, үлкен елден 2-і тауардың 60 данасын импорттаған кіші ел, орын басудың шекті деңгейінің жоғары /қисығына өтіп, Е нүктесіндегі 2-і тауардың.да көп мөлшерін тұтына бастайды.
Осыдан көріп отырғанымыздай, стандартты модельдегідей, 1-і ел кіші болып саналмаған кездегідей жағдай қайталанады. Айырмашылығы - кіші елдің ішкі салыстырмалы бағалары әлемдік салыстырмалы бағасына әсер етпейтіндігі мен осы жағдайда кіші ел партнер-елмен саудадан алынған толық пайданы бөліспейтіндігінде.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясының шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастарына түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудың шекті деңгейінің өзара әрекеті жолымен қалыптасатын. Сауда жағдайындағы баланс, тауар ел ішіндегі салыстырмалы бағасы мен шет елдегі салыстырмалы бағасының арақатынастарының, қате мен сынау әдісі арқылы, тепе-теңдік бағаға қозғалысына негізделген. Әрбір ел өзі ие болған салыстырмалы артықшылығы бар тауар өндірісін үлғайтып, оны осы елдің салыстырмалы артықшылығы бар тауарға сату арқылы айырбастайды. Нақты әлемде орын басу шығындары тұрақсыз болғандықтан, сауда нәтижесінде елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға толық мамандануы болмайды. Сауда нәтижесінде әрбір ел мынандай артықшылыққа ие болады: айырбастан алынатын пайда және маманданудан түсетін пайда. Кіші және үлкен елдер арасындағы сауданың айырмашылығы кіші елдің ішкі салыстырмалы бағаларының, үлкен елдердің ұсыныс пен сұранысқа байланысты қалыптасатын әлемдік салыстырмалы бағаға әсер етпеуі мен кіші елдің саудадан алынған пайданы, сауда партнерімен бөліспеуінде болып отыр. Саудаласушы елдердің өндірістік мүмкіндіктер қисығы сәйкес келген жеке жағдайларда, сауда тұтынушылардың талғамдық өзгешеліктерімен елдердің алатын пайдасына негізделеді.