Халықаралық сауда

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:59, реферат

Краткое описание

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Оглавление

КІРІСПЕ..........................................................................................................
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................
1.1 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........
1.2 Халықаралық сауданың саясаты,түрлері
2. Халықаралық сауда субьектілері............................................................. 2.1Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................
2.2 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................

Файлы: 1 файл

Халыкаралык сауда.docx

— 168.23 Кб (Скачать)

 

 

2.1 Қазақстан Республикасының  сыртқы сауда айналымы

 

Қазақстан Республикасының қазіргі  кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан  Республикасының геосаяси орны, жалпы  шекарасы, басқа аймақтармен байланыс қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперациялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға  агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы  одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД  елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында  дүниежүзінде белгіленген сауда-құқықтық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі  бас ассоциация ұйымының принциптеріне  сүйенеді. Саудадағы әр түрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден  құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде  жалпы экономикалық бірігудің әр түрлі жолдары бар екенін белгілі  ьолды: ТМД елдерімен екі жақты  келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерінің сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастықтың көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді шешеді.

Қазіргі кезде  Қазақстан және Өзбекстан тұрақты  халықаралық сауда-экономикалық байланыста. Аймақтық эксперттердің ойы бойынша  республикаға беретін пайдасы мыналар:

а) отандық  өнімдерді экспорттаауға әдеттегі тосқауылды алу жағдайы әлемдік  экономика мен сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетеді, капиталдың ағылуы жолдарын халықаралық мамандануға  қарай бұрады.

          ә) халықаралық  саудадағы теңдік, дүниежүзілік  сауда ұйымына кіретін барлық  мемлекеттер сияқты сауда қағидалары  мен жеңулдіктерге ие болады;

б) сыртқы сауданы  дамытуда ұзақ  жылдарға болжам жасау  арқылы сауда стратегиясын ойластыру  мүмкіндігінің болуы, сондай-ақ отандық  кәсіпкерлердің әлемдік нарыққа  щығуына жол ашу;

в) республикалардың дүниежүзілік сауда ұйымының мүше болуынан бастап осы ұйымға мүше елдер тарапынан  мейлінше жағдай туғызуы,

г) халықаралық  сауда қағидалары мен тараған  принцептердің негізінде әр түрлі  келіспеушіліктерді реттеу;

ғ) халықаралық  сауда ауқымында болып жатқан хабарлар базасын қолдану мүмкіншілігі.

Халықаралық сауда орталығы ауқымында компьторлік  торды қолданумен, өнімнің кодын  кіргізу арқылы, осы өнімді экспортқа  және импортқа шығарушылар туралы анықтаманың, сондай-ақ тұтынушылар мен импортерлер  жөнінде хабарлар бере алады.Қазіргі  жағдайда дүниежүзілік сауда ұйымына  кірмей халықаралық еңбек бөлінісінің  пайдасын толық қолдану емес және шаруашылық субьектеріне әлемдік нарыққа  кіруде шелелдік бәсекелесуге тең жағдай жасау мүмкіншілігі жоқ.Одан басқа, ДСҰ-ға мүше болып кірудің басқа  да елдермен сауда-экономикалық келісім құруды жеңілдетеді.Ал, бұл келісімдердің әрқайсысына көптеген қаржы керек болар еді.

Халықаралық сауда жүйесінде қауымдастық  процесінде сауда саясатының негізгі  мақсаттарының аспектілері төмендегідей:

  • Орта Азия мемлекеттерінің халықының гүлденуіне жету мақсатында өзара пайда және тең құқықты сақтау және ашықтықты қамтамасыз ету;
  • Сауда тәртібінің мейіленше бейтараптығына қол жеткізу;
  • Республикалардың халықаралық сауда ұйымына толық құқықты мүше болуына жетуі.

Осы жетістерге жетуде республикалар алдына сауда  саясатын ұстауда мынадай міндеттер  жүктейді:

  • Сыртқа және ішкі сауданы одан әрі либерализациялау (босату);
  • Халықаралық нарықтың жан-жақты дамыған аймақтық сауда жүйесінде кіргізудегі белсенділігін арттыру;
  • Экспорттық салалардың даму жолында экономиканың құрылымын қайта құруды мүлде жетілдіру;
  • Сауданы реттеуде қолданылып жүрген халықаралық құқық нормаларын ары қарай жетілдіру;
  • Сыртқы және ішкі сауданы дамытуда шетел инвестициясын және несиесін кіргізу;
  • Сауда инфрақұрылымының негізгі элементтерін қалыптастыру;
  • Экспорттық қадағалау күшейту.

 

Халықаралық саудадағы мемлекеттің рөлі сауда  барысындағы тиімді және ашық үш жағдайға байлысты:

    • Ұлттық экономиканың дамуы және оны басқару;
    • Күнделікті ресми қадағалауды жүргізу;
    • өнім мен қызмет көрсетуде ірі кәсіпорындарды басқару.

 

Қазіргі кезде  Қазақстан Республикасы ХЭҚ-та өзінің бағыттарын кеңейтуде.Оған себеп болушы бірнеше факторлар ықпал етті.Негізгі  экономикалық макрокөрсеткіштер (1997 жылдың 1 қаңтары) төмендегі 4 кестеде көрсетілген.

 

4 кесте . Макрокөрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

 

1.Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)

1,1

2.ЖІӨ, адам басына шаққанда (млн.$)

1275

3. Экспорт, млн.$ (ТМД елдерінен)

6230 (3472)

4.Импорт, млн.$ (ТМД елдерінен)

4261 (2964)

5. Импорт ЖІӨ-ге % есебінде

-20,2

6. Экспорт ЖІӨ-ге % есебінде

29,6

7. Сауда сальдосы, млн.$

1969

8. Төлем балансына дефицит

-1,8

9. Инфляция

30

10. Жұмсысыздық деңгейі, %

4,1

11. Орташа жалаққы (АҚШ $-ы)

101,8


 

Қазақстанның  басқа елдерде экспортының үлес саламғы 5 кестеде көрсетілген.

 

5 кесте. Экспорт үлесі

 

 

1994

1995

1996

Барлығы (млн.$)

3230,7

4974,4

6230,4

Оның ішінде ТМД

1905,2

2801,3

3671,6

%-тік қатысы

58,97

56,31

58,93

Дамушы елдер

635,5

949,4

1226,4

 

19,67

19,09

19,68

Дамыған елдер

690

1223,7

1332,4

 

21,36

24,6

21,39


 

Таблицадан  көріп отырғанымыздай ТМД елдердің үлес мөлшері көпшілік орынды алады, яғни 1996 ж. 58,93%.1997 жылы көбейіп келеді (62% құрайды.)

Қазақстан Республикасынының  жалпы сырқы сауда айналымы 1996 ж. 10491,7 млн. $ (1995 жылғы деңгейлермен салыстырғандағы 120%), оның ішінде экспорт  – 6230,4 млн. $ (125%), импорт – 4261,3 млн. $ (113%). Оның ішінде негізгісауда серіктестері Россия (49%), Украина (3%), Өзбекстан (3%).

Ал алыс шетелдердің  сырқы сауда айналымындағы үлес салмағы мынадай: Еуропа елдері 23%, Германия (4%), Нидерланды (35%), Ұлыбритания (3%), Қытай (5%), Оңтүстік Корея (2,5%).

Ал дамыған  капиталистік елдер мен экспорттың үлесі 1996 ж. 21,39%-тен аспай отыр. Бұл  елдермен сыртқы саудабайланыстары  қалыптасу үстінде. Импорттың құрылымында  тұтыну өнімдері және оларды өндіруге кететін шикізаттар басым. Ал, экспорттық саясат көбінше шикізат және жартылай шикізат шығаруға негізделіп отыр. Жақын жылдардағы республика тарапынан экспортты және импортты реттеумәсалесі маңызды және кезек күттірмейтін саясатқа айналуы тиіс. Экспорт пен импорттың гографисына қарап мемлекеттік реттеудің басқару әдістерінің әлсіз екенін байқауға болады, ол өздігінен республика экономикасына зиянын тигізеді. Бақылаудығ нәтижесінде Қазақстан қуатының дамуына және валюта құраладарының ағылуына төмендегідей экономикалық проблемалар мен қиындықтар кедергілер жасайды.

1. Батыс пен  Шығыс транспорттық тораптарының  болмауы. 

 Барлық  транспорт торабының Россия арқылы  өтуі.

 Қазақстанның  негізгі шикізат ресурстарынан  тұтынатын Еуропа елдері болып  отыр, ал оған жеткізу жолдары  қымбатқа  түсуде.

2. Қазақстан  дүниежүзілік нарықта экспорттық  өнімдердің маркетингтік зерттеулер  жүргізе алмауында, сондықтан  да дүниежүзілік нарықтың конкъюнктурасына  бағынышты болып өзінің толық  бағытта экспорттық саясатын  жасай алмай отыр.

3. Өндірістің  дайын бұымдары өздерінің төмен  деңгейімен және технологиялық  нашар дамуымен дүниежүзілік  нарықта бәсекеге түсе алмайды.  Сондықтан әлемдік дайын бұйымдар  нарығында өздерінің алатын орнын  табу қиын болып отыр.

4. Қазақстан  сыртқы экономикалық қызметті  ұымдастыру тәжірибесінің аздығы, сондықтан да көптеген қателіктер   жіберуінде. Қолға не түссе соны  арзанға сата беру экспорттық  саясат емес. Экспортер өзіне  ұзақ мерзімге және сенімді  серіктес іздеуі қажет. Жасалған  контрактілер ұзақ мерзімге және  әлемдік нарықта болашақ конъюнктурасына  сай болуы керек.

5. Қазақстанның  әлемдік нарықта бет-бейнесі әлі  қалыптасқан жоқ. Қазіргі кезде  фирмалар артық төлеуге дайын,  бірақ өнім шығарушы нақты,  тұрақты, сапалы өнімнен қамтамасыз  етуі қажет. Ал, Қазақстан ондай  мүмкіншілігі қазірше жоқ.

6. Қазақстан  дүниежүзілік нарықта өнімнің  кей түрлерінен монополиялық  жағдайда тұрғанымен, сол салалар  айтарлықтай дамымаған. Соған  байланысты күрделі валюталық  операциялар түспейді.

7. Әлемдік  шикізат нарығы өндірушілер арасында  бөлініп алынған, онда бос «сәкі»  жоқ.Бұрынғы Одақ елдері өздерінің  экономикасын қайта құрып жатқанда, тауар өндірушілер дүниежүзілік  нарықта өздерінің орнын алып  алған.Қазір жаңа орын іздеу,  оның жолын табу керек. Ол  өте күрделі міндет.

8. Қазіргі  технологиялық процесстер алғашқы  шикізатты пайдалануды қысқартып  келеді, сондықтан да шикізат  нарығына сұраныс азайып келеді.

9. Қазақстан  технологиясы артта деген атақ  қалыптасып қалған, сондықтан да  жаңа технологияның өзі әлімдік  нарықта арзан болуы мүмкін.

10. Қазазстан  сауда және тариф жөніндегі  бас ассоцияға (ГАТТ) және басқа  Халықаралық сауда ұымдарына  мүше емес, сондықтан да бірқатар  жеңілдіктер жоқ. Әлемдік нарық  халықаралық транссұлтық кооперацияларға  бөлінген, олар басқа жақтан келген «саудагерлерді» кіргізбеуге тырысады, олардың бар, оны білу және бағыну қажет.

 

2.2Халықаралық экономикалық  қатынастар  жүйесіндегі халықаралық   сауда

 

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан  дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен  тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге  болады.

  1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.
  4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді  нығайту өнеркәсіп өнімдерін  айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат  тауарларының үлес салмағының кемуі  қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның  дамуы жаңа технологияны қолдануға  әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын  өнімнің мөлшеріне энергияны  қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан  түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.

Информация о работе Халықаралық сауда