Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 08:44, реферат
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді. Бұл дұрыс емес.Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша (vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині) деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор.
КІРІСПЕ .
I.ВИТАМИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК .
1.1 Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы .
II ВИТАМИН ТҮРЛЕРІ .
ҚОРЫТЫНДЫ .
ӘДЕБИЕТТЕР .
Витаминдер (Дәрумендер ) — денсаулық
тірегі
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді
бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді
дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді.
Бұл дұрыс емес.Витаминдер деп химиялық
табиғаты әр түрлі органикалық заттарды
айтады. Витамин латынша (vіtа –
өмір, тіршілік; vitman – тіршілік
амині) деген мағынаны білдіреді. Олар
тағамдық заттармен организмге түсіп,
зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне
әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық
қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын
міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс
жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын
тағамдарымызда организмдерге қажетті
витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса,
онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға
шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі
нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары
дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің
қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар.
Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін
белоктардың, майлардың, көмірсулардың
және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын
және реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде
витаминдерді классификациялап үлкен
4 топқа бөледі:
1) алифатикалық
витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алициклды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) гетероциклды витаминдер қатары. Осылардың ішінде табиғат
пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып,
жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын,
су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды
жөн көрдік.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен
қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин,
кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы,
биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы,
парааминобензой қышқылы және т.б. (В1,
В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол,
токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын
май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер
түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер
ферменттердің простетикалық топтарының
құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің
активтілігін жоғарылатады. Керісінше
де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер
түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне
қабылдану мөлшері де түрліше болады.
Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану
гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі.
Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер
мен басқа да заттардың құрамында кездесетін
вита-миндерді түрлі түсті сапалық реакциялар
көмегімен ашуға болады.
Суда еритін витаминдер:
Тиамин (В1 витамині, аневрин). Тамақ
құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ
болса, бери-бери немесе полиневрит деген
ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде
нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі
бұзылады, асқазан-ішек трактасының қызметі
бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы
төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік
пайда бола бастайды.Азия және оңтүстік
Америка материктерінде тұратын халықтардың
арасында «бери-бери» ауруы ерте заманнан-ақ
кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв
жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс
Азия, Филлппин аралдары, Оңтүстік Америка
сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын
елдерде жиі тараған. Европа елдерінде
«бери-бери» ауруы, керісінше өте сирек
кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын
халықтардың негізгі тағамы күріш емес,
олар қара нан, әр түрлі тағамдар мен көкөністер
жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман
1890—1897 жылдары Ява аралында жүргізілген
зерттеулері кезінде мынаны байқады: адамның
жегенінен қалған таза күріш берілген
тауықтарда «бери-бери» ауруларының белгілері
пайда болған. Ал, әр түрлі қалдықтары
берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған.
Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген
зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың
басында «бери-бери» ауруының негізгі
себебі күріштің кебігінде көп кездесетін
В1 витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен
екені анықталған.
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен
нервтердің жарақат-тануының мәні — бұл
витамин фосфор қышқылымен қосылып тиамин-пирофосфат
деген зат түзеді. Тиамин (В1 витамині)
тиамин-пирофосфат декарбоксилаза деген
ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент
заттар алмасуына пайда болатын организмде
зиянды пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек.
Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент
азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп
кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым
келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады.
Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында
көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин
таза, не қосынды — тиамин пирофосфат
және карбоксилаза түрінде кездеседі.
В1 витаминінің таза кристалды препараты
1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.
В1 витамині зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың
организмдегі түрлі химиялық өзгерту
процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы
процестерге қатысы бар ферменттер құрамына
кіреді.
В1 витаминнің организмнің түрлі зиянды
әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда
мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин
жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады.
Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің
ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған
«бери-бери» ауруының негізгі себебі де
осында.
«Бери-бери» ауруымен ауырғанда адамның
жүру қабілеті нашарлап, кібіртіктеп жүреді,
организмнің жалпы әлсіреуі байқалады.
Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді.
Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы
пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну
қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер тартылып,
солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі
соғатын болады. Тиаминнің организмде
жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі
оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда
көрсетілгендей, В1 витамині қауызынан
тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда,
тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі.
Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда,
бүйректе, етте көп болады. Организм тәулігіне
орта есеппен 2—3 миллиграмм тиаминді
керек етеді.
В1 витаминінің кейбір тағам құрамындағы
мөлшері
/100 г тагамда, мг/
Тағам түрлері В1 витамині
Сыра ашытқысы -5,0
Нан ашытқысы- 2,0
Бұршақ- 0,7
Сұлы жармасы - 0,6
Қарақұмық жармасы- 0,5
Сиыр еті -1,1
Рибофлавин /В2 витамині, лактофлавин/ Тамақта рибофлавин болмаса, баланың
бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын,
көз, құлақ айналасындағы терінің кілегей
қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз
қабатының қабынуы мен хрусталиктің күңгірттенуіне
(катаракта) әсерін тигізеді.
В2 витамині тотығу және қайтадан қалпына
келтіру реакцияларына қатысады. Олай
болса, В2 витаминінің зат алмасуындағы
маңызы да өте зор.
В2 витамині әсіресе клетканың яғни организмнің
өсіп-өніуіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің
тағамдарда жетімсіздігі адамдардың,
әсіресе балалар бойының өсуі қабілетін
де төмендетеді. В2 витаминінің көздің
көру процесінде де үлкен мәні бар.
Әсіресе, бұл витамин А витаминімен бірге
қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі
айыруына қажет.С витамині жеткіліксіз
болғандағыдай, рибофлавин гиповитаминозында
да алғашқы өзгерістердің бірі – ұқсас
қан тамырларының әлсіреуі, соған байланысты
қан айналуы да нашарлай түседі. В2 витаминінің
жетіспеушілігі бірте-бірте бауыр мен
асқазан қызметіне де зақым келтіреді.
Балалар тағамының құрамында рибофлавин
аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ
қосуы баяу болады. Жалпы В2 витамині жеткіліксіз
болғанда, адам жүдеп, шаршағыш келеді,
көзі ашып қызарады, тілі, ерні жарылып,
шаншып ауырады. Көзден жас ағып, жарыққа
қарай алмайды, көздің көруі де нашарлайды.
Кездесетін белгісінің бірі — аузы уылып,
екі езуінің кілегей қабығы мен терісі
жарылып, қабынуы мүмкін. Оны біздің халық
арасында «ауыздық» деп те атайды. Терінің
сыртқы қабаты қабыршықтанып кетеді. Организмдегі
флавиндер деп аталатын ферменттердің
құрамына В2 витамині кіреді. Демек, В2
витамині жетіспегенде ферменттер алмасуы
бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар
алмасу жүйесі зақымданады.
Рибофлавин картопта, капустада, қара
нанда, ашытқыда, қызанақта, сәбізде, жұмыртқада,
бауырда, сүтте және сүттен жасалған тағамдарда
көп кездеседі. В2 витамині дәрі ретінде
де қолданылады. Әсіресе жараның тез жазылуына
және көздің көру қабілетін арттыруға
әсері үлкен.
Никотин қышқылы /Вз витамині
немесе РР никотинамид/
РР витаминінің аты «Реllаgга /пеллагра
ауруына қарсы/ — деген ағылшын сөздерінің
бас әріптерінен құралған. Тағамда В5 витамині
немесе никотинамид болмаса, адамдар пеллагра
ауруына шалдығады. Бұл кезде адамның
терісі (дерматит), ауыз қуысының кілегейлі
қабаты (стоматит), ал тіл (глоссит) сияқты
дертпен ауырады.
Бұл ауруға тән қасиет қолдардың терісі
мен бетте жақсы байқалады. Терінің күн
тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін
қарайып кетеді. Никотин қышқылы клеткалардағы
тотығу және қайтадан қалпына келтіру
процестеріне қатысады. Қарындағы сөлдің
бөлінуін реттеуде, ұйқы безінің жұмысына,
бауыр қызметіне, эритроциттердің түзілуіне
және т.б. толып жатқан функцияларға әсерін
тигізеді. Пеллара ауруы, әсіресе-қорегі
тек жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен
етек алып тараған. Оның себебі жүгері
белоктарында триптофан амин қышқылы
өте аз кездесетіндіктен адам организмінде
никотинамид немесе РР витамині аз түзіледі.
РР витаминінің негізгі провитамині никотин
қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырауқұлақта,
түрлі жармаларда көп кездеседі.В5 витаминінің
кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
/100 г. тағамда, мг/1926 жылы Гольдбергер қолдан
жасалған диеталық қорекпен тышқандарды
азықтандырғанда, олардың дерматит ауруына
шалдыққанын байқаған. Бұған қарсы В, В2
витаминдерімен әсер ет-кенде жазылмай,
ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде
тышқандардың айыға бастағанын анықтады.
Кейіннен бұл витаминнің адам мен жануарлардың
қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де
қажетті екені дәлелденеді. 1937-1939 жылдары
бұл зат ашытқылардан бөліп алынып, оны
В6 витамині деп аталады. Сөйтіп тағамдарда
пиридоксин жетіспегенде, полиневрит,
анемия және тері ауруы-дерматитті тудырады.
Бұл дерттерден никотин қышқылынан гөрі,
пиридоксинмен әсер етіп жылдам айықтыруға
болады.
В6 витамині организмге өте қажетті-ақ.
Өйткені ол зат алмасудың, қан түзілудің
барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан
сақтандырады, ферменттердің құрамына
енеді, нерв жүйелерінің қызметін реттеп,
бала көтеру мен босанудың бірқалыпты
өтуіне көмектеседі, ішектегі пайдалы
бактериялардың көбеюіне әсер етеді.
/2 — метил -3 окси — 4,5 — диоксиметР-пиридин/
В6 витаминін судағы ерітіндіден фосфорлы-вольфрамды
қышқылмен тұнбаға түсіруге болады. Бұл
витаминнің ерітіндісіне қышқыл және
сілті қосып қайнатқанда да тұрақты келеді,
бұзылмайды. Тотықтырғыштар /сутегінің
асқын тотығы мен перманганат/ әсерінен
пиридоксин үйдің температурасында бұзыла
бастайды қышқылдармен В6 витамині тұз
түзеді. Пиридоксиннің үш түрі белгілі.
Олар: пиридоскол, пиридоксаль мен пиридоксамин,
бұлар бір-біріне ауыса алады және биологиялық
активті келеді.
В6 витаминнін табиғи заттардан бөліп
алу өте қиын, сондықтан ол химиялық-фармацевтикалық
заводтарда синтезделіп алынады. Бұл витаминді
төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
биосинтездей алады. Жарықта өскен өсімдіктерде,
қараңғыда өсірілген өсімдіктермен салыстырғанда
В6 витаминінің биосинтезі жақсы жүреді.
Сондай-ақ бұл витаминді ашытқы клеткалары
да синтездейді.
Пиридоксиннің туындылары — фосфопиридоксаль
мен фос-фопиридоскаль мен фосфопиридоксамин
амин қышқылдарының алмасуларына қатысатын
/аминотрансферазалар, амин қыш-қылдарының
декарбоксилазасы, кинурешнаминотран-сферазалар,
фосфорилазалар және т.б./. бірқатар ферменттердің
коферменттері болады. Пиридоксиннің
жеткіліксіздігінен көптеген амин қышқылдарының
айналасы бұзылады. Мысалы: триптофан,
метионин, цистин, глютамин қышқылдары
және т.б.
Организмде белокты, майлы және көмірсулы
айналыстардың қызметі бұзылғанда, оны
В6 витаминін беру арқылы жақсартады. Ересек
адамдарға В6 витамині орта есеппен күніне
2 мг шамасында керек болады.
Кобаламин /В2 витамині, антианемиялық/
XIX ғ. ортасында асқазанның сілемей қабаттарының
дертке шалдығатындығы мен қанда шамадан
тыс мөлшері жағынан едәуір жетілмеген
қызыл қан түйіршіктері кездесетіндігі
туралы анықталып, бұл ауруды пернициозды
анемия деп атады. Мұны жұқпалы аурулар
қатарына жатқызып көп уақытқа дейін емдеу
тәсіл табылмады.
1926 жылы осы қатерлі қан азаюына қарсы
адамдарға шикі бауырды бергенде, оның
қан құрамын жақсартуға пайдасы тигендігі
байқалды. 1948 жылы бауырдан структурасы
жағынан қан геминіне ұқсас, құрамында
кобальт бар, жаңа витамин кристалдық
түрде бөлініп алынады. Бұл құрамы жағынан
өте күрделі қосылыс В12 витамині немесе
цианкобаламин болатын. Ол дені сау адамның
асқазан сөлінде кездесетін, құрамында
11—12 % гексамині бар, мукопротеин — белогі
екен.
Пангам қышқылы /В15 витамині/
1950 жылы Томияма деген оқымысты ірі қараның
бауырынан В15 витаминін бөліп алды. Бір
жыл өткен соң Кребс бұл затты жылқының
бауырынан, күріштің кебегінен, ашытқыдан
және өріктің сүйегінің құрамынан анықтады.
Біраз жылдан соң пангам қышқылы сыра
ашытқысынан, көптеген өсімдіктер тұқымдары
мен жануарлар ткандері құрамынан да табылады.
Бұл витамин түрі табиғатта кеңінен таратылғандықтан,
оны пангам қышқылы деп атады /ол гректің
раntоthеn — барлық жерде кездеседі деген
сөзінен алынған/.
Аскорбин қышқылы /С витамині,
цингага қарсы/
1820 жылы Австралия дәрігері Крамер белгісіз
аурудың әсерінен адамның тістерінің
еті қанталап, түбі босап, тіс түсіп және
оңай жарақаттанғыш келетінін, тері экземасы
пайда болатынын, организмнің жұмысқа
деген қабілеті кеміп, тез шаршайтынын
кезінде жазып сипаттаған еді. Бұл аурумен,
әсіресе теңізшілер, жауынгерлер, жиһанкездер
ұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады екен.
Мысалы, Португалияның атақты теңізшісі
Васко да Гаманың Индияға бірінші саяхатында
100 адамнан, ал бір жылдай кейінгі екінші
саяхатында 160 теңізшісінің 150-нен айырылуының
себебі осы құрқұлақ ауруының салдарынан
екен.
XVI ғасырдың басында атақты Христофор
Колум Жаңа жерге
бара жатқан сапарында белгісіз аурумен
ауырып, хал үстінде жатқан бірнеше теңізшісін
кездескен бір аралда қалдырып кетеді.
Бірнеше айдан кейін қайтып оралып келе
жатқанда жаңағы «адам болмас» деп, күдер
үзіп қалдырып кеткен жолдастарының дендері
сау, күліп-ойнап алдарынан шыққанда таңғалып,
тамашаласқан екен. Сұрай келе олардың
жаңағы аралда жеуге жарайтын түрлі жас
өсімдіктер мен олардың жеміс-жидектерін
жеп айыққандары мәлім болды.
Адам тарихындағы ең бірінші дүние жүзілік
саяхат кешкен Магеланның үш кеме толы
теңізшілерінен Отаны Испанияға оралғанда
небары бірнеше ғана адам тірі қайтқаны
белгілі. Соның көпшілігі жолшыбай осы
құрқұлақ ауруынан қаза тапқан. Россия
ғылым академиясының атақты Сібір экспедициясын
басқарған Витус Берингте осы құрқұлақтан
қазатапты.
Бұдан бізге XX ғасырдың басына дейін бүкіл
дүние жүзінде құрқұлақ /цинга/ ауыруының
етек алып келгені белгілі болып отыр.
Кейіннен бұл аурудың себебі организмде
С витаминінің жеткіліксіздігінен екені
анықталды.
1907 жылы Хольст пен Фрейлих шошқаларын
құрамында жас жаңа шыққан көкөністері
жоқ — диетикалық тағамдармен қоректендіру
арқылы жоғарыда аталған ауыруды туғызып
байқады.
1921 жылы Н.Бессонов капустаның шырынынан
тотығу-тотықсыздандыру қасиетіне ие
және цингадан қорғайтын препарат алды.
1927—1928 жылдары венгр оқымыстысы Сент-Дьердьи
малдың бүйрек үсті безінен жаңа зат бөліп
алып, оның күшті тотықсыздандырғыш қасиеті
барлығын және химиялық табиғаты жағынан
гексурон қышқылы екендігін анықтады.
Бұл қосылыстың цинга ауруынан қорғайтындығын
аша отырып, оны аскорбин қышқылы /С витамині/
деп атады.
Р витамині /флавон, цитрин,
рутин/
1936 жылы венгр оқымыстысы Сент-Дъердьи
зерттеулерінің нәтижесінде өсімдіктер
өнімдерінде физиологиялық қасиеті жағынан
аскорбин қышқылына ұқсас заттар бар екенідігін
анықтап, оны Р витамині деп атады. Тағамдар
құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген
жағдайда адам организміндегі ұқсас әрі
өте жіңішке қан тамырлары – капиллярлардың
өткізгіштігі артып, денеге зиянды қан
құйылуы байқалады.
Егер осындай дертпен ауырған адамға құрамында
Р витамині жеткілікті цитрус өсімдіктері
өкілдерінің шырынын, не қызыл бұрыштың
экстрактысын бергенде капиллярлардың
өткізгіштің қабілетін қалпына келтірген.
Ал таза аскорбин қышқылын бергенде мұндай
өзгеріс байқалмаған.
Биотин /Н витамині/
XX ғасырдың басында түрлі жануарларға
жүргізілген тәжіри-белер нәтижесінде,
оларға белгілі бір фактордың жетіспейтіндігі
анықталды. Соның салдарынан адам мен
жануарлардың тері ауруы — дерматит, экзема,
серебрея дертіне шалдығатындығы белгілі
болды. Серебрея латынша /сербум – тері,
рео — бөлу, ағу/ деген мағынаны білдіреді.
Бұл Н витамині /биотин/ жетіспеуінен екен.
1942 жылы Дю Виньо деген зертеуші биотиннің
құрылысын тапты. Оның молекуласына көміртегі,
сутегі, оттегі, азот және олармен қоса
күкірт те енеді. Сондықтан да ол биотин
деген атқа ие болды.
Инозит
1895 жылы атақты орыс ғалымы В.И.Палладин
өсімдіктерден фосфор қышқылымен қосылысқан
алты атомды циклды спиртгі бөліп алды,
оны фитин қышқылы деп атады. Мұның биологиялық
ролі тек 1928 жылдан бастап зерттелінді.
Мысалы тышқандарды жасанды тамақпен,
оған сол кезде белгілі барлық витаминдерді
қосып берген де жануарлардың жүні түлеп
түсіп, бойларының өсуі де тоқталған. Ал,
оларға қоректің құрамына бауырдан жасалған
экстрактыны қосып бергенде, жоғарыдағыдай
өзгеріс байқалмаған яғни бауырдың құрамында
инозит витамині бар еді.
Витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері
Николай Иванович Лунин (1853- 1957)тапты. 1880
жылы Лунин тышқандарға тәжірибе жасаған.Тышқандардың
бір тобын сүтпен, екінші тобын сүтте болатын
қоректік заттардың жасанды қоспасымен
тамақтандырды. Біраз уақыттан кейін бірінші
тобы - ауырмайды, екінші тобы ауруға шалдыққан.
Сондай –ақ қабығынан тазартылған күрішті
пайдаланған елдерде бери-бери ауруы етек
алған.
Ал күріш қабығынан бөлініп алған кристалдық
заттың кішкене мөлшері ауруды жазған.
Мұны 1911 жылы К. Функ дәлелдеген. 1922 жылы
орыс дәріге Н.А.Бессонов қарағай бұтағы
мен лимоннан аскорбин қышқылын (С) бөліп
алды.
Қазіргі кезде витаминдердің 30-ға жуық
түрі бар. Витаминдер, әсіресе балалар
мен жасөспірімдер өсуі, дамуы үшін қажет.
Ағзаның түрлері ауруларға қарсы тұру
қабілетін арттырады. Витаминдер өсімдіктерді
және жануартекті тағамдар құрамында
кездеседі. Адамға тәулігіне 180-200мг витаминдер
керек.
Витаминдерді суда және майда ерігіштігіне
байланысты 2-ге жіктейді.
1.майда еритін витаминдер
2. суда еритін витаминдер.
Витаминдерді латынның бас әріптерімен
белгілейді.Мысалы:A, B, C, D т.б(электрондық
оқулық арқылы )
1.Майда еритін дәрумендер туралы ҚР Тамақтану
академиясының вице президенті әңгімелейді.
Майда еритін витаминдер( A, D, E, K)
А витаминдер ретинол - ағзаның өсуіне,
дамуына әсер етеді. Түрлі ауруға қарсы
тұру қабілетін арттырады. Көздің көргіштігін
жақсартады. Ол жетіспегенде тері құрғап
жарылады, адам түнде, іңірде «ақшам соқыр»
деп аталатын ауруға шалдығады. Ол сүтте,
бауырда, қызанақта, өрікте, асқабақта
болады. Оның ағзаға қажетті тәуліктік
мөлшері 2, 5-10, 5мг.
Д витаминдер кальциферол - адамның терісінде
күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен
пайда болады. Және де ұлпаның мықтылығына
әсер етеді. Бұл витамин жетіспегенде
жас сәбилерде мешел ауруы п.б. Бұндай
сәбилерде қаңқасы дұрыс қалыптаспайды.
Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен
сынып кетеді. Баланы бұл ауруға шалдықтырмау
үшін күн сәулесіне шығару қажет. Ол балықтың
уылдырығында, құс етінде, жұмыртқада
болады. Тәулігіне қажетті мөлшері 2, 5мг.
Е витаминдер токоферол – ағзаның зат
алмасу процесіне және көбеюіне әсер етеді.
Эротроциттер қабықшасының бұзылуынан
сақтайды. Ол жетіспегенде – қаңқа бұлшық
етінің бұзылуына, жыныс бездерінің әлсізденуіне
әкеліп соқтырады. Ол өсімдік майында,
жұмыртқада, көкөніс, ас жапырақтарында
болады. Оның ағзаға қажетті тәуліктік
мөлшері 10-20мг.
К витамині филлохинон – қанның дұрыс
ұюына әсер етеді. Ол жетіспегенде қан
ұйымайды. Ол ішекте болатын микроорганизмдерде
түзеді. Ол қырыққабатта, қызанақта, бауырда,
томатта кездеседі. Оның ағзаға қажетті
тәуліктік мөлшері 0, 2-0, 3мг К витамині
қажет.
2.Енді суда еритін витаминдер жайлы ҚР
Тамақтану академиясының президенті әңгімелейді.
Суда еритін витаминдер:
С витамині ( аскорбин қышқылы )- ағзаның
жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін
арттырады. Сүйекке, тіске беріктік қасиет
береді. Ол биологиялық тотығу кезінде
зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол
жетіспесе адам құрқұлақ ауруына ұшырайды,
тіс түбі қанайды. Ол бұрышта, аскөкте,
көкжуа, қызанақ, қырыққабат, картоп, лимон,
құлпынай, итмұрында болады. Тәуліктік
мөлшер 60-100мг
В витамині (тиамин)- зат алмасуға қатысады.
Ас қорыту мүшелерінің сөл бөлуін арттырады.
Жүректің жұмысын жақсартады.Ол жетіспесе
бери-бери ауруына ұшырайды. Соның әсерінен
жүрек, асқазан жұмысы бұзылады. Ол бауырда,
бүйректе, етте, сүтте болады.
В2 витамині (рибофлавин )- ұрықтың және
баланың өсуіне, дамуына әсерін тигізеді.
Ол жетпесе көздің мөлдір қабықшасы қабынып,
катаракта ауруы п.б. Ол бауырда, етте,
сүтте, жұмыртқада, бұршақта болады.
В5 витамині (пантотен) май қышқылдарын,
бүйрек безінің гормондарын түзу үшін
қажет. Ол жетіспегенде адам әлсізденіп,
тез шаршайды, басы айналады, терісі жырылады.
Ауыздың шырышты қабықшасы бұзылып, жүйке
ауруына ұшырайды. Ол бидайда, бұршақта,
картоп, бауыр, жұмыртқа, теңіз балықтарында
болады.
В6 витамині (пиридоксин) нәруыздың алмасуына,
ферменттердің түзілуіне қатысады. Аминқышқылдарының
алмасуын реттейді. Ол жетіспегенде қояншық,
селкілдеуік, қаназдық ауруы п.б. Ол бидайда,
бұршақта, сырда, сиыр етінде, бауырда,
теңіз балықтарында болады. Тәуліктік
мөлшері 2, 3мг.
В12 витамині (цианкобаламин) қанның түзілуі
үшін қажет. Жүйке ұлпасының өсуін реттеуге
қатысады. Ол жетіспесе қаназдық ауруына
шалдығады. Ол бауырда, бүйректе болады.
Тәуліктік мөлшері 2-3мг.
РР витамині (никотин қышқылы) ішек-қарын
қызметіне әсер етеді.Ол жетіспесе адам
өзін дәрменсіз сезінеді. РР витамині
жасушаның тыныс алуына, бауырдың қызметіне
әсер етеді.Теріде көпіршіктер мен дақтар
п.б. Адам пеллагра ауруына шалдығады.
РР витамині бауырда, жұмыртқада, қара
нанда, жаңғақта болады. Тәуліктік мөлшері
15-25мг.
Тамақтарда витаминнің сақталуы және
авитаминоз, гипервитаминоз аурулары
туралы ҚР Десаулық сақтау министрі әңгімелейді
Тамақты сақтағанда және өңдегенде витаминдер
бұзылады.С витамині бұзылмай сақталуы
үшін – жемістер мен көкіністердің қабығы
өте жұқа етіп аршу қажет.Витаминдер ағзада
жетіспегенде авитаминоз ауруы п.б. Авитаминоз
кезінде ағзада зат алмасу бұзвлады.Витаминдерді
шектен тыс пайдалану ағзаға өте зиян
.Бұл кезде ағзада улану п.б. Бұл улануды
гипервитаминоз д.а. Сондықтан витаминдермен
егілу немесе ішу тек дәрігердің кеңесімен
ғана пайдалану қажет. «Ас жүрген жерде
ауру жүрмейді» дейді халық. Сондықтан
да адам ішкен тамағына көп көңіл бөлуі
қажет. Сонымен витаминдер нәр десе нәр,
жан десе жан беретін дәнекерлер.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .
I.ВИТАМИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК .
1.1 Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы .
II ВИТАМИН ТҮРЛЕРІ .
ҚОРЫТЫНДЫ .
ӘДЕБИЕТТЕР .
ӘДЕБИЕТТЕР
1.К.С.Сағатов. Биохимия. - Алматы: «Білім», 2007
2.К.С.Сағатов.Биологиялық химия. – Алматы: «Ғылым» баспасы, 2002
3.Н.К.Шоқанов. Микробиология. – Алматы: «Санат», 1997
4.Н.К. Шоқанов. Микробиология.
Информация о работе Витаминдер (Дәрумендер ) — денсаулық тірегі