Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:33, творческая работа
Работа содержит презентацию по дисциплине "Биология"
Витаминдер (дәрумендер)
Жоспар
Кіріспе
әр түрлі, организмдерде аз
мөлшерде кездесетін, өмір сүруге
өте қажетті, жеке, немесе
құрылымы күрделі заттардың
құрамына еніп, каталитикалық
және реттеушілік қызмет атқаратын
төменгі молекулалы активті органикалық қосылыстар.
Витаминдердің топтары мен
түрлері
Майда еритіндерге А (ретинол), Д (кальциферол), Е (токоферол), К (филлохинон) витаминдері жатады.
Суда еритін витаминдерге С (аскорбин қышқылы ), РР (ниацин) және В тобындағы барлық витаминдер жатады
Майда еритін витаминдер
дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға
қарсы тұра алу әрекетін арттырады.
Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.
Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен
түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен
Бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының
мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы Д витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде Д витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. Д витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. Д витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.
жыныс бездерінің қызметін жақсартады.
Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен
жүгері түқымдарының және көкөністің
құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың
бауырында, жұмыртқала, сүттің құрамында бар.
қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде
(жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ.
Суда еритін витаминдер
Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін
арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді.
С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
Адам ағзасына витаминдердің бір күндік қажетті мөлшері
Қорытынды
Витаминдер адам ағзасына күнделікті тұтынатын тағамдардан беріледі. Витамин жетіспеушілігі – құнарсыз тағамдармен тамақтанудан туындайды.
Витаминдер– ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминдердерсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминдерді алып отырады.
Қолданылған әдебиеттер