Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:04, реферат
Адам өлтіру қылмыстық кодексі 96 бабында; жаңа тұған сәбиді анасының өлтіруі бұл қылмыстың кодексінің 97 бабында; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру қылмыстық кодексінің 98 бабында; қажетті қорғаныс шегінің шығу кезінде жасалған кісі өлтіру қылмыстық кодексі 99 бабында; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды шығу кезінде жасалған кісі өлтіру қылмыстық кодексі 100 бабында; абайсызда кісі өлтіру 101 бабында; өзін өзі өлтіру дейін жеткізу қылмыстық кодексі 102 бабында байланысты.
Сонғы жылдары
Қазақстанның құқық қорғау органдары
өте жақсы қаруланған. Бес аспап
қылмыстық құрамалармен күресуде ,
олардың кейбіреулерінің
Пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен , қорқытып алушылықпен не бандитизіммен ұштасқан адам өлтіру Қылмыстық Кодекстің 96- бабының 2-бөлімінің З тармағы. Материалдық пайданы заңсыз жолмен алу мақсатында адам өлтіру-пайда табу мақсатында адам өлтіру деп саналады,оған бәсекелесті жою, мүліктік құқықтарды иемдену, материалдық шығындардан құтылу, сондай-ақ жалданып, яғни тапсырыспен адам өлтіргені үшін ақы алу.
Көздеген пайданы адамды өлтіргеннен кейін алу міндетті емес , ең бастысы қастандық жасаған кезде бас пайданы көздегендік анықталуы тиіс.
Адам өлтірудің мұндай түріне жәбірленушіні, оның жоғары лауазымды қызметін алу үшін өлтіруде жатады.
Бұл құрамның міндетті элементі –пайда табудың себеп болуы. Е. М Өсербековтың анықтамасы бойынша,пайда табу – кез келген жолмен материалдық пайда табуға ұмтылу. Пайда табу мақсатында адам өлтірудің тәсілдері әрқилы :белсенді әрекет жасап тікелей шабуыл жасаудан уландыруға дейін немесе ешқандай әрекет жасамай өл-тіруге дейін болады.
Егер қасақана өлтірудің себебі пайда табу болмаса , онда жәбірленуші өлгеннен кейін оның мүлкін иемденуге бағытталған айыпкердің әрекетін Қылмыстық кодекстің бөтеннің меншігіне қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген бабы бойынша, ал адам өлтіруді саралаушы нышандарына қарай Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігі бойынша немесе 2-бөлігінің тиісті тармақтары бойынша саралау керек.
Мысалы айтқанда борышты төлемегені үшін жәбірленушіні өлтіргенде айыпты адам бұл қылмысты пайда табу үшін жасады деп қарастыруға болмайды, себебі мұндай жолмен борыштың қайтпайтының немесе материалдық пайда түспейтінін айыпкер біледі .
Мұнда адам өлтірудің негізінде пайда табу емес, өш алу жатыр, сондықтан оны ҚК 96-бабының 2-бөлігінің З тармағымен саралау дұрыс емес.
Мұндай жағдайда саралау ҚК 96-бабының 1-бөлігі бойынша және ҚК 327-бабы бойынша жасалынады. Жалданып адам өлтіруге тән ерекшелік және оның міндетті нышаны сол, бұл қылмысқа қатысушылар өзара рөл бөліседі . Тапсырушы қылмысты ұйымдастырушы немесе қылмысқа айдап салушы болады. Бұл жағдайда қылмыс жасауға тек эканомикалық қана емес , саяси да себептер ұйытқы болады . Басты мақсат бәсекелестің көзін жою . Қылмыстық мақсатты ақыға орындайтын адам орындаушы болып саналады.
Сонымен тапсырыспен адам өлтірудің ұйымдатырушысы немесе оған айдап салушы , өзінде пайда табу ниет болмаса да, пайда табу мақсатында адам өлтіруге қатысушылар болып саналады. Мысалы, олардың әрекетіне қызғаныш , кек тағы басқа себеп болуы мумкін. Қылмысты орындаушының әрекетінде пайда табу ниетінің болғандығы міндетті түрде анықталуға тиіс.
Егер тапсырыс бойынша адам өлтіргенде орындаушы бас пайданы көздемесе, онда басқа бір себептер болса ,аяушылық, жаны ашығандық , бұл жағдайда тапсырыс беруші мен орындаушының іс әрекетін ҚК 96-бабы 3-бөлігінің З тармағы бойынша саралауға болмайды.
Мысалы айта келсек әйел өзінің көнілдесіне күйеуіне өлтіртеді, себебі күйеуі оны ылғи ұрып соғады.
Қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен немесе бандитизммен ұштасқан адам өлтірушілік : қосымша дәрежелеуді қажет етпейді. Меншікті қорғау кезінде адам меншікті ұрлау, тонау немесе қорқытып алу кезінде ,қылмыс үстінде ұсталса не меншікке қарсы қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше уақыт өткен соң адам өлтірушілік болса , ол өш алу мақсатында адам өлтірушілік болса , ол өш алу мақсатында адам өлтіргендік болып қарастырылады.
Бұзақылық ниетпен жасалған қылмысты мақсатты анықтау қиын. Көбіне мұндай қылмыстар ешқандай себепсіз жасалынады. Бұзақылыққа барған адамдардың басым көпшілігі 90%-ке дейін сол кезде мас күйде болған. Бірақ мас күйде болу бұзақылық ниетпен адам өлтіруге дәлел бола алмайды.
Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу сияқты бұзақылықтың негізгі нышаны болмаса да, басқаның өмірін заңды бұза отырып қию, бұзақылық ниетпен адам өлтіру болып сараланбайды. Жәбірленуші бастаған жаңжалдың, төбелестің нәтижесінде ол өзі өлсе, бұл жағдайда да қылмыс бұзақылық ниетпен адам өлтіргендікке жатпайды.
Сот тергеу практикасында кездесетін ерекше қиыншылық — бұзақылық ниетпен адам өлтіруді жауаптылық ҚК 96-бабының 1 бөлігінде қарастырылған төбелес кезіндегі адам өлтіруден ажырату. Мұндай жағдайларда қылмыстық істегі мән жайларды мұқият тексеру керек: төбелесті кім шығарған, онда адам өлтіру мақсаты болдыма, сондай-ақ айыпкер әрекетінің субьективтік жағын мұқият талдау қажет. Қоғамдық орында, басқа адамдардың көзінше қызғаныш ,өш алу себептермен немесе басқадай өзара жеке қатынастан туындайтын себептермен өлтіру , бұзақылық ниетпен адам өлтіру ретінде қарастырылуы тиіс емес.
Атылатын қаруды, газ қаруын, пышақ ,кастет немесе басқадай суық қару не басқалардың өміріне , деңсаулығына нақты қауіп төндіретін өзге заттарды қолдану, егер айыпкердің адам өлтіруге ниет болмаса ҚК 257-бабының 3-бөлігі бойынша саралануға жатады. Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру .ҚК 96-бабының 2-бөлігі К тармағында адам өлтірудің өзінше бөлек екі түрі үшін жауаптылық көзделген:
1. басқа қылмысты
жасыру немесе оны жасауды
жеңілдету мақсатында адам
2. зорлауға немесе
жыныстық қатынас сипатындағы
күш қолдану әрекеттерімен
Қылмыстың бірінші түрі бойынша жауапкершілік бұрын жасалған қылмысты жасыру немесе айыпкер өзінің алдында жасалатын қылмысын женілдету мақсатында адам өлтіруді айыпкер сол бастапқы ойластырған қылмысын жасағанға дейін немесе қылмысты жасау барысында жүзеге асырады.
Егер кінәлі қылмыс жасауды жеңілдету немесе жасалған қылмысты жасыру мақсатында өзінің қоғамдық немесе қызметтік борышын өтеп жүрген адамды қасақана өлтірсе , онда оның іс-әрекеті ҚК 96-бабының 2 бөлігі Б және К тармақтары бойынша сараланады.
Әйел зорлаумен ұштасқан қасақана адам өлтіру дегеніміз-кінәлінің әйелді зорлау кзінде немесе соған ниет қылған кезде жәбірленушінің қарсылығын жаншып немесе садистік сезіммен оны өлтіру.
Мұндай әрекеттер Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігі К тармағы және 120-баптың немесе 121-баптың тиісті бөлігі бойынша саралануға тиіс,себебі бұл жағдайда кінәлі екі объектіге қастандық жасайды-жәбірленушінің өміріне және оның жыныстық бостандығына-ол екеуі өзінше екі бөлек әрекет қылмыстың бұл түрінің құрбандары жәбірленушінің өзі де, оған көмектесуге әрекет жасаған басқа адамдар да болуы мүмкін.Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігнің К тармағы бойынша саралау үшін адам өлтірудің зорлау кезінде немесе сол үшін күш қолданып әрекет жасау кезінде немесе сондай әрекеттерден кейін іле-шала болғандығын анықтау қажет. Зорлағаннан кейін немесе жыныстық қатынас жасау мақсатында күш қолданғаннан кейін сол қылмыстың ізін жасыру үшін жәбірленушінің белгілі бір уақыт өткен соң өлтірген адамның іс-әрекетін,сол қылмыстың жасалу мән-жайына Қылмыстық кодекстің 96-121 бабтар бойынша саралау керек.
Өлтірген және зорланған бір адам немесе әртүрлі адам болуы мүмкін.Мысалы айтсақ әйелді топтасып зорлағанда,солардың біреуі оны өлтіреді.Жаңағы адам Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі бойынша,ал басқалары Қылмыстық кодекстің 20-бабы бойынша жауапталады.
Жыныстық қатынаспен байланысты адам өлтіруге баратын маньяктар қоғам үшін өте қауіпті.Олар біріне-бірі ұқсас коптеген қылмысқа барады.
Бұл жерде адам өлтіргіш маньяк Қалиевті айта кетуге болады.1979 жылдың қаңтар айынан 1980 жылдың желтоқсан айы аралығында жыныстық қатынасқа байланысты 8-ші әйелді айуандықпен өлтірген,ал 9-сын өзімен бірге қызметтес басқа қасақана жасалған қылмыстың ізін жасыру үшін абайсызда өлтіргендік кейіп танытқан. Таныстары да, көршілері де оның бойынан оғаш қылық көрсететіндей мінез байқамаған,әйелдерге ұнайтын болған. Ал,бірақ,оның шындығында кім екендігін тергеу барысындағы сөзінен байқауға болады: қорыныш ішінде Жұмабаевамен, оның өз келісімімен, әрқилы жыныс қатынасын жасадым.Оған онша көңілім толмады. Сондықтан оны ұра бастадым. Маған әйелдерді ұрған ұнайды, олардың түрі өзгереді, жанына батқан тыжырынады. Жыныстық қатынас жасап жатып мен Жұмабаеваны тұншықтырдым. Сол қораның ішінде оның өлі денесін мүше-мүше қылып бөліп, бөшкеге салып тұздадым. Сол етпен тамақтандым.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады.Зорлаған кезде жәбірленушіні абайсызда өлтіру Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігінің А) тармағы бойынша сараланады.
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігінің Л тармағы. Қазақстан азаматтарының конститутциялық құқықтарын сақтаудың кепілдіктерінің бір ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық себептері бойынша жасалған қылмыстық іс-әрекеттер үшін жауаптылықтың күшейгендігі.
Мұндай себептермен адам өлтіргенде кінәлі белгілі бір ұлтқа, нәсілге, қандай да бір дінге немесе конфессияға жатқандықтан жәбірленушінің толыққанды адам еместігін көрсеткісі келеді.Екінші жағынан өз ұлтының, нәсілінің немесе діни конфессисиясының ерекшелігін көрсетеді. Қылмыстық мақсатқа әр түрлі іс -әрекеттер жатады: ұлтаралық өшпенділікті өршітуден бастап дінді ұстамағандық үшін кек алуға дейін. Кінәлі жәбірленушіні оның басқа ұлтқа , нәсілге жатқандығы немесе өзге дінді ұстағаны үшін өлтіреді.Қымыстық кодекстің 96-баптың 2 -бөлігінің Л тармағыбойынша аита кететің болсақ.
Жәбірленушінің мүшелерін немесе тілін пайдалану мақсатында жасалған адамды өлтіру.
Медицина саласындағы ғылыми – техникалық прогрестің нәтижесінде бір адамның мүшелерімен тінін басқа адамға отырғызу , донорлық материалдарға сұраным көбейді , олардың құны да жоғары.
Бұл жағдайда адамның мүшелері мен сату мақсатында адам өлтіруге итермелеуі мүмкін . Мұндай қылмысты жасаудағы негізгі себеп–бас пайда, бірақ кейде ізгілікті ниет те болуы мүмкін,Қылмыстық кодекстің 35-бабындағы орынды тәуекелдің нышандары жоқ, оған мысалы ,жақын адамның өмірін сақтап қалу мақсаты жатады.
Бұл тармақта, адам өлтірудегі мақсат –оның мүшелері мен тінін пайдалану деп көрсетілген .Бірақ мұны , адам мүшелері мен тінін медициналық мақсатта ғана пайдалану деп түсінбеу керек.Каннибализім, жыныстық фетишизм және басқадай да жағдайлардың болуы ықтимал.
Егер бұрын адам өлтіргені немесе өлтіруге оқталғаны үшін,сондай-ақ адам өлтіруге қатысып,бірақ сотталмаған болса,онда мұндай іс-әрекет,96-баптың 2-бөлігінің Н тармағы бойынша саралануға жатады.
Егер айыпкер бұрын әр кездері екі мәрте,ауырлататын мән-жайларды адам өлтіруге оқталса және оның ешқайсысы үшін сотталмаса,онда екінші іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігіне сілтеме жасалып 96-бабтың 2-бөлігінің Н тармағы бойынша саралануға тиіс.
Адам бұрын кісі өлтірген деп саналады,егер ол Қылмыстық кодекстің 96-167 және 340-баптарында көзделген кісі өлтіруді жасаса;осы аталған қылмыстардың біреуін жасауға оқталса;оларды жасауға қатысса.
Адам өлтірудің жеңілдетілген түрлері
Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі, жаңа қылмыстық кодексте заң шығарушы анасының өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде сол сияқты одан кейінгі кезенде психикасын бұзатын жағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтіруі өзінше бапқа бөлектеуді қажет деп санады.
Яғни адам өлтірудің
бұл түрі бұрын жай өлтіру ретінде,жеңілдететін
және ауырлататын мән-жайларсыз
сараланып келеді.Бұл
Жүктілік, көбіне қажетсіз, және физиологиялық туу әйел психикасын теріс әсер етуі мүмкін.Босанған әйелдің бұл қылмыстық әрекеті жасаған кездегі патологиялық жағдайы оны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарауға негіз болады.
Жәбірленуші, бұл жерде жаңа туған сәби, сот медицинасында ол физиологиялық туудан бастап адам санатына кіреді.
Қылмыстың объективтік жағы жаңа туған сәбиді өлтіру сияқты заңға қайшы әрекетпен сипатталады. Бұл қылмыс белсенді әрекетпен де,әрекетсіздікпен де жүзеге асыруы мүмкін.
Мысалы айтсақ баланы тамақтандырмау. Егер анасы сәбиін туып жатқан кезде немесе босануға байланысты немесе басқадай себептермен әке баладан бас тарту,баланың некесіз туу тұрмыс нашарлығы баспананың жоқтығы,тағы басқа психикасының бұзылуы ықтимал алғашқы бір тәулік ішінде,патологиялық жағдайда өлтірсе бұл жеңілдететін мән-жай болуы мүмкін.Баланы анадан бөлініп шығып өзінше өмір сүре бастағанда өлтіруді және оны ана құрсағынан шықпай жатып бала сыртқа шыққанша оның басынан ұру арқылы,өлтіруде бала өлтіргендік болып танылады.Егер өлі балаға өмірге қауіпті соққы барсе,онда бұл жарамсыз объектіге оқталғандық деп саналады.Бұл әрекет жаңағы Қылмыстық кодекстің 24-бабына сілтеме жасалынып 97-бап бойынша сараланады.
Жан күйзелісі
жағдайында адам өлтіру. Жәбірленушінің
күш қолдануынан, қорлуынан немесе
ауыр балағаттауынан өзге де заңға
қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен,
Жәбірленішіні өз өліміне өзі себепкер болады,кінәлі де кенет пайда болған күшті жан күйзелісі физиологиялық аффект,оның өз әрекетін бақылау және оған басшылық жасау қабілетін төмендетеді.
Информация о работе Адам өлтіру: жай және ауырлатылған түрлері