Лизинг инвестицияларды орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 10:31, курсовая работа

Краткое описание

Қосымша құн салығы алғашқы рет 1954 жылы Францияда енгізілген, содан кейін бүкіл Европада қолданыла бастады. Қосымша құн салығы «европалық салық» деп аталатын себебі европалық одаққа кіру үшін әр мемлекет оны енгізуі шарт. Бүгінгі күні қосымша құн салығы 40-тан астам елдерде қолданылады. Олардың көпшілігінде қосымша құн салығының мазмұны мен бюджетке алу тәртібі бірдей деуге болады. Ал, айырмашылығы тек қосымша құн салығын анықтау тәсілінде және салық ставкалары мен жеңілдіктердің әртүрлі болуында.

Оглавление

КІРІСПЕ ___________________________________________________________3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ РОЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі _________________________________________________________5
1.2 Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау _____9
2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн салығының маңызы мен ролін талдау_____________________________________________13
2.2 Шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі ерекшеліктерін бағалау____________________________________________________________17
3 ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН НАРЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму бағыты____________________________________________________________21
3.2 Қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру шаралары _________________________________________________________25
ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ___

Файлы: 1 файл

Дауран.doc

— 274.50 Кб (Скачать)
ign="justify">      Салық төлеуші, егер тоқсан үшін есепті көрсеткіштерді және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне тоқсан сайын орташа айлық төлем 1000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болса, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша декларацияны тіркеу орны бойынша салық органдарына береді.

      Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін оны сату кезінде шикізатты шығарушы Қазақстан Республикасының резиденттері мынадай тәртіпте есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлейді.

      Шикізатты шығарушылар қосылған құн салығын  есептеместен алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін оны сатуды жүзеге асырады және "есепке алу әдісіне сәйкес ҚҚС-сыз" шот-фактураны сатып алушыға береді.

      Қосылған  құн салығы бойынша декларацияда алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін шикізатты  сату жүргізілген есепті кезең үшін шығарушы осындай шикізаттың құнын жеке жолда көрсетеді және есепке алуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есеп айырысуы кезінде салық салынатын айналымға енгізбейді.

      Сатып алушыда шикізат қосылған құн  салығынсыз шот-фактурада жеткізуші  көрсеткен құн бойынша ескеріледі. Ұқсату өнімдерін сату кезінде салық салынатын айналым нақты қалыптасқан шығыстардан төмен емес құнға орай айқындалады.

      Алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін арналған шикізат  деп қандай да бір өңдеуге және бұрын өнеркәсіптік ұқсатуға ұшырамаған және де оның негізін құрай отырып дайындалатын өнімнің кұрамына кіретін шикізат тауарлары түсініледі.

Экспортқа тауарларды өткізуге, Ресей Федерациясына  экспорттауды қоспағанда және тауарларды Қазақстан Республикасына экспорттау кезінде қосылған құнға салынған салық ескерілген бағаны қолданатын мемлекеттерге тауарларды экспорттау жағдайларын есептемегенде, нөлдік ставка бойынша салық салынады.

      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан  тауарлар әкету тауарлар экспорты болып  табылады.

            Нөлдік ставка бойынша салық салу дегеніміз қосылған құнга есептелген салық сомасының мөлшерін нөл процентке теңестіру болып табылады. Тауарларын нөлдік ставка бойынша сататын салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметінде пайдаланатын тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алған, жұмыс пен 
қызмет көрсету бойынша салық сомасына есептеуге қүқылы.

            Нөлдік ставка бойынша  салық салынатын айналымдар бойынша  салық төлеушілерге кәсіпкерлік  қызметінде пайдаланатын тауарлық-материалдық  құндылықтарды сатып алған, жұмыс  пен қызмет көрсету бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасы бюджеттен Салық кодексіне сәйкес қайтарылады.

            Тауарлар экспортын  растау болып:

     1) экспортталатын тауарларды жеткізу келісім-шарты;

     2) тауар шығаруды экспорт режимінде жүзеге асырған кеден органының және қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан сырт жерлерден әкелінген тауарлар өткізілетін жіберу пункті бар кеден органының белгісі соғылған кедендік жүк декларациясытабылады.

      Магистральдық құбыр арнасы жүйесі бойыыша немесе электр беру желісімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімдерін қолдана отырып, экспортталатын тауарларды жүзеге асыру кезінде, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгісі соғылған толық жүк кеден декларациясы көрсетіледі;

      3) Қазақстан Республикасының және тауар жүріп өтетін транзит мемлекеттерінің шекаралық кеден органдарының белгісі соғылған немесе тауарға ілесіп жүретін құжаттардың көшірмесі тауар экспортын растайтын құжаттар болып табылады. Тауарлар экспорты қандай көлік түрін пайдалана отырып тасымалдағанына байланысты, ондай құжаттар коносамент немесе оның көшірмесі, халықаралық жүргізу көлігімен халықаралық тауар тасу жүк құжаттамасы, халықаралық әуе жүк құжаттамасы немесе теміржол жүк құжаттамасы болып табылады.

      Ал  тұрба жүргізу көлігімен немесе электр беру желісімен тауарлардың экспорты жағдайында — тауарларға ілесіп жүретін құжаттардың көшірмесінің орнына тауарларды қабылдап алу-беру актісі табыс етіледі;

      4) салық органдары қажет жағдайда  Қазақстан Республикасының кеден  органдарымен экспорт режиміне сәйкес ресімделген жүк кеден декларациясында көрсетілген тауарлардың нысаналы елдердің органдарына еркін айналыс үшін Қазақстан Республикасының аумағынан шығару режимінде экспортталғанын тауарлардың кедендік ресімдеулерінің өндіру фактісін растау жөнінде өтініш жасай алады.

      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан  бұрын тысқары әкетілген тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату немесе оларды ұқсату өнімдерінің режимінде  одан әрі экспорттау жүзеге асырылған  жағдайда, мұндай тауарлардың немесе ұқсату өнімдерінің құны нөлдік ставка бойынша салық салынатын сату айналымына қосылады.

      Бұл жағдайда нөлдік ставканы қолданудың негізі болып тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органына мынадай  құжаттар тапсырылады:

  1. экспортталатын ұқсату өнімдерін немесе тауарларды жеткізу жөніндегі шетелдік тұлғамен жасасқан келісім-шарт, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасы аумағы шегінен тысқарыға ұқсату келісім-шарты;
  2. кеден аумағынан тысқарыда ұқсатылған тауарлар режимінде ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясы немесе оның көшірмесі;
  3. кеден аумағында ұқсатылған тауарлар режимінде шетел аумағында жүзеге асырған алыс-беріс шикізатын ұқсатуға әкелу кезінде ресімделген кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясының көшірмесі;
  4. экспорт режимінде ұқсатуға әкелінген тауарлар мен өнімдерді қайта ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясы;
  5. егер лицензия  аумағында тауар ұқсату жүзеге асырылатын мемлекеттің зандарына сәйкес міндетті болса, тауарларды ұқсату режимінде кедендік ресімдеуді жүзеге асырушы кеден органы растаған тауар ұқсату лицензиясының көшірмесі;
  6. мемлекет аумағына ұқсатуға мемлекет аумағынан 
    оларды ұқсату тауарларды немесе өнімдерді әкелу кезінде экспорт режимінде ресімделген кеден жүк декларациясының көшірмесі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес және осындай ресімдеу кеден органымен расталған тауарлар экспортына нөлдік ставка бойынша салық салынады. Экспорттық кеден декларациясында алыс-беріс тауарларын ұқсатуға әкелу кезінде ресімделген бұрынғы кеден декларациясының нөмірі 
    көрсетілуі тиіс;

     7) оның аумағына ұқсатуга тауар әкетілген мемлекеттің кеден органдарының белгілерімен тауардың нысаналы мемлекет шекарасына тауардың немесе оны ұқсату өнімін, сондай-ақ олардың аумағында тауар немесе оны ұқсату өнімі өтетін транзит мемлекеттерінің өтуін растайтын тауар ілеспе құжаттарының көшірмелері.

      Төуелсіз  Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлардың экспорты жағдайында растайтын құжаттар болып  экспорт режимінде Қазақстан  Республикасының кеден аумағынан әкетілген тауарлардың импорты елінде ресімделген жүк кеден декларациясының көшірмесі болып табылады.

      Ресей Федерациясына тауарлар экспортына Салық кодексінде  
көзделген ставкалар бойынша қосылған құн салығы 
салынады.

      Жолаушылардың, тауарлардың, жануарлардың, жүктің және почтаның халықаралық тасымалына нөлдік ставка бойынша тауарлардың   экспортына қосылган құн салығын салуды көздейтін 
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарды жасамаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер жүзеге асыратын тасымалдардан басқа нөлдік ставка бойынша са- 
лық салынады.

      Халықаралық тасымалдар деп Қазақстан Республикасының  аумағынан басқа мемлекеттердің аумағына тауарларды, жолаушыларды, жүкті, почтаны, жануарларды, сондай-ақ транзитті тасымалдау түсініледі.

        Тауарларды халықаралық тасымалдауды  жузеге асыру кезінде салықтың  нөлдік ставкасы мынадай негіздерде  қолданылдады:

  1. оларды жеткізушілермен тікелей жасалған экспортталатын тауарларды тасымалдауға шарт;
  2. тасымалды біртұтас халықаралық тасымал құжаттарымен тауардың жүріп өтетін бүкіл маршрутын ресімдеу.

     Салық кодексіне сәйкес басқа жагдайларда  салық салынатын айналым мөлшеріне 15 процентке тең ставкамен  салық  салынады.

      Қосылған  құн салығын төлеуші декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.

          Импортталған тауарлар бойынша қосымша құн салығы кеден  заңдарында белгіленген күні төленеді. Ал,  Ақтөбе облысының мемлекет қазынысына түсетін салық мөлшері  жыл сайын өсіп келеді.  2004 жылы бұл көрсеткіш 75,7 млрд.тенге болса, 2005 жылы 95,1 миллиардқа жетті. 2006 жылы екі есеге жуық өсіп, 154 млрд тенге шамасында болса, 2007жылы 187млрд болды.Облыста атқаратын қыруар шаруа әлуметтік –экокномикалық бағыттағы ірі бағдарламалар осы салық түсіміне қарай атқарылады. Ел бюджеті «тарихта бұрын-сонды болмаған «әлеуметтік бюджет»деп бағаланып жатқанда «Одан көретін игілігіміз қандай?, Салық тек табиғи ресурстарды игеруге ғана тәуелді ме?

    Облыс бюджетінің жыл сайын өсуі – экономиканың жақсаруынан сондай-ақ салық саясатын халықтың тұрмыс тіршілігіне қарай тиімді жүргізуден.Бұл-салыққа қатысты ақпараттық жүйені енгізуден, салық инспекторларының кәсіби шеберліктерінің өсуінен. Осының барлығы салық түсімін жіті қадағалауға,кейбірулердің салық төлеуден жалтаруына жол бермеуге сеп. Әрине облыс бюджетінің толығуы ең әуелі осы өңірде жұмыс жасапжатқан табиғи байлықты игерушілерге тікелей қатысты. Олардың үлесі басым. Мұнай бағасы өсіп тұр. Дегенмен салықтың түсімі-әуелі біздің жұмысымыздың нәтижесі. Салық – кейбір фирмалар мен компаниялар үшін орасан зор қаржы. Мұндай қаржы жүрген әр түрлі қулықтар болатыны аян. Оларды әшкерлеудің жолы көп. Салық есебінде ізі жоқ кәсіпорындардың құжаттары есепке алынбайды. Кәсіпорындар тоқсандық есептерін тапсырғаннан кейін,салық органдары да өз есебін шығарады. Салықтан жалтару-қылмыстың үлкені. Салық түсімі молырақ болған сайын,мемлекеттің де әлеуметтік бағдарламаларды шешуге мүмкіндігі молаяды. Егер кәсіпорын салық органына тіркелмесе,банктен несие ала алмайды,зейнетақы қорына да түсімі азаяды. Заң жалпыға ортақ. Ол қоғамды жікке бөлмейді және біреулерге басымдылық бермейді.Заң бұзушылық көбіне салық төлеушінің заңды білмеуінен туындайды. Жыл сайын салық кодексіне енетін өзгерістер мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып тұрады.Соларды қадағалап отырған жөн. Заңдарға толықтырулар мен  өзгертулерді Парламент енгізеді. Салық заңнамаларына өзгертулер жылына бір-ақ рет енгізіліп, келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.

    Салық салу жүйесінде, ең әуелі салық алынатын мүмкіндіктер тегіс есептеліп, жыл бойы қанша салық жиналатыны                                                                                                                                      жоспарланып, бұл болжам бюджет негізі болып алынады. Облыстық салық комитеті салық төлеушілерге көрсетілген қызмет түрлерін кеңейткен. Мұнда салық есебін қабылдау және өңдеу орталықтары жұмыс істейді. Адамдарға «бір терезе» жүйесімен қызмет көрсетіледі. Салық есептерін электронды жүйемен қабылдау жүзеге асырылған. Тұтынушыларға қажетті құжаттар беруде жаңа ақпаратты жүйе енгізілген. Салықшылар салық кодексіндегі өзгерістер туралы мерзімді баспасөз беттерінде түсініктер беріп тұрады.  

    3.2 Қосылған құн салығын  шетелдік тәжірибемен  салыстыра отырып  жетілдіру шаралары

      

        Салық механизмінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Салық заңдарының тұрақтылығы принципін заң тәртібімен бекіту қажет,өйткені салық заңдарына өзгерістрді жиі енгізу елдегі экономикалық ортаға теріс ықпал етеді.

    Қаржы-банк жүйесінің, экономиканың аграрлық секторының нығаюына қарай, Салық кодекісінің жаңа редакциясын қабылдау қажет.

    Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің нығаюына және өсу мүмкіндіктеріне орай халықың  өз күнін өзі көру және экономиканың жекелеген секторларына салық жеңілдіктерін,сондай-ақ экономиканың тиімсіз, бірақ үлкен әлуметтік маңызы бар секторларын мемлекеттің тікелей қолдауының рөлін күшейту саясатына көшу қажет.

    Бюджетке  салық түсімінің ІЖӨ-нің 30% деңгейіне  дейін өсуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджетке салық түсімінің өсуі салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту және салық заңдарының нормаларын мүлтіксіз сақтау есебінен қамтамасыз етілетін болады.

    Барлық  дамыған елдерде бөлінетін ІЖӨ-нің  үлесі әрбір он жыл сайын заңды  түрде өсіп, ІЖӨ-нің  50%-ына жақындағанын ескере отырып, таяу жылдарда мемлекеттік бюджетке салық және салықтық емес түсімдердің деңгейі ІЖӨ-ге қатысы бойынша 30%-ға жетеді.

    Салық заңдарын жетілдіруді қамтамасыз ету. Перспективада 5-7жылдан кейін салық жүйесінде мынадай бағыттар бойынша рефомалар жүргізілетін болады:

    -жеке  табыс салығына салық салу  жүйесі бойынша едәуір ұқсастығы бар әлеуметтік салық, мемлекеттік сақтандыру қорына төленетін жарна болып қайта құрылатын болады.Бұл жағдайда жарна төлеушілер бюджетте неге жұмсалатыны белгісіз әлеуметтік салықпен салыстырғанда,қор қаражатының қандай мақсаттарға пайдаланатынын білетін болады;

Информация о работе Лизинг инвестицияларды орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде