Лизинг инвестицияларды орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 10:31, курсовая работа

Краткое описание

Қосымша құн салығы алғашқы рет 1954 жылы Францияда енгізілген, содан кейін бүкіл Европада қолданыла бастады. Қосымша құн салығы «европалық салық» деп аталатын себебі европалық одаққа кіру үшін әр мемлекет оны енгізуі шарт. Бүгінгі күні қосымша құн салығы 40-тан астам елдерде қолданылады. Олардың көпшілігінде қосымша құн салығының мазмұны мен бюджетке алу тәртібі бірдей деуге болады. Ал, айырмашылығы тек қосымша құн салығын анықтау тәсілінде және салық ставкалары мен жеңілдіктердің әртүрлі болуында.

Оглавление

КІРІСПЕ ___________________________________________________________3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ РОЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі _________________________________________________________5
1.2 Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау _____9
2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн салығының маңызы мен ролін талдау_____________________________________________13
2.2 Шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі ерекшеліктерін бағалау____________________________________________________________17
3 ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН НАРЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму бағыты____________________________________________________________21
3.2 Қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру шаралары _________________________________________________________25
ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ___

Файлы: 1 файл

Дауран.doc

— 274.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ___________________________________________________________3 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ РОЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі _________________________________________________________5

1.2 Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау _____9 

2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн салығының маңызы мен ролін талдау_____________________________________________13

2.2 Шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі ерекшеліктерін бағалау____________________________________________________________17 

3 ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН НАРЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму бағыты____________________________________________________________21      

3.2 Қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру шаралары _________________________________________________________25 

ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________32                                    

ҚОСЫМШАЛАР  
 

         

КІРІСПЕ 

      Курстық жұмыстың тақырыбы «Қосымша құн салығы: қызмет ету мәселелері және дамуы» Республикамыздың салық саласындағы өте күрделі де, қызықты тақырыптардың бірі. Себебі, қосылған құн салығы табыс алушылардан алынады және тауарлардың құнына қосылып, олардың өзіндік бағасын көбейтеді.

      Қосымша құн салығы алғашқы рет 1954 жылы Францияда енгізілген, содан кейін бүкіл Европада қолданыла бастады. Қосымша құн салығы «европалық салық» деп аталатын себебі европалық одаққа кіру үшін әр мемлекет оны енгізуі шарт. Бүгінгі күні қосымша құн салығы 40-тан астам елдерде қолданылады. Олардың көпшілігінде қосымша құн салығының мазмұны мен бюджетке алу тәртібі бірдей деуге болады. Ал, айырмашылығы тек қосымша құн салығын анықтау тәсілінде және салық ставкалары мен жеңілдіктердің әртүрлі болуында. Кейбір елдерде салықтың төмендетілген ставкасы 2-ден 10 пайызға дейін, медициналық, аэық-түліктік және басқа әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер үшін, «стандарт» қызметтер мен өндірістік тауарлар үшін 12-32 пайыз, ал өте жоғары деңгейдегі қымбат тауарлар үшін 25 пайыздан жоғары ставкалар қолданылады. Сонымен қатар, европалық мемлекеттер қосылған  құн салығының бірыңғай ставкасын 15 пайыз шамасында қолдануды қолға алып отыр. Біздің елімізде де, соңғы салық кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салықтың ставкасы 16 пайыз болып бекітілгені белгілі.

      Қосылған құн салығын енгізудің бір бағыты өндірістің өнімінің артық шығарылуы тығырығынан шығу болса, екіншісі кейбір нашар тауар өндірушілерді рыноктан шығару болып табылады. Сондықтан да бұл салық өндірісті ұстап тұру саясатының бір элементі тұрғысында қабылданды.

      Экономиканың  тұрақсыздануы кезінде қосымша  құн салығын дұрыс есептемеу немесе дұрыс қолданбау тек тұтынушыларға ғана кері әсерін тигізіп қоймай, тауар өндірушілер үшін де үлкен проблема тудыратыны сөзсіз.

      Қосымша құн салығын талдағанда оның оның көп салалы екені, яғни ол барлық тауарлар мен қызмет түрлерін қамтитынын естен шығармау керек.

      Барлық  қосымша құн салығын қолданатын елдерде, соның ішінде Қазақстанда  екі салық салу объектісі бар:

     Біріншісі тауарларды өткізу, қызмет көрсету;

     Екіншісі  тауарларды импорттау.

      Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстандағы жалпы жанама салықтарға түсінік беріліп, олардың экономикадағы ролі айқындалған. Одан кейін тақырып қосымша құн салығы туралы өрбіген. Қосымша құн салығының объектілері мен салық төлеушілері, оның Салық кодексінде белгіленген ставкалары жазылған.

      Сондай  – ақ, қосылған құн салығын есептеу үшін айналымды анықтау тәртібі толық баяндалған, тиісінше мысалдар келтірілген.

      Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі қосылған құн салығының ролінің теориялық негіздері: қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі, Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау жәнешот-фактура ұғымы және оны толтыру тәртібі  қарастырылған.

      Екінші  тарауда экономиканың дамуына қосылған құн салығының әсерін талдау: мемлекеттің  салық саясатын жүзеге асырудағы  қосылған құн салығының маңызы мен  ролін талдау және шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі ерекшеліктерін бағалау баяндалған.

      Нарық экономикасына көшу кезіндегі Балтық пен ТМД елдері бойынша қосымша құн салығынан түскен бюджет кірістері жалпы ішкі өнімге пайыз есебіндегі үлесі мысалға келтірілген.

      Сондай-ақ, шетелдердегі қосымша құн салығынан түскен табыстарының жалпы мемлекет табысына шаккандағы үлесі пайыз түрінде келтірілген.

     Үшінші  тарауда  қосылған құн салығын  нарық талаптарына сай дамыту жолдары: Республиканың салық жүйесін  реттеудегі қосылған құн салығының  даму бағыты, сондай-ақ қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру шаралары сипатталған.

      Сондай-ақ, осы тарауда қосымша құн салығы әкімшілігін одан әрі шетел тәжірибесінің  оң жақтарын енгізе отырып дамыту жолдары  қарастырылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          
 
 
 
 
 
 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ РОЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

  1.1 Қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі  

            Салық жүйесі осы сәтте қолданылып жүрген барлық  салықтардың заңдық тұрғыдан бекітілген тізбесі.Онда салықтардың ставкалары, салық төлеушілермен салық салу обьектілері, төлеу тәртібі,шарттары мен мерзімі, есеп жүргізу әдістемесі, сондай-ақ тиісті әкімшілік ұсыныстар нұсқалады.

     Жалпы салық туралы түсінік өзінің бастауын ғасырлар (әскери трофейлер,құрбандыққа шалу,жалшылар еңбегі) тереңінен алады.

     Тарихқа жүгінсек,қазынаға түсетін түсімдердің  түрі көп болған.Оған жататындар жеке меншік (домендер) контрибуцилер,монопольды сипаттағы өндірістік кіріс көздері сияқты түсімдер(қазыналық фабрикалар,теміржол,кеден,сот және басқа түсімдер)елге келу және кетуге байланысты кеден баждары.

     Француз экономисті Ж.Боден (1530-1597) мемлекеттік кіріс көздерінің     7 түрін анықтады,оған әскери олжа,көрші мемлекеттер сыйлықтары, одақтастардан алым, баж және саудадан түскен кірістер, халықтан түскен табыстар жатады.

     Салықтың  енуі мемлекеттік бақылау жүйесінің,экономиканың,құқықтық танудың жоғарғы деңгейде дамуына  жағдай жасады. «Салық» түсінігінде  тек экономикалық және философиялық ойлар емес,сонымен қатар заңды актілерде бекітілген құқықтық өзара қарым-қатынастардың нақты формалары енгізілді. Ғасырлар бойы «салық» туралы түсініктер өзгеріп отырды.Салық салудың дамуы мен жетілуіне байланысты әртүрлі көзқарастар туа бастады. Сол көзқарастар арқылы ғана халықтың салық салуға деген қатынасы бағаланады. Сондықтан ғалымдар және қоғам қайраткерлері салыққа тек экономикалық позиция жағынан ғана емес,заңдық жағынан да көзқарастарын білдіреді. А.Смит 1723-1790 салықты төлеу тәртібі мен мөлшерін бекітілген заңдық тәртіптегі алым ретінде анықтады.

     Сонымен бірге салық әлеуметтік экономикалық дамудың тұтыну заңы ретіндегі қажеттілік деп түсініледі .Сондықтан  салықты  кім төлесе-жалшылық емес, еркіндік белгісі Ф.Аквинский (1226-1274) салықты ұрлықтың бір түрі деп көрсеткен .Осы көзқарастардан салық салу табиғатының екі жақтылығын көруге болады.

             Бұл бөлімде біз  тұтынуға  салынатын салықтарға жататын  қосылған құн салығы  және акциз  салықтары жөнінде  баяндаймыз.  Қазіргі кезде  халықаралық  стандартқа сәйкес және  экономикалық термин ретінде «тұтыну салығы» деп аталып жүрді. Кейбір дамыған  мемлекеттерде «тұтыну салығы» десе, ал бірқатар елдерде «жанама салықтар» ретінде аталуда, қалай атасақта  бұл салықтардың  мағынасы мен мазмұны өзгермейді. Сондықтан кейде қатар аталып, күнделікті тұрмыста қолданылуда.

      Қосылған  құнға салынатын салықты 1954 жылы М. ЛОре (Франция)  енгізіп, айналымға  салынатын салықты алмастыруға  қабілетті салық ретінде  бейнеледі. Бұл салық Франция жерінде 1968  жылы толығымен енгізіліп болды. кейін келе Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғышарттардың бірі болып саналды.

      Қосылған  құнға салынатын салықты есептеу  барысында негізінен 4 әдіс қолданылады:

  • Тікелей аддитивті немесе бухгалтерлік;
  • Жанама  аддитивті;
  • Тікелей  шегерім жасау әдісі;
  • Жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу.

     Аддитивті  - қосу жолымен алынатын шама.

      Бірінші және екінші  әдістер балансқа  негізделген, анығын айтқанда  ол пайданы  анықтау негізінде есептеледі. Бірақ компанияның  балансында  жасалған мәмілелер жалпылама  түрде көрсетіліп,  тауарлар түрлері бойынша жіктелмейді.

      Үшінші  әдіс өндірілген өнім құнына  жұмсалған  шығындарды  шегеріп  тастағаннан  кейін ғана салық сомасы есептеледі.  Бұл үші  әдісті  біртұтас салық ставкасын қолданған  жағдайда ғана пайдаланады.

      Ал  тәжірибеде, негізінен төртінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс арқылы дифференцияланған  салық ставкасы мәміле жасалған сәтте бірден  қолданылады, сондай-ақ шот-фактураны толтыру  арқылы жасалған мәміле  туралы, компанияның салық міндеттемелері туралы  ақпар алып  отыруға мүмкіндік туады.

      Көптеген  елдерде  қосылған құнға салынатын  салықтан экспорттық операциялар, азық – түлік тауарлары, дәрі – дәрмек, кітап,  газер – журнал  өнімдері, пошта, сақтандыру, жолаушы  тасымалдау қызметтері босатылады.

      Тұтынуға  салынатын салықтардың  ішінде  ең  күрделісі  - 1992 жылы  енгізілген  қосылған құн салығы. Қазіргі кезде  қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының  бюджет кірістерінің ең негізгі  көздерінің қатарынан саналады. Мемлекеттік бюджет  кірістерінің 27.1 пайызын құрайды.

      Салық төлеуші мемлекетке осы салықты  төлеу нәтижесінде  шеккен шығысының  орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады  және салық төлеуді сатып алушыға  аударады.

      Бұл салықтың  ерекшелігі мынада  - оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден)  түскен  бүкіл түсім – сома емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып саналады.

      Қосылған  құн салығы дүниежүзінің 40-тан астам  елдерінде, соның ішінде еуропа экономикалық одағының 17 мемлекетінде  қолданылады. бұл салықтың артықшылығы:

  • Біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің  үлкен тобынан алынады;
  • Екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді;
  • Үшіншіден, бағалардың  өзгеруіне, төлеушінің қаржылық  ахуалына, инфляция  деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің  кірістерін  қалыптастырудың  сенімді  және  тұрақты  базасын  қамтамасыз етеді.

Қосылған  құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды,  қызмет көрсетулерді)  өндіру және  олардың  айналысы  процесінде қосылған, оларды  өткізу  бойынша  салық салынатын айналым құнының  бір бөлігін  бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  аумағында  атауарлар импорты кезіндегі  аударым.

      Салық салынатын айналым  бойынша бюджетке төленуге  тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер, бұдан әрі  тауарлар)  үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен  алынған тауарлар үшін төленуге  тиісті  қосылған  құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде  айқындалады.

      Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы  бойынша  есепке тұрған мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:

  1. Жеке кәсіпкерлер
  2. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда)
  3. Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме  арқылы жүзеге асыратын  резидент еместер
  4. Заңды  тұлғаның  құрылымдық бөлімшелері
  5. Қазақстан  Республикасының кеден заңдарына сәйкес  тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар

   Қосылған  құн салығының негізгі салық  салу объектілері:

Информация о работе Лизинг инвестицияларды орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде