Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 10:31, курсовая работа
Қосымша құн салығы алғашқы рет 1954 жылы Францияда енгізілген, содан кейін бүкіл Европада қолданыла бастады. Қосымша құн салығы «европалық салық» деп аталатын себебі европалық одаққа кіру үшін әр мемлекет оны енгізуі шарт. Бүгінгі күні қосымша құн салығы 40-тан астам елдерде қолданылады. Олардың көпшілігінде қосымша құн салығының мазмұны мен бюджетке алу тәртібі бірдей деуге болады. Ал, айырмашылығы тек қосымша құн салығын анықтау тәсілінде және салық ставкалары мен жеңілдіктердің әртүрлі болуында.
КІРІСПЕ ___________________________________________________________3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ РОЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі _________________________________________________________5
1.2 Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау _____9
2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн салығының маңызы мен ролін талдау_____________________________________________13
2.2 Шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі ерекшеліктерін бағалау____________________________________________________________17
3 ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН НАРЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму бағыты____________________________________________________________21
3.2 Қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру шаралары _________________________________________________________25
ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ___
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
1.
Тауарларды өткізу бойынша
Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:
1) тауарға мекшік құқығын беруді, оның ішінде:
2) тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді және мүлікті қаржы лизингіне беруді;
3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді;
4) қарызды
төлемеген жағдайда кепіл
5) кәсіпкерлік
қызмет мақсаты үшін сатып
алынған тауарды кәсіпкерлік
қызметке жатпайтын шараларды
өткізу үшін, сондай-ақ қосылған
құн салығын төлеушінің не
оның жалдамалы
6) бір
заңды тұлғаның қосылған құн
салығын дербес төлеушілері
7) бұрын
экспорт режимін шығарылған
2. Жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді өткізу
1) мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау (жалгерлік) шартымен пайдалануды;
2)
санаткерлік меншік
3)
жұмыс берушінің жалдамалы
4)
қосылған құн салығын дербес
төлеушілер болып табылатын
бір заңды тұлғаның
3. Мыналар өткізу бойынша айналымға жатпайды:
1) бірлігінің құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
2)
тапсырысшының мердігерге
3)
қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту.
Қүны онымен жіберілетін
4) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
5)
шартта белгіленген талаптар
мен мерзімдерде қайта әкелуге
1.2
Республикада қосылған
құн салығы салынатын
айналымды анықтау
Қосылған құн салығы өзінің экономикалық мазмұны бойынша жанама салықтарға жатады. Жанама салықтар сатып алуға салынатын салық болып табылады және оны төлеу тауарларды, қызмет немесе жұмысты соңғы тұтынушыға жүктеледі.Сол себептен олардың әділетсіздігі мен әлеуметтік қарсы бағыттылығы туралы ойлар туындауда.Алайда қосылған құн салығы бюджет кірістерінің тұрақты көзі болып табылады.Кейбір экономистердің айтуы бойынша,жанама салықтар мемлекеттің ауыспалы экономикалық дамуына экономикалық жағынан тірек болады.
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған,оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды,сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер)үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу обьектілері болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған және тауарлар импорты кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар саналады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті,онда:
- тұлғаның атауы және деректемелері;
- салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
- қосылған құн салығын төлеуші болып тіркелген күні.
Егер
қосылған құн салығын төлеушінің
соңғы он екі айлық кезеңдегі
салық салынатын айналым
Салық салынатын айналымға тауарларды өткізу бойынша айналым және салық салынатын импорт жатады. Соның ішінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымға тауарлар экспорты кіреді.
Тауарлар экспортын растау үшін экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт және Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауардың ілеспе құжаттарының көшірмесі құжаттары қолданылады. Халықаралық тасымалдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алушының салық салынатын айналымына енгізіледі.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстанның аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импортқа жатады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке келесідей жағдайларда жатқызылады:
- тауарларды алушы сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
- өнім беруші тауарларлдың шот – фактурасын ұсынса, егер өнім беруші қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, шот – фактура «ққс жоқ» деген белгімен жазылса;
- тауарлар импорты жағдайында – қосылған құн салығы бюджетке төленген болса қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқысы бар.
Қосылған құн салығы, егер қосылған құн салығын төлеушінің кәсіпкерлік қызметіне жатпайтын шаралар өткізумен байланысты тауарларды, тұрғын – үй қорындағы ғимараттарды, негізгі құралдар есебінде сатып алынған жеңіл автомобильдерді , жалдау шартына сәйкес тұрғын – үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарлар мен қызметтерді және өтеусіз алынған мүлікті алу мен байланысты есепке жатқызылмайды.
Салық салынатын айналым мөлшерін анықтау үшін қосылған құн салығы енгізілмей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар құны алынады. Өткізілген тауарлардың құны қандаай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. Салық төленушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету тауарлар ішінара қайтарылған жағдайда, мәміленің шарттары мен өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін баға, өтем өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
Ал салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленген импортталтын тауарлардың кедендік құны, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары енгізіледі.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай, егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 АЕК – тен кем болса, онда салық кезеңі тоқсан болып табылады. Қосылған құн салығын төлеуші әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15 – нен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.
Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар:
Қосылған құн салығы жанама салық ретінде салық төлеушінің мүлігі немесе пайдасына байланыс бағаға және тарифке үстеме ретінде бекітіледі. Жіберілген тауарға қосылған құнды сатушы бекітеді және ол өткізілген тауар айналымы бойынша бюджетпен есептеседі.
Қосылған құн салығы есебімен тауарды сатып алған сатушы салық саласын есепке қою бойынша анықтайды, яғни бюджеттегі төлемдердің төмендеуінде есепке алады.
Салықтан босатылған және жеке өндірістік мұқтаждығы үшін жүзеге асырылатындардан басқа Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды сату жөніндегі айналым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген ережелерге сәйкес айқындалған айналым салық салынатын айналым болып табылады.
Салық салынатын айналымның көлемі оларды қосылған құн салығына қоспастан қолданылатын бағалар мен тарифтерден туындайтын сатылатын тауарлардың негізінде, бірақ сауда-делдалдық қызмет үшін оларды сатып алу бағасынан төмен болмайтындай етіп айқындалады.
Сатып алу бағасы салық салу мақсатында өзіне тауарлардың сатып алу құнын, сондай-ақ тауарларды жеткізушілер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетілген шот-фактуралар қойылған және қосылған құн салығы бойынша Заңға сайкес есепке жатқызылған қосымша құн салығының сомалары бойынша оларды сатып алуға және сатуға байланысты шығындардың құнын қосады.
Информация о работе Лизинг инвестицияларды орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде