Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 10:31, курсовая работа
Қосымша құн салығы алғашқы рет 1954 жылы Францияда енгізілген, содан кейін бүкіл Европада қолданыла бастады. Қосымша құн салығы «европалық салық» деп аталатын себебі европалық одаққа кіру үшін әр мемлекет оны енгізуі шарт. Бүгінгі күні қосымша құн салығы 40-тан астам елдерде қолданылады. Олардың көпшілігінде қосымша құн салығының мазмұны мен бюджетке алу тәртібі бірдей деуге болады. Ал, айырмашылығы тек қосымша құн салығын анықтау тәсілінде және салық ставкалары мен жеңілдіктердің әртүрлі болуында.
КІРІСПЕ ___________________________________________________________3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ РОЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі _________________________________________________________5
1.2 Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау _____9
2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн салығының маңызы мен ролін талдау_____________________________________________13
2.2 Шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі ерекшеліктерін бағалау____________________________________________________________17
3 ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН НАРЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму бағыты____________________________________________________________21
3.2 Қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру шаралары _________________________________________________________25
ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ___
Тауарларды өткізуге байланысты шығындар, өзіне салық төлеушінің есеп беру кезеңінде олардың шығынға жатқызылған кәсіпкерлік қызметіне байланысты шығындарын қоса алады.
Сатып алу бағасы өткізілген тауарлардың әрбір түрі бойынша орташа өлшенген сатып алу құны бойынша айқындалады. Тауардың түрі, оны сортына, санатына және т.б. бөлместен, атауы бойынша айқындалады.
Тауарларды ауыстыру кезінде немесе оларды қайтарымсыз беру кезінде салық салынатын айналым ауыстыру немесе беру сәтінде құрылған қосылған құн салығы қосылмастан, бірақ нақты қалыптасқан шығыннан төмен емес бағалар деңгейіне қарай айқындалады.
Мысалы: "Арман" ЖШС сауда - делдалдық қызметін азық-түлік тауарлары рыногында жүзеге асырады. Есеп беру кезеңінің басында ЖШС-те мынадай тауарлардың қалдықтары болды: қант 17 200 теңге болатын 400 кг, макарон өнімдері - 7 600 теңге болатын 200 кг, майонез - 18 500 теңге болатын 500 банка.
Есеп беру кезеңінде осындай түрдегі тауарлар сатып алынды, соның ішінде қант - 4 300 теңге болатын 100 кг, макарон өнімдері - 5 550 теңгелік баға бойынша 150 кг, майонез сатып алынбады.
Есеп беру кезеңі ішінде 25 000 теңгелік 400 кг қант, сомасы 11 750 теңге тұратын 250 кг макарон өнімдері, сомасы 11 250 теңге тұратын 250 банкі майонез сатылды.
Өткізілген тауарлардың сатып алу бағасын айқындау үшін ауыспалы қалдықты есепке алып өткізілген тауарлардың әрбір түрінің орташа өлшемдегі сатып алу бағасын табу қажет. Өткізілген тауарлардың орташа өлшемдегі сатып алу бағасы қант бойынша 43 тсңге [(17 200 + 4 200): (400 + 100)], макарон өнімдері бойъшша 38 теңге [(7 600 + 5 550) : (200 + 150)], майонез бойынша 37 теңге (18 500 : 500) құрайды.
Есеп беру кезеңінің шығыны 27 120 теңге, соның ішінде қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызылған кезеңдегі шығындар 10 884 теңге құрайды.
Ауыстыру шартының әрбір тараптарының салық салынатын айналымыыың мөлшері олар тиеп жіберген өнімнің және тиеу құжаттарында аталған құнына орай, бірақ нақты қалыптасқан шығындардан төмсн болмайтындай етіп айқындалады.
Мысалы: "Ара" ЖШС "Зенит" акционерлік қоғамына "Зенит" кәсіпорнынан алынған кұны 5 000 теңге тұратын тауардың орнына құны 3 000 теңге тұратын тауар тиеп жіберді. Демек "Ара" кәсіпорнының салық салынатын айналымы 3 000 теңге және ҚҚС сомасы 450 теңге құрайды; ал, "Зенит" АҚ тиісінше 5 000 теңге және 750 теңге болады.
Тауарды алу кезінде "Ара" ЖШС ҚҚС-ның есебіне 750 теңге, ал "Зенит" АҚ 450 теңге көлемін жатқызуға құқығы бар.
Егер тиеліп жіберілген тауардың құны нақты құрылған шығындардан төмен болса, онда темендетілуі бар салық төлеуші ҚҚС бойынша декларациялар өткізу кезінде тиісті салық салынатын айналымның түзетілуін жүргізуге міндетті.
2
ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ
ӘСЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық
саясатын жүзеге асырудағы
қосылған құн салығының
маңызы мен ролін талдау
Салықтан босатылғандардан басқа Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркін айналым ушін импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Тауарлардың импортында қосылған құн салығымен салық салуды көздейтін олармен Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарды жасамаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден тауарларды әкету кезінде салық салынатын импорт Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер шығу елі болып табылмайтын импортталатын тауарлардың құны болып табылады.
Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттерден шығатын импортталатын
тауарлардың құны, егер экспорт елінде
белгіленген қосылған құн салығының ставкасы
Қазақстан Республикасында белгіленген
қосылған құн салығының ставкасынан төмен
болса, салық салынатын импортқа енгізіледі.
Салық салынатын импорт көлеміне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалған тауарлардың кеден құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарлар импорты кезінде төлеуге жататын алымдар, баждар, салықтар сомалары енгізіледі.
Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы Салық кодексінде белгіленген жағдайлардан басқа салық салынатын импорт мөлшерінен 15 пайызға теңеледі.
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 сәуірде 743-нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасы Мемлекеітік қаржы министрлігінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі № 243 бұйрығымен бекітілген және Кеден кодексімен белгіленген.
Қазақстан Республиксында салық төлсушілер деп танылмайтын резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сату кезінде салық салынатын объекті аталған резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды сату бойынша айналым болып табылады.
Резидент
үшін бюджетке аударуға жататын
қосылған құн салығын есептеу кезінде
салық салынатын айнылымға "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңына, яғни Салық кодексіне сәйкес төлем
көзінен ұсталатын салық сомасын қоса
алынған тауарлар үшін резидент емеске
төлеуге жататын тауарлар құны енгізіледі.
Шетел валютасында жүргізілетін сатып алынған тауарлар үшін төлем жағдайында салық салынатын айналымға тауарларды сатып алу сәтіне белгіленген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгеде есептелген аталған тауарлар құны енгізіледі.
Қазақстан
Республикасына тауарлар экспорты кезінде
олар қосылған құн салығын ескеріп қолданатын
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердің резиденттері болып табылатын
резидент еместерге таралмайды.
Резидент емес үшін төлеуге жататын қосылған құн салығы тауарлар жеткізу жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей бюджетке аударылады.
Резидент емес үшін қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу фактісін растайтын құжаттар бар кезде төленген салық сомасы қосылған құн салығы бойынша есепке алуға жатады.
Салық
кодексі мен Кеден кодексінде
белгіленген тәртіп Қазақстан Республикасының
кеден заңдарына сәйкес кедендік
ресімдеуден өткен және сыртқы сауда келісім-шарттары
бойынша жүзеге асырылатын тауарлар импортына
таралмайды.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес осы Салық кодексінде көзделген қосылған құн салығын есептеудің өзге тәртібі белгіленген болуы мүмкін.
Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы шегіндегі
сыртқы экономикалық қызметті жүзеге
асыру кезінде қосылған құн салығын
есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының
тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы
– мемлекеттер мен жасалған
халықаралық шарттар реттейді, атап айтқанда:
9)1999 жылдың 2 сәуірінде Теуелсіз
Мемлекеттер Достастығы шегінде
қабылданган 1994 жылғы 15 сәуірдегі еркін
сауда аймағын құру туралы Келісімге өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылгы
2 сәуірдегі хаттамамен. Аталған
Хаттама Қазақстан Республикасы
мен Өзбекстан Республикасы, Армения Республикасы
арасындағы жүзеге асырылатын сыртқы
сауда операцияларының салық салу тәртібін
реттейді.
10) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін өзара есептесу осы халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығы ескерілген бағалары бойынша жүзеге асырылады. Осығаи байланысты Қазақстан Республикасы аумағындағы тауарларды Ресей Федерациясының аумағына экспорттауға қосылған құн салығы салынады.
Салық салынатын айналым мөлшерін түзету.
Өткізілген тауарлардың құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:
Салық салу айналымының мөлшерін түзету қосымша шот-фактураның немесе осы аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету.
Егер өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленетін ақының бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:
Өткізілген
тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер)
үшін ақыны қосылған құн салығын
төлеуші өзіне берілген құқығын
пайдалағаннан кейін алған
Салық
салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан
Республикасының кеден
Қазақстан
Республикасында қосылған құн салығын
төлеуші болып табылмайтын
Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің айналымы болып табылады және оларға Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиіс. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері осы баптың мақсаттары үшін, оған Қазақстан Республикасындағы көздерден төленген табыстың төлем көзінен ұсталуға тиіс салық сомасы ескеріле отырып, резидент емеске төленуге тиіс сома негізге алына отырып анықталады. Төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы 15 пайыздық ставканы салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы анықталады. Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленетін төлем шетел валютамен жүргізілген жағдайда салық салынатын айналым жасау күні валюта алмастырудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледі.
Есептелген
қосылған құн салығының сомасы салық
кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей
қосылған құн салығы бойынша декларация
табыс етілетін мерзімнен кешіктірілмей
төленеді. Қосылған құн салығының төленгенін
растайтын төлем құжаты салық сомасын
есепке жатқызуға құқы береді.
2.2 Шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі
ерекшеліктерін
бағалау
Қосымша құн салығы кәсіпорындардың экономикасының бір құрамына кіретін салықтардың бірі ретінде оны реформалау кезіндегі қоршаған ортаға ықпал етуі ерекше талдауларды керек етеді.
Информация о работе Лизинг инвестицияларды орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде