Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 19:03, реферат
Азаматтык құкығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқык теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз кажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категориянын, негізінде азаматтық құкығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құкық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.
АЗАМАТГЫҚ ҚҰКЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ;
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ;
3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘМЛЕЛЕРІ;
4. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ;
5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ;
6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Халықаралық
Бизнес Университеті
Тақырыбы:
Азаматтық құқық
Орындаған: Досжанова Ұ.Б
Тексерген:
Алматы 2011 ж
Жоспар:
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ;
3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘМЛЕЛЕРІ;
4. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ;
5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ;
6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС
1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰКЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Қазақстан Республикасының бір тұтас құкық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын — азаматтық құқык. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде калыптасып келе жаткан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен ретгелінетін құқык қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтык құкығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқык теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз кажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категориянын, негізінде азаматтық құкығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құкық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-ші бабында 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық зандармен тауар-акты қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке катынастар реттеледі. Сонымен катар, мүліктік қатынастарға байланысы жок мүліктік емес жеке катынастар да азаматтық зандармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке катынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда
көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен
реттелінетін қоғамдық катынастардын
негізгісі болып табылатыны — мүліктік
катынастар. Сондықтан да айтып кеткен
жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар
емес, коғамның негізін қалайтын тауар-ақша
катынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерініа
кез келгенінін қатысуымен және әр түрлі
көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет)
байқалатын мүліктік катынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс кұрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдык қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тғгыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарга байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топка бөлінеді. Азаматтык зандармен реттелетін мүліктік катынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға кұндык, маңызы жок катысушылардың коғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлырын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құкығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік катынастарға бай-ланысы жокмүліктік емес жеке катынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе занды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтык қатынастарды жаткызуға болады. Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен кадір-қасиетіне кол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ак Ата Занның 33-бабы «азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын» атай келе, «азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен кадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады» десе, осы баптың келесі тармағында «тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген'. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеқе қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардын субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар),
'Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, »Жеті жарғы», 1995 ж. «Жеке тұлға» ұғымы алғашқы рет 1994 жылғы Азаматтық Кодексінде көрсетілген.
заңды
тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумактык
бөлініс: 1964 жылғы Азаматтық Кодекспен
салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда
қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі
сол, мемлекет азаматтық-құқықтык қатынастарға
осы қатынастарға өзге қатысушыларымен
тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Азаматтық кұқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтык құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтык кодекс екінші Конституцияға теңестірілген.
Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол — мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар.
Мүліктік қатынастар дегеніміз—мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге ,беру) байланысты қатынастар. Баскаша айтқанда, мүліктік қатынастар — материалдық игіліктермен (мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық катынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Муліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді — мүліктік катынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік катынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке катынастар.
мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдык меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
А Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жәбірленушінің материалдык, жағдайын және т.б.
Жеке өмірге тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қол сұкпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтык-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, кұқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің муліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқықтың қағидалары.
Азаматтың құкықтың қағидаларына:
• тараптардың теңдігі;
• шарт еркіндігі және таңдау құкығы;
• еркіндік;
• меншікке қол сұкпаушылык;
• біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
• азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
• бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету;
• азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
Азаматтық құқықтың жуйесі
Азаматтык құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құкығы және міндеттемелік құкығы.
Ерекше бөлімді, негізінен, нақты катынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатьш алу-сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құкык және өсиетнама.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:
• Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген
6-бапта:
1.
«Қазақстан Республикасында
2.
Меншік субъектілері мен
З.Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
• Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының
Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқыктьщ актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.