Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 19:03, реферат

Краткое описание

Азаматтык құкығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқык теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз кажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категориянын, негізінде азаматтық құкығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құкық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.

Оглавление

АЗАМАТГЫҚ ҚҰКЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ;
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ;
3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘМЛЕЛЕРІ;
4. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ;
5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ;
6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Файлы: 1 файл

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС.doc

— 143.00 Кб (Скачать)

      Халықаралық шарттар (конвенциялар). Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады.

      Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған қүқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады. 

                 3.      Азаматтық – құқықтық мәмілелері.

         Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

        Жоспарлы экономика кезінде барлық  шаруашылық жүргізу орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым –қатынастың негізі болып отыр.

        Мәмілелер біржақты және екі  немесе көпжақты болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіру қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан дакөп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.

         Азаматтық құқықтық мәмілелер  ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған  кезд атқарылатын, жетон, билет  немесе әдеттегідей қабылданған  өзге де растайтын белгі арқылы  жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай  мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

        Жазбаша нысан жәй және нотариалдық  болып екіге бөлінеді.

    Мынадай мәілелер:

  • кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
  • мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
  • заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.

        Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.

       Заң құжаттарында немесе тараптардың  келісімінде тікелей көрсетілген  реттерде мәміленің жай жазбаша  түрін сақтамау, оның жарамсыз  болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.

        Мәміле жарамсыз деп танылған  жағдайда тараптардың әрқайсысы  екінші тарапқа мәміле бойынша  алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.

       Мәмілелердің жарамсыздығының негіздері:

    1.Қажетті  лицензия алмай жасалған мәміле.Рұқсат  белгілі бір мерзімге беріледі.

     2.Теріс пиғылды бәсеке мақсатын  көздейтін немесе іскерлік әдеп

        талаптарын бұзатын мәміле.

     3. Он төрт жасқа толмаған адам  жасаған мәміле.

     4. Он төрт жасқа толған баланың  ата-анасының келісімінсіз жасаған 

         мәмілесін ата-анасының талабы бойынша сот жарамсыз деп тануы

         мүмкін.

    5. Есуастық, ақыл-есі кем болуы  салдарынан әрекет қабілеттілігі  жоқ деп 

        танылған адам жасасқан мәміле  жарамсыз болады.

    6. Сот әрекет қабілеттілігін шектеген  адам жасасқан мәмілені сот оның

        қамқоршысының талап етуі бойынша  жарамсыз деп тануы мүмкін.

    7. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен  жасалған мәмілелер.

    8. Елеулі мәні бар жаңылысу  салдарынан жасалған мәмілені  сот жаңылысу  

        әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы

        мүмкін.

   9. Бір тарап өкілінің екінші  тараппен зұлымдық ниетте келісуі  нәтижесінде 

     жасалған мәмілені де сот жәбірленуші тараптың талабы бойынша

      жарамсыз деп тануы мүмкін.

10. Заңды  тұлғаның заңда немесе құрылай құжаттарында нақты шектелген

      қызмет мақсаттарына қайшы келетін  етіп жасаған, не оның органының 

      жарғылық құзіретін бұза отырып  жасаған мәмілесі, егер мәміледегі  басқа 

      тараптың мұндай жолсыздықтар  туралы білгені немесе күн  ілгері білуге

      тиіс болғаны дәлелденсе,заңды  тұлғаның мүлік иесінің қуынымы

      бойынша жарамсыз деп танылуы  мүмкін.

11. Әрекет  қабілеттілігі болғанымен, мәміле  жасасқан кезде өз әрекеттерінің 

      мәнін түсіне алмайтын немесе  өзінің не істегенін білмейтін жағдайда

     болған азамат жасасқан мәмілені  сот сол азаматтың мүмкіндігі  болмаса, 

      азамат қайтыс болғаннан кейін  басқа мүдделі адамдардың талабы 

      бойынша жарамсыз деп тануы  мүмкін.

Азаматтық құқықтық субъектілері.

     Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне : жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық,бөліністер жатады.

    Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының  азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.Азаматтың құқықтың қабілеттілігі – бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.

  Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:

  • өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
  • мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
  • заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;
  • заңды тұлға құра алады;
  • заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;
  • тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;
  • әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;
  • басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

     Азамат өз фамилиясы мен өз  есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің  атын қоса, өз атымен құқықтар  мен міндеттерге ие болып, оны  жүзеге асыра алады.Тұрақты немесе  көбінесе тұратын елді мекен  оның тұрғылықты жері деп танылады.

     Азаматтық әрекет қабілеттілігі  – азаматтың өз әркеттерімен  азаматтық құқықтарға ие болуға  және оны жүзеге асыруға, өзі  үшін азаматтық міндеттемелер  жасап, оларды орындауға қабілеттілігі  кәмелетке толғанда,яғни 18 жастан  пайда болады.

      Жасы 18-ге толмағандардың әрекет  қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:

  • он төрт жасқа толмағандар;
  • он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

     Он төрт жасқа толмағандар  үшін келісімдерді олардың атынан  ата-аналары, бала асырап алған  адамдар немесе қамқоршылар жасайды.Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы.Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды.Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы.

      Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.

     Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі  заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тәртіппен шектеуі мүмкін.Оған да қамқоршы белгіленеді.Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.

     Заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап,азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады.Түрлері: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік.Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырады.

Түрлері:

  • ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
  • шаруа\фермерлік\ шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
  • кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

  Заңды  тұлға құрмастан кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асырушы азаматтарды  мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында есепке алынуы арқылы жүзеге асырылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, осындай қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицензиясының болуы міндетті болып табылады.

      Азаматтардың жеке кәсіпкерлігінің  мәселелерін Қазақстан Республикасының  1997 жыл 19 мамырдағы “Жеке кәсіпкерлік  туралы”, 1998 жыл 31 наурыздағы “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заңдары  және тағы басқа құқықтық – нормативтік кесімдер реттейді.

     Меншік, шаруашылық жүргізу немесе  жедел басқару құқығындағы оқшау  мүлкі бар және сол мүлікпен  өз міндеттемелері бойынша жауап  беретін, өз атынан мүліктік  және мүліктік емес жеке құқықтар  мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Информация о работе Азаматтық құқық