Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 19:03, реферат

Краткое описание

Азаматтык құкығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқык теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз кажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категориянын, негізінде азаматтық құкығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құкық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.

Оглавление

АЗАМАТГЫҚ ҚҰКЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ;
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ;
3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘМЛЕЛЕРІ;
4. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ;
5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ;
6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Файлы: 1 файл

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС.doc

— 143.00 Кб (Скачать)

    Өз қызметінің негізгі мақсаты  ретінде табысын келтіруді (коммерциялық  ұйым), не мұндай мақсат ретінде  пайда келтіре алмайтын және  алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды тұлға бола алады.

    Коммерциялық ұйымдар болып табылатын  заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік,өндірістік  кооператив, мемлекеттік кәсіпорын  нысандарында құрылуы мүмкін, ал  мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі,қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады /ассоциациялар,одақтар/.

     Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі  ол құрылған кезде пайда болып,  оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері,тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады. Бұл мәлімет оның құрылтай құжаттарында белгіленеді.

     Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құрылуы мүмкін,яғни төмендегілер құрылтайтайшылар бола алады:

  • мүлікті иеленушілер не олар уәкілдік берген органдар мен жақтар:
  • заң құжаттарында арнайы көзделген өзге де заңды тұлғалар.

    Заңды тұлға  өз қізметін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса,жарғы не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде  жүзеге  асаырады, ал заң құжаттарында коммерциялық  емес  деп көрсетілген заңды  тұлға осы  түрдегі  ұйымдар  туралы жалпы  ереже  негізінде  жұмыс  істей  алады.

          Құрылтай шарты құрылтайшылардың  арасында  жасалынады, ал жарғысын  құрылтайшылар  бекітеді. Егер  коммерциялық ұымның құрылтайшысы  бір адам ғана болса,  құрылтай  шарты  жасалынбайды.

          Құрылтай  шартындағы   тараптар (құрылтайшылар)

  • заңды тұлға  құруға  міндеттенеді,  оны  құру  жөніндегі  бірлескен  қізмет  тәртібін:
  • меншігіне(шаруашылық  жүргізуіне, оралымды  басқаруына) өз  мүлкін  беру  және  қатысу  ережелерін:
  • құрылтайшылардың  арасындағы  пайда  мен  шығынды  бөлісудің:
  • заңды  тұлға  қізметін  басқарудың:
  • құрылтайшылардың  ұйымның  құрамына кіру  мен  шығуының  шарттарын  және  тәртібін  белгілейді. Құрылтай шартына  құрылтайшылардың  келісуі  бойынша  басқа да  ережелер  енгізілуі  мүмкін.

    Заңды  тұлға  жарғысында: ұйымның түрі,  атауы, тұрған  жері: басшының  өкілеттілігі,  басқару және  бақылау органдары,  құрылу  тәртібі мен   құзіреті, жұмыс  режимі: ұйым  мүлкінің  құралу  және  табысты  бөлу  тәртібі:  ұйвмды  қайта құру  және  оның  қізметін   тоқтату  ережелері  көрсетіледі.  Жарғыда  заңға  қайшы  келмейтін  басқа да  ережелер  болуы  мүмкін.

          Тағы да  бір  маңызды  мәселе,  кіші  кәсіпкерліктің  субьектісі  болып  табылатын  заңды  тұлға  өз  қізметін,  ҚР Үкіметінің  1998  жылдың   қыркүйегінің  28 жұлдызында № 928 қаулысымен  бекітілген  Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе алады.

        Заңды  тұлғалар  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркеуден  өтуі  тиіс.  Тіркеу  тәртібі  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1995 жылдың  17  сәуірдегі  заң  күші  бар» Заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу  туралы» Жарлығымен  реттеледі.

         Мемлекеттік  тіркеу  құрылып  жатқан  заңды  тұлғалардың  құрылтай  құжаттарын  заңға  сәйкестігін  тексеруді, оларға  тіркеу  нөмірін  бере  отырып,  тіркеу  куәлігін  берілуін,  заңды  тұлғалар  туралы  мәліметтерді  бірыңғай  Мемлекеттік  реестрге  енгізуді  қамтиды.  Мемлекеттік  тіркеуге,  құрылу  мақсатына,  өз  қызметінің   түрі  мен  сипатына,  қатысушыларының   құрамына  қарамастан  Қазақстан  Республикасы  аумағындағы  барлық  заңды  тұлғалар  жатады.  Олардың  филиалдары  мен  өкілдіктері,  заңды  тұлға  құқығы  берілмей-ақ  есептік тіркеуге  алынады.

          Мемлекеттік  тіркеу  қажетті   құжаттар    тіркеліп,   арыз  берген  кезден бастап  15  күннен   кешіктірілмей  жүргізілуі  тиіс.

         Мемлекеттік  қауіпсіздікті,  құқық  тәртібін  қамтамасыз  етуді, қоршаған  ортаны,  азаматтардың  меншігін,  өмірі  мен  денсаулығын  қорғау  мақсатында  тауарлардың,  жұмыстың  немесе  қізметтің  кейбір  түрлерін  өндіру  мен  сату  істері  мемлекеттік  лицензиялар  арқылы  жүзеге  асырылады.

    Лицензия  дегеніміз   шаруашылық  жүргізуші  субьектінің  белгілі  бір  қызмет  түрімен  айналысуға  немесе  белгілі  бір  іс-әрекет  жасауға  құзырлы  мемлекеттік  орган  беретін  рұқсат. Лицензиялар беру тәртібін, жоғарыда айтылған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі “лицензиялау туралы” заң күші бар Жарлығымен реттеледі.

          Лицензияланатын қызметпен айналысу  құқығына лицензия қызметтінің  осы түріне қойылатын талаптарға  біліктілік деңгейі сай келетін  субъектілерге беріледі. Лицензия беруді заң актілері мен Үкімет белгілеген мемлекеттік органдар жүргізеді.

                    Азаматтық құқық қатынастарының объектілері.

           Мүліктік және жеке мүліктік  емес игіліктер мен құқықтар  азаматтық құқық объектілері  бола алады.

           Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын мүліктер болып бөлінеді.

         Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер  және жермен тығыз байанысты  өзге мүлік, яғни орнынан олардың  мақсатына сай емес шығынсыз  ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңізкемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі.Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

         Жылжымайтын заттарға жатпйтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар, қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.

        Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.

         Азаматтық құқық қатынастарының  мазмұны, бұл – біріншіден, осы  құқық қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері және екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы іс- қимылы. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Жоспар: 

    1. АЗАМАТГЫҚ ҚҰКЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ;

      2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ;

      3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘМЛЕЛЕРІ

      4. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

      5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

    6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Пайдаланылған әдебиеттер:  

Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж 

А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану»  Алматы 2006 ж. 

Нарбинова, М, М, Зиятова, Ж. К. Конститутциялық құқық [Мәтін]: әдістемелік нұсқаулар / Шығыс Қазақстан мемлекет-   тік ун-ті.- Өскемен: ШҚМУ, 2003.- 50 б. 

Информация о работе Азаматтық құқық