Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 17:52, реферат
Заттың атомдық немесе дискреттік құрылымы жайлы теория ХХ ғасырдың басында ғана мойындалған болатын. Бұл рентгеноскопия әдісінің ашылуына байланысты болды, онда зерттелетін зат рентген сәулесінің шоғына ендіріледі де, фотопластинкада зерттеліп отырған зат қабатынан шоқтың өткендегі бейнесі пайда болады. Рентген сәулелерінің шашырауы кейде қатаң реттілікпен орналасқан минимум және максимумдарға ие интерференциялық бейненің пайда болуына әкеліп соғады.