Лекции по "Финансовому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций

Краткое описание

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау

Файлы: 1 файл

басқару есебі.doc

— 2.42 Мб (Скачать)

Америкалык экономист М. Портердің пікірінше, бизнестің дамуы бәсекелесуші төрт күшке әсер етеді.

1, Жабдықтаушылар. Қажетті материалды өндіруші кәсіпорындарға ең алдымен  олардың қайдан табылатынын білуі керек.

2. Сатып  алушылар.  Кәсіпорын  нарыққа енуі  үшін дистрибьюторлық жүйені жасап алуы керек.

3. Ауыстырушылар.    Нарықта    дәстүрліні    ығыстыратын өнімнің жаңа түрі  пайда болады.

4. Жаңа бәсекелестер. Нарықта бұрын бизнестің осы  түрімен айналысқан жаңа компания пайда болады.

2. Белгілі бір бизнес түрінің кіру және шығу тосқауылдарын талдау. Кіру тосқауылы бизнеске жаңа бәсекелестердің енудегі кіші және үлкен мүмкіндіктерін білдіреді. Шығу тосқауылы - бизнестен шығудың үлкен немесе кіші мүмкіндіктерін сипаттайды.

3. Бизнестің   ішкі   құрылымын   талдау   кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуде қолданылады. Басқару есебі тұрғысынан қарағанда стратегияның үш түрі болады:

  1. Төменгі баға стратегиясы. Оның мақсаты - тапсырыс берушінің ұсынуымен дайын өнімнің бағасын барынша арзандату, сондықтан да барлық басқарушылық шешім шығындарды азайтуға бағытталуы керек..
  2. Жоғары баға стратегиясы. Қабылданатын басқарушылық шешім тапсырыс берушінің аса жоғары талабын  қанағаттандыратын әлдеқайда сапалы өнім өндіруге бағытталып, оған аса жоғары деңгейде баға белгілеуі керек.
  3. Аралас стратегияда жекелеген тауар топтары бойынша алғашқы екі стратегияның элементтерін пайдаланады. Тауардың әр тобы үшін нарықтың еркін тауашасын (нишасын) анықтап, соған сәйкес стратегияның біріншісі немесе екіншісі іріктеледі.

Мұндай талдаудың арқасында басшылық бәселестердікімен салыстырғандағы өнімнің сапасын, бағаның деңгейін, сатып алушыларды, әлеуатті және басқа да тапсырыс берушілерді, әр қызмет түрінің географиясын анықтау арқылы кәсіпорынның барлық бизнес түрлері бойынша біртұтас стратегияны әзірлейді.

4. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының тиімділігін бағалау. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының әр түрлі нұсқасы болуы мүмкін.

Стратегиялық  бизнес-бірлік - бұл тапсырыс берушілердің бір текті тобына сатылатын және нақты анықталған бәсекелестердің тобына ие тауар (жұмыс, қызмет) іріктемелері.

Стратегиялық бизнес-бірлік - бұл оқшауланған кәсіпорын ретінде  басқарылатын, үлкенді жекелеген  дербес бөлімшелерге бөлудің нәтижесінде болатын автономиялық бірлік, тәуелсіз компаниялар.

Жаңа  өнім өндіру бойынша шешім қабылдау

Жаңа ерекшелігімен  ассортиментке қосылатын өнімді жаңа өнім дейміз. Мүлдем жаңа (ешкімде жоқ) өнім өндіру кәсіпорын стратегиясының ең басты артықшылығы болады және ол инвестицияны керек етеді.

Инвестицияны басқару  мақсаты - мына салалардағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау; жаңа өнімді әзірлеп енгізу; шығарылатын өнімдерді жетілдіру және жаңғырту (модернизациялау); дәстүрлі өнім түрлерін өндіруді одан әрі өркендету; өндірістен ескірген өнімді алып тастау.

Жаңа өнімді әзірлеу  саласындағы жаңартпашылық (инновациялық) саясат шешім қабылдауға қажетті ақпараттық мазмұнын, көлемін, түрін қамтамасыз етеді.

Шешім қабылдаудың   маңызды    өлшемі    ретінде   тұтас кәсіпорын бойынша өткізу көлеміне жаңа өнімді енгізу әсерінің және басқа бұйымдардың өткізу көлемінің бағасын, сондай-ақ әзірлеу, өндіру, өткізу және жарнама шығындарының өтелімдік уақытының бағасы қолданылады.

Кез келген жағдайда жаңа өнімнің бағасын есептеу және белгілеу үшін кіріс пен шығыс  коэффициенттері өткізу нүктесі  және өнімнің залалсыздық графигі пайдаланылады.

Өнім шығарылғаннан  кейін оның сатылу процесіне тексеру жүргізіледі. Оның сатылу қарқны мен өткізу көлеміне әсер ететін факторлар туралы ақпарат бухгалтерлік есеп беруде тіркеледі.

Жаңа өнімге баға беруден  басқа болашақта болатын өнімдер мен жарнама бағалауда, баға анықтауда маңызды орын алатын осы өнімнің сатып алынатын жағдайлары зерттеледі.

Өнім  шығару мен сатудың көлемін және ассортиментін жоспарлау

Өнім ассортименті мен өндіріс көлеміне қатысты  басқару-шылық шешім қаржылық есеп берудің ақпараты негізінде қабылданады. Үлкен ассортиментпен өнім шығаратын кәсіпорын оны әр түрлі жолдармен географиялық, территориялық орналасуы әр қилы тұтьшушыларға сатады: үлкен және кіші мөлшерде, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы, жеткізумен және жеткізусіз және т.б. Мұндай тәжірибе өнім түрлері және нарық сегменті бойынша алынатын табыс туралы жеке есеп беруді талап етеді.

Жекелеген сегмент  бойынша қаржылық есеп беру өзіне жалпы соманы қосу керек және кәсіпорынның жалпы қаржылық есеп беруінде жазылуы қажет.

Әрбір өндірістік бөлімшелердің шығыны кәсіпорынның барлық деңгейіндегі өндірістік шығынның бір бөлігі болып табылады және ол өндіріс тиімділігімен, өнім түрлерімен, жұмыс уақытының толық пайдаланылуымен және т.б. бақылануы керек.

Әрбір кәсіпорындағы бақылау жүйесінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ол мына тұрпатты рәсімдерді қамтуы керек:

  • әр өнімнің пайдалылығын қадағалау;
  • әр өнім бойынша алынған жалпы пайданы бақылау;
  • нақты пайданың болжалдыдан ауытқуьш анықтау;
  • шығын кұрылымының есебі, шектен тыс байқалмайтын шығындарды шығарып тастау;
  • жекелеген өнімдерге келетін үстеме шығындардың орнын толтыру есебі;
  • бағаны өзгертуде оның сұраныс икемділігіне әсері және кәсіпорында қолданылатын басқа да бақылау рәсімдері.

Бақылау рәсімдерін пайдалану болжанған пайданы  алу үшін өндіріс көлемі қандай болуы керек, нақты пайда шамасына қол жеткізу үшін сатудың қандай бағасын белгілеу керек, кәсіпорын жұмысының қауіпсіздік (залалсыз) шегі қандай, қауіпсіздік аймағы өткізілген өнімнің құрылымы қандай, міне осыларды анықтауы қажет.

Мына фактіге  назар аударған жөн: шешім белгіленген  өндіріс диапазонының шегінде ғана қолайлы болмақ. Бұл диапазонсыз өнім бірлігінің өзгермелі шығыны мен сату бағасы басқаша болады. Кейде талдау үшін қауіпсіздік аймағын, сондай-ақ қауіпсіздік шегінің коэффициентін есептейді.

Өнімнің көлемі мен ассортиментіне әлдеқаида кең  қарау үшін сегментті есептің көп сатытлы деректеріне негізделген сегментті талдау әдісі пайдаланылады. Пайда деңгейі тек өніммен ғана анықталмайды, сондай-ақ әрбір аймақтың жалпы пайда сомасына салынған (салым) ақша бойынша да бағаланады. Кәсіпорынның маржиналдық табысының кұрылымы нарық аймағы бойынша, ал аймақтың іші - өнім түрлері бойынша есептеледі. Кәсіпкерлік сегменттің бақылау формасы өндірістік бөлімшелер тарапынан әр өнімнің өткізу бағасын белгілеу сияқты рәсімді де қарастырады.

Сондықтан әрбір  бөлімшенің пайда сомасына салынатын салым ақша өндірістің тікелей шығынына және кәсіпорынның таза табысының әсеріне емес, жалпы үстеме шығындардың жаппай жиынтықты (совокупное возмещение) орнын толтыратын салым ақша ретінде қарастырылады.

Егер өнім ассортименті маржиналдық салым ақшаньщ және таза. табыстың деңгейімен анықталса, онда орташа өзгермелі шығындар сатудағы сияқты тура сондай үйлесіммен өзгереді. Мұндай жағдайда өткізудің жоғары деңгейі шығынды кемітеді.

Сатудың өсуіне өндіріс қуаты жетпейтін болса, онда ол қосымша инвестиция мен жұмысшы күшін іріктеуді қажет етеді және бұл өндірістің тиімділігін төмендететін, шығынды арттыратын салдар тудырады.

Бір атаумен аталатын өнім түрлерін шығаратын кәсіпорынның алдында өнім шығарылымның ассортименті мен оны өткізуді ұтымды жоспарлау міндеті пайда болады.

Кәсіпорын мұндай шешімді кабылдауда өнімнің бір немесе басқа түрін сатудан түскен абсолюттік түсім емес, өнімнің барлақ түрлерін өткізуден кәсіпорынға түскен жалпы пайдадағы оның үлестік қатысы маңызды болып саналады.

 Шектеу факторын ескеріп, өнім құрылымын анықтау

Мысалы, адам-сағаттағы  немесе машина-сағаттағы шектеулі өндіріс қуатындағы өндірістік бағдарламаны қалыптастыру барысында аса көп емес пайда түсіретін бірқатар өнім түрлерін (қызмет, тапсырыс) жиі таңдауға тура келеді.

Пайданы арттыру  мақсатында қандай өнімді (өнімдерді) өндіру (сату) керектігін анықтау үшін маржиналдық табысты пайдаланған тиімді. Бухгалтер ең алдымен әрбір өнімнің маржиналдық табысын белгілеуі керек, сонан соң маржиналдық табысты шектеулі ресурс бірлігіне есептеуі қажет.

"Сатып  алу немесе өзіміз өндіру" міндеттерін шешу

Өндірістік бөлімшелердің  басшылығы - өздерінде өндіру немесе өнімнің барлығын немесе жекелеген  бөліктерін сырттан сатып алу проблемасымен жиі қақтығысады. Бұл алымдық операцияларды (сборочных операций) талап ететін барлық өндіріске тән жалпы мәселе. Осы мәселені шешу үшін бұл мәселеге релеванттық болып табылатын шығындар мен табыстардың барлық элементтерін анықтау қажет.

Бұл сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін еркін өндірістік куаттың, білікті жұмысшылардың, технологияның, жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді байланыстың болуы сияқты көптеген сапалық (маңызды) факторларды ескеру қажет. Және де еркін (бос) өндірістік қуаттың бар болуы шешуші кезеңге кірсе де, бұл салада оны пайдалану аса тиімді болып саналмайды .

Жағдайды  талдау барысында өнім бірлігінің шығындары  туралы деректерді абайлап пайдалану  керек, өйткені олар екі түрлі  қателікке ұрындыруы ықтимал:

  1. релеванттық емес көрсеткіштердің есебіне қосу;
  2. көлемнің есебінсіз үлесті шығындарды салыстыру.

 

Баға  белгілеу бойынша шешім қабылдау

Бухгалтерлік  басқару есебінің міндеті - өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің бағаларын белгілеу - маңызды мәнге ие.

Шаруашылық  жүргізудің әкімшілік әдісінде баға өнімнің (жұмыс, қызмет) толық өзіндік кұнына қарай белгіленіп келді. Өнеркэсіпте нақты қалыптасқан толық өзіндік құн жоспарланған пайданың сомасына (бұйымның қалаулы пайдалылығын ескеру арқылы) арттырылды, айналымдағы салықты үстемеледі және бастапқы шаманы - көтерме бағаны алды. Сауда үстемесін басып озып (оперируя торговой надбаекой), саудада да осындай болды.

Бұл мәселелердің барлық жауапкершілігі сол уақытта мемлекетке жүктелді.

Нарықтық экономика  жағдайында баға белгілеу тәсілдемесі түбірінен өзгерді. Өндірілген өнімге, қызмет көрсетуге және орындалған жұмысқа баға белгілеу ерекше мәнге ие болды. Баға белгілеу процесінде бірнеше тәсілдеме бар. Олар:

  • тұтынушылардың назарын өзіне аударатын, тұтынушыларға тартымды баға белгілеу;
  • бәсекелестердің, бағасын пайдалана отырып,  өзі үшін бағаның нақты шекарасын белгілеу;
  • сатып алушыны да қанағаттандыратын, пайда да түсіретін бағалар.

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1. Друри К.  Введение в управленческий и  производственный учет (Перевод   англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили)  М. Аудит, Юнити, 2002

2 Друри К.  Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004

3. Карпова Т.П.  Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

4. Управленческий  учет – пособие, разработанные  на основе стандартов бухгалтерского  учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999

4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000

5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин и статистика. 2005

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1. Управленческий  учет – пособие, разработанные  на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 2002

2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин. и статистика 2002

3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин и статистика. 2005

4. Энтони Р.  Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006

5. Яругова А.  Управленчесий учет: опыт экономически  развитых стран. М: Финансы  и статистика, 2001.

 


Информация о работе Лекции по "Финансовому праву"