Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Негізгі әдебиеттер:
1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002
2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004
3. Карпова Т.П.
Управленческий учет М.Аудит
4. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2002
3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006
5. Яругова А. Управленчесий учет: опыт экономически развитых стран. М: Финансы и статистика, 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Өзгермелі, тұрақты;
2. Бағалау есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары;
3. Қайтарылмайтын шығындар және аяқталған кезең шығындары;
4. Жүктелген шығындар;
5. Инкременттік және маржиналдык шығындар;
6. Маржиналдық табыс;
7. Жоспарланған және жоспарланбаған шығындар;
8. Релеванттық және релеванттық емес шығындар;
9. Өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы.
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
1. Күрделі қаржының балама
2. Табыстылықтың ішкі нормасы
3. Ақша қаражаттарының
4. Күрделі қаржы салымының
1. Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау - компания басшылығының алдында тұрған аса маңызды да қиын міндет. Көптеген компаниялар алдағы кезендегі қызметті бес, он, тіпті одан да көп жылға алдын ала анықтап ұзақ мерзімді жоспар әзірлейді. Ал, күрделі қаржы шығыны осы ұзақ мерзімді жоспарға кіріктірген бір бөлігі болып табылады.
Сол себепті ұйым ең алдымен күрделі каржы жүмсалымы туралы үсыныстың экономикалық тиімділігін бағалап, кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың айтарлықтай артық бөлігін (үлесін) қажет ететін процесс туралы әлдеқайда нақты болжам жасауға тырысады. Әдетте күрделі каржы шығын көзіне карыз қаражаты жатады, сондықтан да кәсіпорын мүндай жұмсалымның мақсатқа лайықты екеніне инвестордың көзін жеткізіп, оның өтелуін мұқият есептеуі керек.
Ұзақ мерзімді капиталға - кұрылысқа, жылжымайтын мүлікке, жабдыққа және т.б. қаржы жұмсау тән. Бүгінгі танда жүзеге асырылып отырған материалдық қаражатқа күрделі қаржы жұмсаумен байланысты инвестициялық шешім белгілі бір дәрежеде фирманың техникалық және технологиялық деңгейін, оның алдағы кезеңдегі жемісті жұмысының ойдағыдай болуын анықтайды.
Инвесторлар бағдар ретінде үстанатын мақсаттардың екі негізгі тобын бөліп қарастыруға болады:
Бірінші топтағы мақсатты қарастырайық. Оны жетістікке жеткізу үшін сандық әдісті қолдануға болады. Белгілі бір сандық мақсатқа қатысы бойынша оңтайлы инвестициялық шешімді қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын сандық әдіс инвестициялық есептер деп аталады.
Инвестицияны негіздеу әдісі статистикалық және динамикалық деп екі топка бөлінеді.
Инвестициялық есептің статистикалық әдісі мынадай жағдайларда: инвестициялық шығын кезең басында жүзеге асырылып, оның пайда түсіретін нәтижесі кезең аяғында болатын тек бір кезеңі қарастырылғанда; сонымен бірге бірқатар ұзақ мерзімді жоба орташа жылдық көрсеткіштерді аса қиындықсыз сипаттағанда қолданылады.
Статистикалық әдісті қолдану барысында барлық қарастырылатын инвестициялық жобалар салыстыруға келетіндей болуы керек, яғни критерийлік көрсеткішті (пайда, шығын және пайдалылық) қоспағанда барлық жобаның көрсеткіштері бірдей болуы керек. Орташа жылдық пайда орташа жылдық табыс пен орташа жылдық шығын арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Дәстүрлі шығын бабынан басқа шығындардың құрамында белгілі бір жобаға капиталды ұзақ мерзімді жұмсаудағы инвестор табысының ысырап болуы ескеріледі.
Инвестициялық
есептің динамикалық әдісі
Динамикалык әдістің негізінде мына алғышарттар бар:
Инвестициялық
жобалардың тиімділігін талдаушы-бухгалтер
Капиталды жұмсаудың тиімділігін бағалау үшін мына көрсеткіштер пайдаланылады:
• өтелудің есептік коэффициенті
және пайда индексі.
Олардың әрбіреуіне жеке тоқталайық.
Күрделі қаржы жұмсалымы және пайда нормасы бойынша жүктелген шығындар. Күрделі қаржы жұмсалымы бағдарламасына тартылған ақшалай қаражат арқылы қандай да бір басқадай жолмен пайда алуға ендігі жерде пайдаланылмайды, яғни жарамсыз болып табылады, осыған орай кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы немесе жүктелген шығындар туралы айтылады.
Сондықтан да инвестиция бойынша пайданың болжалды нормасына күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдаудың тиімділігін бағалау үшін инвестиция бойынша пайда нормасын қаржы нарығындағы құнды қағаздармен салыстырады.
Күрделі қаржы жұмсалымын кәсіпорынға жүктелген шығын сомасынан жоғары пайда әкелетін бағдарламаға жұмсау керек. Немесе: инвестициялық жоба бойынша пайда нормасы өтімділігі жоғары құнды қағаздардағы пайда нормасынан кем болмауы қажет.
Сонымен, инвестициялық жобаның тәуекелділігі неғұрлым жоғары болса, күрделі қаржы жұмсалымынан талап етілетін пайда нормасы соғұрлым үлкен және болжалды таза табыстың деңгейі одан да жоғары болуы керек.
Ең аз шамадағы пайда нормасы деп, есептік мөлшерлеме шамасын немесе қаржы нарығында қүнды кағаздарды тәуекелмен айналысқа енгізуден немесе жүктелген шығын мөлшері бойынша эквиваленттен алынатын проценттік мөлшерлемені ұғуға болады. Мұндай құнды қағаздардан түсетін табысты жүктелген шығын, яғни құнды қағаздарға қажетті пайда нормасы бойынша баға береді. Әр түрлі компаниялардың әдеттегі акцияларынан күтілетін табыс жұмсаудың тәуекелділік деңгейіне қарай түрлендіріледі. Салымшылар мемлекеттік қағаздардан болатын табысты кәсіпорын акциясынан немесе күрделі қаржы жұмсалымынан түсетін болжалды табыстармен салыстырады.
Мемлекет өз құнды қағаздарында белгілеген процентке қарағанда болжанған пайда нормасы кем шығатын болса, салымшылар акцияны үлкен тәуекелділікпен сатып ала алмайды. Бұдан шығатын қорытынды: мемлекеттік құнды қағаздардың табысынан күрделі қаржы жұмсалымының тиімділігі төмен болатын болса, онда кәсіпорын жобаны инвестицияламайды.
Қазіргі сәтте алынатын кұнды қағаздардағы инвестициядан түсетін табыспен салыстырғанда күрделі қаржы жұмсалымындағы инвестициядан табыс алдағы кезеңдерде алынады. Сондықтан да талдау үшін дисконттау коэффициенті мен күрделі процентті есептейді.
Дисконтталған құн және өтелімділіктің ішкі коэффициенті бойынша күрделі қаржы жұмсалымын бағалау әдісі. Кәсіпорын күрделі қаржы жұмсалымындағы жобаны тек оның табысы қаржы нарығында айналыста болатын құнды қағаздардың еркін қаражатын инвестициялаудан түсетін табыстан асып түскен жағдайда ғана қаржыландыру керек. Бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдері мұндай проблеманы шешуде дұрыс ұсыныс береді. Сонымен, басқарушылық есеп жүйесіндегі дисконттаудың көмегімен күрделі қаржы жұмсалымының әлдеқайда пайда түсіретін тиімді жолы анықталады.
Бұл әдістің мақсаты - болашақта түсетін ақша қаражатын осы заманғы бағамен көрсету; яғни келтірілген құнды есептеу. Осылайша дисконттау - бұл болашақта алынатын ақшаның бүгінгі құнын табу процесі.
t дисконттау коэффициентін шығындар мен табыстарды салыстыру сәтіндегі құнға келтіру үшін қолданады.
Дисконт нормасы
- бұл күрделі қаржы
Дисконттау коэффициентімен ағымдағы құн арқылы болашақта алынуы қажет қолдағы бар қаражатты көрсету процесі дисконттау деп аталады, ал шығындар мен табыстардың алынған шамасы дисконтталған құн деп аталады.
Күрделі қаржы
жұмсалымы бағдарламасының
Бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешімдер
Шаруашылық механизмін қайта құру, әкімшілік жүйеден шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайына өту жылдарында Қазақстан Республикасындағы көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары аса қиын қаржы жағдайына тап болды. Оған объективті және субъективті тұрғыдан көп себеп болды. Отандық өнімдер көп жағдайларда батыстық фирмалардың өнімдерімен бәсекеде төтеп бере алмайды: тұтынудың төменгі деңгейі, ақталмайтын жоғары бағалар, осының салдары ретіндегі өткізу нарығының болмауы тауарбастылық пен өндірістің тоқтауына әкеп соқтырды. Епті басшылар кейбір жағдайда батыс инвесторларын тарту арқылы бәсекеге жарамды өнімдерді шығару үшін өндірістік қуатын қайта бейімдеді (профильдеу).
Кәсіпорын әлдеқайда сапалы деңгейге көтеретін бизнес стратегиясын қалыптастыру, оның құрылымын өзгерту үшін бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдерін білу аса қажет. Мұнда маркетингке, яғни нарықты зерделеу қызметіне, өндірісті басқару және реттеуге, нарық коньюктурасы туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылатын және тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағдарланған тауарлар мен қызметтерді өткізуге маңызды мән беріледі. Басқаша сөзбен айтқанда, нарық тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін анықтаса, ал өндіріс технологиясы осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімді жасайды.
Маркетингтік зерттеу нарыктағы тауарлардың жағдайын басқару және реттеу бойынша шешім қабылдаудың негізі болып табылады және өндіру мен өткізудің параметрлеріне, өнімнің сыртқы түрі мен бағасына (сатудың мөлшері мен орнына, өткізу арналарына, жабдықтаушыларға, делдалдарға және т.б,) тікелей ықпалын тигізеді.
Осылайша, бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешім қабылдауда зерттеудің негізгі бағыттарын бөліп көрсету керек.
1. Кәсіпорынның даму келешегін талдау. Кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге төтеп бере алатын шегі анықталып, барлық қызмет түрлері, яғни бизнестің кұрылымы белгіленеді.