Несиелеу механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 14:30, реферат

Краткое описание

Несие мәні және қажеттілігі, несиелеуді және несиелік жүйені ұйымдастыру принциптері

Несиелеу механизмі және несиелік процесс

Файлы: 1 файл

Несиелеу механизмі.ppt

— 358.50 Кб (Скачать)

Несиелеу  механизмі

Мазмұны 

  • Несие  мәні және қажеттілігі, несиелеуді  және  несиелік жүйені  ұйымдастыру принциптері
 
  • Несиелеу  механизмі және  несиелік  процесс

1.  Несие мәні және  қажеттілігі, несиелеуді   және несиелік  жүйені ұйымдастыру  принциптері

 

          Несиелік  жүйенің ұйымдастырылуы  мен жұмыс істеу  негізінде белгілі  бір принциптер  жатыр. Экономиканың  жаңа жағдайында, оның нарықтық  қатынастарға өту  кезеңінде оларды  былайша тұжырамдауға  болады: елдегі банк  ісін ұйымдастыруға  мемлекеттік монополия, басқа банктік  емес институттармен  үйлестіре отыра  екі деңгейлі банк  жүйесін құру, елдегі  ақша-несие саясатының  бірлігі, несиелік  мекемелер торабын  барынша дамыту, оларды  қызмет көрсету  орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық  монополия, Орталық  банктің автономиясы.

          Несие  жүйесін құрудың  маңызды принципі-несиелік  мекемелер торабының  барынша дамуы  мен оларда барлық  ақша операцияларының  шоғырлануы. Соңғы  кезде шаруашылық  буындарының бос  ақша қаражаттарының  банктерде сақталуы, есеп айырысудың  қолма-қолсыз жолмен  жүргізілуі деп  түсінуге болады.

          Несие- бұл пайыз төлеу  және қайтару шартында  уақытша пайдалануға

    (қарызға)  берілетін ссудалық  капитал қозғалысы.  Несие ақшалай  капиталдың саудалық  капиталға өтуін  қамтамасыз ете  отырып, несие  берушілер мен  қарыз алушылар  арасындағы несиелік  қатынасты бейнелейді.  Несиенің көмегімен  заңды және жеке  тұлғалардың уақытша  бос қаражаттары  мен табыстары  экономикалық жүйе  төңірегінде жинақтала  отырып, уақытша  және ақылы негізде  пайдалануға берілетін  ссудалық капиталға  айналады.

          Несиелеу  принциптері, несиелеу  мәні және қызметтері, сондай-ақ несиелеу  қатынастарын ұйымдастыру  облысындағы объективті  экономикалық заңдардың  талаптарын белгілейді. Несиелеу принциптері  негізінде несиелік  процесс, яғни банктік  несиенің берілуі, пайдаланылуы және  қайтарылуы жүзеге  асырылады. Несиелеу  принциптеріне байланысты  банктік несиенің  басты шарттары: несиелеу  мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар  айналымы шеңберінде  қатынасу нәтижелігі  және тағы да  басқалары анықталады.  

Қазіргі  несиелік қатынастарды  ұйымдастыру принциптері  екі топқа бөлінеді: 

  • Жалпы  экономикалық тәртіптегі  принциптер:

- несиені  мақсаттылығы;

- несиенің  дифференциалдығы 

  •    Несиенің мәнін белгілейтін принциптер:

- несиенің мерзімділігі;

- несиенің  қайтарымдылығы;

- несиенің  төлемділігі;

- несиенің  қамтамасыз етілуі. 

          Мерзімдікбелгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше белгісі. Ол несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уаыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп несиенің қайтарымдылық принципі туындайды. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

          Несиенің  төлемділігі бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатынын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы түріне беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. 

          Несиелеудің  келесі принципі  – берілетін несиенің  материалдық жағынан  қамтамасыз етілуі. Несиенің қамтамасыз  етілуі ретінде  кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері  қолданылады:

  •  Кепілге берілетін несие – бұл қарыз алушылардың активтерімен қамтамасыз етілетін несие. Кепілге берілген активтер қарыз алушылардың иелігінде қалып, оның пайдалануында болады;
  •  Кепілхат – қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда үшінші жақтың қарызды өтейтіндігі туралы жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтардың маңыздылығын ескеру керек.

      Несиені  сақтандыру –  сақтандыру компаниясына  сақтандыру ретінде  белгілі пайыздық  сома төлеу арқылы  несиені сақтандыру. Несиенің экономикадағы  орны мен ролі, оның атқаратын  қызметтерімен сипатталады.

 Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.

          Несиенің  қайта бөлу қызметі  кез-келген елдің  ұлттық экономикасының  толық қанды жұмыс  жасауына өз үлесін  қосады. Несиенің  бұл қызметінің  көмегімен экономикалық  жүйенің бір саласынан  екінші бір саласына  капитал ағымы  болады. Несиенің  бұл қызметінің  қаржыны қайта  бөлу қызметінен  айырмашылығы қаржының  бөлінуі әкімшілік  негізде жүргізілсе, ал салалар мен  аймақтар арасындағы  капитал ағымы  несие арқылы, яғни  ол нарықтық механизм  негізінде жүзеге  асырылады.

          Несиенің  айналыс шығындарын  үнемдеу қызметінің  іс жүзіне асуы  несиенің экономикалық  мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі  ақшалай қаражаттардың  түсуі мен жұмсалуы  арасындағы уақытша  болатын алшақтық  кей жағдайларда  қаржылай ресурстарға  деген қаже ттілікті  туындатады. Қарыз  алушылардың барлық  категориялары өздерінің  меншікті қаражатқа  деген жетіспеушіліктің  орнын толтыру  үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз  капитал айналымын  қамтамасыз етіп  қана қоймай, айналыс  шығындарын үнемдеуге  де мүмкіндік жасайды. 

          Несиенің  ғылыми-техникалық  прогресті жеделдету  қызметі ғылыми - техникалық ұйымдардың  қызметін қаржыландырумен  сипатталады. Сондықтан  да несиенің көмегінсіз  көптеген ғылыми  зерттеу орталықтарының  жұмыс жасауы қиынға  түседі.

          Келесі  қызметі – несиенің  айналыстағы нақты  ақшалардың орнын  уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік  шаруашылықта мұндай  орнын алмастыруға  толық мүмкіндік  бар. Бұл қызметі  іске асу процесінде  тек қана тауар  айналысын емес, сондай-ақ  нақты ақшалардың  уақытша орнын  ауыстыра отырып  ақша айнаысын  да жылдамдатады.Несиенің  бұл қызметі несиелік  ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар  көмегімен жүзеге  асырылады. Несиенің  бұл қызметі арқылы  ақша айналысының  жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша  массасына және  төлем айналымына  да ықпал етеді.

          Капиталдың  шоғырлану процесі  қызметі экономиканың  тұрақы дамуына  жағдай жасау үшін  маңызды болып  табылады. Мұндай  міндеттерді шешуде  несиенің бұл қызметі  өндірістің ауқымын  ұлғайта отырып  пайда алуға мүмкіндік  береді. 

2.  Несиелеу механизмі  және несиелік   процесс

          Несиелеу механизмі  – несиенің берілу және қайтарылу  әдіс – тәсілдерін және несиелеу  процесін, сондай – ақ несиенің  қозғалысына бақылауды қамтитын  несиелік механизмнің құрамдас  бөлігі. Несиелеу механизмі өз  мәні жағынан несиелік процесс  технологиясын бейнелейді. Несиелеу  процесі мына кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтінішті қарау;
  • несиелік қабілетін талдау;
  • несиелік келісім-шарт жасасу;
  • несие беру;
  • несиелік мәміленің орындауына бақылау жасау
 

I  кезең Банкке түскен  өтінішті қарау.

          Кез-келген несиелік  операциялар осыдан басталады. Мұндай  құжаттарды қарыз алушы мен  сұалатын несие туралы негізгі  мәліметтер: мақсаты, мөлшері,түрі, мерзімі  және мүмкін болар қамтамасыз  ету мүлкін көрсетеді.

          Банктің қоятын  талаптарына байланысты өтінішке  қосымша, яғни несиелік операциялар  сипатына байланысты құжаттар  беріледі. Клиенттердің әртүрлі  топтары үшін әртүрлі құжаттар  пакеті әзірленуі мүмкін.

 

II  кезең Қарыз алушылардың  несиелік қабілетін  талдау кезеңі 

          Қарыз алушылардың  несиелік қабілеті- қарыз алушылардың  алған несиесі бойынша қарызды  уақытылы және толық көлемде  қайтару қабілетін бағалаумен  сипаттайды.  Несиені қайтара  алмау тәуекелі көптеген факторлардың  әсерінен болуы мүмкін. Сондықтан, банк клиентке несие беруге  шешім қабылдаудан бұрын оның  несиелік қабілетін талдайды. Қарыз  алушылардың несиелік қабілетіне  талдау жасау кезінде мынадай  факторлар есепке алынады:

- несиеге  қатысты қабілеттілігі. Қарыз  алушыларға несие бере отырып,  олардың атынан шығатын тұлғалардың  құқұқтық қуатын анықтайтын Жарғысы  және нұсқаумен танысуы тиіс;

- қарыз  алушылардың іскерлік беделі.  Несиеге тиісті беделі деп-қарыз  алушылардың қарызды қайтаруға  дайындығын ғана түснбейді, сондай-ақ  келісім шартқа байланысты барлық  міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.

  • табыс алу қабілеті-банк қарыз алушылардың несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
 

III  кезең Несиелік  және кепіл туралы  келісім-шарт жасасу

          Қазіргі несиелеудің  басты ерекшелігі бойынша банк  қарыз алушының несиелік қабілетін  көрсетіп болғаннан кейін, несиелік  шарт жасасу үшін несиелеу  субъектілері мен қатынасқа түседі. Несиелік келісім-шарт екі жақтың  өзара міндеттемелерін және жауапкершілігін  анықтайды.  

Онда  мыналар көрсетіледі: 

-  несиелеу мақсаты  және объектісі;

-  несие мөлшері;

-  несиені беру мерзімі  және қайтару шарттары;

-  несиені қамтамасыз  ету формасы;

-  несие үшін төленетін  сыйақы мөлшерлемесі;

-  несиенің қозғалысын  және клиенттің  қаржылық жағдайын  бақылау үшін қарыз  алушылардың беретін  құжаттарының тізімі;

-  несиелеу процесіндегі  банктердің бақылау  қызметі.

  
 

          Несиелік қатынастарды  ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл  туралы келісім-шарттың орны ерекше. Кепіл затына: бағалы қағаздар, мүлік, мүліктік құқұқ және басқалары  жатады.

          Материалдық-заттық  мазмұнына қарай кепіл заттары  мынадай топтарға бөлінеді:

1.  Клиенттің мүліктік  кепілі

-  тауарлы-материалдық  құндылықтар кепілі:

а)шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;

ә)тауарлар және  дайын өнімдер кепілі;

б)валюталық  бағалылар, алтыннан жасалған бұйымдар  кепілі;

в)басқа да  тауарлы-материалдық құндылықтар  кепілі:

-  бағалы қағаздар  кепілі;

-  сол банктегі депозиттер;

-  жылжымайтын мүлік  кепілі. 

2.  Мүліктік құқұқтар  кепілі:

-  жалгерлік құқұқ  кепілі;

-  авторлық құқұқ  кепілі;

-  жерге құқұқ кепілі.

 

IV  кезең Несие беру  кезеңі

Информация о работе Несиелеу механизмі