Кәсіпкерлік тәуекелділікке әсер ететін факторлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 18:50, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік табысты, бір жақтан, кәсіпорынның табысын бөлудің қорытынды нәтижесі деп, екіншіден, кәсіпкерлік қабілеттердің нәтижесі болғаны үшін сыйлық төлем деп қарауға болады.
Алғашында кәсіпкерлік табыс деп, алынған қарыз капиталының процентін төлегеннен соң қызмет ететін капиталистің қарамағында қалатын пайданың бөлшегі түсінілген болатын. Несие жүйесінің дамуына байланысты, пайданың процентке және кәсіпкерлік табысқа бөлінуі, оның (пайданың) меншікті капиталдың, немесе, қарыз капиталының әрекеттері нәтижесінен түскеніне қарамастан жалпылама сипаттама алған. Кәсіпкерлік табыс қарыз процентімен салыстырғанда алдынала көрсетілген шама емес, ол нақты кәсіпкердің іс-әрекетіне тәуелді болады.