Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 07:09, реферат
Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.
Халық банкінің сервиске тіркелген төлем карточкасы бар кез келген клиент, кез келген затты сатып алу, төлем төлеу, жалақы алу операцияларын жүзеге асыру барысында мобилдік телефодарында хабар арқылы ескерту алады. Хабар жұмыстың бағасы, орындалу мерзімі, өткізілетін орны туралы ақпарат береді. Одан басқа да берілген хабар сенімсіздік тудырса, онда тез арада 8080 хабарға арнаулы код арқылы карточканың жұмысын тоқтатып, есеп карточкасын басқа біреулердің заңсыз пайдалануына жол бермеу керек. Оперативті хабарлардан басқа «Мобилдік банкинг» жүйесіне қосылу кез келген уақытта банктің қатысуынсыз әртүрлі ақпараттарды білуге хабар жіберу арқылы ақшаның қалғанын, соңғы операциялар туралы мәліметтерді білуге болады. Жақын арада сервистің үшінші этапы – банк кодын клиенттің сим картасына орналастыру, яғни қорғалған төлемдерді және аударылған салымдарды мобилді телефондар арқылы жүзеге асырады. Халық банкі әлеуметтік жауапкершілігін арттыру нәтижесінде 2005 жылдың күрделі де пайдалы құрылымдарымен белгілі болды.
Халық банкінің карточкаларының орны ерекше, мәселен VISA Gold карточкасын пайдалана бастағанына 8 жылдай болды. Әсіресе, шет елде жүргенде бұл таптырмайтын нәрсе. Сонымен қатар VISA Gold карточкасын иеленушілерге қосымша JAPA карточкасы тегін беріледі. Бұл карточка бойынша шет елдік отелдер қызметін 50 пайыздық жеңілдікпен пайдалануға болады және басқа да пайдалы жақтары бар. Мәселен, сақтандыру қызметін пайдалану мүмкіндігін береді. Қажет болған жағдайда, егер шетелде жүргенде осындай мұқтаждық туып қалса, бұл карточкамен кез келген елде көмек алуға болады әрі қосымша AIG сақтандыру қызметі бар.
CARD TO CARD жүйесімен ақша
аудару, Халық банкінің төлем
карточкасын пайдаланушы
Халық банкі өз клиенттеріне
банкке келместен, банкомат арқылы тез
арада несие лимитін алу
Халық банкінің банкоматтар арқылы қол жеткізілетін операциялары:
Халық банкі сауда саласындағы
әр турлі елдермен ынтымақтастықты
өркениетті есеп айырысу тәсілдеріне
ауысуға мүмкіндік туғызатын
жаңа банк өнімдері мен қызметтерін
енгізу саласында тиісті қадамдар жасауда.
Бұл орайда екі ел территорияларында
банктердің белсенді қызметіне бағытталған
жайлы жағдайлар тудыру үшін Қазақстан
мен Қытайдағы ірі банктер
арасында өзара іс-қимыл орнату аса
маңызды болып отыр. Осындай атты
иеленетін төлем жүйесінің иесі
CUP – пен эквайринг туралы келісімге
қол қою тек қана Халық банкі
үшін ғана емес, Қазақстанға да маңызды
оқиға болып отыр. CHAINA UNION PAY (CUP) Қытайдағы
жалпы банкоматтар жүйесін және
POS – терминалдардың операторы болып
табылады. Енді жоғарыда айтылған келісім
бойынша Халық банкі CUP карточкаларының
Қазақстандағы эквайері есептеледі.
Компаниялар арсындағы
Сейфтік операциялар, ол банк
өз клиенттерінің – жеке тұлғалар
мен заңды тұлғалардың
Маңызды құжаттар мен құнды заттарды банк депозитарийінде сақтаудың сөзсіз артықшылығы – сенімділік пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі. Бұған қосымша банк депозитарийінің тағы бір басымдығы – құндылықтар мен құжаттарды анонимді түрде сақтау мүмкіндігі және сақтауға салынған заттың құнын жариялау мүмкіндігі. Абоненттік жәшіктерді жалдау мерзімі шектелмейді, клиент оларды өзі қалаған мерзімге пайдалана алады. Бүгінгі күні Банк сейфтік депозитрийдің абонент жәшіктерін неғұрлым кең таралған көрсеткіштер бойынша ұсынады. Жалға берілетін абонент жәшіктерінің түрлері мынадай: кіші сейф, орташа сейф, үлкен сейф.Қазақсатан Халық банкі депозитарийінің сейф жәшіктері барлық жұмыс күндері ашық болады. Жалға берілген сейф жәшігін клиент өзі жеке пайдалана алады немесе тиісті түрде рәсімделген сенім хат негізінде әрекет жасайтын өз өкілдері арқылы қол жеткізуге болады. Сейфтік депозитарий қызметі үшін клиент белгіленген тарифке сәйкес комиссиялық сыйақы төлейді, сыйақы мөлшері жалға берілген жәшік мөлшеріне және пайдалану мерзіміне байланысты болады. Банк абоненттік жәшіктерді рұқсатсыз ашудан сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді. Абонент жәшігінде сақтаулы құндылықтарды клиент қайтыс болу жағдайын ескере отырып, кез келген адамның атына өсиет етуіне болады немесе мемлекетке мұраға қалдыра алады. Абонент жәшігінде сақтаулы құндылықтарды клиент сақтандыру ұйымдары арқылы да сақтауына болады. Жылжымайтын мүлікті пәтер, үй, жер, сату-сатып алу операциялары бойынша төлемді қолма – ақшамен жүргізу үшін клиенттерге сейфтерді пайдалану мен қатар делдалдық қызмет ұсынылады. Аталған қызмет сатып алу – сату мәмлесіне қатысушыларға, яғни Сатып алушы мен Сатушыға тікелей көрсетіледі немесе мәмлені іске асырушы және Банкпен жасалған Жеке сейфті жалға беру туралы шарты бар фирманың өкілі арқылы ұсынылады. Қолма – қол ақшаны сейфке салуды Сатып алушы Сатушының және Банк қызметкерінің қатысуымен жүргізеді. Жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату мәмлесі болмаған жағдайда ғана Сатып алушыға сейф ішіндегілерді алуға рұқсат етіледі. Сатушы сейфтен қолма-қол ақшаны алуды Сатып алушының қатысуымен және нотариалды расталып, техникалық инвентаризациялау бюросында тіркелген жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату туралы шарт ұсынған жағдайда жүргізіледі. Қолма – қол ақша сейфтен алынғаннан кейін Жалға беру шартының талаптары орындалған болып есептеледі.
Аударымдары «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары», «Экспресс- аударыдар», Маниграмма жүйелері боцынша жүргізу. «Экспрессс- аударыдар» жүйесі бойынша ақша аудару, Қазақстанның өз ішінде банк бұл жүйе бойынша ұлттық валютамен және банк шоттарын ашпастан жеке тұлғалардың ақшасын бір-біріне аударады. Жедел аударымдар республика аумағы бойынша 10-15 минуттің ішінде іске асырылады. Аударылатын ақша сомасы шектелмейді. Аударым сомасының пайда болуын тиісті құжаттармен дәлелдеу талап етілмейді. «Money Gram» жүйесі бойынша жеке тұлғалар аударымын қолма – қол шетел валютасымен іске асыру. Маниграмм Халықаралық ақша аудару жүйесі Банкте 4 жылға жуық сәтті қолданылып келеді және жедел жұмыс істейтін әрі сенімді жүйе болып табылады. Халық Банкінің бөлімшесінен рәсімделген жеке тұлғаның шетел валютасындағы ақша аударымы 10 -15 минуттың ішінде кез келген шетелге және «Money Gram» жүйесінің пунктері орналасқан Қазақстан аумағы бойынша жөнелтіледі. Ақшамен қатар клиент алушыға жеделхат түрінде жазылған, көлемі он сөзден аспайтын мәтіндік хабарды тегін жібере алады.
Қазақстан Республикасы валюталық
заңнамасына сәйкес резидент және бейрезидент
жеке тұлғалардың Халық Банкі
арқылы Қазақстанға немесе Қазақстаннан
жіберілетін бір жылғы
«Жеке тұлғалардың жедел
есеп айырысулары» жүйесі бойынша ақша
аударымдары (теңгемен және АҚШ долларымен),
Банк жеке тұлғалардың және заңды
тұлғалар атына жасайтын ақшалай
аударымдарын «Жеке тұлғалардың
жедел есеп айырысулары» деген жүйемен
жүзеге асырылады. Аударым теңгемен
де, АҚШ долларымен де жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау. Банк өз клиентінің қолма-қол ақшасы мен шаруашылық қызметтен алынған түсімін оның банк шоттарына қабылдап отырады. Клиенттің өткізген қолма-қол ақшасы операциялық күннің ішінде түскен болса, сол күні бірден шоттарға аударылады, егер ақша операциялық күн аяқталған соң келіп түссе, клиент шотына келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей есепке алынады. Клиенттерге қолма-қол ақша беру алдын ала берілген өтінімге сәйкес орындалады, сонымен қатар Банк қолма-қол ақшаны өтінім түскен күні бірден бере алады, бірақ бұл жағдайда ұсталатын комиссиялық сыйақының тарифі жоғары болады. Кассалық аппараттарын салық органдарында тіркеуден өткізуге тиіс клиенттерге Банк олардың шотқа түсірген қолма-қол ақшасының сомасы туралы растамалық анықтама береді.
Негізгі қызмет түрлері:
11. Әртүрлі шетел валютасымен халықаралық аударымдар;
12. «Клиент-Банк» қашықтықтан қол жеткізу жүйесі бойынша операциялар жүргізу;
13. Тазартылған алтын құймаларын сатып алу және сату;
14. «Жалақылық жоба» бойынша
қызмет көрсету клиент
15. Жеке тұлғалардың төлемдері
мен аударымдарын «Жеке
16. «Жеке тұлғалардың жедел
есеп айырысулары» жүйесі
17. Жол чектері мен коммерциялық чектерді сату және сатып алу;
18. Вексельдік операциялар: домицилиация және вексельді инкассоға қабылдау;
19. Сейфтік операциялар:
клиент құжаттары мен құнды
заттарын сақтау, оның ішінде
сейф жәшіктері мен шкафтары,
үй жайларды жалға беру
21. Құжаттамалық операциялар
жүргізу және банктік
22. Корпоративтік клиенттер үшін арнаулы сервис;
23. Шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу.
Халық Банкінің ақпараттық технологиялары, 2005 жылы Халық Банкі CRM(customer relationship management) концепциясын жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам болып табылатын, бизнесті орталықтандырудың стратегиялық үздісін бастайды. Сапа мен операциялар жүргізудің жылдамдығы сияқты банк қызметін көрсетуді бағалаудың клиенттер үшін маңызды белгілері Банкті орталықтандыруды бастауға итермелеген негізгі себептердің бірі болды. Стандартты банк моделі бизнесті децентрализациялық түрде жүргізуге негізделген, ол бас офис пен өз шоттары, өз клиенттері мен операциялар жиыны бар жеке банк жүйелеріне ие болатын бөлімшелердің құрылуын көздейді. Жүйелердің өзара off – line режимінде транзакциялық деңгейде іске асырылады. Ол басқа клиенттік операцилардың орындалу жылдамдығын едәуір төмендетеді. Оның үстіне жаңа өнімді іске қосу мен оларды бөлімшелік торап бойынша тарату үрдісі айтарлықтай көп уақыт алады. Одан басқа тәжірибе көрсетіп отырғандай, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелеріндегі есептік, несиелік, депозиттік, валюталық және тарифтік саясаттары бас офистермен дайындалған саясаттардан көбінесе айрықша болып келеді. Осымен қатар банктердің бөлімшелері, әдеттегідей, банк өнімдері мен қызметтерін сатуға назар аударудың орнына адам және уақыт ресурстарының едәуір бөлігін әртүрлі қаржылық есептілікті дайындауға жұмсауға мәжбүр болады. Халық банкінде өткізген бизнесті орталықтандыру жоғарыда аталған проблемаларды жойды да: