Банктің пассивту операциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 07:09, реферат

Краткое описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Файлы: 1 файл

депозиттік операц.docx

— 180.76 Кб (Скачать)
  • Банктің қолданатын қаржылық құралдарды бақылау үшін өте маңызды болатын, бизнестің ағымдағы жағдайы туралы толық және дер кезінде ақпарат алу;
  • Қызмет көрсету жерлеріне байланыссыз барлық жүйе бойынша ортақ клиентті құру;
  • Бүкіл банк бойынша біріңғай өнімді каталог құру;
  • Бөлімшелердің автономдық жұмысы кезінде пайда болуға мүмкіндігі бар тәуекелдерді жою;
  • Жаңа бизнес – үрдістерді ендіру мерзімдерін қысқартуға және қолданыстағыны оңтайландыруға мүмкіндік берді. Сөйтіп Банктің күш жұмылдыруы мен құрылым ішіндегі өзгерістер жылдамдығы елеулі түрде көтерілді;
  • Алынатын бухгалтерлік және басқарушылық есептіліктің сапасын жақсартуға, сондай- ақ шоғырландырылған көрсеткіштерді алу уақытын қысқарту;
  • Банкті басқару тиімділігін көп есе арттыруға мүмкіндік берді.

Орталықтандыру шешімін  ойдағыдай жұмыс істету мақсатында Банк бөлімшелерін Бас кеңсемен қажетті  өткізгіштік қабілеттілікті және сенімділікті қамтамасыз ететін артық байланыс арналарымен  байланыстыратын тораптық инфрақұрылым салынды. Негізгі арна ретінде «Қазақтелеком» ААҚ компаниясының Freme RELAY жер үсті арналары қолданылады. Олар 128 Кбит / сек  дейіңгі жылдамдықпен мәліметтер беруді қамтамасыз етеді және ішкі сақтық арналарға ие. Негізгі арнаның  істен шығу жағдайында, терминаларды Банктің әрбір бөлімшелерінде орнатылған және жер үсті тораптан автономды  түрде жұмыс істеуге мүмкіндік  беретін Kulan спутник торабы арқылы автоматты  түрде сақтық арна іске қосылады.

Сапаны басқару жүйесі бойынша, өткен жылы Халық банкі ISO 9000 халықаралық сапа стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесін  құру жұмыстарын бастаған болатын, ол Банктің әрбір бөлімшесі қызметінің дамуы мен жақсартылуына септігін тигізді. Сапа менеджменті жүйесі Банктің  маңызды міндетінің, Банк қызметінің барлық бөлімшелерінде оның барлық үрдістерінің айқындығы мен реттеп отырылуы арқылы сапалы банк қызметтерін көрсетудің орындалуына кепілдік береді. Сапа менеджменті жүйесін құру мен  қалыпты ұстау мақсаттарында  сапаны басқару бойынша жұмыс  тобы құрылды, «Халық Банкі» ААҚ –  ның сапа саласындағы саясаты: Банктің  сапа саласындағы мақсаттары мен  міндеттерін жариялайтын негізгі  құжат дайындалды, бекітілді және әрбір қызметкерге жеткізілді. Сонымен  бірге сапа менеджменті жүйесінің  екінші негізгі құжаты – «Сапа  бойынша нұсқау» дайындалды және бекітілді, сапа жүйесін және оны  құрайтын шағын жүйелерді жалпы  сипаттау болып табылады. Сапа бойынша  нұсқау сапа жүйесін ендіру, оны  жұмыс қалпында ұстау және жетілдіру  кезінде тұрақты анықтамалық  материал қызметін атқарады. Сапа жүйесін  құру кезіндегі басты нәрсе Банкпен  орындалатын барлық үрдістердің, операциялардың құжатталуы болып табылады. Осыған байланысты корпоративтік стандарттар  дайындалды, соларға сәйкес Банктің  ішкі нормативтік реттеу жүйесі рәсімделді. Бір жыл ішінде осы стандарттарға  сәйкес банк операцияларын жүргізудің және банк қызметтерін көрсетудің шарттары мен тәртібін анықтайтын, сипаттайтын  және реттейтін нормативтік құжаттар бекітілді. Өткен жылы «Ақшаның ағылуына қарсы әрекет саясаты» сияқты негізгі  анықтаушы құжаттар қабылданды, олардың  қағидаларын ұстану халықаралық  аудиторлық компаниялардың Банк қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін  бағалауда өзін жағымды әсерін беруде, және де, сәйкесінше халықаралық несие  жолдарын тартуға септігін тигізеді. Персоналдың Банк қағидалары, міндеттері, ұйымның ішкі құрылымы мен Банк қызметін реттеу жөнінде үздіксіз ақпарат  алып отыруын қамтамсыз ету мақсатында «Lotus Notes» жүйесінде барлық қажетті  құжаттарды орналастыратын Банктің  электрондық нормативтік базасы құрылған болатын. Олардың ішінде Банк қызметінің үрдісінде анағұрлым  жиі қолданылатын Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің нормативтік құжаттары. Өнімдер мен қызметтерді ұсынудың сапасы Банктің ұйымдық құрылымына, құрылымдық бөлімшелері арасындағы функциялары мен міндеттердің дұрыс  және анық үлестірілуіне тәуелді  болмақ. Өткен жыл ішінде банк өнімдерін  дайындау мен ұсыну үшін анағұрлым  жақсы жағадайлар қалыптастыру мақсаттарында, ұйымдық құрылым түзетілді және Банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оңтайландырылды. Банк алдағы уақытта  да, іске асырылатын үрдістерге ішкі аудит  жүргізу, ескерту және түзету жасау  шараларын іске асыру жолымен  сапа менеджменті жүйесін құру мен  жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруды көздейді.

Өз қызметтерінің жаңа бағыттарын ашу және бизнесін кеңейту  мақсаттарында Халық Банкі «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС болған брокер – диллерлік компанияның  құрылуына қражаттар инвестициялайды. «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС, бұрын «Инвестмент Менеджмент тобы»  ЖШС 1995 жылы құрылды, және қазіргі кезде  компания Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында әрекет ететін алдыңғы  қатарлы брокер – диллерлердің бірі болып табылады. 2005 жылы, құрылтайшылар құрамының өзгеруіне және Халық Банкінің компания капиталына кіруіне байланысты, «Инвестмент Менеджмент тобы» ЖШС 100 млн теңге жарғылық капиталымен «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС болып қайта құрылды. Компанияның жарғылық капиталындағы Банктің үлесі 39% құрайды. «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС мелекеттік және корпоративтік бағалы қағаздары мен нарықтық мәмлелер жасасады, заңды және жеке тұлғаларға мақсатты инвестициялық бойынша кеңес беру қызметтерін көрсетеді. 2005 жылдың қорытындылары бойынша «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС корпоративтік бағалы қағаздар нарығының  7,4% қамтиды, және құрамында барлығы 32 ойыншы әрекет ететін қор нарығының осы секторындағы төрт ірі компания қатарына қосылды. 2005 жылдың бірінші тоқсанында компания мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу – сату нарығында өз орнын сақтап қалып, сауда – саттықтың брутто көлемінде өз үлесін 8,4% — ға дейін көбейтті. «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС маркет – мейкер қызметтерін көрсету тәжірибесіне ие және кейбір компаниялар атынан маркет – мейкер ретінде қызмет етеді. Қазіргі кезде «Халық Инвестмент Менеджмент» ЖШС Халық банкінің қаржылық кеңесшісі қызметін атқарады.

Қаржылық нарықта Халық  банкі «Халық Полис» және «Халық Лизинг»  компанияларымен тығыз ынтымақтастық  орнатқан, соның арқасында банк өзінің қаржылық өнімдер қоржынына сақтандыру, лизинг және факторинг бойынша қызмет көрсетуді енгізуге мүмкіндік алды. «Халық Полис» сақтандыру компаниясы ЖАҚ жеке және заңды тұлғаларға сақтандыру бойынша алуан түрлі қызмет көрсететін әмбебап сақтандыру компаниясы. Ол  1993 жылы «Тұмар» сақтандыру компаниясы ЖАҚ атауымен құрылған және Қазақстандық сақтандыру қызметін көрсету нарығында ойдағыдай қызмет етіп келген. Акционерлер құрамындағы өзгерістерден кейін 2005 жылы «Халық Полис» сақтандыру компаниясы ЖАҚ атауына өзгертілді, ал оның стратегиясының маңызды элементтері әмбебаптылық сенімділік және ұсынылатын қызметтердің сапалығы болды. Осыған орай компанияның менеджменті еліміздің қаржылық институттарының жеткеші мамандардың есебінен күшейтілді.

«Халық Полис» сақтандыру компаниясы ЖАҚ жарғылық капиталы 300 млн теңгені құрайды. Компания ерікті сақтандырудың он екі түрін жіне міндетті сақтандырудың екі түрін  ұсынады. Анағұрлым ірі клиенттері Қазақстандағы шетелдердің елшіліктері, мұнай – газ секторының компаниялары, ірі сауда өкілдіктері болып  табылады. Тұрақтылық пен орнықтылықтың, сондай – ақ клиенттер алдындағы  өз міндеттемелерін тиісті түрде  орындаудың қамын ойлай отырып, компания өзінің тәуекелдерін қайта сақтандыруға үлкен мән береді, осыған орай ірі  халықаралық қайта сақтандыру және сақтандыру компанияларымен – AON Kazakhstan, Class Assistance, Rosno (Ресей), AXA Coloni, Johnson&Higgins, Sedgwick Group және көптеген басқаларымен берік  серіктестік қатынастар орнатты.

2005 жылы «Халық Банкі»  брэндін ілгері шығару кезінде  Банк мамандары алдында үлкен  және күрделі міндет – ішкі  нарықта ғана емес сыртқы нарықта  да берік позицияға иеленіп,  клиенттер мен серіктестердің  сенімін жаулап алу міндеті  тұрды. Банктің жуырдағы атауын  өзгертуіне, несиелік тарихтың жоқтығына  байланысты, атағы салыстырмалы  түрде онша жайылмағандықтан, және  де халықаралық институттардың  дәстүрлі кертартпалығымен сабақтаса  келе, сыртқы нарыққа шығу міндетінің  шешілуін қиындатып жіберді. Солай  болып тұрса да, өткен жыл ішінде  Халық Банкі халықаралық капитал  нарықтарының көптеген алғы шекетегі  ойыншыларымен байланыстар орнатты  және өзара қарым — қатынастарын  белсендетті. Осы қарым – қатынастарды  дамыту бойынша жұмысын жалғастыра  келе, Халық банкі өз қызметін  толық ашықтық қағидасына және  оның халықаралық банк стандарттарына  сәйкестілігіне негізділіеді. 2005 жыл  ішінде Азиялық Даму Банкінің несие жолдары бойынша, Сондай – ақ Hermes  — экспорттық несиелік агенттіктің кепілдігімен неміс банктерімен Халық Банкінің жобаларымен қаржыландырылады. Есептік жылда Халық банкі маңызды ресейлік банктер тарапынан 6 млн АҚШ доллары сомасында біріктірілген қарызға ие болды. Қарыз банктер синдикатымен 6 айға ұзарту опционымен 6 айлық мерзімге берілді. Қарыз бойынша пайыздық ставка – айлық либор + 4%. Мәмленің агенті ретінде алдыңғы қатарлы ресейлік «Ренессанс Капитал» қаржылық тобы болады, ал синдикат қатысушыларының қатарына «Банк Руский Стандарт» ЖАҚ және «Транс Кредит Банк» ААҚ сияқты банктер кірді. Тартылған қаржыларды Халық банкі өзінің маңызды корпоративті клиенттерінің экспорттық контрактарын қаржыландыру үшін пайдаланады. Бірінші біріктірілген қаржы тарту Халық Банкіне ТМД елдері мен қиыр шет елдердің банктері арасындағы халықаралық несие тарихын қалыптастыруды бастауға мүмкіндік берді. Дүниенің кез келген нүктесіне төлем жасау үшін, сондай – ақ ,шығындарды жылдамдату мен кішірейту үшін Банк өзінің кореспондеттік торабын кеңейту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта Халық банкінің серіктестік торабында Deutsche Bank AG, Deutsche Bank Trust Company Americas, Raiffeisen Central Bank Osterreich AG, Citibank Commertzbank, Сберегательный Банк России, Альфа Банк және көптеген басқалары сияқты халықаралық қаржылық институттары бар.

Халық Банкі Еуропалық  қайта құру және Даму Банкі, Азиялық  Даму Банкі, Халықаралық Қаржылық Корпорация мен Исламдық Даму Банкі сияқты ұйымдармен ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Шағын және орта бизнес, сауда қаржыландыру және астық қолхаттары бағдарламаларына Халық Банкінің кіргізуі бойынша  Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен қызу жұмыс жүргізілуде. Халықаралық  қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықты  дамытудан басқа, Халық Банкі 2005 жылы ұзақ мерзімді келешекте шет  елдік стратегиялық қаржы салушыны іздестіруге көп назар аударған болатын және өзара пайдалы жобаларды  талқылау үшін әрдайым ашық. 

 

 

  

 

 

  

 

 

 

3- бөлім.  Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары. 

 

3.1. Қазақстан Республикасындағы  депозиттік операциялардың          ұйымдастырылуын талдау 

 

Жинақ кассаларының жалпы  жүйелік жобасы 1826 жылы пайда болды. Бұл мекемелер алғашында 1775 жылдары  барлық губернияларда және уездік қалаларда  қайырымдылықты дамыту үшін құрылған болатын. Оған жинақталған қаражатқа ауруханалар, мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатын болған.

Кейіннен қаржы жүйесінің  даму нәтижесінде 1860 жылы мемлекеттік  банк құрылды, оның бөлімшелер торабы Қазақстан территориясында да, құрыла бастады. Мемлекеттік банктің бірінші  бөлімшелері Орал, Петропавловск, Семей  және Верный қалаларында құрылды, жинақ, несиелік – есеп айырысу операциялары жүргізілген. Ұсақ салымшыларға қызмет көрсетілетін, салымдар жалпы негізде  алынатын, ал қаржыларды қайтару және ұсақ несие беру орталық касса  есебінен жүргізілетін, яғни қаражат  осының есбінен алынатын болған.

Үкімет тартылған қаражаттардың  сақталуын қамтамасыз етті, кассалар салым құпиясын сақтауға міндеттенді. Клиенттерге шот ашылып, жинақ  кітапшасы берілетін болды, сонымен  қатар ай сайын пайыздар есептелініп  тұратын. Егер шотта 30 жыл аралығында қозғалыс болмаған жағдайда салым мемлекет пайдасына алынатын болды.

Біртіндеп Қазақстанның несие  Ресей империясының несиелік жүйесінің  құрамдас бөлігі болды. Осы кезеңде  үш деңгейлі несие жүйесі болды: бірінші  деңгей – мемлекеттік банк, екінші деңгей – банк секторы, үшінші деңгей – мамандандырылған несие институттары. Бұл көбінесе жинақ және коммерциялық банктер.

Ресейдің жинақ қызметінің тарихы 150 жылдан астам уақытты қамтиды. Жинақ ісі бұл өркениеттің  дамуы. Жеке ақша жинақтарының қалыптасуы экономикалық процесс, кез келген дамыған  қоғамның өміріне қажетті элемент. Жинақ ісі өзінің пайда болуынан бастап мемлекеттің және еңбеккерлердің жеке мүдделерін қамтитын болды. Халықтың жинақтарын банктің пайдалануы мемлекеттің  дамуына және сол мезетте халықтың тұрмысының жақсаруына алып келеді.

Қазақстан территориясында 1898 жылда 84 жинақ кассалары болды, 1897 жылдан бастап барлық уездік қазынашылықтарда көптеген банктік операциялар енгізілді: ақша айырбастау, купон бойынша проценттер төлеу және процентті қағаздар бойынша  капитал төлеу, жинақ кассаларының операциялары, мемлекеттік банк мекемелерінің  ордерлері бойынша қаражаттарды қабылдау және беру, жеке қаражат сомаларын  аудару, ағымдағы шоттарға мерзімді және мерзімсіз салымдарды қабылдау, процентті  қағаздарды кепілге қоя отырып ссуда  беру және тағы да басқа қызмет түрлері  көрсетілетін болды.

Жинақ қызметінің дамуының екінші кезеңі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына тиеді. Ақтөбеде 1923 жинақ кассасы ашылды, 1936 жылы Алматы қаласында СССР Жинақ Банкісінің филиалы ашылды. Осы жылдардан  бастап жинақ жүйесінің халықтың көптеген массасына арналған жинақ  жүйесінің  жаңа тармағы дами бастады.

Осыдан кейін Қазақстанда 335 жинақ кассалары қалыптасқан  болатын. 1929 жылы Қазақстандағы барлық жинақ кассаларының қызметін басқарумен айналысатын Республикалық Жинақ  Кассасы құрылды. Салымшылардың  көп мөлшерін тарту мақсатында жинақ  кассалары тікелей зауыт-фабрикаларда, клхоздар мен совхоздарда ашылатын болған.

Мемлекеттік қарыздарды орналастыру  есебінен түскен қаражаттар 1922-1925 жылдары  мемлекеттік бюджеттің 7.5 пайызын  құрады, ал 1925-1928 жылдары 6.8 пайызын  құрады.Бұл қаражаттар халық шаруашылығын қалыптастыруда маңызды роль атқарды.

Жинақ қызметін дамыту мақсатында комиссиялар құрылып, заңдар, қаулылар қабылдана бастады.

Кейіннен 1988 жылы жүзеге асқан  банктік реформа екі деңгейлі банк жүйесін қамтыды: Орталық Банк – мамандандырылған банктер.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан  нарықтық экономика талаптарына  сай келетін банктік жүйені қалыптастыруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР – дағы банктер банктік  жүйе туралы» заң қабылданды.

1993 жылы Жинақ банкісі  Қазақстан Республикасына тиесілі  «Қазақстан Жинақ банкісі»  болып тәуелсіз заңды құрылым болып қайта құрылды.

Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі артып отыр, соның нәтижесінде  салымдардың мөлшері дде артуда. Банктер депозиттерді әртүрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ депозиттер, зейнеткерлерге арналған депозиттер тағы басқа.

Қазақстан Республикасындағы  жалпы жинақтар және депозиттік нарық  жайында тек 1995 жыл ортасынан  бастап айта аламыз. Осы кезеңде  теңге курсы айтарлықтай тұрақталды, инфляция деңгейі біршама төмендеді. Осы кезден бастап қаражат жинақтауға жағдай туындай бастады.

1995 жылдың соңында, ресми  мәліметтер бойынша, 5096.2 млн. теңгедей  қаражат жинақталды.Сол кезеңдердегі  нақты сектордың тұрақсыз болуы  себебінен қаражат иелері оларды  сенімді орналастыру жолдарын  іздестірді.

Осы жылдың бірінші жартысында қабылданған банктік жүйені қайта  құру бағдарламасына сәйкес, аукциондық ресурстар ұлттық банкінің тек өтімділік  мәселесін шешу үшін ғана берілетін. Бұл белсенді депозиттік саясатты жүргізу  мәселесіне біршама еріксіз сипат  беретін.

Информация о работе Банктің пассивту операциясы