Банктің пассивту операциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 07:09, реферат

Краткое описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Файлы: 1 файл

депозиттік операц.docx

— 180.76 Кб (Скачать)

1990 жылдың желтоқсанынан  бастап Қазақстан өзінің нарықтық  экономика талаптарына жауап  бере алатын банк жүйесін құруға  кірісті. 1991 жылдың қаңтарында –  ақ «Қазақ ССР – індегі банктер  және банк қызметі туралы»  деген заң қабылданды, мұның өзі  тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі  реформа жұмысының алғашқы қадамы  болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз  ресми түрде жария етілген  соң бір жылдан кейін, 1992 жылы  Қазақстан Республикасының Жинақ  банкі құрылды, оның заңды түрдегі  ресми құқық иеленушісі бүгінгі  Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы жинақ банкі Қазақстан  Республикасының үкіметіне қарайтын  дербес заңды құрылым – «Қазақстан  Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы  акционерлік қоғам болып қайта  құрылды. Қайта құру рәсімі  банк басшылығын ауыстырумен,  жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен  ұштастырылды. Жаңа басшылық банк  жұмысына әмбебап қызмет көрсету  қағидатын негіз етіп алды  және бүгінгі күнге дейін банк  қызметі түрлерін барынша кеңейтуді,  банкингтегі ақпараттық – коммуникативтік  технологиялардың соңғы жетістіктерін  пайдалануды барынша қолдап әрі  дәйектілікпен іске асырып келеді.

1995 жылдың аяғында –  ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы  ірі операциялық банк болып  танылды. Қазіргі уақытта Банк  қаржы рыногындағы өзінің сол  айқындамасынан ауытқымай, қол  жеткізген жетістіктерін сақтап  қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде  акционерлердің жалпы жиналысының  шешімімен Банк жабық тұрпаттағы  акционерлік қоғамнан Үкіметтің  қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан  Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998 – 2001 жылдыры кезең – кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.

2001 жылдың қараша айында  өткен сауда – саттық аукционында  Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі  33 пайыз + бір акцианың бақылау  пакетін сатты. Осы уақыттан  бастап Қазақстан Халық Банкі  еліміздегі ірі әмбебап әрі  жетекші коммерциялық бантердің  бірі болып келеді. 80 жылдан астам  клиенттеріне қалтқысыз қызмет  етіп, сенімді қаржылық мекемеге  айналып отыр.

2005–2007 жылдардағы Халық  Банкінің даму стратегиясының  негізгі міндеті – Қазақстанда  және онымен шектесіп жатқан  көрші елдердегі қаржы нарығының  барлық сегменттерінде : банк, зейнетақы,  сақтандыру, бағалы қағаздар және  лизинг саласында қызмет көрсететін  әрі клиенттер мүддесін көздеуге  бағытталған қаржылық топ құру.

  • Халыққа бөлшек бизнес қызметін көрсету нарығында жетекші банк атану. Ең бастысы – сатулар жүйесін құру, оның арқасында банктің кеңінен таралған бөлімшелер желісінде тұрғындарға қаржылық қызметтің толық жиынтығы ұсынылады;
  • Активтерді басқару нарығындағы өз айқындамасын күшейту (кең мағынада алғанда, оның ішінде зейнетақы қорын, өмірді сақтандыру компаниясын, брокерлік компанияны, активтерді тікелей басқару жөніндегі бөлімшелерді қоса алғанда);
  • Жалпы сақтандыру нарығында табанды да берік айқындама ұстануға қол жеткізу;
  • Нарықтың барлық негізгі сегменттері бойынша кемінде 25 пайыздық үлесті иемдену;
  • Шағын және орта кәсіпкерлерге несие беру нарығында жетекші банктің бірі болу;
  • Ірі экспорттық кәсіпорындарға қызмет көрсетуде жеткілікті айқындама жасау;
  • Қазақстан мен оған шектес өңірде қаржы тобының шеңберіндегі құрылымдық өнімдер бойынша бизнес ашу;
  • Стартегиялық серіктеспен бірлесіп Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бизнесті қолға алу және 5 жылдың ішінде шетелдік бизнестің жалпы өнім көлеміндегі үлесін 30 пайызға жеткізу. Ресеймен саудалық қарым – қатынасқа оның ішінде шекаралық саудаға қызмет көрсету бизнесін құру;
  • Қорландыру мерзімін ұзарта отырып, қор базасын сараландыруды жалғастыру.

2006 жыл Халық Банкі  үшін орнықты түрде дамуға, жетекші  айқындамалық көрсеткіштер мен  табыс өсімін нығайта түсуге  қол жеткізілген кезекті табысты  жыл болып табылады. Банктің таза  пайдасы мен активтер жиынтығы 70 % — дан астам шамаға өсті, капитал жетімділігі тиісті деңгейде  сақталып, 17,1 % болды. Банк ипотекалық  несие беру, депозиттер, жалақылық  жобалар мен карточкалық өнімдер,  зейнетақылық қор мен сату  арналары жөнінен, оның ішінде  кең таралған бөлімшелер желісі  мен банкоматтар ауқымы бойынша  жетекші орыннан көріне отырып, Қазақстандық бөлшек бизнес нарығындағы  өзінің көш бастаушылық орнын  нық ұстап отыр. 2006 жыл банк  елеулі жетістіктерге қол жеткізді, атап айтарлық ең басты табыс-  Лондондағы халықаралық биржада  жаһандық депозитарлық қолхаттарды  бастапқы жариялық түрде орналастыруды  (IPO), ұсыныс сомасы айтарлықтай  шамада асыра отырып, барынша  сәтті аяқтады. 2007 жылы  клиентер сұранысына бағдарланған жоспарды одан әрі дамытуды, теңгерімді түрдегі өсіммен қарастырады. Ағымдағы жылдағы табыс Қазақстан Халық банкі үшін басты айқындама, оң мәнді үрдістер болып табылады.

Негізгі қаржылық көрсеткіштері: — салық төлемі шегерілген таза пайда көлемі 72% — ға ұлғайып, 27,159 млн теңгеге дейін өсті. Операциялық  табыс 66% — ға өсіп, 64,572 млн теңгеге  жетті. Таза пайыздық табыс 98% — ға дейін  ұлғайып, 38,132 млн теңгеге жетті. Таза пайыздық маржа 7,0% — операциялық  шығыс/операциялық табыс- 36,8%. — ROAE – 4,6 пайздық пункте өсіп, 41,8% — ға жетті. Жалпы активтер көлемі 77% — ға өсіп, 991,359 млн теңгеге жетті. Капиталдың жетімділік коэфициенті: 1- деңгей бойынша  – 14,0%, 2 – деңгей бойынша – 17,1%.

Банктің 2006 жылғы шоғырландырылған таза табысы 72% — ға ұлғайып, 27,159 млн  теңгеге жетті. Банктің бұл көрсеткішке  қол жеткізуі ең алдымен таза пайыздық табыстың 98%- ға, ал комиссиялық және алым түріндегі таза табыстың 39% —  ға ұлғаюымен тікелей байланысты болып отыр, өз кезегінде бұл аталған  көрсеткіштер пайыздық емес шығыстардың 48% — ға және табыс салығы бойынша  шығыстың 139% — ға өсуімен ішінара  теңгерілді. Қарапайым акцияларды иеленушілер  арасында бөлінуге тиіс таза табыс 25,080 млн теңге болды, бұл 2005 жылғы  көрсеткішпен (14,200 млн теңге болған) салыстырғанда 77% — ға артық.                                      Операциялық табыс құрамына таза пайыздық табыс, комиссиялықтар мен түрлі алымдар түріндегі таза табыс және басқа да пайыздық емес табыс кіреді, 2006 жылы бұл көрсеткіш 66% — ға өсіп, 64,572 млн теңгеге жетті, 2005 жылы – 38,926 млн теңге болған. Операциялық табыстың 59 пайызын құрайтын таза пайыздық табыс 2006 жылы 98% — ға дейін ұлғайды және 2005 жылы 19,259 млн теңге болса, өткен жылы 38,132 млн    теңгені құрады, ең алдымен бұл несие портфелінің өсімімен табысы жоғары бөлшек несиелер есебінен мүмкін болды.

Комиссиялықтар мен алымдар  түріндегі таза табыс операциялық  табыстың 33 пайызын құрады әрі 2006 жылы 39% — ға өсіп, 2005 жылғы 15,248 млн теңгеден 21,135 млн теңгеге дейін жетті. Бұл  табыс бойынша өсімге зейнетақылық активтер мен есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету арқылы алынған табыс  нәтижесінің артуы арқылы қол  жеткізілді. Операция шығыс көлемі 2006жылы 48% — ға ұлғайды және 2005 жылғы 19,560 млн теңгелік шамадан өткен  жылы 28,971 млн теңгеге дейін артты, бұл қызметкерлер санының, жалақы деңгейінің өсуімен және басқа да әкімшілік  шығынның артуымен байланысты.

2006 жыл Халық Банктің  банктік қызметтер нарығында  шапшаң талпыныс жылы болды.  Бұл туралы Халық банкінің  бухгалтерлік балансымен куәләндырады.

Кесте 2.1

Бухгалтерлік баланс. 

 

Млн. Тенге

31 желтоқсан

2006 ж

2005 ж

Клиенттік қарыз нетто

596,216

411,097

Барлық актив

991,359

559,665

Клиенттік депозиттер

597,935

323,515

Барлық міндеттемелер

870,732

495,221

Барлық меншікті капитал

120,628

64,444

Барлық меншікті капитал  және міндеттемелер

991,359

559,665


 

 

Банктің жалпы активтерінің шамасы 2006 жылы 77% — ға өсті және  991,359 млн теңгеге жетті, 2005 жылғы 31 желтоқсанда көрсеткіш 559,665 млн теңге болған. Мұндай шамаға ұлғайту негізінен несие портфелі мен инвестициялық бағалы қағаздар портфелі ауқымының артуы нәтижесінде мүмкін болды. Несие портфелінің өсімі 2006 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 45% — ға артып, 596,216 млн теңгеге жетті, 2005 аяғында бұл көрсеткіш 411,097 млн теңге болған, аталған өсім Банктің несие беру қызметінің айтарлықтай жандандырылуымен, әсіресе, бөлшек несие беру мен шағын және орта бизнес саласындағы несие берудің белсенді түрде жүргізілуімен тығыз байланысты деуге болады. Мұнымен қатар Банктің инвестициялық бағалы қағаздар портфелінің көлемі де өсіп отыр: 2005 жылғы 12,099 теңгеден 2006 жылы 123,338 млн теңгеге дейін өсті сонымен ақша мен оның балама құралының, оның ішінде мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялардың ауқымының өсімі 2005 жылғы 57,102 млн теңгеден 2006 жылы 127,799 млн теңгеге дейін жетті, бұл жағдай өткен жыл ішіндегі депозит базасын жоғары қарқындылығы нәтижесінде Банк өтімділігінің шамадан тыс артуымен байланысты болды. Бөлшек (жеке тұлғалар) банкинг жалпы несие портфелінің 31 пайызын құрайтын бөлшек несие портфелі 2005 жылғы 130,602 млн теңгеден 2006 жылы  197,181 млн теңгеге жетіп, өсім 51% болды. Ипотекалық несиелер бөлшек несиелердің жалпы көлемінің 56% құрады және ауқымы өткен жылы 40% — ға артты, ал тұтыну несиелері портфелінің көлемі 67% — ға өсті. Бөлшек несие бойынша түскен табыс 2006 жылғы жалпы пайыздық табыс ауқымының 41 пайызын құрады, 2005 жылы бұл көрсеткіш 36 пайыз болған.

Меншікті капитал 2006 жылдың аяғында Банктің меншікті капиталының  көлемі 2005 жылдың аяғындағы көрсеткішпен салыстырғанда 87% — ға ұлғайып, 120,628 млн теңгені құрады. Мұндай нәтижеге жарғылық капиталды толықтыру және бөлінбеген табыс пен өзге де резервтерді  ұлғайту арқылы қол жеткізілді. Банктің  жарғылық капиталы 2005 жылдың аяғында 29,016 млн теңге болса, 2006 жылдың басында  айырбасталатын артықшылықты акцияларды орналастырғаннан кейін және қыркүйек айында 30 000 000 қарапайым акция, ал желтоқсан айында Лондондағы халықаралық биржада жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) бастапқы жариялық түрде орналастыру (IPO) шеңберінде 55 000 000 қарапайым акция шығарылғаннан кейін 2006 жылдың аяғында жарғылық капитал өсімі 109% — ға немесе 60,684 млн теңгеге жетті.  

 

 

 

Сурет 2.1.  2006 жылғы Халық Банкінің негізгі операцияларының қаржылық көрсеткіштері.  

 

Халық банкі өзінің клиенттер  базасы мен кең таралған бөлімшелер желісі жағынан көш бастаушылар  қатарында келе жатқан Қазақстандағы  бірден бір қаржылық мекеме болып  табылады. Банк бүгінгі күні жеке тұлға  – клиенттер мен корпаративтік  клиенттерге және шағын және орта бизнес өкілдеріне ауқымды қызмет түрін (банктік қызметтер, зейнетақы қорының  қызметі, сақтандыру, лизинг, брокерлік  қызмет, активтерді басқару) ұсынатын әмбебап қаржылық топ ретінде  даму қағидасын ұстанып отыр.       Халық банкінің бөлшек депозиттері мен ипотекалық несие беру нарығындағы портфелдік үлесі — 20 % — ға жуық. Мұнымен қатар Банк төлем карточкалары нарығының сөзсіз көш бастаушысы болып табылады – бұл саладағы үлесі 50 пайызды құрайды. Өзінің бөлімшелер желісі мен банкоматтар арқылы сондай – ақ соңғы уақытта айтарлықтай жедел қарқынмен дамып отырған  «Интернет — банкинг» және «Мобилдік -банкинг» жүйелері көмегімен 6млн — ға жуық клиентке қызмет көрсетуде. Клиенттерге ұсынылатын қызмет ауқымы өте кең әрі сан алуан: банк өнімдері мен қызметтері, оның ішінде ағымдағы шоттар, мерзімдік депозиттер, тұтыну несиелер, ипотека, кредит және дебет карточкалары, жол чектері, валюта айырбастау, мұның сыртында – 2006 жылдың ішінде іске қосылған бірқатар жаңа карточкалық өнімдер бар. Банктің корпоративтік банкинг бөлімшелері копоративтік клиенттерімен шағын және орта бизнес өкілдеріне, қаржы мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарға көтермелі банк өнімдері мен қызметтерінің бірнеше түрін ұсынады.

2002 жылдың қыркүйек айынан  бастап зейнетақы салымдары ай  сайынғы түсетін көлемі бойынша  алда келуде. Осы жылдың ақпанындағы  көрсеткіш 3483615848 теңгені құрайды  немесе 26,67% құрайды.Осы көрсеткіштерді  мына сызбадан көруге болады.

Кесте 2.2

2005 жыл бойынша негізгі  көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы  

 

Атауы

Саны

Нарықтағы үлесі

Жылдық өсім

1.1.05

1.1.06

   

Салымшылардың саны

1242881

1459198

19,16%

216,317

17,4%

Зейнетақы қоры оның ішінде салымшының есебінде бөлінген инвестициялық  кіріс

121173855000   

 

23777636000

168342666000   

 

36139503000

25,95%   

 

 

 

23,29%

47168811000   

 

12361867000

38,93%   

 

51,99% 

Сомма

5962875000

8247821000

23,05%

2248946000

38,315%

Алымшылардың саны

211366

266409

 

55043

26,04%


 

 

Халық банкінің зейнетақы  қоры ең капиталды қоры болып табылады. Оның төленген жарғылық капиталы 1 млрд теңгені құрайды. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы қордың жеке капиталы 2 828 734 мың теңгені құрайды.

Зейнетақы қор жүйесінің 2006 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштері:

-         168,3 млрд. Теңге оның ішіндегі инвестициялық кіріс 36,1 млрд. теңге, жалпы зейнетақы қорының көлемінің 25,95% — ын құрайды;

-         42 млрд.теңге зейнетақы активтерінің көлемі бойынша жақын бәсекелесушімен құрайды;

-         1 459 198 адам, немесе жалпы зейнетақы қорының салымшылары              19,% — ын құрайды;

-         2005 жылдағы салымшылардың зейнетақы жинақтаушыларының зейнетақы қорының өсімі 38,93% құрайды;

-         2005 жылғы таза инвестициялық кірісінің өсімі 51,99% — ды құрайды;

-         Зейнетақы салымының жалпы көлемі 24,3% — ын құрайды, 124,7 млрд.теңгені құрайды;

-         2005 жыл бойынша ай сайынғы зейнетақы салымдарының ортақ көрсеткіші 295 млрд.теңгені құрайды немесе зейнетақы салымдарының айлық көлемінің 26,5% — ын құрайды.

Алдыңғы жеті жылда қор  өзінің резервтерімен, өзінің ішкі потенциалымен  өсіп, дамыған болатын. Халық банкінің зейнетақы қорын республика мен  жақын шетелдің сарапшылары көрсетеді:

-         Қордың салымшыларына қаржылық топтағылардың алғашқысы болып кешенді өнімді енгізеді, қаржы топтарының мүшелерінің айналымдық қызметтерін қосады.

-         Мемлекеттік емес қорлардың ішіндегі алғашқысы болып зейнетақы активтерін өзіндік басқаруға көшірді.

-         Қазақстан Халық банкінің банкоматтары мен интернет банкингісі арқылы жеке зейнетақы шотынан көшірмені алу мүмкіндігін енгізді.

Информация о работе Банктің пассивту операциясы