Банктің пассивту операциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 07:09, реферат

Краткое описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Файлы: 1 файл

депозиттік операц.docx

— 180.76 Кб (Скачать)

-       әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

-       есеп айырусыдағы қаражаттар;

-       жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

-       басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

-      ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

-      шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;

-      банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

-      талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

 Депозиттер


Транзакциялық шоттар

 

Талап еткенге  дейінгі салымдар

 

Жинақ және мерзімді салымдар


 

Куәләндыратын чектер




 

Жинақтық салымдар

 

Мерзімді салымдар

Нау шоттары және басқа да шоттар    

 

 
 
 

Кәдімгі жинақ  салымдар

 

Ақша нарығының  депозиттік шоты

 

Ұсақ мерзімді салымдар

 

Ірі мерзімді салымдар

                     

1.2 — сызба .АҚШ-тың  коммерциялық банкілеріндегі депозиттер.    

 АҚШ – тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәләндырылған чектер сияқты депозиттер Америка бантерінде кеңінен қолданылады.

Нау – шоттар бұл пайыз  төленетін, чектік депозиттер.

Нау шоттың мынадай өзіне  тән ерекшеліктері болады;

-      бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;

-      бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;

-      салым иелерінің бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.

Куәләндырылған чектер шоттары  – бұл куәләндырылған чектерді төлеу  үшін, сақталатын банктердегі талап  етуіне дейінгі депозиттік шоттағы  қаражаттарды білдіреді. Куәләндырылған чектер – бұл банктің шоттағы  қаражаттың барлығын чектер арқылы куәләндырылуы.

Американдық банктік тәжірибелерде  жаңа депозит түріне ақша нарығының  депозиттік шоты жатады. Оның мынадай  ерекшелігі бар:

-      ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;

-      шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;

-      салымдардың сақтандырылуы;

-      иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.

Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын  ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде  еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа  аударылады. Егер мерзімге дейін бұл  салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті. [24.16-20б]

Бұл салымның ерекшелігі –  талап еткенге дейінгі депозитке  қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін  алдын ала хабарлау негізінде  немесе уақыты жеткен кезде салым  иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай  түрлерге бөлінеді:

-      меншікті-мерзімді депозиттер;

-      алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

-      30 күнге дейін;

-      30-90 күнге дейінгі;

-      90-180 күнге дейінгі;

-      180 күннен 360 күнге дейінгі;

-      360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті міндетті түрде өтінішін талап  етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала  келісіледі және депозит бойынша, соған  сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын  ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің  мынадай ерекшеліктері болады:

-      есп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

-      шоттағы қаражат баяу айналады;

-      тұрақты пайыз төленеді;

-      пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;

-      ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;

-      бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары.

Олардың белгіленген мерзімі  жоқ, қаражатты алуда ескертуін  талап етпейді, салымның жоғарғы  шегі шектелген, ақшаны салу және алу  кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: оперцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны  жоғалту және ұрлатып алу жағдайына  сай екі жақты тіркеу енгізу қажет  және тағы басқа. Компьютердің көмегімен  жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі  негізінде жинақ салымдармен  басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.

Жинақ салымдардың тұрақты  мерзімі болмайды. Бұл салымдардың  түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда  төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары  негізінде толтырылады.

Жинақ салымдардың мынадай  ерекшеліктері болады:

-      ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

-      шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

-      ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал шетел тәжірибесінде  мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға  және іскер фирмаларға ашыла береді.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне  және мазмұнына қарай мынадай  түрлерге бөлінеді:

-      мерзімді жинақ салымдар;

-      қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;

-      ұтыс салымдары;

-      ақшалай-заттай ұтыс салымдары;

-      мақсатты және ағымдық салымдар;

-      алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

-      валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ  салымдарға —  тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарға басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.        

 Қосымша жарна  қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі  пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен  жинақ салымдардың бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік  және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттың барлығын куәләндыратын банк-эмитент жазбаша куәлігі.       

 Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

-      атаулы сертификаттар ;

-      мәлімдеуші сертификаттар ;

Атаулы депозиттік және жинақ  сертификаттары бұл салым иелерінің  атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің  аты жөні көрсетілмейді, яғни оны  кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ  сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге  болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды  тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай  екі түрі бар:

-      аударылатын

-      аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар  салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады, аударылатын депозиттік сертификаттар  басқа бір тұлғаларға екінші нарықта  сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі  мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты  тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын  төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатын сатып алады, бірақ  төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық бенктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі  бір мерзімге түсуін сипаттайды. [27.25-29б]

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын  қаржыландырудың басты көзі ретінде  пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде  жүргізе отырып, депозиттік операцияларды  ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында  коммерциялық банктер баланс өтімділігін  сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеру тиіс:

-      депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

-      депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

-      депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;

-      салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін  қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің  несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде  тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық  және шетелдік басқа да қаржы нарығынан  сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.       

 Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін  банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде  ашқан корреспондент шотындағы  қаражат қалдықтары.

Депозиттік емес қаражаттардың  бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін  қолдап отыру мақсатында беріліп  отырған мынадай несиелерін жатқызуға  болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында  дебеттік қалдықтыңпайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.          

 Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.

Күндізгі заем – банктік  жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында  уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай  аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие. 

 

 

                   1.2 Коммерциялық банктердің  депозиттік саясаты. 

 

 

         Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру -  бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын. Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды.Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың  жалпы талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы. 

 Банктердің  депозиттік саясатының мақсаты  —  олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады. 

Информация о работе Банктің пассивту операциясы