Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 07:09, реферат
Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.
Соңғы жылдардың тәжіребесі көрсеткендей экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша іс-шаралар ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық негізде органикалық бірігуді қажет етеді. Осы үш бөлімнің біреуінің әлсіреуі экономикалық-әлеуметтік процестерді реттеуде кері әсерін тигізеді және ақша-несиелік, әлеуметтік сонымен бірге халықаралық байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырады.
2000 жылы өткен қаржыгерлерден
конгресінде “Қаржыгерлер
Екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындардың және ұйымдардың салымдарын банктердің төлем қабілетінің болмай қалуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкке екінші деңгейдегі ірі банктерімен бірлесе отырып қысқа мерзімде тұрғындардың депозиттерін ұйымдық сақтандыру жүйесін құруды және оны іске қосуды тапсырды. Көп ұзамай, 1999 жылдың 5 қарашасында Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктермен банктер ассоциациясымен және қаржыгерлер ассоциациясымен бірлесе отырып екінші деңгейлегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру ережесін енгізді. Осы сақтандыру жүйесі шеңберінде жарғылық қоры 1 миллиард теңгені құраған “Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру (сақтандыру) қоры” ЖАҚ құрылды.
Бұл қорға қаржы жағдайы
тұрақты халықаралық
Өз жұмысын жаңадан бастап отырған Депозиттерді сақтандыру қоры тәжірибесі көп шетелдердің депозиттерді сақтандыру қорларының жеке тұлғалардың сұранымды, мерзімді салымдарын және жеке фирмалардың шотарындағы ақшалай қаражаттарын сақтандыру мүмкіндігін өз қаржы жағдайы күшейіп алғаннан кейін енгізуіне болады. Нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдердің банк жүйесінің бірден-бір бөлінбес бөлігі – салымдарды сақтандыру қоры болып табылады. Өйткені салымдарды сақтандыру жүйесі салымшылардың сеніміне жауапты және олардың салымдарының жоғалмауына, тәуекелден қорғалуына кепілдік береді. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жүйесі шет ел тәжірибелеріндегі сақтандыру жүйелерінің Қазақстан экономикасы жағдайына қолайлы, тиімді жақтарын алып, қалыптасуда. Қор бүгінгі күні өз Ережесін бойынша қаржы жағдайы нашарланған банкті банкрот деп сот шешімінің жариялануымен агент-банк арқылы оның салымшылырына сақтандырылған салым сомасын төлеуді ғана міндеттеніп отыр. Қаржылық қиыншылық көріп отырған банкке қаржылық көмек көрсету немесе келесі бір қаржы жағдайы тұрақты банкке осы банктің активтерін сату туралы ешқандай сөз қозғалмайды. Қор өз қызметінде қатысушы-банктердің сақтандыру жарнасының жоғарылмауы жағдайын ескеріп өз Ережесіне шетелдер сақтандыру жүйелерінің озық нәтижелерін енгізуі керек.
Қазақстанның салымдарды сақтандыру қорының қарамағында әр уақытта өсіп отыратын қордың резервін құрайтын сақтандырылған салымдар бойынша өтеу үшін төлеуге арналған ақша сомасы бар. Әр тоқсан сайын қатысушы-банктердің күнтізбелік жарналарды аударуымен қордың резерві толығып отырады. Егер қатысушы-банктің бірінің жойылуы барысында сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге арналған қордың активтері жеткілікті болмай жатса, онда жетпеген ақша сомасының жартысы қатусышы-банктердің қосымша жарна төлеуі есебінен төленеді. [11.14-19б]
Салымдарды өтеу қордың қатысушы-банктер арасынан тендр өткізіп анықтаған агент-банкі арқылы іске асады. Осы агент-банк арқылы салымшылар өз салымдарын алуына болады. Ал қордың алған қарызы, төлеген қосымша жарна сомасы және өтелінуге жұмсалынған алғашқы қордағы бар резервтік активтер сомасы жойылып жатқан банкке регрестік талап қою есебінен қайтарылады. Қордың алған қарызы және жарғылық қор есебінен сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге жұмсалынған қаражаты қатысушы-банктердің күтілмеген жарнасы есебінен өтелінуі мүмкін. Мұнан түсінетініміз – салымдарды сақтандыру жүйесі ұжымды болып табылады. Сондықтан да қатысушы-банктер еріксіз жойылып жатқан банктің салымдарын өтеу (қайтару) бойынша бірлесіп жауапкершілік жүктейді. Ақшалай қаражаттарын банк депозиттеріне салу барысында салымшы ол банктің сақтандыру жүйесінің мүшесі ме, әлде жоқ па екен білуі керек. Салымдарды сақтандыру жүйесіне мүше болып табылатын банктердегі мерзімді депозит қана сақтандыру объектісі болып табылады, ал басқа депозиттер сақтандыруға жатпайды.
2006 жылдың шілде айына
дейін депозиттерді сақтандыру
келесі мазмұнда болды: егер
қатысушы-банк еріксіз
Кесте 1.1
Салымдарды кепілдендірудің өсу көрсеткіштері.
2007 жылдың 1 қаңтарына дейін |
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап | |
Кепілдендірілген депозиттер |
Мерзімді депозиттер 7 млн.теңгеге дейін;Талап етуге дейінгі депозиттер;Карт-шот пен ағымдағы шоттардағы ақша қалдықтары; |
Жеке тұлғалардың барлық депозиттері |
Кепілдендіруді қамтамасыз етудің максималдық көлемі |
400 000 теңге |
700 000 теңге |
Кепілдендірудің қамтамасыз ету төлемі төленеді |
Депозиттік валютада |
Теңге бойынша |
Кепілдендірудің қамтамасыздығының төленуінің басталуы |
сот шешімінің күшіне енуінен бастап 7 жұмыс күн ішінде |
сот шешімінің күшіне енуінен бастап 14 жұмыс күн ішінді |
Кепілдендірудің қамтамасыз етілуінің төленуі банк-агент арқылы |
Төлем басталғаннан кейін 3 ай мерзім ішінде |
Төлем басталғаннан кейін 6 ай мерзім ішінде |
Кепілдендірілген депозиттер бойынша сыйақының максималдық көлемі |
Қормен бекітіледі |
Қормен бекітілмейді (әр банк өз бетінше бекітеді) |
7 шілде 2006 жылы Қазақстан
Республикасының Президенті
Ал қазіргі уақытта жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемін сақтандыру деңгейі теңге бойынша 700 000 теңге, ал шетел валютасы бойынша 360 000 теңге немесе 90 пайыз мөлшерінде және депозит сомасының пайызы Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын 50% есебінде қайтарылу жағдайыменен қайта қаралып, бекітілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басқармасының бекіткен “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымды кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі” Қорды басқарудың негізгі құжаты болып табылады.
Ұлттық банк қормен бірлесе отырып, салымдарды сақтандыру жүйесін жетілдіре түсу мақсатында жұмысын жалғастыруда.
Депозиттер нарығындағы ерекше жыл, негізінен, 2006 жыл болып табылады. Өйткені, бұл жылы халықтың қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражаттарын Банк жүйесіне тарту мәселесі бойынша көптеген қызметтер атқарылды. Олар: депозиттің әр түрлерін ашу; депозиттер түрлері бойынша ұтыс ойнату; салымдарды сақтандыру қоры тарапынан жарнамалардың көптеп жүргізілуі және ең басты мәселе – мемелекет тарапынан Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел банктерінің шоттарында сақталынып жатқан заңдастырылмаған (легализацияланбаған) және көлеңкелі нарықта айналыста жүрген ақша қаражаттарын легализациялық процесті жариялау арқылы еліміздің экономикасына тарту.
2 – бөлім. Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.
Халық Банкінің тарихы –
бұл Қазақстан аумағындағы
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым – қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің бөлімшесі ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі төрт жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335 – ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт фабрикалардың өзінен, колхоз - совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан
әлеуметтік – экономикалық және қаржылық
қатынастардың өзі әрбір
Жинақ кассалары сонымен
қатар мемлекеттік қарыз
1960 жылдың аяғына қарай
жинақ кассаларындағы
Қазақстандағы жинақ ісі
мен жинақ кассалары желісінің
кеңінен қанат жаюы ең алдымен
еліміздегі тың және тыңайған жерлердің
игерілуі нәтижесінде халық
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмейді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен шектелді.
1963 жылдан бастап жинақ
кассалары Қаржы
1988 жылғы банктік реформа
бойынша банк жүйесін екі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.