Банктің меншікті капиталы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 08:39, реферат

Краткое описание

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
Банктің меншікті капиталы
Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………………
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы…………………………....
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі...................................
1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі......................................
1.4.Базель келісімі
1.5. Базель комитетінің банктер туралы жаңа келісімі
Қорытынды ..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ......

Файлы: 1 файл

referat.docx

— 52.75 Кб (Скачать)

Жоспар: 
 

 
 
  Кіріспе ………………………………………………………………………

1.1. Банктің  мешікті капиталының құрылымы…………………………....

1.2. Банктің  меншікті капиталы мен оның  қызметі...................................

1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі......................................

1.4.Базель келісімі

1.5. Базель комитетінің банктер туралы жаңа келісімі

Қорытынды ..................................................................................................

 Пайдаланылған   әдебиеттер ......................................................................

 
  
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                         Кіріспе 

    Банктің пассивтік операциялары негізінде  қалыптасқан және барлық активтік операцмялар  бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға  бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.

    Банк  ресурстарының құрылымына мыналар  жатады:

    1. Банктің меншікті капиталы
    2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар

    Коммерциялық  банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын  кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда  өзіндік ерекшеліктерге ие.

    Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің  бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне  байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

    Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

    • Жарғылық капитал;
    • Резервтік капитал;
    • Қосымша капиталдар;
    • Бак операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
    • Бөлінбеген банк пайдасы;

    Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік  формада құрыла алады.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал  көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа  шығындар жабылады.

      Банктің меншікті капиталы –  банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық  қызметін қамтамасыз ету үшін  құрылған банктің әр түрлі  қорлары мен сол сияқты ағымдағы  қызметінің нәтижесіне байланысты  және өткен жылдардағы бөлінбеген  пайдасы. 

    Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.  
 

1.1. Банктің меншікті  капиталының құрылымы. 

    Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:

  • Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;
  • Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;
  • Ағымды шығындарды жабады;
  • Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;
  • Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.

    Меншікті  капитлалдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті капиталдың жеткіліктілігін  сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен  шешуге болады:

  1. Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;
  2. Жалпы активтердің соммасын қысқарту;
  3. Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер құрылымын өзгерту;

    Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі баптардан тұрады:

    • Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар), ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);
    • Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;
    • Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;
    • Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;
    • Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға жинақталатын кіріс сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 

            Меншікті капиталдың құрылымы.

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

1.2 Банктің меншікті  капиталы мен оның  қызметі 

    Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал  акционерлердің диведенді формасындағы құнға ие. Бұл ресурстың көбеюі екі әдіспен жүруі мүмкін:

  1. Жарғылық капиталды көбейту;
  2. Таза кірісті көбейту;

    Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған теңестірілген  баптар, банктің тұрақтылығы мен  оның жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.

    Меншікті  капитал бірқатар қызметтер атқарады:

  1. Қорғаныс қызметі;
  2. Шұғыл қызметі ,
  3. Реттеуіш қызметі;
  4. Айналым қызметі;
  5. Резервтік қызметі;
 

Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:

1. Қорғаныс қызметі;

2. Шұғыл қызметі ,

3. Реттеуіш қызметі;

 4. Айналым қызметі;

5. Резервтік қызметі;

1. Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

 Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, банктің салым иелеріне жардем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда, зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды.Сондықтан да, оның азаюі банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

2. Шұғыл қызметі. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Меншікті капиталдың шұғыл қызметі жер, ғимарат, құрал–жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай–ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы көздері әсіресе, банкік қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейінен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.

3. Реттеуіш қызметі. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа, банктің меншікті капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекетік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.

 Банктің капиталына қатысты ережелер, оның ең төмеңгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтерді сатып алу шарттарын қамтиді. Пруденциялдық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттеуіш қызметте несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдалаланады.

4. Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты комерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

5. Резервтік қызметі. Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пасивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

    Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын туекелдердің орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі – резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады

    Банктің капиталының резервтік қызметі  тәуекел активтердің болуына  байланыссыз, банк каиталының тұрақты  қызмет етуін қамтамасыз етеді.

    Басқа аналитиктердің айтуы бойынша, капиталдың басты мақсаты болып тәуекелділікті төмендету ретінде басшылыққа алып, капиталдың келесі функцияларына көңіл  аударады:

  • Капитал, барктің шығындарын жаба алатын, сондай ақ оның төлем қабілетін сақтай алатын буфер ретінде қолданылуы;
  • Банктің төлем қабілетімен байланысты проблемалардан сақтап, қаржылық ресурстар нарығына жол ашуға мумкіндік береді;
  • Тәекелділікті төмендетіп, оның өсуіне жол бермейді
 
 
 
 
 
 
 

1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі

    Егер  банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен  банк кірісін көтеріп, салымдардың  сақталуын қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелердіберумен айналысатын  жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін  ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін  нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады.

    Капиталдың  көрсеткіштері арқылы мемлекеттік  қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға жататын көсеткіштерге:

  1. Меншікті капиталдың минималды көлемі;
  2. Активтер бойынша шектеулер мен басқа банктің активтерін сатып алу шарттары кіреді;

Информация о работе Банктің меншікті капиталы