Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 15:03, курсовая работа
Меншікті капиталдың құрамына мыналар кіреді:
1. Жарғылық капитал.
2. Резервтік капитал.
3. қосымша капитал.
4. Банк операциялары бойынша тәуекелдіктеоді төлеу.
5. Бөлінбеген банк пайдасы.
Жалпы курстық жұмыс үш бөлімді қамтиды. Жұмыстың бірінші бөлімінде корпорацияның капиталын басқарудын теориялық негіздері туралы айтылғaн.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде Цесна Банктің меншікті капиталын талдау жасалынды.
Ал үшінші бөлімінде корпорацияның капиталын жүйелі қалыптастырудың жолдар ұсынылды.
Кіріспе:
1. Корпорация капиталы басқарудың теориялық негіздемелері.
1.1. Меншікті капиталды қалыптастыру саясаты....................................
1.2. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымы..................................
1.3. Меншікті капиталдың жеке элементтерін бағалау әдістері.....................................................................................................
2. « Цесна Банктің» АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.1. «Цесна Банк» АҚ қысқаша тарихы.......................................................
2.2. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымын талдау......................
2.3. Корпарацияның капиталдың құрамы мен құрылымын талдау............
3. Корпарация капиталын жүйелі қалыптастыру............................................
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ.
Қ.А. ЯСАУИ. АТЫНДАҒЫ ХҚТУ
ТАРАЗ ИНСТИТУТЫ.
КАФЕДРА: ҚАРЖЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
ТОБЫ: ҚН-03-3
КУРСЫ: ІІІ
ОРЫНДАҒАН: ҚОЖАҚОВА.Ж.
ТЕКСЕРГЕН: АЛЬПЕНОВА Б.
ҚОРҒАҒАН БАҒАСЫ: «___»
ҚОРҒАҒАН КҮНІ _________ 2006 ЖЫЛ.
Мазмұны.
Кіріспе:
1. Корпорация капиталы басқарудың теориялық негіздемелері.
1.1. Меншікті капиталды қалыптастыру саясаты.......................
1.2. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымы......................
1.3. Меншікті капиталдың жеке элементтерін бағалау әдістері......................
2. « Цесна Банктің» АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.1. «Цесна Банк» АҚ қысқаша тарихы........................
2.2. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымын талдау......................
2.3. Корпарацияның капиталдың құрамы мен құрылымын талдау............
3. Корпарация капиталын жүйелі қалыптастыру..................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Корпорацияның меншікті капиталы»
Банктің меншікті капиталы дегеніміз- банктің қаржылық тұрақтылығын, комерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құралған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдардағы қызметтердің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Меншікті капиталдың құрамына мыналар кіреді:
1. Жарғылық капитал.
2. Резервтік капитал.
3. қосымша капитал.
4. Банк операциялары бойынша тәуекелдіктеоді төлеу.
5. Бөлінбеген банк пайдасы.
Жалпы курстық жұмыс үш бөлімді қамтиды. Жұмыстың бірінші бөлімінде корпорацияның капиталын басқарудын теориялық негіздері туралы айтылғaн.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде Цесна Банктің меншікті капиталын талдау жасалынды.
Ал үшінші бөлімінде корпорацияның капиталын жүйелі қалыптастырудың жолдар ұсынылды.
1. Корпорация капиталы басқарудың теориялық негіздемелері
1.1.Меншікті капиталды қалыптастыру саясаты.
Бұл саясат корпороцияның жалпы қаржылық стратегиясын және оның өндірістік – коммерциялық қызметінің қалыптасу жағдайын көрсетеді. Меншік капиталының қалыптасу саясатының 2 мақсаты бар:
1. меншік капиталының көлемінен айналымнан тыс активтерді (негізгі меншік капиталы НМК) қалыптастыру. Оны көлемін мына формуладын көреміз.
НМК=АТА – ҰММ
мұнда АТА – айналымнан тыс активтер;
ҰММ – айналымнан тыс активтерді қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді міндеттемелер;
меншік капиталынан белгілі – бір айналым активтерінің қалыптасуы (меншік айналым капиталы - МАКайн).
Майн К = АҚ – ҰММ1 – ҚММ
мұнда – АК – айналым активтері
ҰММ1 - айналым активтерін қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді міндеттер;
ҚММ – қысқа мерзімді міндеттемелер.
Меншік капиталының айналымнан тыс активтерімен ҰММ –ден асып түсуі таза айналым капиталын (ТАК) көрсетеді.
ТАК = МК – (АТА –ҰММ)
МК – меншік капиталы. Ол корпорациялық есеп беру кезенііңде қолданылатын уақытша бос ақша қаржылық сомасын сипаптайды. Меншік капиталы қозғалысының коэффициенті (ҚКМмк) мына формуламен анықталады:
ҚКмк= ТАК
МК
Көрсеткіштің ұсынылатын мәні –0,2 –0,3 дейін. Ол меншік капиталының қандай бөлігі өтімді нысанында тұрғанын көрсетеді.
Амортизацияны есептен шығару меншік ақша ресурсының ішкі қалыптасу көздеріне жатады, бірақ олар меншік капиталдарын ұлғайтпайды, тек қайта инвестициялау әдісі ретінде қолданылады.
Негізгі құралдар амортизациясы бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін әр түрлі тәсілдермен есептелуі мүмкін. Ең мәндісі, корпорация басқармасы, ол инвентарлық объектілерді есепке алғанда тиімді қолдану мерзімін өзі қоялады. Негізгі құралдар объектілерін құрылымдаудың бірінші қабылданған нормативтік актілерін жақсарту кезінде, тиімді қолдануын қайта құрылуы және жаңғыру мерзімін жүргізу нәтижесінде қарастырылады:
Сыртқы құралдар көздері құрамына кіреді:
- қосымша жарналық капиталды жұмылдыру;
- қосымша акционерлік капиталды тарту;
- мемлекеттен және заңды тұлғалардан қайтарымсыз қаржылық көмек;
- қарыз құралдары конверсияларын меншіктеу;
- инвестициялық мақсатта түскен мақсатты қаржыландыру құралдары;
- басқа да сыртқы көздер.
Өзіндік қаржылық ресурстары қалыптастыру ресурстары саясаты корпорацияның өзіндік қаржылануын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл саясат келесі нақты кезендерді қосады.
1) Базистік кезеңде МҚР қолдану және білімдендіру анализі;
2) Болашақ кезең МҚР қажеттілігін анықтау (тоқсан, жыл);
3) әр турлі көздер арқылы меншік капиталын тартудағы құн бағасы;
4) ішкі және сыртқы көздері негізінде МҚР максималды көшін тартуды көздеу;
5) МҚР сыртқы және ішкі білім беру қатынастарын оңтайландыру.
1.2 Меншік капиталдың құрамы мен мен құрылымы.
Корпорацияның негізгі қаржылық құрылымының өзінің меншік капиталының келесідей элементтерін құрайды:
- жарғылық капитал;
- акционерлік қоғамынан сатып алынғаннан кейін қайта сатуға немесе күшін жоюға құқығы бар меншік акциялары;
- резервті капитал;
- қосымша капитал;
- бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);
- мақсатты қаржыландыру.
Жарғылық капитал корпорация мүліктерінің ең аз мөлшерін анықтайды және ол несие берушінің мүддесіне кепілдік береді. Жарғылық капитал негізгі құралдардың, мүліктердің жиынтығын, материалдық емес активтерді және де ұйымды құрушылардың арасындағы енші үлестер туралы құжаттарды анықтайтын мүліктік құқықтарды сипаттайды.
Жарғылық капитал кәсіпорындардың әр түрлі ұйымдастыру – құқықтық нысандарында (серіктестік пен қоғам) сәйкес қалыптасады.
Мысалы, АҚ –ның жарғылық капиталы акционерлерден алынған жай және артықшылығы бар акциялардың номиналдық құнынан құрылады. Бірақ артықшылығы бар акцияның номинлдық құны жарғылық капиталдың көлемінен 25 % аспауы керек. Ұйымды құрғанда барлық акциялар оны құрышылары арасында бөлінеді.
Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес ААҚ-ның жарғылық қорының ең аз мөлшері ЕАК 50000 мәрте көлемінен кем болмауы тиіс. Акцияларға төлем формасы (ақшамен, бағалы қағазбен, ақшалы бағамы бар мүліктік құқықпен) ұйымның құрылуы келісімі мен жарғысы арқылы анықталады, ал қосымша акциялар оны орналастыру шешімімен анықталады.
Ұйымның жарғысымен акцияның көлемін, номиналдық бағасын және категориясын қоғамдық ұйым өзі қосымша анықтауға толық құқығы бар. Егер де жарғыда бұл ерекшеліктер жоқ болса, қосымша акция орналастыруға болмайды.
Қосымша акцияны алу үшін оның номиналдық құны 25 % кем емес ақша қаражаттарынан төмендеуі тиіс. Акционерлерді акцияға төленетін төлем ақынан босатуға құқығы жоқ. Жарғылық капиталды толық төлемейінше, акцияларға ашық түрде жазылуға мүмкіндік берілмейді. Қоғамдық ұйымды құрғанда оның акциялары құрушылар арасында ғана таратылған.
Ұйымның таза активтері 2 жылда және одан кейінгі жылдарда жарғылық капиталынан кем болатын болса ұйым оны тиісті органдарға хабарлауы керек. Ал егер де жарғылық капиталдын ең кіші мөлшері заңға сәйкес таза активтерден аз анықталатын болса, онда ұйымды таратуға тура келеді. Ұйымның жарғылық капиталын акциялардың номиналдық құнын өсіру арқылы немесе қосымша акцияларды орналастыру арқылы ұлғайтуға болады. Акциялық номиналдық құнын өсіру туралы шешім барлық акциялардың жалпы жиналысында талқыланады. Ал жарғылық капиталды арттыру мақсатында қосымша акцияларды орналастыру туралы шешімді акционерлер немесе директорлар кеңесінің жиналысында жасайды. Мұндай құқық ұйымның жарғысында бекітілуі керек. Қосымша акциялар тек жарғыда көрсетілген белгілі бір мөлшерге дейін ғана орналастыру керек.
Ұйымның жарғылық капиталын қосымша акциялар арқылы немесе олардың номиналдық құның жоғарлату арқылы ғана оның мүлкінің есебінен жүзеге асырылады. Егер де жарғылық капиталды ұйымның мүлкі арқылы қосымша акцияларды орналастырса, оларды акционерлер арасында тарату керек. Сонымен қатар акциялар бірдей категориялы болуы қажет.
Ал жарғылық капиталды қосымша акциялардың енгізілуінен бұрын жоғарылатса, одан бөлшек акциялар шығаруына рұқсат берілмейді.
Жарғылық капиталды номиналдық құны арқылы немесе жалпы акциялардың саның қысқарту арқылы төмендетуге болады. Егер де жарғылық капиталды төмендететін болсақ, онда заңға сәйкес оның ең кіші мөлшерінен төмен болмауы керек. Тек акционерлердің жылпы жиналысында ғана жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар ұйымның жарғылық ережесіне де ептеген өзгерістер енгізеді.
Жарғылық капиталды төмендету жағдайындағы міндеттер:
Біріншіден, егер де заңға сәйкес 13.05.2003 ж. АҚ туралы акцияларға төлем мерзімінде толық төленбесе, акция ұйымының басқаруына беріледі. Ұйымның келісім шартында қарастырылғандай, акцияларға төлемнің мерзімінде түспеуіне байланысты айыппұл төлейді. Мұндай акциялар жалпы жиналыста дауыс құқығынан айырылады және оған дивиденд төленбейді. Акция ұйымның басқарылуына түскен сәттен бастап 1 жылдың ішінде сатылуы керек. Ал егер көрсетілген мерзімде акция сатылмаса, акционерлер жалпы жиналыс құрып, жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылдайды. Ұйым мұндай шешімді мрезімінде қабылдамаса, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу органы ұйымды тарату жөнінде сотқа шағым жасауға құқығы бар. Акцияға төлем толық төленгеннен кейін ғана қосымша акцияға жазылуға мүмкіндік бар.
Екіншіден, «Акционерлік қоғам туралы» заң сәйкес дауыс беретін акцияларды ұйымның талабымен сатып алуы айтылған. Мысалы, мүліктері 50 % баланстың құнынан жоғары болатын активтеріне байланысты ұйымның қайта құрылуы немесе көлемді келесі жасағанда, шешімге қарсы дауыс бергендер немесе дауысқа қатыспағандар талабымен ұйым акциясын сатып алады.
Акционер ұйымнан шешім қабылдаған күннен бастап, 45 күн ішінде жазбаша түрде талап ету қажет. Егер де акционер талап ету құжатын жазбаса, онда ұйым 30 күн ішінде акцияны қайта сатып алуға міндетті. Ұйымның жалпы акцияларды сатып алу құралдарының сомасы, оның 10 % -к таза активтерінен аспауы керек. Қйымды қайта құрған кезде бұрынғы акцияның қалдық төлемі өтелінуі тиіс. Егер де ұйым басқаша жағдайда сатып алса, акция ұйымның басқарылуына беріліп, 1 жыл ішінде нарық бағасымен сатылуы тиіс. Ұйым бұл жағдайларды дұрыс шешпесе, онда акционерлер жалпы жиналыс құрып, жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылдайды.
Ұйым 30 күн ішінде өзінің кредиторларына жарғылық капиталының төмендегені туралы хабарлама беріу керек. Хабарлама берілген күннен бастап 30 күн ішінде несие кредиторлар ұйымынан, мерзімінен бұрын міндетін өтеуді немесе тоқтатуды, осыған байланысты келтірген шығындарды төлеуді талап етуге құқықтары бар.
Жарғылық капитал АҚ-ң меншік капиталдың ішіндегі ең турақтысы болып саналады. Әдетте кәсіпорын өз меншік формасын өзгертпесе, ол жыл бойы өзгеріссіз тура береді. Ақ-ң немесе серіктестіктің акционері өзінің меншік акциясын сатқанда нақтылық шығындар сомасы бухгалтерлік есептемеде жазылады, «Меншік акциялар» дебетіне, ал кредитіне ақша құралдарының есептемесі жазылады.
«Меншік акциялар» шотында болатын акцияларды сатып алу мен олардың арасындағы номиналдық құнның айырмашылығын «Басқа да кірістер мен шығыстар» шотында жазуға болады.