Банктин меншікті капиталын баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 21:59, реферат

Краткое описание

Меншікті капитал - коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының қажетті бөлігі. Ол акционерлік, жеке меншіктік немесе шектелген жауапкершілікті серіктестік нысанында құрылады.
Жарғылық капитал түріндегі (қор) банктің меншікті капиталы банкті құрудың алғашқы сатысындағы міндеттілігі болып табылады.

Файлы: 1 файл

Банктің меншікті капиталын басқару.docx

— 15.74 Кб (Скачать)

Меншікті капитал - коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының  қажетті бөлігі. Ол акционерлік, жеке меншіктік немесе шектелген жауапкершілікті  серіктестік нысанында құрылады.

Жарғылық капитал түріндегі (қор) банктің меншікті капиталы банкті құрудың алғашқы сатысындағы  міндеттілігі болып табылады. Банктердің өндірістік кәсіпорындардан айырмашылығы - оларда ресурстар сұранымының 1/5 бөлігі, ал, өндірістік кәсіпорындарда 2/3-тен  жоғары меншікті капитал есебінен жабылады. Ресурстарға сұранымның жабылуына  меншікті капиталдың қатысуының мұндай қатынасы, біріншіден, елдің салымы мен депозит түріндегі ірі  қаржылық қорды тарта білуіне  байланысты болса, екіншіден, ғимарат, құралдар және басқа да материалдық  құндылықтар тәрізді кәсіпорын  активтеріне қарағанда, әр түрлі  талаптар түріндегі банк активтерінің көп жағдайда өтемпаздығы және тез  өткізілетіндігіне байланысты. Сондықтан  банктер мен басқа да кредиттік  мекемелер өнеркәсіп кәсіпорындарымен салыстырғанда меншікті капиталы мен  активтерінің арасындағы шағын қатынастарды қолдай алады. Соған қарамастан банктің  меншікті капиталы банк жұмысының тұрақтылығы  мен оның тиімділігін қолдауда ерекше маңызға ие.

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға  бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

  1. Банктің меншікті капиталы
  2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар

Банк русурстарының құрамындағы  меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді. 
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

Жарғылық капитал;

Резервтік капитал;

Қосымша капиталдар;

Бак операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

Бөлінбеген банк пайдасы;

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады. 
Тақырыптың өзектілігі: екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.

Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұдғайту перспективаларын айқындау.

Жұмысты орындаудағы міндеттер:

Жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын пруденциялдық нормативтерді көрсету;

Банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер жүргізу;

Банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау жүргізу.

 


Информация о работе Банктин меншікті капиталын баскару