Банктің меншікті капиталы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 08:39, реферат

Краткое описание

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
Банктің меншікті капиталы
Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………………
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы…………………………....
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі...................................
1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі......................................
1.4.Базель келісімі
1.5. Базель комитетінің банктер туралы жаңа келісімі
Қорытынды ..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ......

Файлы: 1 файл

referat.docx

— 52.75 Кб (Скачать)

    Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып  келеді.

    «Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің  жалпы тұрақтылығын және оның туекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының  мөлшерін тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан  тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция  шығара отырып, қаражат тартуға ыңтасыз  болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері  бір жағынан, қадағалау және бақылау  ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа  да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

   Банк меншікті капиталын бағалау  әдістемесі туралы сұрақ 80-ші  жылдардың екінші жартысында  халықаралық қаржы ұйымдарында  да үлкен пікірталас туғызған  болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель  комитеті келісімінің шешімімімен  «Халықаралық біртұтас капитал  есебі және капитал стандарты  туралы келісім-шарт» негізінде  «Кук коэффициенті» деп аталатын  капитал жеткіліктілігі нормативі  іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан  бастап күшіне енген бұл коэффициент  көптеген елдердің Орталық банктерінде,  біздің Қазақстан Ұлттық банкінде  пруденциялдық норматив қатарында  пайдаланылуда. 
 
 
 
 

             1.4.Базель келісімі

     1988 жылдың Базель комитеті келісімінің  шешімімімен «Халықаралық біртұтас  капитал есебі және капитал  стандарты туралы келісім-шарт»  негізінде «Кук коэффициенті»  деп аталатын капитал жеткіліктілігі  нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген  бұл коэффициент көптеген елдердің  Орталық банктерінде, біздің Қазақстан  Ұлттық банкінде пруденциялдық  норматив қатарында пайдаланылуда.

    Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі  элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал.

      Базель келісіміне сәйкес, меншікті  капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын  басты көрсеткіш ретінде, тәуекелді  актевтер көрсеткіші болып саналады: 

 мұнда:  - Тәуекелді активтер коэффициенті;

  - Банктің меншікті капиталы;

  - Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;

    Базель  келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:

    Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):

  • Тіркелген көлеміндегі төленген жарғылық капитал (Шоттар: 3001,3025 минус 3002,3026,3003,3027);
  • Қосымша капитал (3101 шот);
  • Өткен жылдардың таза кірісінің есебінен құрылған қорлар мен резервтер, өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;

Минус:

  • Материалды емес активтер (1659 минус 1699 шот);
  • Өткен жылдың шығындары (3599 шот);
  • Ағымды жылдың шығындарының ағымды жылдың кірістерінен асуы;

    Екінші  деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (КII):

  • Ағымды жылда шығындардың кірістердің асуы;
  • Негізгі құралдар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау
  • Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтер сомасының 1,25% аспайтын жалпы резервтер (провизиялар)
  • Бірінші деңгейлі капиталдың сомасының 50% аспайтын субординарлық қарыз
 
 

    Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер келесі формуламен анықталады:

      
мұнда:

     - жеке операциялар бойынша  активтер;

     - туекелділік коэффициенті(деңгейі); 

      Капитал жеткіліктілігін мінездейтін  пруденциялдық нормативтер орындалуы  анықталады- олар КI және КII коэффициенттері.

    Пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес меншікті капитал келесі формуламен анықталады:

    МК = КI + КII – ИК ;

Мұнда:

    КI – бірінші деңгейлі капитал;

    КII – екінші деңгейлі капитал;

    ИК  – басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестиция және сүбординарлық қарыздары (сатып алынған акциялар мен сүбординарлық қарыздар);

      бірінші деңгейлі капитал  мен меншікті капиталдың есебіне  кірген екінші деңгейлі капиталдың  жалпы сомасынан алынған бірінші  деңгейлі капиталдвң мөлшерінде  алынған банк инвестициясына  кемітілген бірінші деңгейлі капиталды бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген активтерге сәйкестендіру арқылы анықталады; 

    

 

      коэффициентінің мағынасы 0,06 (6%)-дан кем болмауы керек. 

      банктің меншікті капиталын арнайы резервтерге, тағыда екінші деңгейлі капиталдың құрамына кірмеген жалпы және банктің меншікті капиталының есебіне кірмеген екінші деңгейлі капиталға кемітілген тәуекелділігі бойынша өлшенген активтер мен шартты міндеттемелерге сәйкестендіру арқылы анықталады: 

    

 

      коэффициентінің мағынасы 0,12 (12%)-дан кем болмауы керек. 
 

     Базель  комитетінің аталып өткен жаңалықтары  Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жəне қаржы нарығын  дамыту жөніндегі кеңестің 7-ші отырысында қаралған болатын, ол отырыста Меншікті капитал бойынша ішкі жəне халықаралық тəсілдерді үйлестіру тұжырымдамасы мақұлданды, оған сəйкес банктерді капиталдандыру талаптарын 2013 жылдан бастап Базель комитеті бекіткен Базель III халықаралық стандартына сəйкес келтіру көзделеді.

     - 2013 жылдан бастап 10 жыл ішінде  мерзімсіз қаржы құралдарын алып  тастау көзделеді. 

     Агенттік  Базель III ұсынымдарын ескере отырып, 2013 жылдан бастап мынадай талаптар енгізуді қарастыруда:

     - төленген жай акциялардан жəне  банк тəуекелдерінің орнын толтыру  үшін өткен жылдардағы таза  кіріс есебінен қалыптастырылған  резервтерден тұратын «негізгі  капитал» ұғымын енгізу;

     - бірінші деңгейдегі капиталдан  мерзімсіз қаржы құралдарын жəне  артықшылықты акцияларды алып  тастау.

     Бұл ретте 01.07.2011ж. бастап бірінші деңгейдегі капиталдан 15% көп емес мөлшерде артықшылықты акциялар үлесін енгізу жөніндегі талапты, сондай-ақ 01.07.2011ж. бастап бірінші деңгейдегі капитал есебінен мерзімсіз қаржы  құралдарын алып тастау көзделетін норманы  алып тастау бойынша бұдан бұрын  қабылданған шаралардың күші жойылатын  болады.

   Базель III стандартына сəйкес екінші жəне үшінші деңгейдегі капитал бойынша мыналар көзделеді:

- екінші  деңгейдегі капиталға бірінші  деңгейдегі капиталдан алып тасталатын  капиталдың гибридті құралдарын  енгізу;

- екінші  деңгейдегі капиталдың бірінші  деңгейдегі капиталдан аспауы  тиіс екендігін көздейтін қолданыстағы  шектеудің күшін жою; 

     - үшінші деңгейдегі капиталдың  күшін жою. 

     Агенттік 2013 жылдан бастап екінші жəне үшінші деңгейдегі капиталға қатысты осыған ұқсас  түзетулер жүргізетін болады.

     Бұл ретте Агенттік қосымша мынадай:

     - екінші деңгейдегі капиталға  тəуекел ескеріліп мөлшерленген  активтер сомасының 1,25%-нан аспайтын  сомада динамикалық резервтерді  енгізу;

     - мерзімсіз қаржы құралдарын жəне  артықшылықты акцияларды енгізу;

     - банктің екінші деңгейдегі реттелген  борышын толық көлемде енгізу (қолданыстағы талаптарға сəйкес  реттелген борыш бірінші деңгейдегі  капиталдың 50%-нан аспайтын сомада  екінші деңгейдегі капиталдың  есебіне енгізілетін) шараларын  қабылдайды.

      Базель комитеті мен Агенттіктің кредиттік тəуекел бойынша активтерді мөлшерлеуге қоятын талаптарына жасалған салыстырмалы талдау3 келтірілген, ол жалпы алғанда Агенттік талаптарының Базель комитетінің ұсынымдарына сəйкес келетінін көрсетеді.  
 
 
 
 
 

  1.5. Базель комитеті» банктер туралы жаңа келісімді мақұлдады  

Банктерді бақылайтын «Базель комитетінің» басқару кеңесі өткен жексенбі күні банктерді реттеу туралы «Базель-3» деп аталатын жаңа халықаралық келісімнің негізгі  тарауларын мақұлдады.  
    Базель комитеті халықаралық есеп айырысу банкі аясында құрылған болатын және оның штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласында орналасқан.  
   Жаңа келісімге сәйкес, банктің өзіндік капиталының қазіргі жеткілікті деген нормасы 3 еседен көпке ұлғатылуға тиіс, оның ішінде банктер дағдарысқа қарсы қосымша қаржы қоры болуға тиіс.  
    Оған қоса жаңа нормалар бұрынғыдай ұсыныс қана емес, міндетті түрде орындалатын шарттар болады және базель комитетіне кіретін елдердің банк заңнамасына міндетті түрде кіргізілуі керек.  
Нормаларды саты-сатылармен көтеру 2013 жылдан басталады, ал жалпы бұл жоспар 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңді қамтиды.  
1974 жылы құрылған «Базель комитетіне» қазір 27 мемлекет, оның ішінде «Үлкен жиырмалық» тобына кіретін елдер (G20) мүше болып табылады.

        «G20» саммиті «Базель-3» келісімін  қолдады 

Бүкіл әлем экономикасының 80 пайызын құрайтын ірі 20 елінің басшылары 2 күндік саммиттің барысында банк жүйесін реттеудің «Базаль-3»  деп аталатын келісімді қолдады.  
     Ол келісімді қыркүйек  айының ортасында халықаралық банк бақылауының Базель комитеті мақұлдаған болатын. Өнеркәсібі дамыған елдердің көпшілігі кіретін комитеттің бұл келісім әлемдік қаржы нарығын дағдарыстан кейін реттеудің ең маңызды құжатының бірі саналады.  
      Атап айтқанда, банктердің өзіндік капталының «Базель-2» келісімі бойынша жеткілікті саналатын нормасы – алдағы 8 жылдың ішінде – 4 еседен де артады. Сонымен қатар банктер дағдарысқа қарсы қосымша қор жасауға тиіс. Оған қоса жаңа ережелер банктер үшін жай кеңес болудан қойып, орындамаған жағдайда айып салынатын қатаң талап-шартқа айналады
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           Қорытынды

                                       

          Қазақстан банктерінің меншікті капиталдарының көлемі үлкен болып табылмайды. Оны банктердің ерте жұмыс істеуімен түсіндіруге болады немесе бұрыңғы мемлекеттік банктер меншікті капиталға үлкен мән берген жоқ. Банктің ресурсы ретінде, меншікті капитал акционерлерге дивидент формасындағы құнға ие. Бұл ресурстің өсуі екі әдіспен жүруі мүмкін: жарғылық капиталды немесе банк табысының өсуі. Банктердің кірісін қалыптастырудың талдауы көрсеткендей кірістерді қалыптастыру процессі екінші деңгейлі банктерге қиынға түсіп жатыр. Қазіргі таңда банктердің көбі үлкен емес меншікті капиталдарға ие және оны қазіргі уақытта кірістер есебінен ұлғайту қиынға түсіп жатыр.Сонымен қатар, кірістері жоғары топ банктер бар, бырақ олардың меншігінде қалатын және жинақталатын кірістер сомасын несиелік қызметтен болатын шығындарды жабуға қалыптасқан резервтер (провизиялар) кемітеді.

    Ал  жарғылық капиталды ұлғайту, қазіргі  таңда бірнеше себептерге байланысты қиынға түсетін операция болып табылады. Яғни:

    • Ұзақ мерзімді салымдарға резиденттердің инвестициялық мүмкіншіліктерінің шектеулілігі;
    • Банктердің көбісі құрылымдық өзгерістерді басынан кешіріп жатыр, сонымен қатар меншікті қаражаттарының көп бөлігі провизияларды құруға жұмсалып жатыр;
    • Инвесторлардың көбілерін, банк қызметіне әсер ету мен қадағалау механизімінде «айқындылықтың» болмауы қорқытады және т.б.;

Информация о работе Банктің меншікті капиталы