Меншікті капиталдың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 17:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорын өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысуы үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс.Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларымен басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады.ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер,қарыздар,алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Оглавление

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
2.1. Меншікті капиталға жалпы сипаттама
2.2. Жарғылық капиталдың есебі
2.3. Төленбеген капиталдың есебі
2.4. Қайта сатып алынған капиталдың есебі
2.5. Резервтік капиталдың есебі
2.6. Қортынды пайданын (зиянның) есебі

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Файлы: 1 файл

Курс меншікті капитал.doc

— 131.50 Кб (Скачать)

         
 

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

             Т.РЫСКҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 

      КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС 

    Тақырыбы: « Меншікті капиталдың есебі» 
     

Студент:

Топ: 
 
 
 
 
 
 
 

    Алматы 2008 
     
     

    Жоспар 

    I.  Кіріспе 

    II. Негізгі бөлім

       2.1. Меншікті капиталға жалпы сипаттама

       2.2.  Жарғылық капиталдың есебі

       2.3. Төленбеген капиталдың есебі

       2.4. Қайта сатып алынған капиталдың есебі

       2.5. Резервтік капиталдың есебі

       2.6. Қортынды пайданын  (зиянның) есебі 

    III. Қорытынды

       IV.  Қолданылған әдебиеттердің  тізімі

                                                                                                                       

Кіріспе

 

      Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорын өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысуы үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс.Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қ.Р. заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және сол ұйымның сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында жұмыс істеп тұрған,қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе,ал капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

      Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларымен басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады.ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер,қарыздар,алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

      Жарғылық  қор меншік иесінің (кәсіпорындардың) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы борлып табылады.

      Меншік  иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай  түрлерге бөлінеді:

  1. Кәсіпорынның (толық серіктестік, сенім серіктестігі, Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
  2. Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері)

      Жарғылық  қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген,үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

                    

                      2.1. Меншікті капиталға жалпы сипаттама 

      Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтарды,ақшалай қаражаттары,қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет.Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады.Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол  сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Субъекті  мүліктернің (капиталының)құралу көздері 

      Субъекті  мүлкі оның негізгі құралдары  мен айналымдағы қаржыларының құнынан  құралады.Шаруашылық субъектісі меншікті капиталның көздері болып мыналар  саналады:

  • жарғылық қор;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген пайда.

      Қосымша төленген капитал–қоғамның өзінің акцияларын атаулы (номиналдық) құнынан артық  құнмен сатқаннан пайда болған құн  айырмашылығынан туындайды.

      Қосымша төленбеген капитал–негізгі құралдар мен инвестицияларды бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және т.б. туындайды.

      Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал–келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толотыруға арналып  шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталдың  
 
 

мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан  Республикасының заңдары мен  шаруашылық субъектісінің (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

      Бөлінбеген  пайда (табыс) – шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның) жалпы табысының (пайдасының) барлық шығындарын өтегеннен,бюджетке төленген салым сомаларынан және табыстан (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

      Жалпы акционерлік қоғамның немесе субъектінің  құрылғаннан бастап жұмсалынбаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген шаруашылық субъекті меншікті капиталының жалпы сомасы яғни, барлық активтер сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандығы қалған сомасы субъектінің немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс. Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда субъекті қызметінің рентабельділігі төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда шаруашылық субъектісі жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.

      Кәсіпорынның  жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып табылады. Жарғылық капитал  жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады,ол құрылтайшылардың қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды. Жарғылық капиталға салынатын салымдары,ақшалары,бағалы қағаздарыда,мүліктері де, мүліктік құқықтар және басқадай мүліктер болуы мүмкін.

      Шаруашылық  жүргізуші субьектілер қайта  тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдарын бухгалтерлік құжаттармен  не болмаса аудиторлық есеп берулермен қуатталып бағалануы мүмкін. 
 
 
 
 

    2.2 Жарғылық капиталдың есебі 

      Жарғылық  капитал - «жарғы» деген сөзден алынған ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы,белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тәртәбә немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі,яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.

   Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

      Ол  акцияларды орналастырудың немесе сатудың,жеке капиталы салудың, мемлекеттік қаражаттарының,материалдық  емес активтердің және басқада мүліктердің немесе мүліктік құқықтардың есебінен құрылады. Сонымен қоса,жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады,ол құрылтайшылардың (акционерлердің,қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

      Шаруашылық  серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да,бағалы қағаздары да, мүлік те, мүліктік құқықты және басқа да мүліктер (интеллектуалдық  қызметтің нәтижесіне берілген құқықын  да қоса алғанда) болуы мүмкін.

      Құрылтайшылардың (қатысушылардың жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын  салымдары немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша  мүліктік құқығы ақшалай нысанда  бағаланады.Осындай салымдардың  құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түспеуі керек,бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қайта  тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулермен қуатталып бағалануы мүмкін.

      Осындай қуатталып бағалануы кезеңінен  бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан  
 

сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына  субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

      Егер  де салым ретінде субъектіге мүлікті  пайдалану құқы берілсе,онда бұл  салым үшін төленетін төлемнің мөлшері,құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі  үшін есептелген сомадан анықталады.

      Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді,сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

      Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің  жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарды мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде,оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы тиіс.

      Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің  жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті.Бірақ,ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктердің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

      Ол  мезгіл серіктестіктердің тіркелген  күнінен бастап саналады және ол бір  жылдан аспауы керек.Егерде серіктестіктердің  қатқатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін  орындамаса,онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек,болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

      Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының  мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген  барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнынан тең болады.Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін.Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады.  Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде  25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс. 
 

Жарияланған жарғылық капиталының минималды  көлемі ашық акционерлік қоғам үшін-бес  мың минималды есептік көрсеткішін,ал жабық қоғам үшін-жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

      Акционерлердің  жалпы жиналысында анықталған әрі  жарияланған санының шегінде  акцияны шығарудың жағдайы,мерзімі,саны директорлар Кеңесінің шешімімен  белгіленеді.

      Қоғамның  шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады.Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

      Қоғамның  жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана,ұлғайтуға рұқсат етіледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса,онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

      Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады,бірақ  оларды минималды деңгейден төмендетуге  рұқсат етілмейді.

Информация о работе Меншікті капиталдың есебі