Меншікті капиталдың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 17:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорын өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысуы үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс.Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларымен басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады.ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер,қарыздар,алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Оглавление

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
2.1. Меншікті капиталға жалпы сипаттама
2.2. Жарғылық капиталдың есебі
2.3. Төленбеген капиталдың есебі
2.4. Қайта сатып алынған капиталдың есебі
2.5. Резервтік капиталдың есебі
2.6. Қортынды пайданын (зиянның) есебі

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Файлы: 1 файл

Курс меншікті капитал.doc

— 131.50 Кб (Скачать)

      Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінен көрініс табады:

      6030, 3440 - артықшылығы бар акциялар  бойынша төлем жасауға қажет  қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің  резервтік капиталының ішіндегі  дивиденттердің есебінен төлеген кезде; 5510-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)», 5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде. 
 

Өзге  де резервтік капитал есебі

 

      5460-ші  «Өзге  резервтер» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

      Бұндай  резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша  қалыптастырылады.

      Резервтік капитал бойынша  болатын проводкалар:

    1.Акционерлік  қоғамның жарғысында белгіленген  мөлшерде резервтік капиталдың  сомасы                     

     Дт-5510               Кт-5460

    2.Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша девидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы

        Дт-5460             Кт-3030, 3390

    3.Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капиталы

       Дт- 5460        Кт-5520

    4.Ағымдағы жылдағы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал

      Дт-5460       Кт-5510 

      Бөлінбеген және жиынтық табыстың

    (жабылмаған  зиян) есебі

 

          Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп жоспарындағы 5 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.

      5510 - «Есепті  жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы)»

      5520 - «Өткен жылдардағы бөлінбеген пайда (залалы)»

      Енді  осы келтірілген шоттар бойынша  жасалатын операцияларды қарастырып кетейік. 
 

Есепті  жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянның сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5510-шоты пайдаланалыды.

      Есеп  берілетін жылдың соңында 5510-шотқа  жыл ішіндегі есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады.бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалынады:

      -жыл  ішіндегі алынған табыс сомасына;

      5610-ші  «Жиынтық табыс (зиян)» шоты  дебеттеліп, 5510-ші «Есесті жылдың  бөлінбеген табыс (жабылмаған  зиян)  шоты кредиттеледі.     Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.

      Сонымен қоса, 5510-шотының кредиті және 5310-шотының  дебеті-есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резервтік капиталының  сомасын көрсетеді; 5510-шотының кредиті және 5320 шотының дебеті-есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасын, қызмет ету барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетіді; 5510-шотының кредиті мен 5310 - шоттың дебеті-өз акцияларын қайтып сатып алған кезде,номиналдық құннан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі.

      5510 - шоттың дебеті бойынша мынандай  шаруашылық операциялары көрініс  табады:

      5410 - «Заңмен белгіленген резервтік  капитал»

      5460 - «Басқа да резервтік капитал» шотының кредиті қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған сомасы;3030-«Жай акциялар бойынша есеп айырысулар», 3030 - «Артықшылығы бар акциялар бойына есеп айырысулар», 3540 «Басқа да кредиторлық қарыздар және есептесулер» шоттарының кредиті-жай және артықшылығ бар акциялар бойынша девиденттерге,сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге,есеті жылда жұмсалатын бөлінбеген табыстың сомасы; 3030 - «Қайтарылып алынған капитал» шотының  
 

кредиті-акционерлерден өз акцияларын олардыңатаулы (номиналды) құнынан ижоғары бағаға сатып  алғаннан түскен айырма сомасы.

      Есепті  жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады:

      -бөлінбеген  табыс сомасына: 5510-шоты дебеттеледі, 5520-шоты кредиттеледі;

      -бөлінбеген  зиян сомасы: 5520-шоты дебеттеледі, 5510-шоты кредиттеледі.

      Жоғарыда  келтірілген жазбалардан кейін 5510-шоты бойынша қалдық қалмауы керек, сондықтан  ол міндетті түрде 5610 - шотымен жабылады.

      Өткен жылдардың бөлінбеген табысы(жабылмаған зиян) есеп берілетін жылдан бұрынғы жылдары пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бары және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған,ол 5520-шотта жүргізіледі.

      5520 шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары:

      -өткен  жылдардың бөлінбеген тәртібінде  таратылмаған табыстың сомасы 5510-шоттың  дебетінде;өткен жылдардағы өтелмеген  зиянды өтеу үшін бағытталған  резервтік капиталдың сомасы 5410 шоттарының дебетінде көрініс табады.

      5520 шоттың дебеті бойынша төмендегідей  шаруашылық операциялары:

      өткен жылдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) зиянның сомасы 5510 - шоттың кредитінде;шаруашылық серіктестіктердің  қатысушыларының табыстар мен жай  және айрықша акциялар бойынша төленетін девиденттердің есепті жылдағы алынған табыстаң есебінен өтеуі 3030, 3440  

шоттарының  кредитінде;жарғылық капиталды толықтыру  үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы    5010 шоттарының кредитінде көрініс табады. 

    2.6 Қортынды пайдның (зиянның) есебі 

      Есепті  кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 5610 “ Қортынды пайда(қортынды залал)” шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын  
 

табысты болса,онда шот пассивті, ал кәсіпорынның келтірген пайдасынан гөрі залалы көп болса, онда ол шот активті болуы мүмкін.

      Жыл ішіндегі әр түрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 6-шы «Негізгі қызметтен түскен табыстар»бөлімшесінің  6010 шоттарында, 6-шы «Басқа да кірістер » бөлімшесінің 6200 шоттарында,7-ші «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың,қызметтердің) өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарында,оған 7010 шоттар кіреді, сондай-ақ 7110, 7210, 7400, 7470, 7700, шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады. 

      5610 – ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты салыстырушы операциялық шоты болып табылады:онда табыстар (5610 шоттың кредиті) және зияндар (5610-шоттың дебеті) салыстырылады.Табыс 5610-шоттың дебеті бойынша және 5510-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының кредиті бойынша көрініс табады. Шығын 5610-шоттың кредиті және 5510-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шотынаң дебеті бойынша көрініс табады. 
 

Қорытынды

          Сонымен қорыта айтатын  болсақ, өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтарды, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол  сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

      Сонымен қатар, меншікті капиталдың бухгалтерлік есебі, оның ұсынылуы және жіктелуі, осымен байланысты құжаттарға сілтеме белгілі  бір негізгі мақсаттарға ие бола отырып жасалады.Солардың аса маңыздылары  мыналар болып табылады:

  1. ұйымға салынған капиталдың негізгі қайнар көздері арасындағы айырмашылықтарды көрсету және жіктеу;
  2. толық немесе біртіндеп жою кезіндегі үлес құнына беретін әдістерді және акционерлер приоритеттеріне құқықты анықтау;
  3. қандай да бір себептермен капиталдың үлестірілуі кездесетін заңнамалық шектеулерді анықтау;
  4. есеп беру кезеңінің үлестірілмеген табысын үлестіру реті кездесетін қаржылық, әкімшілік, заңнамалық, келісімдік (құрылтайшылардың келісімдері) шектеулерді анықтау;
  5. акционерлер құрамын қамти отырып, конвертирленетін құнды қағаздардың, акционерлік және басқа да келісімдердің шарты мен кепілдемесін ашу;

Есеп  беруді құрудың кез-келген әдістемесі сату көрсеткіштерінің, қаржылық нәтижелердің және қорытынды бухгалтерлік баланстардың қосымша байланыстарынан тұрады.

 

  Қолданылған әдебиеттердің тізімі 

 Пайдаланған  әдебиеттер тізімі 

1. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы     заңы        

Алматы 2007ж, 28 ақпан,№238- ||| , Лем баспасы 

2. Қазақстан Республикасының министірінің №185 бұйрығымен бекіткен бухгалтерлік есептің типтік  шоттар кестесі

2007ж 23 мамыр 

3.  Қазақстан Республикасының ұлтттық қаржылық есеп стандарты 

4. Халықаралық қаржылық есеп стандарты

 

5. Әбдіманапов Ә.Ә .״ Бухгалтерлік қаржылық есеп принціпі״

Алматы 2006ж 

6.  Байбултаева . ״Бухгаллтерлік есеп принціпі״ 

Алматы 2005ж 

7.  Баймуханова.  ״ Бухгалтерлік есеп״

Алматы 2005ж  

8. Кеулімжаев. ״ Бухгаллтерлік есеп принціпі ״  

Алматы 2003ж 

9.  Назарова. ״Бухгалтерлік учет״

Алматы 2006ж 

10.  Радостовец В.К ,Ғабдулин Г.Ғ,Радостовец В.В

 ״Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп ״

Алматы 2003ж 

Информация о работе Меншікті капиталдың есебі