Меншікті капиталдың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 17:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорын өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысуы үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс.Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларымен басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады.ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер,қарыздар,алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Оглавление

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
2.1. Меншікті капиталға жалпы сипаттама
2.2. Жарғылық капиталдың есебі
2.3. Төленбеген капиталдың есебі
2.4. Қайта сатып алынған капиталдың есебі
2.5. Резервтік капиталдың есебі
2.6. Қортынды пайданын (зиянның) есебі

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Файлы: 1 файл

Курс меншікті капитал.doc

— 131.50 Кб (Скачать)

      Барлық  кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарлаған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

      Қоғам акциялары жай және күрделі болып  келеді.

      Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:

  • Дивиденттер алуын;
  • Қоғамды басқаруына қатысуын;
  • Қоғам жойылғпннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

      Қоғам иесі тек жазулы (атаулы) акцияны  шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы,яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртәпте арнайы  

құжатта-акционерлік  қоғамның акционерлерінің тізімінде  белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын,тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

      Жарғылық  капиталдың қолда бары және қозғалысы:

5000 - «Жарғылық  капитал»

5110 - «Төленбеген  капитал»

5200 - «Сатып  алынған  меншікті үлес құралдары»

5210 - «Сатып  алынған меншікті үлес құралдары  »

5300 - «Эмиссиялық  кіріс»

5310 - «Эмиссиялық кіріс»

 деген  шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.

      5000 - « Жарғылық капитал » бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы,оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000 - бөлімшесінің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүргізіледі, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

      5000 - «Жарғылық капита» бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.

      Шығарылған  акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе,онда ол 1030, 1050, 1060, 1010, 1020 шоттар дебит бойынша және 5110 шотының кредиті бойынша көрініс табады. Егерде шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен,материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе,онда мына шоттар дебиттеліп: 2700, 2730, , 1300-1350, және 5110 шоты кредиттеледі.

  Серіктестіктердің қатысушы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

      Егерде  қатысушылар шығып кетсе, онда соған  байланысты жарғылық капиталда азаяды,демек 5010-шоты дебиттеледі де, 1040, 1010, 2700, 2410, 1310-1330, 1340 шоттары кредиттеледі. 
 
 

    2.3Төленбеген капиталдың есебі 

      Капиталдың  қозғалысы бойынша операациялардың  дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы  әр кәсіпорын үшін зор болып саналады.

      Төленбеген  капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5100-шы «Төленбеген капитал» шоты пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

      5110 - «Төленбеген капитал» шоты реттеуші пассивтік шот болып табылады.

      Сондай-ақ 5110-шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.) демек ол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

            Жарғылық қорға  салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110-шы «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебиттеледі:

      -материалдық  емес активтерді жарғылық қорға  жарна ретінде төлеу кезінде-2700-2730 шоттары;

      -жерді,  негізгі құралдарды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 2410 - 2520 шоттары;

      -материалдар  мен тауарларды жарғылық қорға  жарна ретінде төлеу кезінде 1310-1330, 1340 ,1350 шоттары;

      -ақшалай  қаражаттарды жарғылық қоға жарна  ретінде аударған кезінде-1010, 1020, 1030,1040, 1050 1060 шоттары дебиттеледі.

      Егерде 5110-шотының дебиттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын  толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

      5110-шоты  бойынша аналитикалық есеп акционерлер  (қатысушылар, құрылтайшылар) бойыншы жүргізіледі. 
 
 
 

    2.4 Қайта сатып алынған капиталдың есебі 

      Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында  акциялардың номиналдық құнын (бірақ  ең төменгі деңгейде кем болмауы  керек),жалпы акцияның шығарылуы  көлемін қысқарту жөнінде шешім  қабылдауына құқылы. Акционерлік қоғамның заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

      Сонымен қатар, акционерлік қоғамның кредиторлары қоғамның тиісілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және шеккен зияндарының орын басуын талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда ол меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізнде жасалған сот шешімдері керек.

      Бұл жағдайда акционерлік қоғамның өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшаларына  олардың мүдделігі мен ынталығын  арттыру үшін қайта сатады.Сондықтан  өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

      Қайтарып  алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 5210(Сатып алынған меншікті үлес құралдары)-шоты арналған, ол  реттеуші пассивтік шот болып табылады.

      5210-шотының  дебиті акционерлердің меншігіндегі  акцияларды қайтып сатып алынған  құнын көрсетеді.Акцияларды қайтып  сатып алған кезде: 5210 шоты дебиттеледі де және  1030, 1010, шоттары кредиттеледі.

      Акционелердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін,не болмаса оларды қайта тарту  үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алған акциялар номиналдық құны бойынша, номиналдық құнынан жоғары немесе төмен құны бойынша сатып алынуы мүмкін:

      1.Сатып  алынған акциялардың нақты құны  номиналдық (атаулы) құнға тең болған  жағдайда: 5210-шоты дебиттеледі де, және  1030, 1010, -шоттары кредиттеледі;

      2.Сатып  алынған акцияның құны номиналдық құннан төмен болған жағдайда:

           -сома айырмасына,яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған жағдайда: 

5210-шоты  дебиттеледі де және 5510 - «Есептік жылдың бөлінбеген пайдасы» шоты кредиттеледі (яғни ақша қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда оларға қосымша қаражаттарды қосады).

      3.Сатып  алынған акциялардың нақты құны  номиналдық құннан жоғары болған  жағдайда:

      -сатып  алу құнынан:

      5210-шоты дебиттеледі де, 1010, 1030 шоттары кредиттеледі;

       -сома айырмасына, яғни акцияның құны номиналдық құннан артық бағаға сатып алған жағдайда:

      5510 - «Есептік жылдағы бөлінбеген табыс» шоты дебиттеледі де 5210-шоты кредиттеледі.

      Егер  де акциялар айналыстан шығарып алу  үшін акционерлерден қайтып сатып алынса,онда олар мынадай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 5010 шоттары дебиттеліп 5210-шоты кредиттеледі.

      Егер  де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып сатып алынса,онда олардың  номиналдық құны 5210 шоттың кредитінен 7400 - «Басқада шығыстар » шоттың дебетіне жатқызылады.

            Акционерлерден сатып алынған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарғылық капиталы өзгермейді:

      Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:

      -қоғамның  эмиттелген акциялары толық төленгенге  дейін;

      -қоғамның  шығарылған (төленген) жарғылық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде,тиеселі қоғам типтері үшін шығарылған (төленген) жарғылық капиталының минималды деңгейінен кем болса;

      -қоғам  акцияны қайтып сатып алған  шақта төлем қабілеттілігі жоқ  болса немесе акцияны сатып  алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;

      -акцияны  сатып алатын кезінде қоғамның  меншікті капиталының көлемі  қрғамның жарғылық капиталына  шығарылған  (төленген) капиталдан  кем болса;

      Қайтып  сатып алынатын акцияның саны бүкіл  қоғамның шығарған акциясының 25%-нен  немесе қоғамның меншікті капиталының 10%-нен аспауы керек. 

Қоғамның  акциясын сатып алу мәселесі сол  қоғамның жалпы жиналысында шішіледі,осындай  шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады.Сатып алынған акцияны  қоғамның ұстаушысы реестріне енгізеді. 
 
 
 

Қосымша төленген капиталдың есебі.(Эмиссиялық кіріс) 

        Қосымша төленген капитал дегеніміз - акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кіріс). Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 5310-ші «Қосымша төленген капитал» шотында жүргізіледі.

      Өз  меншігінде акцияларды сатқанда 5310-шоты кредиттеліп, мына шоттар дебиттеледі:  1030, 1010.

      Сатылған  акциялар бойынша шоттарды төлеуге  ұсынған кезде сатылған акциялардың тұрақты құны 1430-шоттың дебитімен 6210-шоттың кредиті бойынша көрініс табады. 
 
 

    1. Резервтік капиталдың есебі
 

      Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының  есебінен қалыптасатын меншікті капиталының  бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, девиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады.резервтік капитал жарғылық капиталмен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың  
 

пассивінде  көрініс табады және ол кәсіпорынның меншіктік капиталы болып табылады.

      Резервтік капиталдың есебі 5400 - «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі:

      5410 - «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген  резервтік капитал»

      5420 - «Негізгі құралдарды қайта бағалауға  арналған резервтер»

      5430 – «Материалдық емес активтерді  қайта бағалауға арналған резервтер»

          5440 – «Сатуға арналған қаржы  активтерін қайта бағалауға арналған  резерв»

          5450 -  «Шетел қызметі бойынша  шетел валютасын қайта есептеуге  арналған резервтер»

      5460 -  «Өзге де резевтер»

Заңдармен белгіленген резервтік  капиталдың есебі

 

      Шаруашылық  жүргізуші серіктестіктердің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша  мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл  сайын түскеен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

      Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 5510 - шоты дебеттеледі де, 5410 - шоты кредиттеледі.

Информация о работе Меншікті капиталдың есебі