Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 20:47, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.
Кіріспе--------------------------------------------------------------------------3-4
Журналистика тілші жұмысынан басталады---------------------------5-6
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі--------------------------------7-9
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы---------------------------------10-18
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------------------------------19-21
Қорытынды-------------------------------------------------------------------22-23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------24
Мазмұны
2.1 Газеттегі журналистердің
кәсібилігі--------------------
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау
тақырыбы----------------------
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------
Пайдаланған әдебиеттер тізімі------------------------
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Газеттегі меншікті тілшінің публицистикасының мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай
төмендегі міндеттер
Курстық жұмыстың дереккөздері: курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер қолданылды: З.С.Тайшыбай «Журналистиканың құқықтық негіздері» (2008ж.), В.В.Ворошилов «Журналистика» (2004ж.), М.Н.Ким «Новостная журналистика» (2005ж.), (2003ж.), Қазақстан Конституциясы (2008ж.), Т. Бекниязов «журналистің шығармашылық шеберлігі» (2004ж.), «Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» (2008ж.), «Қазақ журналистикасы» (2008ж.).
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы жоғары оқу орындарының журналистика, қазақ тілі және әдебиет мамандығының студенттері мен магистрантарына көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
Тақырыпты зерттеу әдістері: Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар даму жолы тұрғысынан баяндалды. Сонымен бірге, зерттеу барысында мақсатқа сай баяндау, талдау, жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыстың құрылымына келсек, үш бөлімнен тұрады. Алдымен кіріспе және үш негізгі бөлім,соңы қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.
II. Журналистика тілші жұмысынан басталады
Журналист мамандығын өмірге әкелген нәрсе – адам табиғатының жаңалыққа құмарлығы. Адамзат дамып, заман өзгере келе бұл сұранысты өтеу ісі де сан-салалы күрделі сипатқа ие болды. Баспасөз ақпарат құралы ғана емес, күрес құралына да айналды.
Бірақ жұтшылыққа қызықты, маңызды және пайдалы ақпарат беру онығң негізгі қызметі болып қалды. Өйткені, журналистика саласына жауап беру ісіндегі шеберлікке тікелей байланысты. Осы себепті гезетте мұндай материалдармен тілші айналысады.
Өкінішке орай, қазақ баспасөзі ақпараттық журналистика дәстүрін әлі қалыптастыра алмай отыр. Бізде «журналистика – оқиғаға сараптама жасау, баға беру, азаматтық позиция білдіру» деген түсінік басым. Оқырманға мәлімет беретін материал жазатындар, журналистиканың басты функциясы осы екенін түсінетіндер аз. Бәріміз «пікір айтсақ, сараптама жасасақ» дейміз. Бірнеше сөйлемнен тұратын хабарды «өз оймызды» білдірмей жазғымыз келеді. Журналисттік қызметін кеше бастаған тілші бүгін әлдебір танымал адамды немесе шенеунікті «өлтіре сынап» жатады. Журналист өзінің басты міндетін, ал оқырманға ең алдымен не керек екенін білуі керек.
Тілшілік – пысықтықты, біліктілікті, эрудицияны талап ететін бірден-бір мамандық. Журналистиканың өзге мамандықтарға қарағанда өз перзентіне қоятын ерекше талабы – жан-жақтылық. Журналист барынша бәрін білуге тиіс, тым болмаса білуге тырысуға тиіс. Себебі, тілші келесі сағатта, келесі секундта не жайында репортаж түсіретінін, не туралы мақала жазу қажеттілігі туындайтынынан үнемі хабардар бола бермейді. Болған оқиғаны өзі жүз пайыз меңгеріп, түсінген жағдайда ғана тілші халыққа ақпаратты дәл жеткізе алады. Міне, дәл осыдан жан-жақтылықтың қажеттілігі анық байқалады. Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы соны айыра отырып, терең де сенімді қорытынды жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді сенімді дәлелдеп керсету қажет. Ал, мәселені жұмсартып айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге, өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚТЫ көрсетіп жазу, айту жөн.
Журналист еш
уақытта қателеспеу керек, бұл
да басты принциптердің бірі.
Өйткені, журналист қателессе,
ол бір адамның қателесуі емес
- мыңдаған, миллиондаған адамға
сол қателіктің зияны тиюі
мүмкін. Жұрт нағыз журналист
жазған материалға сеніммен
Объективтілік
дегеніміз - шындықтың нағыз өзі
деген сөз. Журналистің тағы
бір ұстанатын принципі жазған
материалдарының нанымды болуы.
Журналист ой-пікірді
қағазға түсіргенде, оның өзгелерге,
яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын
алдын-ала ойластыруы қажет.
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы
Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист - өз саласындағы толық құқығы бар кәсіби маман. Оның құқына ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы, творчестволық еңбегі арқасында қызмет жасап, іс-әрекет етеді. Ол еркін еңбек етуге, демалуға, қоғамдық өмірге қатысуға құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. Сондай-ақ журналистік мамандық - басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналист өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады, ұжыммен жұмыс істейді. Ол үнемі білімін көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз правосын пайдаланып, басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп, деректер алуға ерікті.
Келесі бір
айтатын нәрсе журналистік
Ал журналистика
болса маңызды әлеуметтік
Яғни, баспасөз, радио,
телевидениенің негізгі
Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. "Журналист - ақпарат - аудитория". Журналист творчестволық тұлға - ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен езгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.