Интелектуалды меншік

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 19:52, курсовая работа

Краткое описание

Интелектуалды меншіктілік құқығы, тіркеу мен толтыру тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Патенттік Заңмен» жүйеленіп, өндірістік меншіктілікті пайдаланумен, мүліктік және мүліктік емес қатынастармен байланысты, құрумен, құқықтық сақтаумен байланысты жүргізіледі.
Интелектуалдық меншіктілік - әр түрлі салалардағы (өндірістік, ғылыми, әдеби, көркем) интелектуалдық қызметтің және өнімнің индивидуализация құралдарына теңесу, орындалған жұмыспен қызмет көрсету (тауарлық белгі, тауардың шығарылу орнының атауы) нәтижесіндегі айрықша құқық.

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................3
1. Интеллектуалдың меншік және оның объектілері................................4-5
2. Авторлық құқық........................................................................................5-8
3. Айрықша құқық және меншiк құқығы....................................................9-11
4. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері..........................................................................................................11-17
Қорытынды.....................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиет.................................................................

Файлы: 1 файл

интелектуалдық меншік 2003.doc

— 114.00 Кб (Скачать)

                                                           ЖОСПАР

 Кіріспе.............................................................................................................3

 1. Интеллектуалдың меншік және оның объектілері................................4-5

2. Авторлық құқық........................................................................................5-8

3. Айрықша құқық және меншiк құқығы....................................................9-11

4. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері..........................................................................................................11-17

Қорытынды.....................................................................................................18

Пайдаланылған әдебиет.................................................................................19 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Интелектуалды меншіктілік  құқығы, тіркеу мен  толтыру тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Патенттік Заңмен» жүйеленіп, өндірістік меншіктілікті пайдаланумен, мүліктік және мүліктік емес қатынастармен байланысты, құрумен, құқықтық сақтаумен байланысты жүргізіледі.

     Интелектуалдық  меншіктілік - әр түрлі салалардағы (өндірістік, ғылыми, әдеби, көркем) интелектуалдық қызметтің және өнімнің индивидуализация құралдарына теңесу, орындалған жұмыспен қызмет көрсету (тауарлық белгі, тауардың шығарылу орнының атауы) нәтижесіндегі айрықша құқық.

     Авторлық  құқық – автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқығы.

     Авторлық  құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

     Авторлық  құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.

     Туындыға  деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену  құқығымен байланысты емес.        
      Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды. 
 
 
 
 
 
 

             

            1. Интеллектуалдың меншік және оның объектілері

     Күнделікті  өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.

     Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуан түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

• интеллектуалдық  қызметтің туындылары;

ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;

• фирмалық атаулар;

• тауарлық белгілері және т. б.

     Объектілерді  интеллектуалдык шығармашылык қызметтің  нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.

     Жоғарыда  көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның  ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен  қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа  ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.

     Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.

Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры — Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейін Англияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны «досым» деп атағанда ағылшынша «френди» орнына «венди» сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады.

1929 жылы Барри өзінің  «Питер Пэн» ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшінші тұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.

     Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерiнiң  авторлары осы нәтижелерге қатысты  жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады. 

     Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады. 

     Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.

                                       2.    Авторлық құқық

     Авторлық  құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi). Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды бiлдiру әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.

     Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:

интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;

азаматтық айналымға  қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру  құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне: 

ғылым, әдебиет  және өнер туындылары;

эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының  орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;

өнертабыс, пайдалы  үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;

селекциялық жетiстiктер;

интегралдық микросызба топологиялары;

ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);

Азаматтық айналымға  қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру  құралдарына:

фирмалық атаулар;

тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);

тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары (шығатын жерiн көрсету);

     Кодексте  және заң актiлерiнде көзделген  реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң  басқа да дараландыру құралдары  жатады.

     Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың 
пайда болу негiздерi.   Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен не Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.

     Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке   мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар.

     Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерiнiң  авторлары осы нәтижелерге қатысты  жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады. 

     Жеке  мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады. 

     Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады. 

     Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады. 

Авторлық құқықты  иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. 

     Егер  нәтиже екi немесе одан да көп адамның  бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен шектелуi мүмкiн. 

Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне   айрықша құқықтар.

     Интеллектуалдық шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы бойынша кез  келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк  құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру  құралына айрықша құқық болып  танылады. 

     Айрықша құқық объектiсiн басқа тұлғалардың  пайдалануына тек құқық иесiнiң  келiсiмiмен ғана жол берiледi.

     Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықты  иеленушi, егер ол осы Кодекстiң және өзге де заң актiлерiнiң ережелерiне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы. 

     Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi. 

     Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысуы. Егер Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.

     Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады. 

     Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық берудi көздейтiн шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 966-бабы). 

Лицензиялық шарт:

     Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру  құралына айрықша құқықты иеленушi тарап (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншiктiң тиiстi объектiсiн белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi. Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.

Лицензиялық шартта лицензиатқа: 

     1) интеллектуалдық меншiк объектiсiн  лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi  мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығын (жай, ерекше емес лицензия);

     2) интеллектуалдық меншiк объектiсiн  лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн  сақтай отырып, бiрақ лицензияны  басқа адамдарға беру құқығынсыз  пайдалану құқығын (айрықша лицензия); 

Информация о работе Интелектуалды меншік