Интелектуалды меншік

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 19:52, курсовая работа

Краткое описание

Интелектуалды меншіктілік құқығы, тіркеу мен толтыру тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Патенттік Заңмен» жүйеленіп, өндірістік меншіктілікті пайдаланумен, мүліктік және мүліктік емес қатынастармен байланысты, құрумен, құқықтық сақтаумен байланысты жүргізіледі.
Интелектуалдық меншіктілік - әр түрлі салалардағы (өндірістік, ғылыми, әдеби, көркем) интелектуалдық қызметтің және өнімнің индивидуализация құралдарына теңесу, орындалған жұмыспен қызмет көрсету (тауарлық белгі, тауардың шығарылу орнының атауы) нәтижесіндегі айрықша құқық.

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................3
1. Интеллектуалдың меншік және оның объектілері................................4-5
2. Авторлық құқық........................................................................................5-8
3. Айрықша құқық және меншiк құқығы....................................................9-11
4. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері..........................................................................................................11-17
Қорытынды.....................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиет.................................................................

Файлы: 1 файл

интелектуалдық меншік 2003.doc

— 114.00 Кб (Скачать)

     Туындыны сақтауға беру құқық иесiнiң депозитариймен туындыны пайдалану талаптарын белгiлейтiн шарты негiзiнде жүзеге асырылады. Мұндай шарт және депозитарийдiң пайдаланушымен шарты жария болып табылады (Кодекстiң 387-бабы). 

Қазақстан Республикасының  аумағында авторлық құқықтың қолданылуы.

     1. Қазақстан Республикасының аумағында  алғаш рет жарияланған немесе  жарияланбаған, бiрақ түпнұсқасы  қандай болса да объективтi  нысанда оның аумағында болған  туындыға авторлық құқық Қазақстан  Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда автор және (немесе) оның мұрагерлерi, сондай-ақ автордың басқа да құқықтық мирасқорлары өздерiнiң азаматтығына қарамастан авторлық құқық иесi болып танылады.

     2. Туындысы шет мемлекет аумағында  алғаш рет жарияланған немесе  қандай болса да объективтi нысанда болған Қазақстан Республикасы азаматтарының да, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорларының да авторлық құқығы танылады. 

     3. Халықаралық шарттарға сәйкес  авторлық құқықты қорғау құқық  иесiне берiлген жағдайда туындының  шет мемлекет аумағында жариялану фактiсi тиiстi халықаралық шарттардың ережелерiне сай анықталады.

     4. Қазақстан Республикасының аумағында  туындыны қорғау мақсатында туындының  авторы туынды алғаш рет аумағында  қорғауға алынған мемлекеттiң  заңы бойынша анықталады. 

  Авторлық құқықтың қолданыла бастауы.  Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың қабылдауына қолайлы объективтi нысан берiлген кезден бастап қолданыла бастайды. Ауызша туындыға авторлық құқық оны үшiншi тұлғаға хабарлаған кезден бастап қолданылады. 

     Егер  туынды Кодекстiң 980-бабының қолдануына келмейтiн болса, мұндай туындыға авторлық құқық, егер ол Қазақстан Республикасында  жүзеге асырылса, туынды алғаш рет  жарияланған кезден бастап қорғалады. 

Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi.

     1. Авторлық құқық автордың бүкiл  өмiрi бойына және ол қайтыс  болғаннан кейiн, автор қайтыс  болғаннан кейiнгi келесi жылдың  бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпiс  жыл бойы күшiнде болады.

     2. Бiрлесiп шығарылған туындыға  авторлық құқық серiктес авторлардың бүкiл өмiрi бойына және басқа да серiктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады. 

     3. Бүркеншiк атпен немесе жасырын  атпен алғаш рет жарыққа шыққан  туындыға авторлық құқық туынды  жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

Егер көрсетiлген мерзiм iшiнде жасырын немесе бүркеншiк  ат ашылса, осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм қолданылады.

     4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген  мерзiм iшiнде авторлық құқық  автордың мұрагерлерiне тиесiлi болады және мұрагерлiк бойынша ауысады, автормен, оның мұрагерлерiмен және одан кейiнгi құқықтық мирасқорларымен шарт бойынша құқық алған құқықтық мирасқорларына тиесiлi болады. 

     5. Автор қайтыс болғаннан кейiн  отыз жылдың iшiнде алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiнгi жетпiс жыл бойы күшiнде болады. 

     6. Авторлық, автордың есiмi және  туындыға қол сұқпаушылық мерзiмсiз  қорғалады.

     Туындының қоғам игiлiгiне ауысуы. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi бiткеннен  кейiн ол қоғамның игiлiгiне айналады.  Қоғамның игiлiгi болып табылатын туындыларды кез келген тұлға авторлық сыйақы төлеместен еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiне құқық және туындыға қол сұқпаушылық құқығы сақталуға тиiс. 

     Авторлық  құқықтарды басқару. Құқық иеленушi өзiне тиiстi құқықтарды өз қалауы бойынша  жеке жүзеге асыруға құқылы. Өзге адамдар  авторлық құқықтарды тек құқық иеленушiнiң келiсiмi бойынша және, өкiлдiктi заңды өкiл жүзеге асыратын осы Кодекстiң 977-бабында көзделген құқықтарды қоспағанда, оларға берiлген өкiлеттiк шегiнде ғана басқара алады. Авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушiлер заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жүктелетiн ұйымдар құра алады. 

     Авторлық  құқықтың бұзылуы мемлекеттiң экономикасы  
мен мәдениетiне үлкен залал келтiредi. Төл туындысының қолды болып, әлдекiмдердiң оңай пайда табуының құрал-көзiне айналып кетуi авторға тек материалдық қана емес, сонымен бiрге моральдiк те ауыр соққы болып тиетiнi рас. Тiптi бұл заңсыз әрекеттi бөтеннiң мүлкiн тонаумен, ұрлаумен теңестiруге болады. Сондықтан да қазiргi күнде авторлық құқықты қорғау мәселесiне мемлекетiмiз ерекше назар аударып отыр. Бұл бiр жағынан халықаралық қауымдастық алдындағы абыройымыз үшiн де маңызды.

     1996 жылдың 10 маусымында ТМД аумағында  алғашқылардың бiрi болып Президентiмiз  Н. Ә. Назарбаев “Авторлық құқық  және сабақтас құқықтар туралы”  Заңды бекiттi. Бұл заң заман талабына сәйкес жетiлдiрiлуде.

     Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiнде зияткерлiк меншiк  құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 22 қараша 2005 жылғы ҚР заңымен ҚР Әкiмшiлiк  құқық бұзушылық туралы кодекстiң “Авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзу” жайлы 129 бабына өзгерiстер енгiзiлдi.

     Авторлық  құқық пен сабақтас құқықтар объектiлерiн  сату, прокатқа беру немесе заңсыз өзгеше пайдалану, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық  жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, шығармалар мен фонограммалардың даналарын тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салу және осы көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер – шығармалар мен фонограммалардың даналарын тәркiлей отырып, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салу көзделген болатын.

     Авторлық  құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн  заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында туындылардың және фонограммалардың контрафактiлiк даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, – туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ, құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

     Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген  әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн  бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ, құқық бұзушылық жасаудың қаруы  болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

     Әкiмшiлiк  құқық бұзушылық туралы кодекстiң 34 бабының 3 тармағына сәйкес осы кодекстiң баптарында заңды тұлғаның жауаптылығы көзделген жағдайларда жеке кәсiпкер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ҚР Азаматтық кодексiнiң 19 бабының 3 тармағында белгiленген ережелер ескерiле отырып, заңды тұлға ретiнде жауаптылықта болады.

     Авторлық  құқық және сабақтас құқықтар туралы заңға сәйкес музыкалық туындыларды  тек қана салтанатты кештерде, ресми  және дiни рәсiмдер, сондай-ақ, жерлеу кезiнде  көпшiлiк алдында автордың немесе авторлық құқық иелерiнiң келiсiмiнсiз әрi авторлық сыйақы төлемей орындай беруге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             Қорытынды

     Авторлық  құқық объектілерінің авторлары  оларға өте мәнді мүліктік (айрықша) және жеке мүліктік емес құқықтары  бар, авторлық құқық автордың бүкiл өмiрi бойына және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн ол қоғамның игiлiгiне айналады. Қоғамның игiлiгi болып табылатын туындыларды кез келген тұлға авторлық сыйақы төлеместен еркiн пайдалана алады. Дегенмен, бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiне құқық және туындыға қол сұқпаушылық құқығы сақталуға тиiс, өйткені осы құқықтар ҚР АК 6 т. 982 бабына сәйкес авторлық, автордың есiмi және туындыға қол сұқпаушылық мерзiмсiз қорғалады.

      Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары  туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр  данасына салынған және үш элементтен:

      1)    қоршауға алынған латынша «С»  әріппен;

      2)   айрықша авторлық құқықтар иесінің  есімімен (атауынан);

      1. туындының бірінші жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.

     Сабақтас  құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:

     1) қоршауға алынған латынша Р  әрпi: Р;

     2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң  есiмi (атауы);

     3) фонограмманың алғаш жарияланған  жылы.

     Сонымен, жоғарыда айтылғаның қорытындысын шығарсақ, келесіні айтуға қажет, авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды заңсыз пайдалануы үшін азаматтық (ҚР АК нормалары), әкімшілік (ҚР ӘҚБК 129 бабы), және қылмыстық (ҚР ҚК 184 бабы) жауапкершілік көзделген.

                              

                                 Қолданылған әдебиеттер тізімі

1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы, 2003.

2) Азаматтық құқық. Жайлин Ғ.А., Оқулық, Ерекше бөлім. 1 том.- Алматы: Заң әдебиеті.-2005.- 90-110 б

3) Гражданское право: Учеб. / Под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. Алматы, 2000.

4)  Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву (Сер. Классика казахстанской цивилистики). Алматы, 2003.

5) Басин Ю.Г. Принципы гражданского законодательства Республики Казахстан // Гражданский кодекс РК (Общая часть) – толкование и комментирование. Алматы, 1996. Вып. 1. 
 
 
 
 

Информация о работе Интелектуалды меншік