Банк , несие реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 19:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебім, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Мен осы саланың келешек маманы ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттім.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму, банктерді дамыту жолындағы қолданған реформаларды қарастырамыз. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларының алғышарттары...........................................................................................4
II. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларды жүзеге асыру барысы.......................................................................................................9
III. ҚР банктік реформаладың нәтижелері..............................................................................................20
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35

Файлы: 1 файл

Банк,несие реформалары.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясатының ең мәнді жетістіктерінің бірі 1993 жылы 2153%-ға дейін жеткен гиперинфляцияны тоқтатуы болды. Инфляция қарқыны мен қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің серпінінің тенденциялары бір-біріне сәйкес болғандықтан, қайта қаржыландырудың банктік мөлшерлемелерінің төмендеуінің серпінді процесі қатар жүріп жатты. Яғни, 1994 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қарашасы аралығында қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 27,0-ден 7,5%-ға дейін төмендеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақша және несиелер құнының ұзақ мерзімді жоспардағы тұрақтылығы экономиканың тиімді қызмет атқаруының және сәйкесінше оңтайды экономикалық өсу мен халықтың жоғары жұмысбастылығының шешуші алғышарттары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев, Ұлттық банк, Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия, Үкімет өкілдері, сонымен қатар республиканың қаржы нарығының өкілдері қатысқан 1999 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерінің І Конгресі тек банк секторының ғана емес, бүкіл отандық қаржы нарығының даму тарихында атап өтерлік оқиға болды. Алғаш рет қаржы нарығының барлық секторларының өкілдері экономикалық өсудің және халықтың әл-ауқатын жақсартудың ғаламдық міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін қазақстандық қаржы нарығында кең инвестициялық мүмкіндіктерді жасау және жаңа қаржылық институттарды қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін ерікті түрде біріккен болатын.

Отандық қаржыгерлердің І Конгресі резолюциясының негізінде Конгресс отырыстарының арасынеда қабылданған шешімдерді әрі қарай жүзеге асыруға бағытталған Конгрестің жұмысшы органы ретінде Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы (ҚҚА) құрылды. ҚҚА Қазақстан қаржыгерлерінің атынан мемлекеттің қаржы жүйесін дамыту, жинақтау бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа қаржылық құралдарды енгізу, қаржы нарықтарын реттейтін әрекет етіп отырған заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Парламентпен және Үкіметпен қызметтестік жасауға бағытталды [3].

Айта кеткені жөн, 1999 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлерінің алты Конгресі өткен.

1999 жылдың соңына қазақстандық екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғалардың шамамен 30 миллиард теңге депозиттері шоғырландырылған, ал сараптамашылардың бағалуы бойынша, тұрғындарда іскерлік айналымға салынбаған бір миллиард АҚШ долларынан астам жинақтары болған. Ал жинақтардың басым бөлігін кәсіпкерлер Қазақстанның шегінен шығарған. Тіпті еліміздің Ұлттық банкінің ресми мәліметтері бойынша капиталдың елден кетуі 1999 жылы 650 миллион долларды құраған. Осылайша, жинақтардың басым көпшілігі отандық банк секторынан тысқары қалған. Негізгі себептердің бірі – бұл сол кездегі ресми құрылымдардың банктік есеп-шоттарға заңды санкцияланған қол жетімділігі.

Сондықтан отандық қаржы жүйесіне тұрғындардың сенімін арттыру үшін келесі жүйелі шаралар кешені жасалды және жүзеге асырылды:

              1999 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендірудің (сақтандырудың) қазақстандық қорын»  құру жолымен жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын міндетті сақтау жүйесін қалыптастыру;

              барлық заңнамалық қайшылықтарды болдырмауға және банктік құпия қағидасын жүргізуге бағытталған «Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 2000 жылдың 29 наурызында енгізілуі;

              2001 жылдың 2 сәуірінде «Ақшаларын заңдастырумен байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарының амнистиясы туралы» Заңның қабылдануы, оған сәйкес сол жылы тұрғындар табыстарын заңдастыру бойынша акция жүргізілді [4]. Заңдастырылатын соманың көлемі туралы ақпарат құпия болды және оларға ешқандай салық төлеу қажет болмады. Сонымен қатар, еліміздің салық органдары 1995 жылдан 2000 жылға дейінгі жеке тұлғалардың табыстары және мүлкі туралы декларацияна жоюға уәде берді (және жойды).

Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2000 жылдың басында 16 банк жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болды. Тұрғындар жинақтарын банктерге белсенді тарту нәтижесінде банктің белсенді операцияларын жүргізу көлемінің өсуіне, олардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына, банктік қызмет көрсетулердің өзінідік құнының төмендеуіне, және олардың банк клиенттеріне қол жетімділігіне әкелді. 2000 жыл ішінде бұл жүйеге қатысушы-банктер саны 18-ге дейін ұлғайды, ал 2004 жылдан бастап эеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға құқығы бар барлық әрекет етіп отырған екінші деңгейлі банктер қосылды.

30 күнге созылған амнистия нәтижелері бойынша екінші деңгейлі банктерде ашылған ҚР азаматтарының арнайы есеп-шоттарына 480 млн. АҚШ долларынан астам сома түсті, соның ішінде тек 50,5 миллионы шетелден келді. Арнайы шоттарға жатқызылған депозиттердің орташа көлемі 164 мың долларды құраған, және де депозиттердің минималдың сомасы 50 долларды құраса, максималды сомасы шамамен 800 мыңды құраған. Өз капиталдарын заңдастыру құқығын шамамен еліміздің 3 мың азаматы пайдаланды, олардың ішінде 88%-ы қолма-қол ақша әкелді.

Осылайша, банктердегі азаматтардың салымдарын қорғау бойынша шаралар кешені тұрғындардың банктік жүйеге сенімін арттырды. Және де егер 1994-98 жылдарда салымдардың жалпы сомасы ( резидент еместерді қоса алғанда) 5,4-тен 31,6 млн. теңгеге өссе, онда 1999 жылы өсім 23,4 млрд. теңгені, 2000 жылы – 36,7 млрд. теңгені, ал 2001 жылы – бірден 248,3 млрд. теңгені құраған! [5].

Депозит көлемі соңғы жылдары 2000 жылғы 294 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 6,4 трлн. теңгеге өскен (сурет 1).

 Жағымды макроэкономикалық жағдай және банктердің меншікті капиталы, ресурстық базасы жиынтығының жалғасып келе жатқан өсімі жағдайында 2000 жылдан 2007 жылдың бірінші жартысына дейінгі кезеңдегі несие нарығы қазақстандық қор нарығының серпінді дамушы сегменттерінің бірі болып қалды. Қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің төмендеуіне, төмен инфляцияға, ұлттық валютаның девальвация қарқынының баяулауяна байланысты несиелер бойынша мөлшерлемелер 2000 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде нақты сектор кәсіпорындары үшін ұлттық валютада 18,1%-дан 12,9%-ға дейін, шетел валютасында 15,5%-дан 10%-ға дейін төмендеді.

Экономикаға несиелердің көлемі 2000 жылғы 276,2 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 10,2 трлн. теңгеге дейін өсті. Экономикаға банк несиелерінің ЖІӨ-ге қатысының көрсеткіштері көрсетілген кезеңде 10,6%-дан 56,5%-ға дейін өсті

 Қысқа және орта мерзімді банктік несиелеудің басты көздері депозиттік базаны кеңейту және шетел қаржы институттарынан синдикатталған займдарды тарту болды. Экономиканы ұзақ мерзімді несиелеудің негізгі көздері ірі қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы болды. 2007 жылы қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы кезіндегі қарыз алу, банктердің «мерзімсіз» еурооблигацияларын шығаруды қоспағанда, мерзімі 30 жылға жетті. Ұзақ мерзімді сыртқы қорландыруды тарту шарттары да тартымды болды. Айналыс мерзімі 5 жылдан жоғары екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді еурооблигациялары бойынша орташа купон 2002 жылғы 10,8%-дан 2007 жылы 8,03%-ға төмендеді. Нәтижесінде екінші деңгейлі банктердің қаржыландыру мерзімі 10-15 жылға дейінгі несиелер беруге жағдайы болды.

Екінші деңгейлі банктердің сыртқы капитал нарықтарында «ұзын» ресурстарды тартуы салдарынан 2003-2007 жж. аралығында банктердің ұзақ мерзімді несиелеуінің өсуі байқалды. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша 2007 жылдың басынан қазақстандық экономиканы екінші деңгейлі банктер тарапынан несиелеуі 54,7%-ға ұлғайып, осы жылдың соңына 7258,4 млрд. теңгеге жеткен. Екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді несиелерінің көлемі 68,9%-ға өсіп, 2007 жылдың соңында 5800,8 млрд. теңгені құраған, қысқа мерзімді несиелер 16,0%ға артып, 1457,6 млрд. долларды құраған. Осылайша, 2007 жылдың нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтықталған ссудалық қоржынындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 79,9%-ға өскен (2006 жылдың нәтижесі бойынша – 72,8%).

Экономиканың шикізаттық емес салаларына екінші деңгейлі банктер ұзақ мерзімді несиелік ресурстарының 634,7 млрд. теңгесі немесе ұзақ мерзімді несиелердің жалпы көлемінің 10,9%-ы келді (2006 жылдың соңына 11,4% болған). Оныі ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 49,3%, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен бөлуге – 3,7%, көлікке – 17,2%, байланысқа – 5,3% жұмсалған. Осылайша, банк секторы үлкен несиелік ресурстарды иеленді, алайда негізгі қаржылық ағын ел өнеркәсібі мен инфрақұрылымын несиелеуге емес, сауда, тұрғын үй құрылысы және өзге де салаларды (өндірістік емес сала, сауда, жеке қызмет) қаржыландыруға бағытталды. Бұл салалар 2007 жылы екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының 67,8%-ын тартты [6].

Осылайша, банктердің салыстырмалы арзан шетел капиталын белсенді тартуы Қазақстан экономикасында 2002-2007 жж. Кең ауқымды несие экспансиясының пайда болуын ынталандырды. Бұл кезде банктік несиелеудің орташа жылдық өсу қарқыны 60-70% болды.

Отандық қаржы институттарының қызметін реттеу тұрғысында жүргізілген реформаларды ерекше атап өтуге болады. Реформалаудың басынан бастап Қазақстан қаржы жүйесінің барлық қатысушылары бір тәуелсіз мемлекеттік органмен реттелетін үлгіні таңдаған болатын және мақсатты бағытты соған қадамдар жасады. Қаржы нарықтарын бірегей реттеу жүйесін Қазақстан нарықтарына қолдану мәселелері көптеген жылдар бойына талқыға түскен болатын. Қаржылық реттеуші органдарды біріктіру тұрғысында келесі негізгі аргументтер келтірілді: қаржы қызметінің кең спектірін (банк қызметі, сақтандыру, зейнетақы қызметтері, активтерді басқару, корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы андеррайтинг және маркет-мейкинг) білдіретін қаржылық конгломераттардың пайда болуы; қаржы ведомостволарының дұрыс үйлестірілмеген әрекеттерінің болуы, оның салдарынан қызметтерді қайталау, реттеуші қызметті және пруденциалды қадағалауды жүзеге асырудағы қайшылықтар [7].  Сөйтіп, 2003 жылдың шілдесінде екі реттеуші органның бірігуі болды – Ұлттық банк пен Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы, Бұл Ұлттық банкке бүкіл қаржы жүйесі шеңберінде нарықтың барлық қатысушыларына дерлік қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Қаржы нарығын дамыту және қазақстандық қаржы жүйесінде мемлекеттік басқару механизмін жетілдірудің құрылымдың реформаларын жүзеге асырудың келесі қадамы қаржы нарығы қатысушыларын реттейтін бірегей органды құру болды. 2004 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша агенттік немесе Қаржылық қадағалау агенттігі (ҚҚА) осындай орган болды.

Айта кеткені жөн, 2004 жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстан Республикасындағы бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын орталық банктің классикалық қызметтерін орындай бастады. Негізгі мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Ұлттық банкіне келесі міндеттер жүктелген:

1)     1)      мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;

2)     2)      төлем жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

3)     3)      валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4)     4)      қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізу [8].

2002 жылы 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамыту Стратегиясы (әрі қарай - Стратегия) қабылданды, оның негізгі мақсаты экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан кету жолымен еліміздің тұрақты дамуына жету болып табылады.

Аталмыш Стратегиямен анықталған мақсаттарға жету үшін дамудың мемлекеттік органдары құрылған болатын: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» Инвестициялық компаниясы» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Маркетингтік-талдау зерттеулерінің Орталығы» АҚ.

«Қазақстанның даму банк» АҚ (әрі қарай - ҚДБ) жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған. ҚДБ қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік, көлік пен энергетика құрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға септігін тигізу болып табылады.

ҚДБ негізгі міндеті ұзақ мерзімді және орта мерзімді төмен пайызды несиелер, соныңішінде экспорттық несиелер беру жолымен, сонымен қатар өзге несиелік институттарға берілетін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру жолымен жеке сектор мен мемлекеттік бастамаларын қаржылық қолдау болып табылады.

Қазақстанның даму банкі сонымен бірге қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сонымен қатар кепілдендірілген мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету бойынша қызметтерді орындайды.

Жалпы, банк секторымен экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіру көлеміндегі ҚДБ үлесі 2007 жылдың соңында 1,3 пайызды немесе 655,8 млн. теңгені (2006 жылдың соңында – 1,4%) құрады. ҚДБ қаржыландыратын экономиканың шикізаттық емес салаларын жеке қарыстыратын болсақ, онда өңдеуші өнеркәсіпте Банктің үлесі 14,2% (2006 ж. – 15,3%), электр энергиясын өндіру мен бөлуде - 32,5%, көлікте – 7,4%, байланыста – 1,7% болды [6].

Біздің қаржы секторының келесі жетістігі ретінде бұл саладағы халықаралық тәжірибені (АҚШ және Малайзия) есепке ала отырып, 2000 жылдың желтоқсанында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» (әрі қарай - ҚИК) АҚ –н құру жолымен ипотекалық несиелеу жүйесін енгізу саналады. Компания қызметінің негізгі міндеттері ипотекалық несиелеу көлемдерін кеңейту, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету жолымен тұрғын үй алуға жағымды жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының рөлі коммерциялық банктермен қатар ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге емес, ипотекалық нарықты жасау және реттеуге негізделеді.  ҚИК бағдарламасы бойынша несиелер серіктес-банктер арқылы беріледі. Мұндай серіктестер ретінде екінші деңгейлі банктер және банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар танылады. Сондықтан Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қызметінің негізгі бағыттары банктер тарапынан берілген ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығын алу, сонымен қатар ипотекалық несиелеу үшін, соның ішінде өзінің ипотекалық бағалы қағаздарын шығару жолымен ұзақ мерзімді ресурстарды тарту болып табылады.

Информация о работе Банк , несие реформалары