Банк , несие реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 19:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебім, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Мен осы саланың келешек маманы ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттім.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму, банктерді дамыту жолындағы қолданған реформаларды қарастырамыз. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларының алғышарттары...........................................................................................4
II. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларды жүзеге асыру барысы.......................................................................................................9
III. ҚР банктік реформаладың нәтижелері..............................................................................................20
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35

Файлы: 1 файл

Банк,несие реформалары.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

1995 жылы Қазақстандық банкаралық валюталық қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу туралы Ұлттық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек, кәсіпорындардың ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30 пайызға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.

1995 жылы алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылы сәуірде Ұлттық банктің басқармасы алтын валюта резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.

Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді.

Мұндай ақша несие саясатын жүргізу нәтижесі 1995 жылы монетарлық бағдарламаларға жүктелген параметрлер негізінен орындалады. Ол инфляцияның орташа айлық қарқынын 24,1 пайыздан 4,8 пайызға дейін төмендеуге әкелді. Әрі шетел валюталары бойынша теңгенің бағамы тұрақтанады. Ұлттық банктің жүргізіліп отырған ақша несие саясаты экономиканың тұрақтануына жақсы жағдай туғызады. ЖІӨ-нің құлдырауы (1994 ж. 23,7) 9 пайызға дейін төмендеді. 1997 жылы салыстырғанда экономикалық бірқатар салаларда өндірістің өсуі байқалады. Сауда балансының қалдығын жақсарту тенденциялары анықталады.

Қазақстан Республикасында төлем құралдарын тиімді пайдалануды жоғарылату үшін 1995 жылы Ұлттық банктің басқармасымен: «Қазақстан Республикасында есеп айырысудың вексельдік жүйесі туралы уақытша ереже» «Банктік сервистік бюро туралы уақытша ереже», «Қазақстан Республикасы аумағында дебиттік және кредиттік карточкаларды пайдалану мен байланысты шетел валютасындағы есеп айырысудың уақытша тәртібі» нормативтік құжаттар дайындалып бекітіледі.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» және «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызметтер туралы» Президенттің заң күші бар жарлығы шықты.

3 ҚР банктік реформаладың нәтижелері

 

Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің уақытында қайтарылмағаны, яғни олардың 24 %-дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Соның салдарынан Ұлттық Банк ондай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық Банк 1996-1998 жылдары орталықтандырылған несиелерді тек кана банктердің қысқа мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, «репо» операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп отырды.

Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігі арасындағы бюджетті несиелеуге байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 жылдан бастап, Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме алғандықтан, Ұлттық Банк оған тікелей несие беруін тоқтатты. Оған дейін бюджеттің тапшылығының 80%-ға жуық бөлігі Ұлттық Банк несиелері есебінен жабылып келгендігін айта кету керек. Мұны да осы реформаның бірден-бір нәтижесі деп санауға толық болады.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкноталарын шығаруда меншікті өндірісті іске қосу республикамыздағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгерістерге әкелді. Осыған байланысты қолма-қол ақша айналымын басқаруда 1992—1993 жылдары қолма-қол ақшаның, тапшылығынан енгізілген директивтік саясаттың орнына экономикалық реттеу әдістерін пайдаланудың алғышарттары жасалды.

Сөйтіп, осы реформа нәтижесінде кәсіпорындарды және екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшамен жасалатын кассалық операцияларының лимиті алынып тасталды.

Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтап отыру мақсатында Ұлттық Банк шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, теңгенің жүйелі валюталық айырбас бағамы саясатын жүргізіп отырды. Алтын-валюта резервін басқаруда Ұлттық Банк мынадай екі портфелді құру қажет деп таныды: стратегиялық инвестициялық, портфель және тактикалық өтімділік портфелі.

Мұндағы, тактикалық өтімділік портфелі валюталық бағамды реттеу саясатын жүргізу және қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу үшін қажет. Өтімділік портфелінің негізгі құралдарына ақша нарығының құралдары жатты.

Стратегиялық инвестициялық портфель құрамы Ұлттық Банктің орта мерзімді (3 айдан 3 жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейінгі) міндеттемелерінен тұрды.

Аталған портфельдің негізгі құралдарына: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының құралдары, орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капиталдар нарығының басқа да құралдары жатқызылды.

Банктік қадағалау жүйесін реформалаудың басты мақсаты — банктік қадағалау әдістері мен рәсімдерін халықаралық стандартқа жақындату болып табылды. Осыған сәйкес, Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге капиталдану талабын қойды. Мұндағы мақсат — бәсекелік ортада қызмет көрсететін банктерді тәрбиелеу және біршама тұрақты банктерді анықтау болып табылды. Осындай талаптың негізінде Ұлттық Банк капиталы жеткіліксіз банктердің өзара бірігуін немесе жойылу шараларын ұйымдастырды. Реформа нәтижесінде көптеген банктер таратылды немесе бірігу үдесін басынан кешті. Осындай шараларды ең бастысы, мамандандырылған банктер басынан кешті. Өйткені олардың барлығы дерлік бастапқыда бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан да, олар үшін несиелік ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналады. Сөйтіп, кейбіреуі өзара бірігіп жұмыс жасауға мәжбүр болды. Айталық, Мемлекеттік Даму банкі Эксимбанкпен, Тұрғын үй құрылысы банкі Центркредит банкпен қосылып, ал, Медетші банк - Медетші қор ретінде қайта түрлендірілді. Мұндай түрлендіруге Ұлттық Банк тарапынан банк жүйесіне жүргізген кейінгі реформалар себеп болды.

Ұлттық Банктің 1995 жылы бастаған банк жүйесінің бухгалтерлік есебін реформалау 1996-1998 жылдары әрі қарай жалғасып, нәтижесінде Ұлттық Банктің халықаралық стандартқа сәйкес жасалған жаңа шоттар жоспары екінші деңгейдегі банктер қызметіне толығымен енгізілді.

Банк жуйесіндегі бухгалтерлік есептіреформалау — нарықтық экономика талаптарына жауап беретін жалпыға ортақ халықаралық қағидаттар мен стандарттарды банктердін, тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін білдіреді.

Бухгалтерлік есеп реформасын аяқтауға байланысты жұмыстар мынадай мерзімдерді қамтыды:

— Ұлттық Банк бойынша:

1996 жылы қосымша және бас бухгалтерия бойынша нұсқаулық материалдар дайындап, оларды баспадан шығару. 1997 жылы 1996 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша жаңа шоттар жоспары мен нұсқаулық материалдарға өзгерістер енгізу, Ұлттық Банктің қызметіне байланысты халықаралық аудит жүргізу, банк мекемелерінде ескі шоттар жоспарынан жаңаға өтуді аяқтау шаралары жүзеге асырылды. 1998 жылдың бірінші жартысында қосымша есеп бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа пакетін әзірлеу және екінші жартысында Ұлттық Банктің бюджетін жоспарлау әдісін жасау.

—Екінші деңгейдегі банктер бойынша:

1996 жылы екінші деңгейдегі он банктер бойынша жаңа шоттар жоспарын енгізіп, ай сайын осы жоспарға сәйкес жиынтық балансын алу.

1997 жылы екінші тоқсанында екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік есептің стандартын жасау, барлық екінші деңгейдегі банктер бойынша үшінші тоқсанда жылдық жинақ есебін құру шаралары жүзеге асты.

Сонымен қатар, бұл банктік реформаның басты нәтижесі — бұл банктік жүйенің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық сақтандыру қоры құрылды. Бұл қорды құру уақыты 1997 жылдан кешікпеуге тиіс еді, бірақ әр түрлі себептерге байланысты қор 1999 жылдын аяғында құрылып, өз қызме тін 2000 жылдың қаңтарынан бастады[15,3-5 ]

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

Банк секторы экономиканың қантамыр жүйесі  және қаржы секторының ең үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік қызметтер нарығының қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде ол мәнді реформаларды басынан өткерді.

1990 жылы «Банктер және Қазақ ССР-ндегі банк қызметі туралы» Заң қабылданған кезде отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңнамалық негізі қаланды. 1991 жылы екі деңгейлі банк жүйесі қалыптастырылды. Бұған мемлекеттік салалық банктерді қайта ұйымдастыру және СССР Мемлекеттік банкінің республикалық бөлімшелерінің егеменді мемлекеттердің орталық банкі қызметін атқаруы, сонымен қатар алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы септігін тигізді. Сол кезден бастап Қазақстан банк жүйесінің бірінші деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен және оның облыстардағы бөлімшелерімен, ал екінші деңгейі өзге банктермен көрініс тапты. Нарықтық қатынастардың кеңеюі және несие ісінің дамуы коммерциялық банктердің жылдам өсуіне әкелді, олардың саны, мәселен, 1993 жылы 200-ден астам болды.

1993 жылдың сәуірінде орталық банктің міндеттерін, қызметінің қағидаттарын, құқықтық мәртебесін және құзырлығын, банк жүйесіндегі рөлі мен орнын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік үкіметінің органдарымен өзара қарым-қатынасын анықтайтын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» жаңа Заң қабылданды.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы мемлекеттіліктің негізгі нышандарының бірі ретінде, сонымен қатар республика экономикасын инфляциялық қысымнан және қолма-қол ақшаның тапшылығынан қорғау мәселесін шешу мақсатында ұлттық валютаны енгізу туралы мәселені шешуді күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен ұлттық валюта – теңгені дайындау және енгізу бойынша кезек күттірмес іс-шаралар Бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары – бұл дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттігі және әлеуметтік-экономикалық реформалаудың тереңдеуі, қатаң ақша-несие және пайыз саясатын жүргізу, бағалардың еркіндігі, халықтың әлсіз топтарын әлеумттік қорғау.

1993 жылғы ақша реформасы теңгені тікелей енгізу жолымен келесі артықшылықтарды әкелді:

              респбуликаның тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі болды;

              Қазақстан тұрғындары болашақтағы белгісіздіктен арылды;

              жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын анықтауға мүмкіндік берді [1].

1993 жылдың қарашасында ұлттық валютаны енгізу мемлекеттік ақша-несие саясатын және банктік реттеуді жүргізу тұрғысында Ұлттық банктің рөлін арттырды. Ұлттық банк банк жүйесінің қызмет етуінің нормативтік және құқықтық негізін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді, банк қызметі үшін қажетті минималды резервтік талаптар, экономикалық нормативтер сынды пруденциалды реттеудің нормативтері енгізілді, сонымен қатар шетел қатысуымен қызмет ететін банктер қаражаттарының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру туралы және банктің қарыз қоржынын сыныптау туралы ережелер қабылданды. Айта кеткені жөн, банктік жүйенің реформалануы кезеңінде бұл нормативтердің көпшілігі мәнді өзгерістерге ұшырады.

Ақша қаражаттарын орталықтандырылған қайта бөлуді максималды қысқарту және Ұлттық банк қызметтерін орталық банктердің классикалық қызметтеріне жақындату бойынша алдына міндеттер қойған отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында қыбалданды.

Банк жүйесін реформалаудың келесі кезеңі ТМД аумағында алғышқылардың бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында қабылданған 2000 жылдың соңына дейін капитал өтімділігінің жеткіліктілігі, активтер сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп деңгейі, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында қызметтің халықаралық стандарттарына екінші деңгейлі банктерді өткізу Бағдарламасы болды [2].

Жалпы, банктердің капиталдану деңгейіне Ұлттық банктің қойған қатаң талаптары банктердің бірігуі/жұтуы, төмен капиталданған банктердің несие серіктестіктеріне өз еріктерімен қайта құрылуы, барлық банк операцияларын жүргізуге лицензияны жою мен қаржылық тұрақсыз және төлем қабілетсіз банктерді күштеп жою тәртібін қолдану есебінен банк секторын оңалтуды жеделдетті. Бұның барлығы халықаралық стандарттар деңгейінде өз қызметін жүзеге асыратын, жоғары капиталдандырылған банктері бар тұрақты банк жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк тарапынан қабылданған шаралар банктер санының 1993 жылғы 204-тен 1997 жылдағы 81-ге дейін қысқаруына әкелді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 37 екінші деңгейлі банк қызмет атқарады.

1997 жылы банктерді инвестициялық және депозиттік деп бөлінуі алынып тасталды, банк қызметінің түрлерін кеңейту қарастырылды, сонымен қатар банктерді ашуға және оларды лицензиялауға, ішкі бақылауға және банктердегі тәртіптерге қатаң талаптар қойылды, CAMEL жүйесі бойынша банктердің қаржылық жағдайын рейтингтік бағалау енгізілді.

Қазақстанда банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын несиелік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар, инвестициялық қорлар және т.б. сияқты банктік емес қаржылық мекемелердің қалыптасуы да маңызды болып табылады. Несиелік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар сынды банктік емес мекемелер қызметінің мақсаттары мен міндеттері халықты, шағын және орта кәсіпкерлерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық деңгейін арттыру болып табылды, және олардың қызмет етуі ауылдық аймақтардағы қаржылық қызмет көрсету нарығындағы олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын жасау жолымен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, кедейлік деңгейін төмендетеді және шағын бизнес пен орта бизнесті дамыта отырып, халықтың табыстарын арттырады.

Осылайша, 1998 жылдың соңындағы банк жүйесін қайта қалыптастыру коммерциялық банктерден тұратын олардың екінші деңгейі ломбардтар, несиелік серіктестіктер, тарсталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, ипотекалық компаниялар түрінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелермен толықтырылғандығымен негізделеді. 2009 жылдың 1 қазанында Қазақстанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 17 ұйым, соның ішінде 7 ипотекалық ұйым жұмыс жасайды.

1999 жылдың сәуірінде Үкіметтің және Ұлттық банктің шешімімен Қазақстанда теңгенің еркін айырбас бағамының режимі енгізілді, бұл әсіресе Ресейде 1998 жылы сыртық қаржы нарықтарындағы дағдарыстан кейін ұлғайып кеткен Ұлттық банктің араласуынсыз валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде теңге бағамының қалыптасуын білдірді. Бұл шара қаржы жүйесін тұрақтылығына нұқсан келтірмей экспорттық өндіріс жұмысының рентабельділігін арттыруға мүмкіндік жасады. Қазақстан бұл кезеңде халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына қарамастан, банк клиенттеріне олардың салымдарын теңгенің девальвациясына дейінгі бағам бойынша ауыстыруға құқық беру жолымен жеке және заңды тұлғалардың жинақтарын қорғау бойынша мүмкін шараларды жасады. Теңгенің еркін айырбас бағамы режимін енгізу өз нәтижелерін уақыт күттірмей берді. Яғни, 1999 жылдың үшінші тоқсанында сауда балансы оң болды, долларлық сипаттағы экспорт көлемі бірінші тоқсанмен салыстырғанда 60 пайызға өсті. 1999 жылдың қазанында теңгенің бағамы  біршама тұрақтанды, ал Ұлттық банктің алтын валюта резервтері бір айдың ішінде 143 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Информация о работе Банк , несие реформалары