Банк , несие реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 19:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебім, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Мен осы саланың келешек маманы ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттім.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму, банктерді дамыту жолындағы қолданған реформаларды қарастырамыз. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларының алғышарттары...........................................................................................4
II. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларды жүзеге асыру барысы.......................................................................................................9
III. ҚР банктік реформаладың нәтижелері..............................................................................................20
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35

Файлы: 1 файл

Банк,несие реформалары.doc

— 269.50 Кб (Скачать)


 

Жоспар

Кіріспе.......................................................................................................................3

I.      ҚР банк жүйесін дамыту реформаларының алғышарттары...........................................................................................4

II.    ҚР банк жүйесін дамыту реформаларды жүзеге асыру барысы.......................................................................................................9

III. ҚР банктік реформаладың нәтижелері..............................................................................................20

Қорытынды............................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебім, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Мен осы саланың келешек маманы ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттім.

Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму, банктерді дамыту жолындағы қолданған реформаларды қарастырамыз. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктердің өз жүйесі шеңберіңдегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым –қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор екендігін дәлелдеу.

Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жандануы және конденсациялық процестер жалғасуда.

Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.

Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде ҚР банк жүйесінің құрылымы және банктік жүйенің даму тарихы қарастырылған. Екінші бөлімде ҚР банк жүйесін дамыту реформаларын жүзеге асыру қарастырылды. Үшінші бөлімде ҚР банктік реформаладың нәтижелері қарастырылды. Курстық жұмыстың қорытындысында жасалынған талдаудың негізгі түйіндері мен ұсыныстары берілген.

 

 

 

1       ҚР банк жүйесінің құрылымы және банктік жүйенің даму тарихы

 

ҚР банк жүйесінің құрылымы

 

ҚР банк жүйесінің құрылымын «ҚР банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі деңгейіндегі банктер» делінген жолдардан көруге болады.

Біріншіден, Ұлттық банктің құрылымын қарастырсақ, оны « ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңы және « ҚР Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде көруге болады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың  ішінде:

Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның  жарғылық қорының  иеленушісі үкімет.

Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.

Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; 

в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк. 

Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің  лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.

Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. 

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. 

Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

Коммерциялық банктер – кәсіпорындармен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың  басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің  банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің  негізгі мақсаты  неғұрлым жоғарғы пайда табу.

Банктің  жарғылық қоры оның  міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік операциялар жүргізудің  негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен немесе құрылтайшылардың  жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің  құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің  акциясын төлеуге оның  несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің  акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайшыларға бірдей құнмен, яғни акцияның  көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің  оның  құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының  елу процентін акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен бастап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет [10, 120б].

Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:

Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның  ішінде банктің  пайдасын капиталдандыру және банктің  облигациясын оның  акциясына айырбастау есебінен.

Жалпы банктердің  қызметтерi:

-                     уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

-                     кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;

-                     ақша айналымын реттеу;

-                     айналымға несие құралын шығару;

-                     экономикалық, қаржылық кеңес беру;

-                     эмиссиялық қызмет атқару.

Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан өкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың  басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың  акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi.

Екіншіден акцияның  көрсетілген құнын өсіру жолымен.

Банктің  жоғары басқарушы органы акционерлердің  жалпы жиналысы, оның  ағымдағы қызметін банктің  басқармасы жүргізеді. Банктің  басқарушы қызметкерлері болып қадағалау кеңесінің  төрағасы және оның  мүшелері, басқарманың  төрағасы және оның  орынбасарлары, банктің  бас бухгалтері және оның  орынбасарлары, банк бөлімшесінің  бірінші басшысы және бас бухгалтері мен олардың  орырбасарлары саналады. Банктің  заңға сәйкес банктің  басқармасының  төрағасы және оның  орынбасарлары, банк бөлімшесінің  бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің  келісімімен тағайындалады. Әдетте олардың  банк жүйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың  орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қызметкерлер Ұлттық банктің  келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Акционелердің жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма-жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек,  ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың, қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының  талабы бойынша  шақырылады.

Банктің  ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.

Жалпы кез келген банктің  ұйымдық құрылымы банктік операцияларды атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.

 

Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

 

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді. [2,169 б].

Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды.

Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капиталы нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.

Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).

Ипотекалық несие  жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.

Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.

1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.

1924 жылы акционерлік қоғам үлгісіндегі сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Сөйтіп, 1925 жылы КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және ауылшаруашылық банкі болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Ценкомбанк), Кооперативтік банк және акционерлік, салалық, аймақтық банктер құрылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу банкіне біріктірілді. Жалпы 1927-1929 жылдары банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.   [3, 16-4 б.]

КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды  қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды:

1. Промбанк, 1959ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.

2. Ауылшаруашылық банкі, 1959ж. оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылыс банк арасында үлестірілді.

3. Всекомбанк, 1939ж. Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал активтері мен пассивтері 1959ж. таратылған КСРО Сауда банкіне берілді.

4. Ценкомбанк, 1959ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк мен Мембанк арасында үлестірілді.   [3, 165 б]. 

КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік банкі. КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары негізінде: Сыртқы экономбанк, Жинақ банкі құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік - есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.

Информация о работе Банк , несие реформалары