Банк , несие реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 19:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебім, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Мен осы саланың келешек маманы ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттім.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму, банктерді дамыту жолындағы қолданған реформаларды қарастырамыз. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларының алғышарттары...........................................................................................4
II. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларды жүзеге асыру барысы.......................................................................................................9
III. ҚР банктік реформаладың нәтижелері..............................................................................................20
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35

Файлы: 1 файл

Банк,несие реформалары.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

Осылайша, Қазақстан 2001 жылдан бастап ипотекалық несиелеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді: бірінші деңгей  банктер және банктік емес ұйымдар ретіндегі алғагқы несие берушілерді білдірсе, екіншісі – талап ету құқықтарын және алғашқы несие берушілермен берілген ипотекалық несиелерге кепіл құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйымдар.

Айта кеткені жөн, 2002 жылы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген тиесілі компанияларды қамтамасыз ететін ипотекалық обллигацияларды шығарды, және отандық жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары негізгі институционалды инвесторлар болады.

2004 жылы 2005-2007 жылдарға Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолжетімді тұрғын үйлерді ипотекалық несиелеудің Арнайы бағдарламасы жасалды және қабылданды. Бұл бағдарламада ҚИК қаржылық оператор рөлін иеленді. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша «Қазақстан потекалық компаниясы» АҚ екінші ретті нарықта және республикалық бюджеттің несиеліку қаражаттары есебінен салынған тұрңын үйлерді алуға азаматтарға шамамен 81,6 млрд. теңге сомасындағы 31 мыңнан астам ипотекалық несиелер берді. Жасалған келісім-шарттардың басым үлесі Алматы қаласына  (жасалған келісімдердің жалпы көлемінің    31,8%) және Астана қаласына (13,2%) тиесілі болды. Сол кезеңде осындай несиелерді Шығыс Қазақстан (9,5%), Ақтөбе (8%), Павлодар (5,5%), Оңтүстік Қазақстан (6,4%) облыстарының азаматтары белсенді пайдаланды [9]. 

2005-2007 жылдардағы тұрңын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 27 қазан 2003 жылдағы шешімімен құрылған «Ипотекалық несиелерді кеплідендірудің Қазақстандық қоры»  (әрі қарай - ИНКҚҚ) болды.

ИНКҚҚ ипотекалық несиелеу нарығында ипотекалық несиелеумен байланысты залалдардың бір бөлігін несие берушілерге кепілдендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

ИНКҚҚ негізгі міндеттері ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға ниет білдірген азаматтардың түрлі санаттарына жағымды жағдайды қамтамасыз ету, мерзімдерін ұлғайту, пайыздық мөлшелеремелерді және алғашқы жарна көлемін төмендету жолымен ипотекалық несиелердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

ИНКҚҚ қызметінің басымды бағыттары Ипотекалық несиелер қоры тарапынан ипотекалық тұрғын үй қарызы келісім-шарты бойынша қарыз алушының өзінің міндеттемелерін орындамау жағдайын кепілдендіру есебінен несие берушілердің қаржылық тәуекелдерін төмендету мақсаты болып табылатын елдегі ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру болып табылады.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ипотекалық несиелерді кепілдендірудің қазақстандық қоры сомасы 39 296 млн. теңге көлемінде 13 687 кепілдеме міндеттемелерін берді [10]. Осылайша, еліміздің қаржы секторы тарапынан берілген қарыздар қоржынының жалпы көлемінде кепілдендірілген ипотекалық тұрғын үй несиелерінің үлесі 2%-дан 8%-ға дейін артқан. Бұл 2005-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттік қаражаттар есебінен салынған әрбір екінші пәтерді азаматтар Қордың қолдауымен алғандығын білдіреді.

Алайда, ипотекалық несиелеудің шарттарына сәйкес оны тек қатысты түрде қамтамасыз етілген орта кластың адамдары ғана ала алады.  Және де бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстанда төмен табысты тұрғындардың үлесі жоғары, және көпшілік үшін ипотекалық несиелеу әзір қол жетімді болмай отыр. Сондықтан, 2003 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жалпы мемлекеттік саясатты жылжыту үшін жарғылық капиталында 100 пайыз Мемлекеттің қатысуымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (әрі қарай ҚТҚЖБ) құрылды.

Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша шараларды несиелеудің жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ең алдымен орташа және орташадан төмен табысы бар тұрғындар үшін арналған бұл жүйенің қағидалары мен шарттарының жүзеге асырылуы басталған ТМД аумағындағы алғашқы ел.

ҚТҚЖБ несиелерінің негізгі тартымдылығы – бұл қарыз берілген уақыт ішінде төмен сыйақы мөлшерлемесін кепілдендіру. Банк ссудалық капитал нарығынан тысқары қызмет атқарады, және сәйкесінше банктің пайыз саясаты қаржы нарығының сыйақы мөлшерлемесінің конъюнктурасынан қатысты тәуелсіздіктер болады. Бұл банкке жинақтаушы салымдар бойынша төмен пайыздар төлей отырып, төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелер беруге мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландырудың мақсатты бағытталған жүйесінің болуы Қазақстан Республикасында тұрғын секторының сатылап дамуына әкеледі.

Сонымен, 2009 жылдың 1 қазанынындағы жағдай бойынша ҚТҚЖБ тарапынан 221,96 млрд. теңге сомасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы 144 232 келісім-шарт жасалған, 47,79 млрд. теңге көлемінде 15 540 қарыз берілген [11].

Бүгінгі күні ҚТҚЖБ көптеген ірі еуропа елдерінде оңтайлы жұмыс жасап келе жатқан және төмен табыс деңгейі бар отбасыларға еліміздегі ең төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйді сатып алуға, салуға және жөндеуге мүмкіндік бергентұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын елімздегі жалғыз қаржы институты болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жұмыста келтірілген мәліметтерді ескере келе 10 жыл ішіндегі банк      жүйесінің дамуы мен проблемаларын тұжырымдауға болады.

Банк жүйесінің дамуын төмендегі ретпен қорытындылап шығуға        болады.

Біріншіден, 1990 жылдар басындағы өзгерістер. Алғашқы заң актілерінің қабылдануы Қазақстан Республикасының жеке банк жүйесінің қалыптасуы. Осы жылдар ішіндегі ең елеулі оқиғалар: Ұлттық валютамыздың енгізілуі, Орталық банктің Ұлттық банк болып құрылып, өз саясатын экономикамызды тұрақтандырып, өсуін қамтамасыз етуде іске асыруы. Екі деңгейлі банк жүйесінің алғашқы қадамдары.

Екіншіден, 1995-1998 жылдар аралығындағы банктік реформалар. Ең маңыздылары «Банктер және банктік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңдардың қабылдануы. Осы реформалар негізінде инвестициялық, несиелік, қаржылық банк қызметтерінің дамуы. Ел экономикасын несиелеу және инвестиция тарту мәселелерінің шешімдерін таба бастауы. Банктік талаптың өсуі және банктердің реттелуі.

          Ең елеулі оқиға 1999 жылдың сәуірінде Қазақстан үкіметінің теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізуі болды. Осыдан кейін доллар бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келді. Ендігі жерде олай болмайды.

Үшіншіден, соңғы кездегі ел экономикасының тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, экономикалық өсу нәтижесінде банктік жүйенің дамуы және ондағы банктердің рөлін атап көрсетуге болады.

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.

Соңғы кездегі банктік сектордың дамуын сандық көрсеткіштер арқылы көрсететін болсақ: Ұлттық қордың активтері –1,7млрд. долларға, екінші деңгейлі банктер мен сақтандыру компанияларының активтері – 6,0 млрд. долларға, зейнетақы жинақ қорының – 1,5 млрд. долларға жетуі және банктердің несие беру көлемінің өсуі, оның ішінде: Ұлттық банктің экономикадағы несиелері – 577 млрд. теңгеге, үлесі – 17,8% өсуі, ұлттық валютадағы несие берудің –33% жетуі, шағын кәсіпкерлікке несиенің 14,7%-дан 24,2%-ға өсуі.   [12, 7 б.]

Ақша-несие және банктік статистика бойынша: ақша массасы –906,2 млрд. теңге, қолма-қол ақша айналымы – 202,8 млрд.теңге, депозиттер – 703,3 млрд. теңге, экономика өсуіне арналған несиелер –703,3 млрд. теңгені құрады.

Бұл көрсеткіштердің барлығы банк жүйесінің дамуын, банктік қызметтің өскендігін, халықтың банкке деген сенімінің артуын көрсетеді. Банктер экономиканы дамытудың негізгі факторларының бірі болып қалады.

Банк жүйесіндегі кемшіліктерді қарастырсақ, алғашқы жылдардағы банктердің қызмет істеу аясының тар болуы. Ұлттық банктің инфляция деңгейін қалыпты жағдайда ұстап тұра алмауы, банктердің тұрақсыздығын көрсетуге болады.

Қазіргі таңдағы ең басты проблемалар:

1) Қор нарығы, нақты экономикаға капиталды тарту механизмі өз принциптері деңгейінде жұмысістемей отыр.

2) Зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының активтері әлі негізгі инвестициялық ресурстарға жетпеуі, бұл тәжірибе әлем елдерінде кең қолданылуда және экономикалық өсудің негізгі факторы болып саналады.

3) Құрылыс жинақ жүйесін және ипотекалық несие механизмін жетілдіру.   [14, 5 б.]

Бұл аталған проблемалардың шешу бағыттарын Ұлттық банк және Үкіметтің 2002-2004 ж.ж.арналған бағдарламасынан көруге болады:

1)ұлттық сақтандыру нарығын халықаралық принциптер мен стандарттар негізінде дамыту;

2)құрылыс жинақ жүйесінің құықтық базасын кеңейту;

3)инвестициялардың көлемін көбейту, инфрақұрылымды инвестициялық инструменттер негізінде көтеру.   [10, 7-8 б.]

Осы проблемаларды шешуде банктердің рөлі үлкен болмақ.

Қорыта келгенде, банктік жүйенің дамуы, оның проблемалары, даму перспективалары экономикадағы ең маңызды факторлардың бірі болып қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1)                 ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы Заң.- Алматы: Дәнекер, 2002.-72 б.

2)                   Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.- Алматы: Экономика, 2000.-328 б.

3)                 Сейітқасымов Ғ.С. Ақша,несие, банктер.- Алматы: Экономика, 2001.-466 б.

4)                 Лаврушин О.И. Банковское дело.- Москва: Финансы и статистика, 1999.-73 с.

5)                 Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциясы.-Алматы: Қазақ университеті, 2002.-229 б.

6)                 Основные направления ДКП Национального Банка на 2003-2005 годы  // Банки Казахстана. – Алматы.–№1.–2003. –С.9-14

7)                 Нурсеит И.А. Привлечение сбережений в финансовую систему страны //Банки Казахстана.– Алматы.–№12.–2002.–С.27-43

8)                 Тулепбаев К.М. Проблемы достоверности статистических данных     накопительных пенсионных фондов // Банки Казахстана.– Алматы.–№9.–2002.-С.51-56

9)                 Бункина М.К. Национальная  экономика. М: 2006

10)            Марченко Г.А. Пути развития банковской системы Казахстана // Банки Казахстана.– Алматы.– №10.–2002.–С.2-6

11)            Нурсеит И.А. Обеспечение устоичивости и ликвидности банковской системы Казахстана // Банки Казахстана.– Алматы.–№7.–2003.–        С.15-22 

12)            Белоусов. // Экономист.  № 5.-2007. С.46-51

13)            Аксаков А. //Банки Казахстана.-Алмата.- №5.- 2005. С 34-36

14)            Сагиндыков Е. //Транзитная экономика.- №3.- 2004. С 54-61

15)            Бораш К. //Егемен Қазақстан.- №6.- 2004 10 қаңтар. С 3-5

16)            Шохахова Г.И. //АльПари.- №4.- 2008. С 61-63

17)            Омаркулов А.М. //Банки Казахстана.- № 7.-2011. С 44-46

18)            Абулгазина А.А.//Банки Казахстана.- Алматы.- №5.- 2010.С 48-54    

          19)     Терентьева В.А. //Экономика строительство.-  №8.- 2005. С 21-26

          20)      Баймұханов С.Б.; Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп.- Алматы;                                Қазақ университеті, 2002

          21) Марченко Г.А Современное состояние и перспективы развития финансового рынка и банковской системы Казахстана // Банки Казахстана. Алматы, 2009. № 3 С.2-5

          22) www.afn.kz

         23) Лисак Б.И. Оценка эффективности банковских услуг по инкоссации //Банки Казахстана. Алматы, 2009. №6 С. 18- 20

          24) Куанова Г.А Депозиты в банковской системе Казахстана // Саясат. Алматы, 2004.№ 6-7. С 63-68

          25) Годовой отчет Национального Банка Республики Казахстан за 2007 год. Алматы, 2008. № 28-30

Информация о работе Банк , несие реформалары