Коммуникативті біліктілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2012 в 12:41, реферат

Краткое описание

Медик-студенттерінің психологиялық дайындығы нәтижесі, болашақ дәрігердің гуманисті әлемдік көзқарасының болуы және оның психологиялық мәдениетінің жеткілікті деңгейде болуы. “Психологияфлық мәдениет” түсінігіне ерекшк көңіл аудару қажет.Профессор Я.Л. Коломинский Я.Л. тұжырымдауы бойынша, психологиялық мәдениет - бұл адамзаттың өз-өзін таныу деңгейі және адамның қоршаған ортаға, табиғатқа және өзіне деген қатынасы және т.б.

Файлы: 1 файл

алу.docx

— 38.80 Кб (Скачать)

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігін төмендетін психологиялық ерекшеліктері. Дәрігердің кәсіптік қызметі терапиялық әсер тактикаларын,асқынуларды болжауды және емнің нәтижелерін көре білу стратегияларын жасаумен байланысты. Осыған байланысты дәрігерде үрейлік сипатта болуы керек. 

Үрейлік — бұл эмоция, ол болжау арқылы және болатын сәтсіздіктерді тосумен  болашаққа бағытталған.Үрейлік эмоциясы түсініксіз жағдайларда,ақпараттың жетіспеушілігіне сәйкес және қиын болжам нәтижелерінде  дамиды.Үрейліктің жеңіл дәрежесі (мазасыздану) — болатын  қатерді білдіретін белгісіздікке қарапайым реакциясы.  Үрей эмоциясының әсерінен адаптивті, компенсаторлы және қорғаныш механизмдері болатын  қатерге тиімді төтеп  беруге мүмкіндік береді. Дәрігер  тұлғасының сапасы ретінде үрейлік  науқас жағдайындағы өзгерістерге шұғыл  әсер етіп, уақытылы қажетті шараларды  қолдануға әсерін тигізеді. Науқас мұндай әрекетті дәрігер жағынан  түсінушілік және эмоциональді көмек  ретінде қабылдайды,бұл «дәрігер-науқас»  коммуникациясының тиімділігін  жоғарлатады. Бірақ, үрей эмоциясының  интенсивті дәрежесі (байбалам, қорқыныш, сұмдық) психикалық үрдістің өнімді жұмысын  тоқтатып, бұзады.   Интенсивті үрейлік  жағдайды адекватты бағалауға, яғни мүмкін нұсқауларды анықтауға және дұрыс шешім қабылдауға кедергі  жасайды. Дәрігердің қорқынышы мен  байбаламы,науқаспен коммуникациясын  үзеді де,олардың арасындағы психологиялық  контакт бұзылады. Дәрігер үрейлігі науқасқа беріліп,оны қосымша үрейлендіреді.Үрей әсерінен организмнің әр-түрлі функциялары  бұзылады, мысалы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі немесе керсінше жоғарлауы (кейбір науқастарда үрей әсерінен булимия дамиды).Жоғарғы  үрейлену түрлі аурулармен зардап шегетін  көптеген науқастарда байқалады,осы  жағдайдың дәрігер қорқынышы  әсерінен күшейюін болдырмау керек. Мұндай оқиғада науқас өзінің жағдайынан үмітін үзіп,сауығу сенімінен айырылады.Жоғарғы  үрейлі тұлғалы дәрігерлер,науқастарды  аз толғандыратын кез келген өзгерістерге жоғарғы үреймен қарайды.

Дәрігердің  науқаспен коммуникациясын бұзатын  тағы да бір сипаты болып, депрессивтілік табылады. Егерде үрей эмоциясы болашаққа бағытталған болса,онда депрессия бұрынғы өткен шиеленістермен және психотравмалық оқиғалармен байланысты. Бұрынғы сәтсіздіктер мен жағымсыз оқиғалар тізбек ретінде көрініп,шарасыздық пен үмітсіздікті құрайды.Болашағы тұманданып,қайғыға ұшырайды.Депрессияға бейім дәрігерлер өз компетенттілігін төмендетіп, науқастың сенімін тудырмайды.  Жеке уайымына батқан дәрігер науқастың жағдайының  жақсарғанын байқамауы,оның жазылу симптомдарын көрсетіп,қолдамауы,керсінше оны өзінің қайғылы сенімсіздігімен уландырады да,жүргізілген терапияның позитивтілігін бұзады. 

«Дәрігер-науқас»  сенімді қатынасының құралуын қиындататын  тағы да бір психологиялық қасиеті  болып, дәрігердің терең интровертирлігі табылады.   Интроверсия — психологияға Юнгтың енгізуімен енген термин: ол субьектінің өзіне ғана,яғни сезімдеріне,уайымдарына бағытталуы болып анықталады.Интроверт- өзінің құндылықтарына, идеалына, моральді және этикалық нормаларына және ой-пікіріне бағытталады.Интровертирленген тұлға өзінің психологиялық әлеміне батып,сезімдерімен,идеяларымен әлектеніп,басқа адамдар аз қызықтырады.   Интроверсия  интуицияның жетіспеушілігімен, тұлға аралық қатынастағы тактикалығының төмендеуімен, эмпатия деңгейінің төмендеуімен және басқаның ауырсынуына,үрейіне, мазасыздығына ортақтаспауымен сипатталады.Мұндай қасиет дәрігердің коммуникативті компетенттілігін төмендетіп, тиімді қатынасқа кедергі келтіретін «коммуникативті бөгеттерді» тудырады.

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігінің құралуы. Науқастармен қатынасу біліктілігі – бұл дәрігердің коммуникативті компетенттілігі, оның құралуы медициналық оқу орнында оқу үрдістерінде құралып басталады.Кейін түрлі жастағы,психологиялық қасиеттері бар,білім және әлеуметтік деңгейлерімен ерекшеленетін науқастармен кәсіптік қатынасуда дамиды. Болашақ дәрігерлер оқытудың ерте этаптарында науқастармен негізсіз,өздері сыйлайтын,ойларымен бағдарлайтын дәрігер-оқытушыларының стилімен, интонациясымен ұқсатып  қатынасады (ымы, мимикалық  реакциялары, қалпы, отыру және науқастармен сөйлесу манерелеры және т.б.). Жас дәрігер кәсіптік тәжірибесінің жиналуына байланысты,науқаспен қатынасуды жеңілдететін түрлі психологиялық дағдыларды қолдана бастайды. Дәрігердің жұмыс стажы көбейген сайын коммуникативті компетенттілігін жоғарлату үшін,ол зейінін және көңілін терапиялық және диагностикалық үрдістің психологиялық аспектілеріне аударады. 

Кәсіптік  бейімделу (адаптация). Жас дәрігердің кәсіптік қызметіне бейімделуі,екі жылдай уақытты алады.Бұл уақыт жаңа әлеуметтік ролінде өзін сенімді сезінуіне және жеке кәсіптік имиджын құрауға,кәсіптік жағдайларда алгоритмдерді және дағдыларды құрастыруға қажет. Жас дәрігер өз алдына жұмыс істегенде өзіне сенімсіздікпен қарайды да жанындағы тәжірибелі дәрігерлерге бағдарланады немесе жауапты қиын жағдайларда көмек сұрайды.Ақпараттар іздеу жалғасып,кәсіптік дағдылармен жаттығады (үлкендер жағынан мадақтаулар мен құптауларды алу).Өзі тәріздес жас мамандар жағынан эмоциональді  көмек алады. Кәсіптік бейімделудегі мұндай танымдылық элементі кәсіптік білімді,  дағдыларды және іскерлікті көрсетеді. 

Дәрігердің  кәсіптік бейімделуінің басқа құрылымы дағдыларды өндіру болады.Бұл бейімделу  компоненті науқаспен тұлға аралық қтынасудағы эмпатиямен байланысты. 

Кәсіптік  бейімделуінің тағы бір компоненті «кәсіптік имидждың» құралуымен байланысты болады.  Маңызды элементі болып, жағдайға байланысты дәрігердің сенімді мінез-құлқы. Ең күтпеген,қауіпті жағдайларда, дәрігер қаншалықты жіберілген қателігінің нәтижесінен қорыққан немесе есінен ауса да,науқасқа өзінің абыржуын көрсетпеуі керек.Мінез-құлықтың сенімді стилі,науқаста «терапиялық иллюзияны» құрастырып, жағдайды   және болжамды бақылауға алады. Сенімді жүріс-тұрысы науқас сенімділігін қамтамасыз етіп,оған үмітті ұялатып,компенсаторлы және қорғаныш механизмдерін белсенділейді. Басқаша айтқанда, «кәсіптік имидждың» қосалқы сипаттары болып қатынасуды қамтамасыз ететін ашық қалыптар; коммуникативті және экспрессивті ымдар; қайырымдылықты және сенімділікті білдіретін мимикалық реакциялар; тұлға аралық ара қашықтықтар жатады. Дәрігердің сыртқы бет - әлпеті де,әсіресе сөзінің ерекшеліктері (сенімді,сабырлы,интонациялы және ырғақты құралған сөздері) аса қажет.Бұл сенімділік деңгейін және дәрігердің кәсіптік компетенттілігін жоғарлатады.

         Дәрігер кәсіптік қатынасуында жиналған тәжірибелеріне сай эмоциональді күйінің дәрежесін мөлшерлей алады. Науқастармен қатынасудың басында психологиялық контактыны құрауда эмоциональді қосылыс қажет. Одан кейінгі қатынастардың этаптарында эмоциональді компоненттер азаюы мүмкін. Науқаспен қатынасуда эмоциональді  контактлар диагностиканың және терапияның кейбір этаптарында ғана қажет болады: науқасты күрделі диагностикалық іс-шаралардан өтуге  көзін жеткізу үшін, операция жөнінде,егерде қолайсыз аяқталуға көрсеткіштері болса шешім қабылдауда.  Эмоциональді қатынасу ролі науқас өміріне қауіпті жағдайлар туындағанда, суицидке жақын депрессивті науқастармен қатынасқанда және ауыр психологиялық зақым алған науқастармен қатынасқанда қолданылады.   

Интуиция (сезгіштік) — логикалық негіздеусіз, бұрынғы тәжірибені мобильдеуде тез, сайлау негізінде, шапшаң жолмен, санасыз жинақтауда ақиқатқа жету. Интуицияны қосудағы жылдамдықтың мағынасы бар.

Интуитивтік ой қорытындысы қауіптің немесе апперцепцияның дамуын асып өтуі мүмкін. Бұл жағдайда біз дамыған, жылдам интуиция туралы айтамыз. Бұндай интуиция бізге дұрыс  шешім беруі мүмкін. Оны диагностикалық және терапевтік үрдістерде қолдану  маңызды.

Интуициясы  дамыған мамандар қосымша кәсіби мүмкіндіктерге ие болады. Басқа терапевттерде  интуиция өзін көрсетпеуі мүмкін (үнсіз  интуиция) немесе жалған ақпараттармен  қорытындыларды беретін интуиция (зақымданған  интуиция). Интуициця үнсіз болған жағдайда, маман оның қорытындыларына  сүйену мүмкіндігінен айрылады, және ол оның құралдарын кедейлендіреді.Егер интуиция жалған ақпарат берсе, оның көмегімен алынған қорытындылардан  бас тартуға үйрену қажет, өйткені  ол көп қателіктерден қашуға көмектеседі.

Біздің  мәліметтеріміз бойынша, көбіне интуиция үреймен зақымданады. Үрей деңгейі жоғары болса, соғұрлым маманның терапевтік мүмкіндіктері төмен. «Еркімен жүзген үрей» бұл қатынаста мейлінше деструктивті. Зақымданған интуицияда трансактивті анализдің ұғымдық аппаратын қолдана отырып, біз көбіне бұзылушылықты адамның Балалық жағдайында болатынын анықтаймыз және оны емдеу адамның Балалық жағдайдағы тұлғаны емдеумен байланысты болады.

Келесі  негізгі мінездеме болып басқа  адамның рухани және жан дүниесіне  кіру қабілеттігі - эмпатия ұсынылады.

Адамның психикалық жағдайына ену және бағалау –  эмпатияның қызметі болып табылады. Оның деңгейі туыла біткен қабілеттерге байланысты, бірақ арнайы жаттығуларда жоғарлайды. Эмпатия және күйзеліс, адамға жан ашу – бір-бірімен  аз байланысқан ұғымдар. Эмпатия -  бұл басқа адамның ішкі дүниесіне  күйзеліссіз  кіру.

Күйзеліс  мүмкіндіктері симпатия деген атқа ие болды. Кейбір адамдарда симпатия деңгейі жоғары, және олар үнемі қоршағандарға күйзеледі. Кейде шапшаң және үнемі күйзелу,  эмоция ойлау үрдісін, гипотезаны құру қабілеттілігін қиындатады. Басқа көп жағдайларда, симпатия қабілеттілігі маманның науқасқа қосылуына, жақындауына мүмкіндігін және терапияның жалпы нәтижесін жоғарлатады. Басқа, шеткі нұсқауға  шектелген, суық, күйзеліске төменгі қабілетті  адамдар жатады. 

Сіздің симпатияның  қаншалықты дамығанын, оның тербелістерінің  қандай екенін, оның қорларды терапевтік үрдісте жүдеуліксіз және астенизациясыз қаншалықты қолдану мүмкіндіктерін білу қажет.  

Эмпатиясы жоғарғы деңгейдегі адамдарда симпатия көбіне төмен деңгейде болады. Жиі  симпатиясы дамыған және эмпатиясы  төмен дамыған адамдарды көп  кездестіруге болады. Әсіресе, әйелдер  арасында симпатияның жоғарғы деңгейі  көп кездеседі.  Ал ерлер арасында – эмпатия жоғарғы деңгейде. Симпатия жоғары және эмпатия төмен болса, адамның алдануға, жалған хабардар болуға ықтималдығы жоғары. Қандайда симпатия деңгейімен айрықшалансаныз  да, сіз, әр бір адам секілді бұрынғы  тәжірибе тұтқынында боласыз, апперцепция деп аталатын бұрынғының үктемдігінде өмір сүресіз. Осы көп қолданатын ұғыммен психикалық үрдістердің қазіргі кезде бұрынғы тәжірибеден, білім қорынан, рухани өмірдің жалпы мағынасынан, белсенді психикалық жағдайдан тәуелділігі айтылады. Адамның өмірлік тәжірибесі және оның сезіммен қамтылғандығы көп болса, соғұрлым ол  жаңаны көру мүмкіндігі төмен,  көбіне барлығын белгілі, зерттелген, апперцепция заңы бойынша түсіндіреді. Одан әрі, қоршаған ортаның жағдайлары мен құбылыстарынан тек таныс, үйренген шектерди ғана көреді.

Бұндай  адамдарда жаңа және беймәлімнің  үйреншіктіге, ескіге деген мәліметтің арнайы технологиясы қалыптасқан.  Бұл адамдар мынадый мақалды  алдыға қойып жүреді: «барлық жаңа – жақсы ұмытылған ескі». Апперцепцияға  әлі біз ораламыз, ал қазір рефлексияға көніл аударайық.

Рефлексия ұғымымен адамның өзінің ішкі дүниесін өзіндік  тануы түсіндіріледі. Ол адамның  рухани және жан дүниесінің ішкі құрылымы мен ерекшелігін ашатын өзін-өзі  тану көмегімен жүзеге асады. Рефлексия  үрдісі тұлғалық өсуге, жоғарлауға қажет. Позитивті және негативті рефлексия болады.

Позититі рефлексия өзіндік құндылығын және кемшіліктерін шығаруға, біздің құндылықтарымыздың даму жолдарын көруге, және кемшіліктерімізді азайтуға немесе асып өтуге көмектеседі. Нәтижесінде өзіндік тұлғаның позитивті бейнесі сақталады және бекемденеді.

Негативті рефлексияда кешіліктерді ретінде көрсететілетін мінездемелер өзін-өзі бағалаудың төмендігін нығайтады. Бұндай адам өзінің мүмкіндіктерінің  төмендігін үнемі есінде сақтайды. Ол өзіне сыншыл, өз мүмкіндіктерін бағалауда пессимист. Сонымен, біз өз мүмкіндіктерімізге, өз рухани және психикалық жағдайымызға жақсы сезінеміз, біздің сырт келбетіміз, кездесу жүргізілетін жердің күйі сұхбаттасушыға қандай әсер қалдыратынын сезінеміз. Енді жеке технологияларды баяндауға көшуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «АСТАНА     МЕДИЦИНА    УНИВЕРСИТЕТІ»   АҚ 

 Кафедра: психиатрия және наркология

 

                  

 

 

РЕФЕРАТ

                                                                                                                                                       Тақырып: Коммуникативті біліктілікке қажетті сипаттар.

 

 

 

 

 

    Орындаған: Калиева А.

     Тексерген: Шалабаева Қ.А.

                                                                                                                                                         

 

 

 

АСТАНА 2012

ЖОСПАР

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  1. Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі

  1. Коммуникативті компетенттілікті құрайтын психологиялық сипаттар.

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Коммуникативті біліктілік