Біріншілік профилактика

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 15:14, реферат

Краткое описание

Бұл мемлекеттік, медициналық, әлеуметтік, гигиеналық және тәрбиелік іс-шаралардың, стоматологиялық аурулардың алдын алуға, себептерін, пайда болу шарттарын жоюға бағытталған.
1-ші реттік профилактика әдістерін 2-ге бөлеміз:
1. Негізгі:
Толық рацоналды балансталған тамақтану
Рационалды жалпы ережені сақтау
Ауыз қуысының рационалды гигиенасы

Файлы: 1 файл

Біріншілік профилактика.docx

— 57.06 Кб (Скачать)

Біріншілік профилактика

Бұл мемлекеттік, медициналық, әлеуметтік, гигиеналық және тәрбиелік  іс-шаралардың, стоматологиялық аурулардың алдын алуға, себептерін, пайда болу шарттарын жоюға бағытталған.

1-ші реттік профилактика әдістерін 2-ге бөлеміз:

1. Негізгі:

Толық рацоналды балансталған тамақтану

Рационалды жалпы ережені сақтау

Ауыз қуысының рационалды гигиенасы

Медико-педогогикалық сеніммен САЖ  әдісі

2. Қосымша:

Жағымсыз факторлардың әсеріне  қарсы тұратын парадонт және тіс  тіндерінің төзімділігін жоғарылату

Эмальдың минералдану кезінде  реминералдаушы дәріні қолдану

Көрсетілуіне байланысты емдік  профилактикалық дәрілерді қолдану

1-ші және 2-ші реттік жарақаттық  окклюзияларды жою

Коррекциялық жаттығулар

Екіншілік профилактика

Бұл - ертеректе табылған ауруды емдеу, оның өршуін және асқынуын алдын алу болып табылады.

Екіншілік профилактиканың  әдістері – санация және диспансеризация.

Ауыз қуысының санациясы - ауыз қуысындағы мүшелерді және тістерді жүйелі емдеу, оларды сақтауға және асқынуын болдырмауға бағытталған іс-шара.

Екіншілік профилактикаға диспансеризация жатады

Диспансерлеу - бұл тұрғын халықтың жұмысқа қабілеттілігін жоғарлату, денсаулықты сақтау және нығайту  мақсатында қажетті сауықтыру, әлеуметтік гигиеналық және емдік профилактикалық  шараларды қамтитын тұрғындарға  медико - санитарлық қызмет көрсететін әдіс.

Үшіншілік профилактика

Бұл ауыз қуысындағы мушелердің қайта қалпына келуіне және олардың  функционалдық қабілеттіліктерін  сақтауға бағытталған

Бұл тәсілдерді енгізу жеке дара, топтық және популяциялық деңгейде жүргізілуі мүмкін.

Жек дара - ұйымдастырудың жоғары деңгейін қажет ететін, бала мен дәрігер тығыз жұмыс атқарады, арнайы заттарды қажет ететін әдіс.

Топтық – дәрігермен және оның қатысуымен балаларда алдын  алу шаралары.

Популяциялық - белгілі  бір аймақтың бүкіл балаларына қажет  жабдықтар мен әдістерді қолдану.

         Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы, ол стоматологиялық аурулардың интенсивтілігі мен таралуын зерттейтін стоматологияның бір бөлімі. Ол тұрғындар денсаулығын, аурудың даму ерекшеліктері мен таралуын, оларға қоршаған орта мен адамдардың өмір сүру дағдысының ықпалын зертейді. 
Эпидемиология – эпи-үсті, демос- халық, логос- ғылым. 
 
Эпидемиологиялық зерттеу арқылы 2 негізгі көрсеткішті анықтаймыз: 
 
1.Стоматологиялық аурулардың таралуын 
2.Стоматологиялық аурулармен зақымдалудың интенсивтілігін 
            

Эпидемиологиялық зерттеулердің  міндеттері анықтайды: 
1. Стоматологиялық аурулардың таралуы мен интенсивтілігін 
2. Стоматологиялық ауруларды емдеу қажеттілігін  
3. Ауыз қуысын сауықтандырудың сапасын  
4. Әртүрлі аймақтардағы аурулардың жағдайын салыстыру 
5. Емдік профилактиканы жүргізу үшін жұмсалатын күш пен қажет құралдарды есептеу 
6. Кейінгі профилактикалық жұмыстардың тиімділігін анықтау үшін, стоматологиялық аурулардың алғашқы мәліметтерін есептеу 
7. Стоматологиялық кадрларды дайындаудағы қажеттілікті анықтау 
8. Ауыз қуысы профилактикасы мен гигиенасын сақтау үшін құрал жабдықтарды шығаратын өнеркәсіптердің міндеттерін анықтау.

Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы  арнайы әдістер арқылы 3 кезеңде  жүргізіледі: 
 
1. Дайындық кезеңі 
оның міндеттері: 
 
БДҰ ұсынысы бойынша 5 негізгі жастық топқа бөлінеді: 
-  6 жастағы балалар 
- 12 жас 
- 15 жастағы жасөспірімдер 
- 35 пен 44 жас аралығы 
- 65 одан жоғары 
 
Зерттеу нәтижесі: 
- 6 жастағы балаларда сүт тістер жағдайын жорамалдау 
- 12 жастағы баларада тұрақты тістер(соңына дейін жетілмеген) 
- 15 жас-да пародонт тіндерін 
- 35 – 44 жастағы тұрығындардың зерттей отырып ересектердің денсаулық жағдайын анықтау 
- 65 жастағы адамдарға зерттеу жүргізу, қарттарға стоматологиялық көмекті жоспарлауға мүмкіндік береді.   

Екінші Кезең  
Мамандар мен зертеушілерді таңдау 
таңдаудың  мәні: Эпидемиологиялық зертеулерге қатысатын барлық стоматологтар, әр жастық топтан 20 пациенттен қарап шығады. Кейін нәтижелердің сәйкес келу пайызы есептеледі. Барлық диагностикалық критерилер бойынша, бұл пайыз кемдегенде 85 пайыз болу керек. 
 
Эпидемиологиялық зерттеуді жүргізу үшін болу керек: 
1. Әр аймақтың жағдайы туралы мәлімет  
2. Сол аймақта аурудың таралуы (бұл мәліметтерді жүргізілген зерттеулерден алуға болады) 
 
Зерттеліп жатқан әрбір топта ұлдар мен қыздар саны тең болу керек. 
Егер облыс пен аймақта көшіп келушілердің саны 30 % жоғары болса, көшіп келген тұрақты тұрғындарды бөлек қарау керек. 

Эпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын құрал жабдықтар: 
 
- Үшкір бұрышты зондтар 
- стоматологиялық айна 
- пародонттық түйме тәрізді зондтар 
- Залалсыздандырғыштар 
- Мақтадан жасалған стерильді валиктер 
- Дезинфекциялық ерітінділер 
- Эпидемиологиялық зерттеу картасы (ДДҰ)

Эпидемиологиялық зерттеудің негізгі  құжаты арнайы карта болып табылады: 
- ЦМИИС шығарған карта 
- БДҰ комбинирленген картасы  
- ММСИ картасы. 
 
 Зерттеу жүргізер алдында Денсаулық Сақтау Ұйымының келісімі қажет. Қалалық және аудандық денсаулық сақтау басқармасы, бұл ұйымдарда сол жердің жергілікті жағдайы туралы нақты хабар бар және кісі құрамын, қажет мектептермен кәсіпорындарды анықтауда көмегі мол. 
      
Тікелей зерттеу.  
 Ол эпидемиологиялық картаның графалары бойынша жүргізіледі. Әр пациент стандартты әдістер мен стандартты құрал жабдықтар көмегімен зерттеледі. 
Стоматологиялық зерттеулер нәтижесінің анализі. 
 Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша тұрғындардың аурушаңдығы жайлы қорытынды жасауға, профилактикалық жұмыстар мен емдеуге қажетті жағдайларды есептеп, кездесетін аурушаңдықты болжауға болады. 

Екінші кезеңнің әдістері: 
 
Пародонт пен тістердің жағдайын бағалау үшін ДДҰ көрсеткіштері қолданылады. 
 
1. Кариестің таралуы % бойынша есептеледі 
2. КПУ,кп индексі бойынша кариес интенсивтілігі есептеледі  
3. Пародонт жағдайы КПИ бойынша есептеледі  
4. Эмальдің кариестік емес зақымдануларының таралуы есептеледі  
5. Тұрғындарға көрсетілетін стоматологиялық көмектің деңгейі есептеледі( СКД стоматологиялық көмектің сапасын анықтайды).

Мемлекеттік профилактикалық  іс- шаралар жүйесі кең спекрлі, ол мемлекеттегі барлық халықты қамтиды. Ол халықта жоғары деңгейлі денсаулықты қалыптастыруға, дамытуға, қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік іс-шараларға қоршаған орта, жүкті әйелдер, ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесі, т.б. жатады. Мемлекеттік іс-шаралар заң, бұйрық, тағайындаулар шығару, шешім қабылдау арқылы жүзеге асады. Және мемлекет аумағында  орындалуы тиіс.

Стоматологиялық аурулар профилактикасы бойынша қоғамдық іс-шаралар жүйесі мемлекеттік бағдарламалармен байланысты. Оған халықтың салауатты өмір салтын енгізуді жатқызады.

Оларға: ауыз қуысы гигиенасының, жағымсыз әдеттерін жоюдың, көмірсуды пайдалану мәдениетінің, жеке гигиенаның, демалудың, еңбек тәртібінің, тамақтанудың рационалды режимын сақтау жатады. 

Гигиеналық іс-шаралар – бұл  қоршаған орта, су мен тамақтың жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшін стоматология сұрақтары бойынша  ересектер  мен балаларда гигиеналық тәрбиелеуді  енгізу.

Профилактиканың тәрбие жұмыстары  салауатты өмір салты жайлы білімді, сонымен қатар барлық ағзамен  байланысқан ауыз қуысы ағзаларының  құрылысы мен қызметін біріктіріп енгізумен  қорытылады

Осы білім негізінде күнделікті, дұрыс ауыз қуысын күтуді қадағалап, ауыз қуысын сау ұстап, гигиеналық іс-шараларды  жасау дағдыларына үйрену керек. 

Медициналық іс-шараларға патогенетикалық, этиологиялық нақтыланған әдістер  мен құралдарды енгізу жатады. Ағза мен ауыз қуысы мүшелеріне, резистенттілігін жоғарлатуға, сонымен қатар қоршаған ортаның жағымсыз факторларының  әсерін төмендетуге әсер етеді.

Медициналық іс-шаралар стоматологиялық  аурулардың профилактикалық әдістерін  қолдану үшін арнайы ұйым құрылу керек.

Стоматологиялық аурулардың профилактикасы - негізгі инфекциялық емес аурулардың  кешенді профилактика жүйесінің  интегрирленген  бағдарламасының  тек қана бір бөлігі. 

 Барлық профилактикалық іс-шаралар,  негізгі және қосымша, арнайы  мамандандырылған бөлмелер базасында  жүзеге асу керек. 

  Профилактикалық жұмыстар арнайы  ұйымдарда жүргізіледі: балабақша  мен мектептерде. 

Ауыз қуысы гигиенасы 

  Мектепке дейінгі балалармен  жұмыс жасау: 

Бұл жас тобында жұмыс істеу  балалардың тәртібі мен қимыл  әрекетін «болады», «болмайды» принципі бойынша коррекциялаумен жүзеге асады. 

Мектеп жасындағы балалармен жұмыс  істеудің ерекшелігі:

Денсаулық қорғау сабағын ойын түрінде  жүргізу 

Деректі, нақты, керек информация 15 мин. аспау керек және қысқа терминдермен.

Қосыша материалдар (плакат, суреттер).

Дидактикалық панно.

ҚР ДМ басты стоматологы проф. Куракбаева К.К. мәліметі бойынша  01.01.08 ж. республикада 8100-ден астам мектеп, онда 2,7 млн. оқушы оқиды, оның тек 340-да стоматологиялық кабинет бар (барлық мектептердің 4,5%).

СҚО 654 мектеп,  7 мектепте ғана стоматологиялық кабинет бар, БҚО 347 мектеп, 11 мектепте, Жамбыл обл.-10, Қызылордада – 13. Ауылдық аймақтарда стоматологиялық кабинеттер мүлдем жоқ. Нәтижесінде, 30% балалар тістері, тісжегінің асқынуымен жүреді, және одонтогенді инфекция көзі болып табылады.

Маманданедырылған стационарларда іріңді-қабыну аурулары бар балалар саны 45% - 55% құрайды. Одонтогенді инфекция көзі болып І орында (27,1%) бірінші тұрақты азу тістер алады. 

ҚР Үкіметі бұйрығы бойынша №135  27.01.2001ж. келесі құжаттарда жергілікті бюждетпен қаржыланатын, кепілді, тегін медициналық көмек қатарынан профилактикалық көмек, жедел стоматологиялық көмек көрсету түсіп қалды, ал ортодонтиялық көмек ақылы түрде жүзеге асатын болды.

Бұл жағдайдан шығу үшін, ҚР стоматологтарының IV съезінде (22-23.05.2008ж, Алматы қ.) ҚР ДМ басты стоматологы проф. Куракбаев К.К. мемлекетте  стоматологиялық көмек көрсетуді дамытудың Мемлекеттік реттеу моделін ұсынды.

Негізгі шарттары: 
 
I Кезең. Стоматологиялық аурулардың таралуының, стоматологиялық ұйымдардың қызметінің сандық бағасын Мемлекеттік тіркеу жүйесін қалпына келтіру.

II Кезең. Алынған медико-профилактикалық мәлімет профилактикалық және емдік бағдарламалардың, инвестициялық және инновационды қамтамасыз ету мен дамытудың объективті негізі болады. 

III Кезең. Алынған нәтиже мониторингі мемлекеттік бағдарлама жасайтын стоматологиялық мекемелердің жүйелік қорытындысымен жүзеге асады.

Науқасты тексеру әдістері клиникалық және параклиникалық болып бөлінеді: 
 
Клиникалық тексеру әдістеріне жатады : 
 
- Сұрау (шағымы, анамнез) 
- Қарау (сыртқы тұрғыдан қарау, status localis) 
- Шайнау бұлшықеттері мен самай төменгі жақ буының қарау 
- Ауыз қуысын тексеру 
- Ауыз қуысының шырышты қабығын зерттеу 
- Тістер мен тіс қатарын тексеру 
- Пародонт тіндерін тексеру 
- Тіссіз альвеола бөлігін тексеру

Науқасты сұрау. Анамнез жинау (грек тілінен аударғанда anamnesis еске түсіремін) пациентті қараудың бірінші деңгейі болып табылады, еске сақтау қабілетіне байланысты өмірі туралы сұрайды. 
 Анамнез мына бөлімдерден тұрады: 
1) Науқастың субьективті жағдайы мен шағымы 
2) Ауру тарихы 
3) Науқастың өмір тарихы 
 Дәрігердің пациентке қоятын сұрағы жалпы аурудың сипатына байланысты. Бір жағдайларда қысқаша анамнез жеткілікті болса, ал кей жағдайларда анамнезді толық жинау керек, әсіресе оның диагнозды қоюға көмектесетін жеріне көптеп назар аудару керек. 
 Науқастан сұрау жүргізгенде тапшы сұрақтармен шектелуге және сараң жауаптарға разы болуға болмайды. Әңгімені кеңейту керек, ептеп ебін тауып әдісін біліп, абайлап науқастың сезімдік жағдайын білу керек, оның ауруларға және емделуге деген көзқарасын, ұзақ терапияға дайындығын және дәрігердің ынтасына деген көмектесу ықыласын білу керек.  
Белгілі орыс дәрігері Г.А. Захарьин науқастан сұрау жүргізуді өнер деп білген. Ол: Науқастың жандық жағдайын зерттеу деген қиын өнерді үйрене алмасаңыз, сіз науқасты қанша тындасаңызда, науқастың өзінің көрсетулеріне көңіл қоймасаңыз, сіз ешқашан ауруды қатесіз анықтай алмайсыз деп жазған.

Науқасты сыртқы тұрғыдан қарау. Барлық пациенттердің беттік бөлігін қарау  қажет. Оны науқасқа білдіртпей істейді. Сұрау кезінде көңіл аудару керек: 
- Беттің терісінің жағдайы (түсі, бөртпелер, тыртық және т.б.) 
- Ауыз бұрышының орналасуы (көтерілген, түсіп тұр) 
- Иек және мұрын ерін қатпарларының көрінісі (тегістелген,орташа, тереңдеген) 
- Сөйлегенде және күлгенде алдыңғы тістерінің болмауы 
- Иектің орналасуы ( тура, көтерілген, түсіп тұр, жаңға жылжыған) 
- Беттің симметриялығы 
- Еріндердің бірігу сызығы 
- Беттің төменгі бөлігінің биіктігі (пропорциялы, үлкейген, кішірейген) 
 
 Стоматологияда беттік бөлікті үшке бөлу кең таралған: 
Жоғарғы – маңдайдың шаш басталатын бөлігі мен қастың сызығы арасындағы шекара. 
Орта – қастың сызығы мен мұрын негізінің қалқасы арасындағы шекара. 
Төменгі – мұрын негізі қалқасы мен иектің төменгі нүктесі арасындағы шекара.

Самай төменгі жақ буынын шайнау бұлшықеттереін тексеру. Самай төменгі  жақ буынының аурулары анамнезі, ауыз қуысы мен буындарды клиникалык зерттеуге, рентген зерттеулерінің мәліметтеріне негізделеді.

Ауыз қуысын тексеру.  
Сыртқы тұрығыдан қараудан кейін стоматологиялық айна, зонд, пинцет көмегімен ауыз қуысы қаралады. Қарауды ауыз бұрышы мен еріннің қызыл жиегінен бастайды. Бұл кезде олардың түсіне, үлкендігіне, зақымдалу элементтеріне мән береді. Одан кейін ауыз қуысының кіреберісін, тіс қатарының жағдайы мен пародонт тіндерін, ауыз қуысы шырышты қабығын қарайды. 
 

Ауыз қуысы кіреберісін қарағанда  оның терңдігін белгілейді.  
Егер тереңдік 5мм ге дейін болса, кіреберіс кішкентай болып саналады, орташа 5-10мм, терең – 10 мм одан жоғары 
 Ерін үзбелерін тексеруге ерекше мән береді. Қалыпты жағдайда ерін үзбесі шырышты қабықтың жұқа үшбұрышты қатпары түрінде болады, ерінде кең негізі болады және альвеолярлық өсіндінің орта сызығы бойында қызыл иек шетінен 0,5 см бітеді.  
 Үзбелердің түрлері: 
Тіс аралық емізікшелерінің ұшына бектілген қысқа(мықты) үзбелерді: 
Орташа үзбе – тісаралық емізікше ұшынан 1-5 мм бекітіледі. 
Әлсіз - өтпелі қатпарға бекітілген үзбелер болып бөлінеді. 
 Ауыз қуысы кіреберісін қарап болғаннан кейін жалпы ауыз қуысын қарайды. Пародонт тіндерінің ауруының дамуына тілдің орналасуы ықпал етеді.Тіл үзбесінің жағдайымен оның бекітілген жерін қарайды. Тілдің шырышты қабығын қарау дәрігерге науқастың жалпы жағдайы туралы қосымша мәлімет береді.

Тіс қатарлары біртіндеп қаралады. Қалыпты жағдайда тістер  бір  бірімен тиіп тұрады, жанасу беттері  арқылы біріңғай тіс жақ жүйесін  құрайды. Тіс қатарларын бағалағанда  тістер қарым – қатынасын, тіс  шөгінділерінің болуын, сауыттың мүжілу дәрежесін, тіс жегілік қуыстар  мен тіс жегілік емес дефектілердің  болуын, пломбалардың сапасын (әсірісе  жанасу мен мойын беттерінде) ескеру қажет.  
 Тіс қатарларының деформациясы, тістердің тығыз орналасуы, тремалар мен диастеманың болуы пародонт ауруларын алдын ала болжауға болатын факторлар болып табылады. 
 Тіс қатарларын қарауды тістем түрін анықтау және травматикалық окклюзия симптомдарын табумен аяқтайды. 
 

Информация о работе Біріншілік профилактика